2-жүргізуші: 86 санын ешқандай жазу жазбай 12-ге арттыр.
1-жүргізуші: Кезекті «Математикалық терминдер» ойынына береміз.
Екі оқушы шығып, шарды үрлейді. Үрлеген сайын, бір математикалық терминді айтып отыруы керек. Кім 1 минутта шарды .үлкен етіп үрлейді, сол жеңімпаз болады.
1-жүргізуші: Суретте қандай геометриялық фигуралар бейнеленген.
1-жүргізуші: Қанша үшбұрыш бар (8)
2-жүргізуші: келесі 7 кезең «Қисынды ойлар».(Логикалық есептер).
1) Бір бай үш жыл малай жалдап, оның ақысына бір бұзау және 12 лақ беруге уәделеседі. Байғұс малай байдың жөн - жосықсыз аямай жұмсағанына шыдамай 2 жылдан кейін кетіп қалады. Бай малайына бір бұзау және 6 лақ береді. Бұзауды қанша лаққа бағалаған?(6 лақ)
2) Азамат, Ержан, Тоқтар бақылау жұмысынан қандай баға алғандарын мұғалімнен сұрағанда, ол: “Ешкім“2” алған жоқ, бірақ бағаларың әртүрлі. Тоқтар “3” алған жоқ, Ержанның бағасы “3” те, “5” те емес,- деді. Балалар қандай баға алды? (Азамат – 3, Ержан – 4, Тоқтар – 5)
3) Егер екі кірпіштің салмағы 8 кг болса, бір жарым кірпіштің салмағы неше кг? (6 кг)
4) Егер түнгі сағат 12 - де күн жауып тұрса, алда 84 сағаттан кейін ашық күнді көруге бола ма?(болады)
5) Алғашқы үш сабақ: қазақ тілі, математика және тарих болды. Математика бірінші емес, тарих бірінші де, үшінші де емес.
Қай пән нешінші болды?
1. Қазақ тілі
2. Тарих
3. Математика
6.Кез –келген арифметикалық амалдармен пайдаланып, бес бірліктен 100 санын шығарып ал (111-11=100)
7.Теңдік тура болатындай етіп арифметикалық амалдар мен жақшаларды қойып шық
9 9 9 = 72 9*9-9=72
44 44 = 1 44 / 44 = 1
5 5 5 =50 5 *5 + 5 * 5 =50
8. Дүниеде ең жүйрік не? (Ой, қиял)
9. Көзіңмен көресің, бірақ ұстай алмайсың (көлеңке)
10. Алты аяқ, екі арқа, бір бас. Бұл не? (адам орындықта отыр)
11. Электр пойызы шығыстан батысқа қарай жүйіткіп келеді. Қарсы бағыттан жел тұрса, жел пойыз түтінін қай жаққа қарай айдап әкетеді. (электр пойызында түтін болмайды)
12. Екі бес санның арасына қандай таңба қою керек, шығатын сан 5 –тен үлкен 6-дан кіші болу керек ( үтір, 5,5)
1 жүргізуші
Кешіміздің соңғы сәті таяп қалды
Ал, қазір әділ қазылар сөз алады
Кешіміздің жеңімпаздарын анықтап
Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады.
Ендігі сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.
Достарыңызбен бөлісу: |