Математика 5 сынып



Дата26.10.2022
өлшемі53,07 Kb.
#45499
Байланысты:
Математика 5 кл каз


Математика
5 сынып

1. Ең кіші бес таңбалы сан алу үшін 2019 санының қандай екі цифрының арасына 5 цифрын қою керек?


А) 2 мен 0
В) * 1 мен 9
С) 0 мен 1
D) 2019 санының соңына

2. Электропойызда 7 вагон бар. Бірінші вагонға 9 бала отырды. Келесі әр бір вагонға өзінің алдыңғысынан 1 балаға аз бала отыра берген. Егер барлық бала саны 38 болған болса, ең соңғы вагонға неше бала отырған?


А) 5
В) * 3
С) 2
D) 4

3. Екі қоңыраулы сағаттың 25 минут қалып қалған біріншісі 7 сағ 40 минутты көрсетіп тұрған. Егер екінші сағат 15 минут озып жүрген болса, ол қазір неше сағатты көрсетер еді?


А) 7 сағ 25 мин.
В) 7 сағ 55 мин.
С) 8 сағ 5 мин.
D) * 8 сағ 20 мин.

4. Жазғы лагерде 7 оқушы күн сайын, ал 9 оқушы екі күнде бір рет теннис ойнайды да, қалғандары мүлдем теннис ойнамайды. Кеше 13 оқушы теннис ойнаған болса, бүгін қанша оқушы ойнайды?


А) * 10
В) 9
С) 8
D) анықтау мүмкін емес.

5. Егер тізбектес бес санның қосындысы 2020 болса, онда олардың ең үлкенінің мәні:


А) 404
В) 405
С) * 406
D) 502


6. Әлия қос таңбалы екі санның айырмасын есептеп, сонан соң сол есептің жазбасындағы цифрларлың екеуін бояп тастады. Боялған цифрлардың қосындысы неге тең?
A) 8
B) 9
C) 12
D) * 13




7. Төрт теңқабырғалы үшбұрыш пен квадраттан жұлдыз құралған. Квадраттың периметрі 36 см. Жұлдыздың периметрі қандай?
A) 144 см
B) 120 см
C) 104 см
D)* 72 см

8. Суреттегі фигура үш квадраттан құралған. Ең кішкене квадраттың қабырғасы 6 см. Ең үлкен квадраттың қабырғасының ұзындығы қандай?

A) см
B) см
C) * см
D) см

9. Екі қыз бала, Лена мен Оля, және үш ұл бала – Арман, Иса және Уәли – доп ойнауда. Егер доп қыз балаға келсе, ол оны қызға немесе ұлға лақтыра алады. Ал, егер доп ұл балаға келсе, ол оны келген жағына қайтара алмайды және оны тек ұл балаға ғана лақтыра алады. Бірінші лақтырысты Лена жасап, допты Арманға берді. Бесінші лақтырысты кім жасайды?
A) * Адам
B) Ева
C) Исаак
D) Ольга

10. Үстел үстінде 8 домино тасы жатыр (1-сурет). Олардың біреуінің жартысы бізге көрінбей тұр. Осы тастармен 4x4 квадрат (2-сурет) әрбір қатардағы және әрбір бағандағы нүктелердің саны


өзара тең болатындай етіп толырылған. Бізге көрінбей тұрған тас жартысының неше нүктесі бар?



A) 1
B) 2
C) * 3
D) 4
11. Рауан сегіз ағасымен селфи жасады. Сегіз ағасының әрқайсысы екі немесе үш фотосуретте болды. Әр фотосуретте дәл 5 ағасы бар. Рауан қанша селфи жасады?
А) 3
B)* 4
С)5
D)6
12. Маратта екі ойын автоматы бар: біріншісі бір ақ жетонды 4 қызыл жетонға, екіншісі бір қызыл жетонды 3 ақ жетонға алмастырады. Басында Маратта 4 ақ жетон болды, 11 рет ойын автоматын қолданғаннан кейін 31 жетон қалды. Осылардың ішінде қаншасы қызыл жетон?
А) 12
B)13
С)* 14
D)15
13. Бес дос кездескен кезде, олардың әрқайсысы қалғандарына бір кішкентай кекстен сыйлады, содан кейін достар барлық сыйланған кекстерді жеп қойды. Нәтижесінде, осы достардың кекстерінің жалпы саны екі есеге азайды. Достарда басында қанша кекс болды?
А)20
B)30
С)* 40
D)50
14. Дильназ беттері рет-ретімен нөмірленген кітапты оқып отыр. Осы беттердің нөмірлерінде 0 саны дәл бес рет, ал 8 саны дәл алты рет кездеседі. Соңғы бетте қандай нөмір болуы мүмкін?
А)50
B)* 58
С)60
D)68
15. Стаканда бактериялар бар, 1 секундтан кейін стаканның ішіндегі әр бактерия екіге бөлініеді, тағы бір секундтан кейін ішіндегі әр бактерия тағы да екіге бөлінеді, солай жалғаса береді. Бір минутта стакан толады, қанша секундтан соң стакан жартылай толы еді?
А)30
B) * 59
С)60
D)1
16. Құрт жерден бастап ағаштың бойымен жоғары өрмелеп бара жатыр. Ол күн сайын 5 см жылжып көтеріледі, ал әр түні 4 см төменге сырғанап түседі. Егер ағаштың биіктігі 75 см болса, құрт ағаштың ұшына қай күні жетеді?
А)75
B) * 71
С)72
D)70
17. 11 футболшының орташа жасы – 22 жас. Ойын барысында бір футболист жарақаттанып алаңнан кетіп қалды. Енді алаңда қалған футболшылардың орташа жасы 21 жас болды, кетіп қалған ойыншының жасы нешеде?
А) * 32
B)31
С)22
D)21
18. Есептеңіз 1 + 4 + 7 + 10 + 13 +………+ 94 + 97 + 100 = ?
А)5050
B)3131
С) * 1717
D)2020
19. Шегіртке түзу сызықпен алға 80 cм немесе артқа 50 см секіреді. Бастапқы орнынан 1 метр 70 см ге жылжу үшін қанша рет және қай бағытта секіруі керек?
А) 6 рет алға
B) 1 рет алға, 6 рет артқа
С) 5 рет алға, 2 рет артқа
D) * Жоғарыдағылардың ешқайсысы емес
20. 1 кг сүйекпен сиыр еті 78 тұрады, 1 кг сүйексіз сиыр еті 90 теңге тұрады, 1 кг сүйек 15 теңге тұрады, 1 кг сиыр етінде қанша грамм сүйек бар?
А) 0,2 кг
B) 0,18 кг
С) * 0,16 кг
D)0,14 кг

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет