Футбол ойынының тарихы
Футбол ойыны
Ойынның негізгі ережелері. Футболды арқайсысында 11 ойыншысы бар екі команда ойнайды. Ойын ұзындығы 100-110 м, ені 60-70 м болатын тік төртбұрышты тегіс көгалда өткізіледі.
Қарсылас екі команданың ойыншылары ойын барысында өздерінің таңдап алған шабуылдау және қорғаныс тәсілдерін ұйымдастыру жүйелерінің шеңберінде техникалық-тактикалық тәсілдер мен қимылдарды пайдалана отырып, қарсыластарының қакпасына көбірек доп соғуды, сонымен бірге өз қақпаларына доп өткізбеуді көздейді.
Ойыншыларға алаңда қолын допқа тигізуге тыйым салынады. Допты қолмен ұстауға немесе қағуға тек қақпашының ғана айып алаңның шегінде еркі бар.
Ойынның ұзақтығы – әрқайсысының 45 минут уақыт болатын 2 кезеңдік ойын. Мектеп оқушыларында оның ұзақтығы, ойыншылардың саны, жасы және дайындығына байланысты әр түрлі болады.
Достарыңызбен бөлісу: |