Г. Д. Рыскелдиева Жинақта «Жаратылыстану гуманитарлық ғылымдары жəне олардың Қазақстан Республикасының индустриалды нновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудағы рөлі» атты



Pdf көрінісі
бет24/32
Дата22.12.2016
өлшемі1,87 Mb.
#30
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
254 
азаматтырымыздың  алдыңғы  сабында.  «Ванновка  аталуының 
сыры  неде?»,  «Қазақстан  ономастикасының  тарихи-əлеуметтік 
мəселелері», «Қазақ рухани əлемінің танылу жолдарынан», «Əр 
нəрсені  өз  атымен  атайық»,  «Түрікбасы»,  «Жат  есімдердің 
саяси-əлеуметтік  астары»,  «Отаршылдық  топонимдер»,  «Жер 
тарихы – ел тарихы», «Отаршылдық топонимдер», «Əдебиет пен 
топонимика», 
«Халықтық, 
отаршылдық, 
тоталитарлық 
топонимика»,  «Отарлау  топонимдері»,  «Түркібасы»,  «Қазақ 
ономастикасының  əлеуметтік  мəселелері»,  «Ономастикада 
отаршылдық  əлі  тұтасып  тұр...»,  «Жат  есімдердің  əлеуметтік 
астары»,  «Қазақстан  ономастикасының  тарихи-əлеуметтік 
мəселелері»,  «Қазақ  топонимдері  мен  антропонимдері  (өткені, 
бүгіні,  ертеңі)»,  «Жер  қалай  орыстандырылды»,  сынды 
зерттеулерінде 
қазақ 
ономастика 
мəселелері, 
Ресей 
империясынан  қалған  елді  мекен  атаулары  мен  кісі  есімдеріне 
қатысты  ой  пікірлерін  ортаға  сала  отырып,  публицист  осы 
қалдықтарды жоюдың жолдарын ұсынады.  
Бүгінгі  ұрпақтың  рухани  азғындауына  алаңдаушылық 
білдірген  ғалымның  зерттеу  нысаны  –  ел,  жер,  дін,  діл 
тақырыбы.  «Мың  өліп,  мың  тірілген»  қазақ  халқының 
руханиятын  талқандауға  деген  құлшыныстың  қанатын  қырқуға 
қамданған  М.  Мырзахметұлының  қаламы  осы  мəселелерді  де 
қарпиды.  Кеңес  үкіметі  тұсында  жер  атауын  ауыстыру  арқылы 
ұлт  жадынан  тарихи  оқиғаны  сызып  тастау  тəсілі  де  нəтижесіз 
болған  жоқ.  Бұл  құбылысты  зерттеуші  «отаршылдық 
топонимика» деп атайды. Салдардың себебі нақты анықталмаса, 
құр  долбарлаудың  жақсы  нəтижеге  жеткізбейтіні  сияқты  бұл 
былықтың басын ашып алмай жатып тамырына балта ала жүгіру 
бос  əурешілік.  Сол  себепті  ғалым  туған  жердің  ең  шұрайлы 
жерлерінің  зорлықпен  тартып  алынуының  салдары  мен 
зардабын  зерттеп,  ұлттық  рухтағы  жер  атауларының  бастапқы 
табиғи  атауларынан  ажырау  себебін  анықтау  үшін  тарихтың 
түкпірін тінтуге кіріседі. Тарихты білуге кедергі жасап отырған 
отаршылдық топонимдерге жол беріле бастаған кезеңнен бастап 
құлдық  таңбасындай  белгі  беріп  жатқан  отаршылдық  рухтағы 
топонимдерді  ұлт  санасынан  да,  карта  бетінен  де  өшіру 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
255 
мақсатында  маңызды  мақалаларды  жариялап  жүр.  Қазақ 
əдебиетінің  негізгі  саласы  абайтану  ғылымының  негізінде 
отаршыл  үкімет  ұстанған  миссионерлік  саясаттың  түпкі 
мақсатын  таныған  ғалым  ұлттық  құндылықтарға  қатысты  кез 
келген мəселелерді өз қисынына салып саралаған.  
Ономастика  саласындағы  аса  қауіпті  де  күрделі  нəрсе 
ғасырлар  бойы  қалыптасып  тұрақты  құбылысқа  айналған  ұлттық 
дəстүрден қол үзу, халықтық тарихи жадымыздан көз жазып қалу 
қателіктері  санамызды  мəңгүрттікке  соқтырып  жатқанда 
шырылдап  ара  түскен  ғалымның  алға  тартқан  уəжі  ─ 
макротопонимдерге  кісі  аты  қойылмайтын  дəстүр.  Ол  рас.  Бұл 
дəстүр  бізге  ресейліктерден  «жұғыпты».  Ресей  бодандығына 
айналған  соң,  отарланған  жерлердегі  макротопонимдерге  кісі 
аттары  қойыла  бастады.  Мысалы,  Павлодар,  Гурьев,  Петропавел, 
Черняев, Самсонов, Перовский т.б. Бұл дəстүрді ары қарай дамыта 
түскен  Кеңес  үкіметі  адам  аттарын  қалаға  теліп,  Ленинград, 
Сталинград,  Калинин,  Чалов  т.б.  сияқты  топонимикалық 
атаулардың  қаулап  кетуіне  тізгін  беріп  алды.  Міне,  Мекемтас 
ағаның  осындай  келеңсіз  құбылыстарды  қамтып,  əлі  де  толық 
шешімін  таппай  отырған  қазақ  ономастикасының  тарихи-
əлеуметтік мəселелерін келер ұрпақты мəңгүрттендіріп алмас үшін 
келешекте  оларды  ұлттық  негізде  қалыптастыруды  міндеттеуі  ─ 
заман талабы.  
М. Мырзахметұлының қоғамдық ой-сананы оятуға, ел, жер 
тарихын  зерделеуге  бағытталған  ғылыми  маңызды  мақалалары 
баспа  бетінде  жиі  жарияланып,  орыс  отаршылдығының 
зардаптарын  дұрыс  тану,  бағалау,  одан  тəуелсіз  ел  ретінде 
қорытынды  шығаруға,  жаңа  замандағы  кейбір  келеңсіз 
көріністерден  бойды  аулақ  ұстауға  бағыттары  сөзсіз. 
«Жабайыларды  жабайылардың  қолымен  тұншықтыру»  саясаты 
тұсында  батылдықпен  Абайдың  Шығысқа  қатысын  зерттеген, 
желтоқсанның  ызғарынан  сескенбестен  шыңғырған  шындыққа 
жету үшін саясатқа қарсы тұра білген Мекемтас Мырзахметұлы 
ендігісі заман тыныш тұста неден жүрексінсін? Халқының шын 
перзенті сондай болса керек.  
Зерттеуші  тарапынан  дін  төңірегінде  өрбіген  ойлары  да 
баспасөз  беттерінен  орын  алған.  «Еліміздегі  діни  таным 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
256 
өзгерістерінің  үш  кезеңі»  мақаласында  отаршылдық  дəуірдің 
ұлттық  рухымызға  тигізген  кері  əсері  сөз  болады.  Мұнда 
айтылған  пікірлері  де  көңілге  қонымды,  дəлелді.  Тарихи 
жадынан адасып, ділін, дінін, тілін аяққа таптаса, ұлтты рухани 
құлдыққа  түсіру  оңай  боларын  білген  отаршылдардың  бұл 
пиғылы  халықтар  достығы  ұранымен  бүркемеленіп  жүзеге 
асырылғаны  рас.  Осы  іспеттес  «Қазан  төңкерісінен  кейінгі 
Қазақстандағы  діни  танымдағы  өзгерістер»,  «Халықтың  дін 
жөніндегі  мақал-мəтелдері»,  «Каким  быть  кафедральному 
собору?»,  «Кафедралық  собордың  иесі  кім?»,  «Ыбырай  жəне 
проф. Ильминский» зерттеулерінде XIX ғасырдағы діни отарлау 
саясаты əшкерелене жазылған.  
Жаһандануға  жұтылып  кетпеу  үшін  бүгінгі  қоғам  хакім 
ғалымдардың  белсенділігіне  зəру.  Ғаламдасуға  кетіп  бара  жатқан 
қазақ халқының қоғамдық санасын оятып, құлдық психологиядан 
арылту,  ұлттық  руханиятымызды  жоғалтып  алмау  мүддесінде 
қоғамға  белсенді  араласып  жүрген  зерттеуші  қоғамдық  санаға 
қозғау  салудың  бір  тетігі  басылым  беттері  екенін  түйсінді.  Қай 
құбылыстың да кешегісі мен бүгінгісін таразылай келіп, маңызды 
мəселелердің  мақсат-міндетін  өткір  қоя  білген  ғалымның 
публицистикалық дүниелері қайта құру кезеңінен басталып бүгінге 
дейінгі  қазақ  баспасөзінің  қоғамдық  санаға  əсерін  қарастырамын 
деген ізденушіге зерттеу нысаны болмақ.  
 
 
Əдебиеттер  
1.
  Мырзахметұлы  М.  Біздер  қалай  мəңгүрттендік  //Ел 
мəдениеті, 30 қаңтар, 2007 ж. 
2.
  Мырзахметұлы  М.  Қазақ  қалай  мəңгүрттенді  //  Жамбыл-
Тараз, 28 ақпан, 2007 ж. 
3.
  Мырзахметұлы  М.  Дерегі  мол  еңбек  //  Ақ  жол,  8  ақпан, 
2007 ж. 
4.
  Мырзахметұлы  М.  Тарих  тереңінен  болашақ  биігіне  // 
Əдебиет айдыны, 1 наурыз, 2007 ж. 
5.
  Мырзахметұлы  М.  Ұлт  болмысының  алтын  қайнары  // 
Əдебиет айдыны. 12 сəуір, 2007ж. 
6.
  Мырзахметұлы  М.  Жаңа  əдебиет  //Əдебиет  айдыны.               
13 сəуір, 2007ж. 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
257 
7.
 Мырзахметұлы  М.  Еліміздегі  діни  таным  өзгерістерінің 
үш кезеңі // Егемен Қазақстан, 6 қаңтар, 2007 ж. 
 
Насыритдинова Ə 
С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ 
Астана, Қазақстан 
 
ТЕХНИКАЛЫҚ ТЕРМИНДЕРДІ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ  
АУДАРУДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ТƏЖІРИБЕЛЕР 
 
Қазақ  тіліндегі  техникалық  терминдер  негізі  басқа  ғылым 
салаларының  терминдерімен  қатар,  ХХ  ғасырдың  басында 
қаланды.  Бұл  кезеңде  техникалық  терминдер  жалпы 
терминологиялық сөздіктерде де, жекелеген аударма еңбектерде 
де көрініс берді. Атап айтар болсақ, қазақ тілінде жарық көрген 
алғашқы  сөздіктер  –  «Пəн  сөздері»  (1927  ж)  мен  «Атаулар 
сөздігінде» (1931 ж) техникалық терминдер көптеп кездеседі.  
Мəселен  «Пəн  сөздері»  сөздігінде  құрал,  кемер  (борт), 
жетек  (буксир),  бұранда  (винт),  серіппе  (пружина);  тығырық 
(
гайка),  бөгет  (дамба),  тартар,  қозғаушы  (двигатель),  ұршық 
(
катушка), қорландырғыш (конденсатор), шүлдік (ось), бұранда 
кілт,  бетін  ашқыш  (отвертка),  іскек  (поршень),  бұрау, 
бастырық  (рычаг),  ілініс  (ципление);  тасу  құралы,  көлік 
(
транспорт)  сияқты  көптеген  төл  сөздердің  қатысуымен 
жасалған техникалық терминдермен қатар, аптамабл, арматыр, 
əспалт,  бəк,  бөренке,  бемпел,  енженер,  мəшине,  тірес  сияқты 
орыс  тілі  сөздерінің  дыбыстық  өзгеріске  ұшырауы  арқылы 
қалыптасқан терминдер де көптеп табылады /1/.  
Ал  «Атаулар  сөздігінде»  кемер  (борт);  бұранда  (винт), 
тығырық (гайка), бөгет (дамба) сияқты терминдер жоғарыдағы 
еңбектегідей өзгеріссіз алынса, оған қоса қозғаушы (двигатель), 
тəптіш  (деталь),  табақша  (диск),  сайман  (инструмент), 
шапқыш  (косилка),  көпсіткіш  (лущильник),  піспек  (поршень), 
бұрау  (рычаг),  сепкіш  (сеялка),  сүзгі  (фильтр),  шынжыр  (цепь) 
секілді  жаңа  терминдер  қамтылған.  Жəне  аптабоз,  аптамабел, 
аптатыранспорт, 
күлтібатыр 
(
культиватор), 
трактыр, 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
258 
матор,  матасекіл,  ыстанок,  панар  тəрізді  тіл  заңына 
бағындырылып  алынған  терминдерді  де  кездестіруге  болады. 
Екі сөздік тілінде кездесетін терминдер арасында сайман, бөгет, 
серіппе,  көлік,  сүзгі  сияқты  көптеген  терминдер  қазақ  тілінің 
термин  жүйесінде  тұрақтанып  қалса,  «тəптіш»  секілді  тіл 
мамандарымен мойындалмаған атаулар да бар /2/.  
Ғылым мен техника саласында бұдан кейін жарыққа шыға 
бастаған  оқулықтар  мен  оқу  құралдарында  осы  сөздіктердегі 
терминдер  толықтай  қолданылды  десе  болады.  Атап  айтар 
болсақ, М. Əуезов аударған «Құрылыс материалдары» еңбегінде 
ағаш,  тас,  құм,  балшық,  көпір,  ірге,  діңгек,  көше,  шатыр,  еден 
сияқты  сөздерге  терминдік  мағына  үстесе,  техникалық  қасиет, 
шөкпелі  заттар,  табиғи  зат,  жасама  зат,  қалау  тастары, 
жабу  жұмысы  т.б.  жаңа  қолданыстар  ұсынды.  Еңбекте  кірпіш, 
пеш,  жəшік,  ізбес  секілді  өзгертіліп  алынған  жəне  керамика, 
плита,  минерал,  бетон,  шлак,  бутум  тəрізді  өзгеріссіз 
қабылданған атаулар да орын алған /3/.  
Сонымен  бірге  1930  жылдары  баспа  бетін  көрген  «Отсыз 
жарық»  (1932),  «Техникалық  насихат  жəне  оны  ұйымдастыру» 
(1933),  «Электрді  шала  білетіндерге  көмекші»  (1934),  «Ауыл 
шаруашылық  мəшинелері  мен  құралдары»  (1936)  сияқты 
еңбектерді  де  ғылыми-техникалық  əдебиеттердің  бастауы  деп 
қарастырған  жөн.  Бұл  еңбектерді  жеке  алып  қарастырып 
отырған  себебіміз  жоғарыда  сөз  болған  20-жылдардағы 
еңбектердің  тілі,  оларда  қолданылған  терминдер  туралы  бұған 
дейін  де  сөз  болып  жүр.  Ал  техникалық  терминдерді 
қалыптастырудың  алғышарты  болып  табылар  бұл  еңбектердің 
тілін  зерттеп,  ондағы  термин  қолданысы  ерекшеліктері  жəне 
олардың  бүгінгі  терминқорымызға  қосқан  үлесі  туралы 
талданбаған.  
Алдымен,  1932  жылы  Қызылордада  басылып  шыққан                  
28 беттен тұратын «Отсыз жарық» /4/ еңбегі мен 1934 жылы осы 
қалада  жарық  көрген  88  беттен  тұратын  «Электрді  шала 
білетіндерге көмекші» /5/ еңбегін қарастыратын болсақ, аталған 
еңбектердің  алғашқысында  төл  тіліміздің  де,  өзге  тілдің  де 
сөздері  термин  ретінде  қолданылғанын  байқауға  болады.  Төл 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
259 
тілімізден  термин  жасауға  қатысқан  сөздер  қатарына  шыны 
сауыттар,  сым,  жарық,  өткізгіш,  білік,  қызғыш,  қоңырау, 
тарату  тақтасы  сияқты  көптеген  сөздерді  жатқызуға  болады. 
Ал  өзге  тіл  қорынан  алынған  термин  сөздерге  –  електір, 
мəнтөр,  лампы,  панар,  ыстанса,  мəгінет,  телегірап,  төк, 
електірлену,  батарейе,  пуржыйна,  рубилник,  реостат  т.б. 
терминдер  жатады.  Байқап  отырғанымыздай,  өзге  тіл  сөздері 
қазақ  тілі  заңдылықтарына  бағындырылып  жазылған.  Сонымен 
бірге атау сөздермен қатар бұл жерде електірлену, мəгінеттену, 
жалғастыру,  қосу,  орнату,  тарату,  өткізу  сияқты  етістік 
тұлғалы  терминдердің  де  қолданылғанын  айту  керек.  Жалпы 
«Отсыз  жарық»  кітабы  халыққа  электр  жарығының  қалай, 
қайдан, шығатынын түсіндіру үшін жазылғандықтан, тілі жеңіл, 
жатық.  
Екінші  «Электрді  шала  білетіндерге  көмекші»  атты  еңбек 
88 беттен тұрады. Авторы Д.И.Сахаров, аударған Талжанова деп 
көрсетілген.  Бұл  еңбек  тілінде  де  төл  тіліміздің  термин  жасау 
мүмкіндігімен қатар орыс тіліндегі сөздер пайдаланылған. Кітап 
бетіндегі  терминдерді  шартты  түрде  бірнеше  топқа  бөлуге 
болады:  
1.
  төл  сөздерімізбен  жасалған  дербес  терминдер:  күш 
(
сила), қуат (напряжение), тегеурін (мощность), шүмек (кран), 
кескіш  (зубила),  желі  (система,  цепь),  екпін  (напор),  оңашалау 
(
изоляция),  үлгі  (формула),  нұр  (луч),  үйкелу  (трение), 
тұтқырлық 
(
сопротивление), 
шошала 
(
будка), 
жаншу 
(
давление),  сиқы  (модель),  тиек  (движок),  жағу,  тоғыстыру 
(
включение), 
бақылағыш 
(
контролер), 
ықпал 
(
индукция), 
жұмырша  (катушка),  жинауыш  (коллектор),  бет  (шкала), 
мырыш (аллюминный), сілті (щелочь) т.б;  
2.
  орыс  тілінен  өзгеріссіз  алынған  дара  терминдер:  насос, 
тендір  (тендер),  уат  (ват)  килобат,  бөлпірем,  кілемм  (клемм), 
мəлекүл, 
електірон, 
тыраныспорматыр, 
кəбіл, 
пөліс, 
əккүмүлəтір,  газ,  іскіп  (шкив),  шунт,  генератыр,  барабан, 
потшипнік, 
статыр, 
ротыр, 
кəписент 
(
коэффициент), 
асинқырон  (асинхронно),  електроскоп  т.б.  Бұл  сөздер  аударма 
тіл заңдылығына байланысты дыбыстық өзгеріске ұшыраған;  

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
260 
3.
  қазақ  тілінің  қосымшасын  қабылдаған  орыс  тілді 
тұлғалы  дара  терминдер:  техникеші,  бөлттік  (вольтаж), 
синқырондас (синхронно) т.б;  
4.
  төл  сөздер  мен  кірме  сөздердің  тіркесуінен  жасалған 
күрделі  терминдер:  електір  ағыны  (ток),  електір  өткізгіш, 
електір  саймандары,  електір  өріс  басы  (источник  тока), 
жіберу  (аттандыру)  станциясы  (отправительная  станция), 
електір  ағын  қуаты  (напряжение  тока),  алу  стансасы 
(
приемная  станция),  бөлт  өлшеуіш  (вольтметр),  қызыл  імпір 
нұры 
(
инфракрасный 
луч), 
ауыспалы 
електір 
ағыны 
(
переменный ток), тұрлаулы електір ағыны (постоянный ток), 
кəбіл  желісі  (кабельная  сеть),  беліс  дөңгелегіне  ұқсас  ротыр 
(
ротор в виде беличьего колеса), мəгніттік сыпат (магнетизм), 
мəгніт 
алаңы 
(
магнитное 
поле), 
Гəлбан 
өлшеуіші 
(
гальванометр),  телепон  ықпалшысы  (телефонный  индуктор), 
жіберме реастат (пусковой реостат) т.б;  
5.
  төл  сөздердің  тіркесуі  арқылы  жасалған  күрделі 
терминдер: өткізгіш сым (провод), қайтып оралу (циркуляция), 
жаншу  өлшеуіш  (манометр),  нобай  бейнесі  (схема),  бесеке 
тұтқырлық  (удельное  сопротивление),  еріме  қоруыштар 
(
плавкие  предохранители),  шорт  жалғастыру  (короткое 
замыкание),  жөнші  кітап  (справочник),  жарыспа  тоғыстыру 
(
параллельное 
включение), 
кезекпен 
тоғыстыру 
(
последовательное вклячение), табан шойын жолдары (рельсы), 
бейтарап  сызық  (нейтральная  линия),  су  екпін  серіппесі 
(
гидравлический  удар),  ішкі  (өзіндік)  ықпал  (самоиндукция), 
қозғалу  қуаты  (кинетическая  энергия),  кіндіктес  шығыршық 
(
контакные 
кольца), 
ағызылып 
тазартылған 
(
дестелированный) т.б;  
6.
  кірме  сөздердің  тіркесіп  келуінен  жасалған  күрделі 
терминдер – електір техникесі, кəспіресір мəшинесі, телегірам 
апараты, електір мотор, турбин мəшинесі, електір техник т.б.  
1933 
жылы  Қызылорда  қаласында  жарық  көрген 
«Техникалық  насихат  жəне  оны  ұйымдастыру»  атты  50  беттен 
тұратын 
еңбекте 
индустриаландыру, 
електірлендіру, 
механикелендіру, 
қимиаландыру 
сияқты  етістік  тұлғалы 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
261 
терминдермен  қатар  траныспорт,  дібілгəтіл,  кəмплекіс, 
кинорадио,  киноматогірап,  қуат,  жылылық,  өндіріс  тəрізді 
көптеген атау тұлғалы терминдер де кездеседі /6/.  
Техникалық  терминдердің  қалыптасуына  көмек  берген 
тағы  бір  оқулық  -  1936  жылы  Қызылордада  басылып  шыққан 
«Ауыл  шаруашылық  мəшинелері  мен  құралдары»  атты  495 
беттен  тұратын  еңбек  /7/.  Бұл  еңбекте  ауыл  шаруашылығына 
қажетті  құралдар  мен  көліктер  арнайы  топқа  бөлініп,  барынша 
жетік  сипатталады.  Ауыл  шаруашылық  машиналары  жалпы 
«
жер  құйқасын  өңдейтін  мəшине-құралдар»,  «себу  жəне 
отырғызу  мəшинелері»,  «шөп  жинайтын  мəшинелер»,  «егін 
оратын  жабайы  мəшинелер»,  «молотилкелер, дəн  тазалайтын 
мəшинелер», 
«
астық 
оратын 
комбайндар», 
«
айрықша 
өсімдіктерді 
орып 
өңдейтін 
мəшинелер», 
«
милирасиа 
мəшинелері»,  «мал  азығын  өңдейтін  мəшинелер»  деп  бөледі  де, 
əрқайсысын іштен тағы бірнеше топшаға жіктейді. Жалпы кітапта 
күрек,  кетпен,  соқа,  белдік,  сым,  білік,  төлке,  топса,  тіркеу, 
тіреу,  тақтай,  тетік,  тырма,  көпсіткіш  (қопсытқыш), 
шынжыр,  сүйреткі,  тырнауыш,  тазалағыш,  жырту,  тілу, 
пышақ  сияқты  төл  сөздерімізбен  қатар  трактр,  селендр,  корпус, 
рама,  конструксиа,  марклер  (марки),  диске,  култибатор, 
абтомат 
секілді  орыс  тілінен  алынған  терминдер  де 
қолданылады.  Ауыл  шаруашылығына  тəн  шөп,  тұқым,  картоп, 
капуста,  мая,  пішен,  егін,  бау,  зығыр,  жүгері,  қызылша,  сабан, 
күнжара т.б. атаулар мен турағыш, ұсатқыш, ұндағыш, қазғыш, 
ұшырғыш, сорттағыш, байлағыш, қопсытушы, артқыш, сепкіш, 
салғыш  сияқты  түрлі  машина  атаулары  кездеседі.  Оқулықта 
жалпы  мəшинелерді  тірі  күшпен  жүргізілетін  мəшинелер  жəне 
мəшине күшімен жүргізілетін мəшинелер деп бөледі.  
Жоғарыда  келтірілген  мысалдардан  техника  саласындағы 
алғашқы  аударма  еңбектер  ХХ  ғасырдың  басында  жазылып, 
соған  сəйкес  терминдердің  де  осы  кезеңде  қалыптасқанын 
байқауға  болады.  Əрине,  алғашқы  аударма  еңбектерінде 
суреттелген  терминдердің  көпшілігі  қазақ  тіліне  таныс 
болмағандықтан, оларды түрлі сипаттарына орай, тыңнан жасау 
орын алған. Дегенмен аталмыш кітап тілдерінде қазіргі кезде де 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
262 
тіл  білімінде  мойындалып,  арнайы  комитетпен  бекітілген 
бірқатар терминдер де бар. Мəселен, аталған еңбектердегі сым, 
күш,  желі,  төлке,  сілті,  білік  сияқты  көптеген  терминдер  қазақ 
тілі терминологиясында сол қалпында қолданылуда. Осылардың 
өзі техникалық термин бастауы болатын еңбектердің қазіргі тіл 
білімі үшін маңыздылығын аңғартса керек.  
 
Əдебиеттер 
1.
 Н.  Қаратышқанов.  Пəн  сөздері.  –  Терминологиялық 
сөздік.  –  Алматы,  «Ер-Дəулет»,  2004  –  128  бет.  (араб 
графикасынан 
кириллицаға 
көшіріп, 
сөздікті 
баспаға 
дайындағандар: Ш.Құрманбайұлы, О.Жұбаева).  
2.
 Атаулар  сөздігі.  –  Алматы:  Сөздік-Словарь,  2004  –  184 
бет. (латын графикасынан кириллицаға көшіріп, сөздікті баспаға 
дайындағандар: Ш.Құрманбайұлы, О.Жұбаева). 
3.
 М.Əуезов.  Құрылыс  материалдары.  Қызылорда.  Білім-
технике баспасы, 1933 – 69 бет. 
4.
 Отсыз жарық. Қызылорда. Қазақстан баспасы, 1932 – 28 
бет.  
5.
 Сахаров  Д.И.  Электрді  шала  білетіндерге  көмекші. 
Қызылорда. Қазақстан баспасы, 1934 – 88 бет.  
6.
 Бухарин  Н.И.  Техникалық  насихат  жəне  оны 
ұйымдастыру.  Қызылорда.  Қазақстан  білім-технике  баспасы, 
1933 – 50 бет.  
7.
 Капарулин  К.Н.,  Соминич  Н.Г.  Ауыл  шаруашылық 
мəшинелері  мен  құралдары.  Қызылорда.  Қазақстан  баспасы, 
1936 – 495 бет. 
 
 
Ноғайбаева Ж.Ə. 
Абай атындағы ҚазҰПУ 
Алматы, Қазақстан 
 
ДЫБЫС ҮНДЕСТІГІН МЕҢГЕРТЕТІН ЖАТТЫҒУЛАРҒА  
ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР 
 
Тіл  –  адам  мен  адамды,  ұлт  пен  ұлтты  жақындастыратын 
қатынас құралы. Қоғамда өмір сүру қанша қажет болса, олардың 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
263 
бір-бірімен  қарым-қатынас  жасауы,  пікір  алысуы,  түсінісуі 
соншалықты  қажет  болып  табылады.  Кез-келген  адам  ойын 
басқаға  ауызша  немесе  жазбаша  түрде  жеткізуде  жəне 
қарым-қатынас  жасау  кезінде  белгілі  бір  заңдылыққа  сүйенеді. 
Ал  тіл  үйренушілер  тілдегі  заңдылықтарды  білмесе,  олардың 
қарым-қатынас  дағдылары  мен  іскерліктерін  қалыптастыру 
қиынға  соғады.  Осы  таңда  мемлекеттік  тілдің  қоғамдағы  орны 
кеңейіп,  даму  үстінде.  Осыған  орай  орыс  бөлімдерінде  оқитын 
студенттерінің  қазақ  тілін  меңгеруге  деген  ынтасы  арта  түседі, 
осындай  жағдай  қазақ  тілін  орыс  бөлімдеріндегі  студенттерге 
меңгертудің жаңа жолдарын, əдіс-тəсілдерін қарастыруды қажет 
етеді. 
Тілді  үйретуде  жаттығулардың  атқаратын  қызметі  ерекше. 
Тілді  оқытуда  тіл  үйренуші  қазақша  тыңдай,  оқи,  жаза,  сөйлей 
білу  қажет.  Оқытушы  тіл  үйренушілердің  қазақша  сөйлеуді 
таңдап,  орфоэпиялық  ережелерді,  дыбыстар  артикуляциясын 
қадағалап,  дұрыс  түсініп,  мəнерлеп  оқу,  оқығанын  түсініп, 
мазмұнын  ұғынып  жеткізе  білу,  сауатты  жазу  сияқты 
дағдыларын  қалыптастыру  мақсаты  қойылады.  Бұл  дағдылар 
жаттығу,  тапсырма,  мəтін,  суретпен  жұмыс  түрлерін 
ұйымдастыру  көмегімен  қалыптасады.  Тілдік  тыңдау,  оқу, 
сөйлеу,  жазу  əрекеттері  де  бір-бірімен  байланысты.  Тілді 
меңгертуде,  əрі  оны  дамытуда  жаттығу  жұмыстарының  орны 
ерекше.  
Өзге  ұлттарға  орыс  тілін  үйретуде  дағды  мен  іскерлікті 
қалыптастыруды 
В.П.Успенский 
жаттығу 
жұмыстарын 
орындатумен байланысты жаттығуларды талдау жəне құрастыру 
деп  екіге  бөледі.  Талдау  жаттығулары  сөйлеу  дағдыларын 
қалыптастыруға 
жəне 
тілдік 
материалдарды 
бекітуде 
жүргізіледі.  Ал  құрастыру  жаттығулары  жеке  сөздерден  сөз 
тіркестерін, 
сөйлемдер 
мен 
мəтіндерді 
құрастыруға 
қолданылатындар деп ұсынады [1,43 б.].  
Жаттығу 
жұмыстарын 
жүргізуде 
ғалым 
Н.И.Гез 
орындалатын  жаттығу  жүйесінің  анықтамасын  беріп,  тілдік 
жəне  сөйлеу  жаттығуларының  түрлерін  көрсетеді.  Жаттығулар 
жеңілден 
ауырға 
ұстанымы 
бойынша 
жəне 
өтілетін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет