Фурманов орта мектебі (жаратылыстану апталығының жабылуына арналған сыныптан тыс кеш) Сыныбы



бет1/7
Дата31.10.2022
өлшемі210,89 Kb.
#46532
  1   2   3   4   5   6   7

Фурманов орта мектебі

(жаратылыстану апталығының жабылуына арналған сыныптан тыс кеш)
Сыныбы: 9-11 сыныптар аралығы


Дайындағандар: Сулейменова Ж.Ж.
Мусиева Э.Ж.
Сақтапбергенова Ж.Ғ.
Серикбаева А.Ж.
Сапабекова Ж.Т.
Туякова Н.О.

2017-2018 оқу жылы
Тақырыбы: Жаратылыстану әлемінде
Мақсаты: Оқушылардың жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылығын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту, топ үшін жауапкершіліктерін нығайту, өз беттерімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Түрі: кеш.
1-жүргізуші
- Уа, халайық, халайық.
Бәріңе жар салайық
Бүгінгі кеш төрінде
Дарындылар елінде
Тапқыштардың тілінде
Есеп шешіп, жарысып,
Көңілді кеш жасайық,
Ат салысып, аянбай
Бар өнерге басайық.
2-жүргізуші
Шақырамыз келіңдер жарысуға,
Күш, өнер, біліммен алысуға
Бар өнерді салайық ортамызға
Қанекей, кім шығады сайысуға.
1-жүргізуші
Табиғат сырын аштырған
Токпен қазан астырған
Миллион гектар астықты
Комбайынмен бастырған
Физика демей немене?
Білмегенді білдірген
Өлшеп киім кигізген
2-жүргізуші
Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар, оқушылар!? Бүгінгі біздің 9-11 сыныпта арасындағы «Жүзден жүйрік...» атты кешімізге қош келдіңіздер!
1-жүргізуші
Үлгілі тәртіп, жақсы оқу
Алға қойған мақсатты
Әрқашан да мектепте,
Шығып жүрген жақсы аты-деп ортаға
«Алғырлар» тобын қарсы алайық.
2-жүргізуші
Барлық ісіті атқарып
Пайдасын мектепке тигізген
«Білгірлер» тобын қарсы алайық
1-жүргізуші
Жиналған ылғи дарындар,
Жүректе от көздерінде жалын бар
«Тапқырлар» тобын халайық
Қол соғып қарсы алайық
1-жүргізуші
Шын жүйрік шабысынан танылады
Нақты білім, терең ой сыналады
Баға берер әділқазы ортамызға
Сіздерге құрметпен қол соғылады- дей отырып әділқазы алқаларымен таныс болайық.
_____________________________________________
______________________________________________
2 жүргізуші: Бүгінгі сайыстың жоспарымен таныс болыңыздар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет