Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция
210
əл-Фарабидің адам орнын, алдымен өзінің орнын іздемеген
ғылымның бірде бір саласы қалмаған шығар. Адамзат
тарихында қандайда бір тарихи ерлік жасаған ірі тұлғалар
болған, бірақ олардың ішінде сабырлық қабілетіне ие болғандар
сирек кездеседі. əл-Фараби барлық ғылымды игерген, əрі өзінің
рухын ұстай білген сирек кездесетін данышпан. Ол ақиқатты
үнемі
іздеу
жолынан
таймаған,
жалықпаған.
Оның
шығармашылық ғұмыры көп жағдайда үлгі аларлық (4). Демек,
нағыз өзіңді тани білу – міне, ХХІ ғасырдың алдымызға қойған
мəселесі осы. Адамды зерттеу. Ал адамның өзі ғарыш сияқты
күрделі ғой. Ғасырдың жаңаша жұмбақтары. Адамның
мүмкіншіліктері. Оның психикасының шегі. Оның өміршеңдігі.
Оның данышпандығының қайнар көзі. Диагностика (алдын ала
болжап білу), жылдам есептеу жəне емшілік қабілеттерімен бізді
таң қалдыратын əлі де ашылмай жатқан кейбір адамдардың
керемет қасиеттері айтарлықтай. Мысалы есімдері дүние жүзі
ғылымы мен мəдениетінің тарихында берік орын алған, өмірлері
жырға, аңызға айналған Əбу Əли ибн Сина мен Əбу Райхан əл-
Бируни. Орта Азияның əмбебап ғалымдары атанған олар
ғылымның əртүрлі саласында, атап айтқанда, философияда,
медицинада,
филологияда,
астрономияда,
геологияда,
математикада, физикада, этнографияда жемісті еңбек етті, мол
мұра қалдырды. Ғылымның даму жолын болжау қиынға соғады,
дегенмен де бізді бүгінгі таңда осындай ғылыми-техникалық
төңкеріске əкеліп жеткізген көз ілестірмейтін үдемелі үдірісте
белгілі бір заңдылықты аңдап қалуға мүмкіндік болады.
А.Ж.Машани «Бір салада істейтін мамандар өздерінің шұғыл
айналысқан істерін жақсы біледі, басқаларды біле қоймайды,
азды-көпті білгенімен олардың басын қосу оңай емес. Əр
мамандықта тіл басқа, əдіс басқа, ойлау өрісі басқа. Сол
себептен бір салада табылған нəрсе екінші салада істеушіге
белгісіз, түсініксіз, пайдасыз болып қала береді. Біздің
заманымыздағы ғылыми жетістік те осында, сонымен қатар
кемшілігі де осында. Жеке талдамаса ғылым жетілмейді, бірақ
жекеленіп кеткен ғылымдар біріне бірі жат болады. Ерте
замандағы ғылымдар олай болмаған, олар барлық ғылымды
Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы
211
тұтас қалпында бүтіндей қамтыған» дейді(5). Яғни, ертерек
кезде нағыз ғылымның жаңада қалыптаса бастаған шағында сол
заманның кемеңгер ғалымы адамзат білімінің, мəдениетінің
бірнеше саласын қатар қамти алды, өйткені оның ұғымында
ғылымды бөлек-бөлек салаға ажырату деген болмаған. Ғалым
өзінің қолға алған саласының бəрінде де жетістікке жетіп,
бірдей меңгере білді. А.Машанидің қажырлы еңбегінің
құндылығы – ұлы баба əл-Фараби мұраларын қазіргі ғылым
жетістіктерімен байланыстыра отырып сараптап беруінде. əл-
Фараби ілімі бізге ғылымның сан саласынан ортақ сабақтастық
табуға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда ғылым əлемінде жаңа үдеріс байқалады. Қазір
ғалымдар баяғыда ұмыт болған əмбебаптыққа қайта оралғандай.
Қазіргі жас ғалым тек қана ғылымның əр саласынан хабардар
болып қана қоймай, адамның ой-өрісінің дамуына тікелей
қатысы бар өнерді де қатар меңгеруі тиіс.
Сонымен, ғылым адамзат мəдениетінің бір бөлшегі ретінде
өзінің даму жолында дүниетанымының ұлан-байтақ көкжиегін
қамтуға ғалымдарға жол ашып серпінді бір қадам жасады. Оны
бір сөзбен шығармашылық деп атаймыз. Əлемнің түкпір-
түкпірінде өтіп жатқан құбылыстарға мəн беріп, түсіну –
экономикада, психологияда, техникада жəне өнерде «бұл неге
былай, басқаша емес»,-деп себебін білуге тырысу, мұның өзі
ойлауға еркіндік береді, сол сияқты даналықтың еркіндігіне жол
ашады. Дəл осы қасиет жастарға ауадай қажет.Өзінің түпкі
мақсаты бар жəне қоғамдағы орнын білетін еңбек жəй ғана
міндетін атқару сияқты болмайды, қоғамдықжұмысқа айналады.
Терең, жан-жақты біліммен қаруларған еңбек шығармашылық
сипат алады. Сегіз қырлы бір сырлы, өмірдің сан алуан қатаң
заңдарынан хабардар адам немқұрайлық дегеннен мүлдем ада
болып, батыл жəнеқажырлы болып шығады. Егер ол жұмысшы
болса күнделікті міндетін атқарушы ғана емес, өндіріс иесі, егер
ғалым болса, кездейсоқ деректерді тіркеуші емес,кертартпа
болжамдардың көзін жойып, жаңалық ашуға тырысатын
күрескер, сонымен қатар қиял қанатында самғай білетін,
ғылымды биікке көтере алатын қиялшыл. А. Машани «Əрбір
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция
212
талаптың басы қиялдан басталады. Олай болғанда, «өнер» атты,
«білім» атты, «ғылым» атты ұлы істердің алғашқы адамы
қисынды қиял болмақ»,-дейді.
Аспанда ұшқан құстың негізгі қызметін атқаратын қанаты.
Адам талпынысының жəне жетістіктерінің «қанаты» - жұмысы.
Ол қажырлы еңбектің арқасында ғана нағыз құндылыққа ие
болады. Еңбек ең бастысы – «ұшуға» күш береді. Өмірдің өн
бойына жайған кең қанат – ол шартты түрде болса, оған
қосымша тағы да білім қажет. Диплом арқасында немесе
таңдаған жұмыстағы тəжірибе арқылы алған білім аз болады.
Қоршаған ортаға қызығушылықпен қараған адамға ұлан-байтақ
əлемнің алысы мен жақыны көз алдына елестеумен қатар
көркем табиғаттың таңғажайыптары жəне адамның əсемдігінің
сан алуан қырлары мен өмірдегі өзара байланыс –бəрі өз уысына
сыйып тұрғандай сезінеді. əл-Фараби «Ғаламның көркі оның
иесін танудың жолы» екенін ескертсе, Абай жер жүзін
безендірген тəңірім шебер деп ғалам иесіне тəуба келтіреді.
Демек. Адам өзінің болмысын ашуы керек. Қалай? Əрине,
кемелдену арқылы, жетілу, толығу арқылы. Яғни, адам өз
болмысын адамшылықтың кəмəлəті арқылы табады екен, себебі
ғылым-білімнің басты алғы шарты адамшылық екен. Адамның
шын мағынасымен «адам» болуы үшін өзін сүю, жақындарын
сүюмен қанағаттанбай, жалпы адамзатты сүюі шарт. Өзінің һəм
жақындарының ғана пайдасын іздемей, жалпы момын халықтың
пайдасын іздеуі шарт. Халық пайдасын өз пайдасынан ілгері
қоюы шарт. «Адам шын ізгі адам боламын десе, халық ісі, халық
пайдасы жолында құрбан бола білсін» дейді М. Жұмабаев (6).
Кісінің кісілігі əуелі біліміне, көңілінің тазалығына қарай
бағаланса керек. А. Машани пікірінше бұл күндегі басты мəселе:
жалғандықтан құтылып, шындыққа жол ашу. Адамдық өмірдің
негізгі мақсаты шындық іздеу. Ғылым шындық жолынан тайса,
адам баласын апатқа ұшыратады. Кісілік өлшемі – білімділік.
Ендеше ғылым атаулының тарихын жақсы білуің керек...Барлық
ғылымның басын біріктіруші – Ислам діні. Исламда ғылым мен
дін біртұтас. Қазақ елінде Ислам құндылықтарының өркениеттік
негіздері ұлттық құндылықтарымен астарласып, біте қабысты.
Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы
213
Қазақ елінен шыққан мұсылман ойшылдары əл-Фараби, Қожа
Ахмет Иассауи, Абай, Шəкəрім т.б. өз шығармаларында ислами
құндылықтарды ту етіп көтерді, себебі Ислам ілімі тура жолды
көрсетуші. Ислам тəрбиесі адамды əділеттілікке, шыншыл-
дыққа, мейірімділік пен қайырылымдылыққа, ізгілікке,
бауырмалдылыққа
тəрбиелейді.
əл-Фараби
«Тəрбиелеу
дегеніміз – халықтың бойына білімге негізделген этикалық
ізгіліктер мен өнерлерді дарыту» дейді. Демек, тəрбие тамыры
тереңнен алынатын тарихи үрдіс болғандықтан, болашақ
мамандарға эстетикалық ізгіліктерді орнықтыру əр сабақтың
басты мақсатына айналуы тиіс.
Əдебиеттер
1.
Ақылдың кені. – Алматы, 1991.
2.
Сəрсекев М. Қ. Қаныш Сəтбаев.-Алматы, 1988.
3.
Құнанбаев А. Таңдамалы шығармалары. – Алматы, 1972.
4.
Машани А. əл-Фараби жəне бүгінгі ғылым. – Алматы,
2004.
5.
Машани А. «Ай арасы» ғылым жаңалықтары. – Алматы,
1994.
6.
Жұмабаев М. Педагогика. –Алматы, 1993.
К. Б. Көпеш
Астана, Қазақстан
ҚАЗАҚ ТІЛІ МҰҒАЛІМІНІҢ ТҰЛҒАСЫ
Қоғамның дамуындағы білімнің орны мен маңызы туралы
еліміздің Президенті Н.Ə. Назарбаевтың Қазақстан халқына
Жолдауында “... білімін дамыта алмаған ел тығырыққа тіреледі.
Осы заманғы білім беру жүйесінсіз əрі алыстан барлап, кең
ауқымды ойлай білетін осы заманғы басшыларсыз біз
инновациялық экономика құра алмаймыз. Сондықтан мұғалім
мамандығының беделі мен абыройын қайтаруға міндеттіміз”, –
деп аталып өтілді [1].
“Маған жақсы мұғалім бəрінен де қымбат. Мұғалім –
мектептің жүрегі”, – деп ағартушы Ы. Алтынсарин ХІХ ғасырда
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция
214
айтып кетсе, ХХ ғасырдың орта тұсында профессор А. Ысқақов:
“Программа жақсы тізілгенімен, оқулық көңілдегідей болып
жасалғанымен, мектеп методикалық, дидактикалық, техникалық
құралдармен ойдағыдай жабдықталғанымен, оқушылардың
көкейіне білім өздігінен құйыла салмайды. Оларға білім ана
тілін толық игеруді, ауызша да мүдірмей дұрыс сөйлеуді,
шетінен сауатты етіп шығаруды қамтамасыз ететін мұғалім
арқылы беріледі”, – деген [2]. Бүгінгі таңда да қазақ тілінің
мемлекеттік тіл ретіндегі мəртебесін нығайтуға қажетті оқыту
мен меңгертудің əдістемесін жетілдіру жолында жоғарыда
аталған мəселе күн тəртібінде өзекті боп тұр.
Бəсекелестік – өмір сүрудің басты шарты болып отырған
өзгермелі кезеңде білім саласы мамандарына талап күшейіп
қойылады. ХХІ ғасыр – компьютерлік ақпараттар заманы.
Интернет арқылы əлемде болып жатқан өзгерістерден
күнделікті, тіпті, сағат, минут сайын мағлұмат алып отырған
ересек тіл үйренушіге жаңа сабақ айтып, дəріс тыңдата білу,
оларды таңқалдыру барлық мұғалімдердің қолынан келетін оңай
дүние емес. Сондықтан мұғалім үнемі ізденуші болып қала
береді, тіл білімі жəне өзге де ғылым салаларындағы
жаңалықтардан хабардар болып, өзі де белгілі бір дəрежеде
ғылыммен айналысуы қажет. Мемлекеттік тілді мемлекеттік
қызметшілерге
жеделдете
деңгейлік
оқытудың
типтік
бағдарламасында көрсетілгеніндей, қазақ тілі мұғалімінің
мақсаты:тілді оқытуды ұйымдастыру, тіл үйрену белсенділігін
арттыруда тіл үйренушінің қазақ тілін танып-білу мотивациясын
ояту «тілдік тұнық орта» жəне тілдік тұлға қалыптастыру [3].
Ұстаз болып танылып, бағалануы үшін білім мен білік
дағдыларын жетілдіріп отыру – бүгінгі күн талабы. Академик Б.
Хасанов: “Қазақ тілінің көсегесі көгерсін десек, оны оқытқан
адамның алдына алты түрлі шарт қойылуға тиіс”, – деп атап
көрсетеді:
1. Мемлекеттік тіл деген не – соны нақты білу.
2. Қазақстанда мемлекеттік тіл – қазақ тілі” деген не сөз
екенін түсіндіре алу. 3. Қазақ тілін кəсіби біліктілік тұрғысынан
мүлтіксіз еркін білу.
Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы
215
4. Орыс тілді тыңдаушыларға сабақ беретін ұстаздың орыс
тілінен хабардар болуы керек, категориясын, аса қажет бола
қалған жағдайда орыс тілінің (оқыту тілінің) материалымен
салыстырып түсіндіре білу мүмкіндігінің болуы.
5. Тіл саясаты ұғымы, Қазақстанның тіл саясатының
сипатын саясаттану мен əлеуметтік лингвистика тұрғысынан
біліктілікпен түсіндіре алу.
6. Оқыту əдістемесінің мəн-жайын, дəстүрлі лингвистика-
мен қатар социолингвистика мен психолингвистика, когнитивті
лингвистика ғылымдарынан жақсы хабардар болу” [4]. Білім
сапасы туралы сөз қозғалғанда, ең алдымен, мақсаттың жəне
нəтиженің сапасы; содан кейін басқарудың, ұстаздың,
педагогикалық əрекеттің, тіл үйренушінің сапасы, бұлардан
барып педагогикалық үдерістің сапасына қол жетеді. Профессор
Н.Ж.Құрман: “Қазақ тілі маманын даярлаудың мақсаты мен
оның нəтижесі – жоғары оқу орындарында осы мамандық
бойынша даярланған əрбір адамның бойында өз кəсібі бойынша
қалыптастырған машық-дағдылары мен дүниетанымынан,
шеберлігі мен қабілетінен танылады. Соның нəтижесінде қазақ
тілінің оқытылу сапасы да танылады”, – деп көрсетеді [5].
Сапалылықты қамтамасыз ететін мұғалімдер шығармашыл
болуы
тиіс.
Өмірдегі
барлық
өзгерістер,
жаңарулар
шығармашылық күштердің өнімі. Шығармашылық – адам
əрекетінің ең жоғары түрі, оның тұрмысының тəсілі, өзіндік
əрекетінің, өзін-өзі дамытуының, өзін-өзі танытудың формасы.
Педагогикалық шығармашылық жайында мəселе көтерген
белгілі ғалым М.М. Поташник: “Мұғалімнің еңбегі қарадүрсін
қарапайым болуға тиіс емес, себебі əр бала, сынып, қалыптан тыс
жағдай, уақыт қайталанбайтын құбылыс. Бұл педагогты үнемі
жаңа, қалыптан тыс жағдайда еңбек етуге мəжбүрлейді, сол
жаңаны басқа түрге айналдыру ерекшелігімен сипатталады ”, –
деген екен.
Мұғалім қызметіндегі шығармашылық мəселесі мұғалімнің
біліктілігін арттырумен қатар, өз бетінше білім алуға, білім
жүйесіндегі əдістемелік жұмыстың мазмұнына, түрлеріне жəне
олардың ұйымдастырылуына тікелей байланысты. Дамыта
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция
216
оқытуды жүзеге асыруда кездесетін негізгі жəне күрделі
мəселелердің бірі – тіл үйренушілерді оқыту əрекетін
ұйымдастыру болып табылады. Осыған байланысты мұғалімнің:
• оқыту əрекетінің ерекшеліктері туралы теориялық білімі
терең
болуы жəне оның заңдылықтары мен қалыптасу
жағдайлары туралы білуі;
• оқыту үдерісінің жаңа түрлері мен ұйымдастыру
əдістерін жəне жаңа
педагогикалық технологияны меңгеруі;
• оқу материалының мазмұнын жақсы білуі жəне онымен
ғылыми
тұрғыда жұмыс істеу логикасын меңгеруі;
• оқу міндеттерін іске асыру мақсатында педагогикалық
қарым-қатынас
техникасын жақсы меңгере отырып, тіл үйренушілермен
бірлесе отырып белсене жұмыс істей білуі;
• білімді дамыта оқыту арқылы беру үшін, мұғалім
педагогикалық
диагностика əдістерін меңгеруі;
• атқарған істерінің нəтижесін көру үшін, мұғалім тіл
үйренушілердің
жас ерекшеліктері мен жеке бастарының ерекшеліктерін
ескеруі керек.
Жоғарыда аталған міндеттерді орындау – оқыту əрекетінде
шығармашылық шеберлігі шыңдалған, кəсібі арқылы өзін
таныған, интеллектуалдық əрекеттер арқылы өзін өзгертуге
дайын маманның қолынан келетініне күмəніміз жоқ. Əдістеме
жұмысын ұйымдастыру барысында, алдымен оның мақсаттарын
айқындап, жүйесін жасап, сараптама жүргізу керек. Аталған
міндеттердің шешімі дамыта оқытудың əдістемелік үдерістегі
негізгі мазмұны болып танылады. Əдістемелік жұмыстың
түрлеріне келер болсақ, ғылыми-практикалық, проблемалық,
психологиялық семинарлар ұйымдастырылып тұру керек.
Ғылыми-əдістемелік семинарларда қазақ тілін оқытудың негізі
Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы
217
туралы түсініктерді үйреніп, осы салада психологияның жеткен
жетістіктерін атап, оларды практикада іс жүзіне асыруды
қарастыру керек. Қай семинарда болмасын, ең негізгі
қарастыратын мəселенің бірі – сабақ жүйесі мен құрылымы.
Сабақ – оқыту үдерісінің негізі болып табылады. Сабақ –
оқу/оқыту, үйрену/үйрету жұмыстарының негізінде мұғалім мен
тіл үйренуші арасындағы тығыз байланыс, қарым-қатынас
арқылы білімді игеру үдерісіне айналады. Мұғалім мен тіл
үйренушінің оқу əрекеті сабақтың өту деңгейі, оның
мазмұндылығы,
əдістемелік
тартымдылығы
төңірегінде
шоғырланады. Сабақ жоғары деңгейде өту үшін, мұғалім əрбір
сабаққа дайындалғанда өзінің түйіні жəне шешімі бар жаңа бір
өнер туындысын жасағандай болады. Сабақ барысында тіл
үйренушілерге қазақ тілінен білім мен білік дағдыларын
меңгертіп қана қоймай, олардың бойында қазақ тіліне деген
шынайы қызығушылық пен шығармашылық қабілеттерін қалай
дамытуға болады?
1.
Бірінші, сабаққа дайындықты:
• сабақтың тақырыбын нақтылаудан;
• қазақ тілі курсында тақырыптың орнын анықтаудан;
• сабақ жүргізу барысында мұғалім тірек етіп алатын
негізгі түсініктерді анықтаудан бастау дұрыс болады.
2.
Екінші, мұғалім жəне тіл үйренушілер үшін сабақтың
мақсатын
айқын қою, яғни оның білімдік, дамытушылық, тəрбиелік
міндеттерін белгілеу.
3.
Оқу материалын жоспарлау. Ол үшін, тақырып бойынша
əдебиет таңдау. Егер жаңа теориялық материал болса, тізімде
оқулық, монография, энциклопедиялық, ғылыми-танымдық
басылымдар болу керек. Солардың ішінен қойылған міндеттерге
қарапайым тəсілмен жетуге болатын түрлерін таңдап алу керек.
Төменде көрсетілгендей мақсаты бар оқу тапсырмаларын
таңдау:
• жаңа материалды тану;
• қайта жаңғырту;
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция
218
• алған білімді жаңа жағдайда қолдану;
• алған білімді тосын жағдайда қолдану;
• білімге шығармашылықпен келу керек.
Оқу міндеттерін “қарапайымнан күрделіге қарай” қағидасы
бойынша ретке келтіру. Үш түрлі тапсырма жинағын құру:
• тіл үйренушінің материалды жаңғыртуына əкелетін
тапсырмалар беру;
• тіл үйренушінің материалды түсінуіне себеп болатын
тапсырмалар;
• тіл үйренушінің материалды бекітуіне себеп болатын
тапсырмалар.
4. Сабақтың “маңызына” ерекше көңіл бөлу
Əрбір сабақтың мазмұнында тіл үйренушіні таңғалдыра-
тын, қуанышты əсерге бөлейтін, яғни есінде мəңгі қалатын бір
нəрсе болу керек. Ол – қызықты факт, аяқ астында жасалынған
тəжірибе болуы мүмкін.
5. Сұрыпталған оқу материалдарын топтастыру
Ол үшін сұрыпталған материалмен жұмыс қандай тізбек
арқылы ұйымдастырылатынын, тіл үйренушінің əрекеті
түрлерінің қалай ауысатынын ойластыру керек. Ең бастысы
материалдарды топтастыру барысында тіл үйренушілерді
жоғары белсенділікке шақыратын сабақтың түрін жасау қажет.
6. Оқушылардың əрекетін бақылау жұмыстарын жоспарлау:
• нені бақылау?
• қалай бақылау?
• бақылаудың нəтижесін қалай қолдану?
Бақылау жұмыстарын жиі жүргізу арқылы оқу тіл үйренуші
қиналатын тұстарын анықтау жəне мұғалімнің тіл үйренуші
жұмысына қызығушылығы мол екендігін көрсету.
7. Сабаққа құрал-жабдықтар дайындау. Көрнекі құралдар,
приборлар жəне т.б. тізімдерін құру. Сабақтың негізгі тірегі
ретінде барлық жаңа материалдардың тақта бетінде қалуын
ойластыру.
8. Үйге тапсырма беру: сабақтың негізгі мазмұнын жəне
оны қалай орындау жөніндегі нұсқаулар.
Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы
219
9. Жоғарыда аталған кезеңдер бойынша дайындалған
дəстүрлі сабақтың жоспарының үлгісін көрсетейік. Жоспар:
• формалдық;
• мазмұндылық;
• аналитикалық сияқты негізгі бөлімдерден тұрады.
Формалдық бөлім сипаты:
Сабақтың № _______________
Тақырыбы: ________________
Мақсаты: ________________
Міндеттері:
білімдік: ________________
дамытушылық: _____________
тəрбиелік: _________________
Құрал-жабдықтар: __________
Сабақтың жекелеген кезеңдерінде бірізділік сақталу керек.
Мазмұндылық бөлімі екіге бөлінеді:
1. Барлық тапсырмалардың мəтіндері, жаңа оқу материалы,
үй тапсырмасын орындауға байланысты ұсыныстар.
2. Мұғалім мен тіл үйренушінің сабақтың əр кезеңіндегі іс
əрекеттерін белгілейтін кесте:
Сабақ кезеңдері
Тіл үйренушілер
Мұғалім
Аналитикалық бөлімде өзін-өзі тексеру жұмыстары
жүргізіледі.
Сабақ басқа да күрделі құбылыстар сынды мұғалімнің
жүрегінен шығуы керек. Сонда ғана ол эмоциялық жəне
технологиялық жоғары деңгейде өтеді. Сабақтың сапалы жəне
табысты өтуі, мұғалімнің сабақ жоспарына байланысты. Қазіргі
таңда, сабақ барысындағы тіл үйренушінің іс əрекетін
ұйымдастырушы ретінде мұғалімнің кəсіби шеберлігінің негізі
əдістемелік құзыреттілігіне жоғары талап қойылады. Дайын
əдістемелік нұсқаулар, оқу құралдары, оқулықтар жəне сабақ
үлгілерімен жұмыс жасай отырып, тіл үйренушінің жеке бас
ерекшеліктері мен білім деңгейлерін ескеру – сабақ жоспарын
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция
220
құру талабы. Сабақты жоспарлау – əрбір мұғалімге
шығармашылық мүмкіндіктер мен білім, білік дағдыларының
негізі болып табылатын өз бетімен үлкен жауапкершілікті талап
ететін шешімдер қабылдап, оған жету жолында өз стратегиясын
дайындау жəне мақсат қоя білуге, кəсіби ортада өзін
жетілдіруге, өз күшіне сенбеушіліктен арылуға мүмкіндік
береді. Қоғамның дамып өркендеуі, білім беру саласындағы
үдерістің
жаңа
құбылыс
ерекшеліктерін
меңгеруде,
қоғамымызды ізгілендіруде мұғалімдерге, олардың кəсіптік
сапаларына, білімділігі, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуі,
мəдениеті, парасаттылығы сияқты қасиеттеріне байланысты
екендігін, мұғалімдік мамандықтың жан-жақты білімді, шынайы
сезімтал болуды, шəкірттеріне шексіз сүйіспеншілікті беруді
талап ететінін, еңбегінің нəтижесі əр күн сайын қуаныш
əкелгенде ғана жемісті болатындығын осы мамандықты
таңдаған əрбір адам терең түсіне білу керек.
“Адамның адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы
құрбы, жақсы ұстаздан болады”,– деп ұлы Абай айтқандай,
жақсы ұстаздыққа жету жолында аянбай еңбек етіп, кəсіби
білімімен бірге, шығармашылық ойлау қабілеті жоғары, рухани
бай, адамгершілік қасиеттер өн бойында тұнып тұрған
мұғалімнің орны барлық уақытта ерекше болады. Өйткені, білім
– қазына. Қазынаны игеруді үйрететін мұғалім мамандығы –
мəңгі мамандық.
Достарыңызбен бөлісу: |