Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция
332
Əдебиеттер
1. Н. Құрманова. Жоғары мектепте қазақ тілін оқыту
технологиясы. Оқу құралы. Ақтөбе, 2002ж.
2. Т.В. Аренова: Рольдік ойындар - Алматы: Архисема,
2007ж.
3. Г.И.Щукина. Проблемы познавательного интереса
а педагогике. Москва. Педагогика. 1974г.
Турарова Қадиша
ҚМЭБИ
Алматы, Қазақстан
ҚАЗАҚ ТІЛІ БОЙЫНША БЕЙІМДЕЛГЕН ТЕСТІЛЕУДІҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазақ тілін мемлекеттік тіл мəртебесінде меңгертудің
маңызды мəселелері қазіргі кезде бір аяға тоғысып, қазақ тілінен
тестілеудің қажеттілігін күннен-күнге алдыңғы орынға қойылып
отыр. Қазақ тілі бойынша меңгерген білім деңгейі мен
дəрежесін бағалаудың оңтайлы бір түрі ретінде тестінің маңызы
да танылып келеді. Бағалау - нақты жəне сенімді ақпаратты
жинақтау мен өңдеу үдерісі, соның негізінде қазақ тілін
үйренушілердің өзіндік бір шешімге келе алуына жəрдемдеседі,
қазақ тілін білу дəрежесін жетілдіре түседі.
Қазақ тілі бойынша тестілерді əр оқытушы жасаған сан
түрлі күйінде, шашыратып жібермеу үшін, қазақ тілі білімін
бағалаудың стандарттары болуы міндетті екендігі белгілі.
Стандарттар – қазақ тілінен берілетін лексика-грамматикалық
минимумды анықтап, əр деңгей бойынша қаншалықты белсенді
сөздік қор қалыптасуы тиіс екендігін нақтылайды. Сл қазақ тілін
оқыту үдерісінің тиімділігін бағалап, білімді тексерудің тетігі
ретінде тест алынады. Қазіргі кезде студенттер мен ересектерге
қазақ тілін оқытуда тест алу кеңінен қолданылып, кəдімгідей
жүйе ретінде қалыптасу кезеңі өтуде. Тестілеудің өзі -
Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы
333
демократиялық қоғамның əрбір мүшесінің ерікті талабына сай,
қол жеткен білімінің қандай дəреже мен деңгейде екендігін
тəуелсіз түрде білуіне лайық болып келетін білімді бағалау
жүйесі деуге болады.
Тест тект іл үйрену ғана емес, жалпы түрде əлеуметтік кең
ортада қолданылу үрдісі өсіп келе жатқан бағалау құралы.
Соның ішінде Станарты анықталып, қолданыс жүйесінде
жүрген Білім жəне ғылым министрлігі əзірлеген «ҚАЗТЕСТ» [1]
пен Тіл Комитеті Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың
республикалық үйлестіру-əдістемелік орталығында əзірленген
«Мемлекеттік
тілді білу деңгейін анықтауға арналған
ЛИНГВОДИДАКТИКАЛЫҚ ТЕСТ» [2] белгілі. Бұлардың қазақ
тілінен білім деңгейін анықтаудағы ерекшелігі – екеуінің де
арнайы Тұжырымдамалары мен Стандарттары бар. Қазақ тілін
екінші тіл ретінде меңгеру деңгейін анықтауға арналған осы екі
тестілеу жүйесінің ерекшеліктері де бар. Бірақ атап көрсететін
мəселе - қазақстандық тіл оқыту жүйесінде өзіндік қолтаңбаға
ие болған тестілеу жүйесінің қалыптасып келе жатқандығы. Бұл
– тестілеу жүйесінің əрі қарай кеңінен дамуына, өрістеуіне жол
салатын дүниелер. Оларды өзгерту, дамыту, жетілдіру – бір
басқа. Ең бастысы, қазақстандық тестілеудің бір арнаға тоғысып
келе жатқандығы.
Біз осы мақаламызда тестінің «бейімделген тесті» деген
түрін қарастыруды мақсат етіп отырмыз. Қазақ тілінің
мемлекеттік тіл мəртебесінде дамуына қажетті үлкен сала -
қазақ тілінен бейімделген тестілердің даярлауны десек артық
емес. «ҚАЗТЕСТ» орталығының шақыруымен қазақстанға
бірнеше рет келіп, тест, оның ішінде бейімделген тест
(адаптивный
тест)
туралы
дəрістер
оқып
жүрген
В.С.Аванесовтың іпікірінше, бейімдегне тестің ішкі сараланған
түрлері студенттердің білімін бағалауда көп нəтиже береді [3].
Бұл пікірдің растығына өз тарапымыздан мынадай ой
қосайықө. Аудиторияда отырған студенттердің білім мен білік
деңгейі бірдей еместігі белгілі. Саралап қарастырсақ, олардың
ішінде «жинақтау» əдісін ерекше меңгерген студенттерде бар,
«талдау» əдісін ерекше меңгерген студенттер де бар. Бірақ біз
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция
334
қазақ тілінен тестіні келбеті бізге белгісіз «ортанқол» білімі бар
студентке əзірлейміз.
Егер ресейлік тестолог ғалымдардың еіпіріне сүйенетін
болсақ, тестінің «ашық тест», «жабық тест» (клоуз тест)
түрлерін кең пайдалану арқылы ғана студенттердің қазақ тілін
меңгергендігін анықтау жүйесінің аясын кеңейте аламыз.
Əйтпесе, бір ғана деңгеймен өлшейтін болсақ, студенттердің
психологиялық
мүмкіншіліктері
мен
ерекшеліктерін
ескермеуден біз тек ұтыламыз.
Білім беру үдерісін табиғилыққа неғұрлым жақындатып,
бейімдеу туралы ең алғаш Я.А.Коменскийдің еңбектерінен
көруге болады [4]. Оқытудың жаңа əдістері мен тəсілдерін
анықтай келе, Ян Амос Коменский оқу тапсырмаларының
баланың табиғи мүмкіндіктеріне неғұрлым жақын жасалынған
тапсырмалардың тиімділікпен орындатынына баса назар
аударған. Кейін Ян Амос Коменскийдің бұл идеясы көптеген
педагогтардың ұтымды əдісіне айналған.
Қазақтың тұңғыш педагогы Ыбырай Алтынсариннің «Қазақ
хрестоматиясы», «Руководство к обучению киргизов русскому
языку» [5] деген еңбектерін талдау барысында ағартушының
оқушыларға табиғи бейімділіктеріне байланысты білім беруді
ұстанғанын көру қиын емес. Əп оқушының өзінің табтғт
ерекшеліктерінен туындайтын мүмкіншіліктерін білім беру
барсында назарда ұстеу арқлы ғана оқу үдерісін танымды,
қызғылықты етіп ұйымдастыруға болатыны осылай анықталған.
Қазақстандық
оқу
жүесінің
ең
басында
тұрған
Ы.Алтынсариннің идеясы қазіргі қазақстандық білім жүйесінде
қалыптасқан. Бірақ мектепте болсын, жоғары оқу орындарында
болсын, білім алушы тұлғалардың жеке бас ерекшеліктерінен
гөрі жаппай жалпы тапсырма беріпп, білімді жаппай тексеру
əдісі əлі де кеңестік дəуірдің бір таңбасындай қолданылып келе
жатқандығын жасыруға болмайды.
«Бəрі бірдей болуы тиіс» деген кеңестік ұстаным қазіргі
кезде студенттердің білімін бағалауда, саралық, даралық
ерекшеліктердің мүлде дерлік ескерілмеуіне əкеліп отыр.
Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы
335
Жиырмасыншы ғасырдың 20 жылдары кезінде орыс
ғалымдары С.Т.Шацкий мен П.П.Блонский оқушылардың жеке
психологиялық ерекшеліктеріне баса назар аудару қажеттігін
дəлелдеген. Оқушы мен мұғалімнің арасында білім алу
үдерісінің ынтымақтастық тынысын қалыптастыру арқылы ғана
қиын тапсырмаларды орындатуға болатынын айтады. Сонымен
бірге ғалымдар мұғалімдер оқушының табиғи танымдық күшін
оятып, дамыта алатындай тапсырмаларды іріктеуге күш салуы
арқылы ғана ынтымақтастық тынысын қалыптастыруға
болатынын дəлелдейді.
Қазіргі кезде бейімдік оқыту жүйесі қалыптасып, іріктеудің
оңтайлы (оптимальный) жолдарын анықтау арқылы бейімдік
оқу тапсырмалары мен оқу қызметінің нəтижелерін бақылаудың
тиімді əдістері танылуда. Сондықтан бейімдік оқу қызметі мен
білімді бағалаудың бейімделген жүйесінің əдіснамалық
негіздерін анықтаудың күрделі мəселелері де шешілуі қажет деп
танылуда. Бейімдік тапсырмаларды оңтайлы əдіспен анықтауды
теориялық тұрғыдан негіздеу қажет болады. Теориялық
негіздерді
сипаттау
студенттерге
қазақ
тілін
үйрету
бағдарламасы мен қазақ тілінен алған білімін бағалау тест
тапсырмалары
жүйесі
арасындағы
байланыс
деңгейін
анықтаудан басталады.
Оқушылар
мен
студенттер
білімін
бағалаудың
педагогикалық өлшемдері мен шкалалары туралы қарастырған
көптеген ғалымдардың пікірінше, осы аталған байланыстың
анықталмауынан, берілген білім мазмұны мен білімді
бағалайтын тесті жүйесінің нақтылығы айқын танылмайды.
Студенттерге қазақ тілін үйрету барысында біз өз тəжірибемізде
олардың
арасындағы
тіл
үйренуде
ерекше
белсенді
студенттерге, орташа белсенді, белсенділігі төмен студенттерге
сараланған тапсырмалар қолдандық.
Ал қазақ тілінен тест алу барысында осы ерекшеліктер
əрдайым ескерілді деп айту қиын. Біздіңше, бұл жағдай
көптеген оқытушыларға тəн болғандықтан да ғалымдар тіл
білімін бағалау тестілерінлде қандай да бір «орташа» студенттің
көрінбейтін бейнесі тұратынын дұрыс көрсеткен [7].
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция
336
Қазақ тілі бойынша жасалған алғашқы кездегі дəстүрлі
тестілердің қазіргі кезде біртіндеп бейімделген тестілерге
ауысып жатқанын көреміз. Бұл ретте қазақ тілін деңгейлеп
оқыту жүйесінің де орны ерекше. Өйткені қазақ тілін деңгейлеп
үйрету барысында əр деңгейдің өзіндік «қиындығы» назарда
ұсталынатыны анық. Сонымен қатар, қазақ тілі бойынша білімін
бағалаудың компюьтерлік тестілерінің де бір қалыпта
стандартталған емес, «жазылым», «оқылым», «айтылым»,
«тыңдалым»,
«суретті
тест» т.б. жаңа технологиялық
құрылымдағы түрлерінің жасалуына негіз болып отығандығын
атап кету керек.
Қазақ тілін оқыту əдістемесінде тестілеу мəселесі ғылым
зерттеу нысаны ретінде əлі арнайы қарастырмай келе жатқаны
белгілі. Қазақ тілі бойынша тіл үйренуші оқушылардың,
студенттердің ересекктердің білімін бағалау тестілерінің түрі
көп, соның ішінде бейімделген тестінің ерекшеліктері мол. Бұл
турасында тестінің табиғатын зерттеп жүрген Аванесов B.C. [3],
Күзекова З. [6], Құрман Н.Ж.. [7], Қадашева Қ.Қ. [8], Оразбаева
Ф.Ш. [9], Оразахынова Н. [10] т.б. ғалымдар пікірлері белгілі.
КИМЭП-те қазақ тілінен сабақ беріп жүрген көп жылғы
тəжірибемізде шетелдік тіл үйрету саласында бейімделген
тестінің ХХ ғасырдың 90-жылдарынан бастап қолданылғанын
байқадық, соның кейбірін сабақтарымызда қолдануға тырыстық.
Бірақ жалпы қазақстандық тестілеу жүйесінің бірізділікке
енді түсіп келе жатқандығы себепті тестінің теориялық-
əдіснамалық негіздерін анықтау ісін енді қолға алу керек. Соның
нəтижесінде білімді бағалаудың бейімдік тестілерін жоғары оқу
орындарындағы қазақ тілі сабақтарына енгізудің əдістемелік
жүйесі анықталады деп күтіледі.
Қазақ тілінен білімді бағалаудың бейімдік тестілерінің
орны қазіргі кезде ерекше маңызды екенін айқын түсінуіміз
керек. Өйткені бейімдік тестілеу тестілік өлшемдердің
тиімділігін арттырып, тестілеуге жұмсалатын уақыт пен
тапсырма санының азаюын мүмкін етеді.
Біздің пікірімізше, қазақ тілінен білімді бағалау тестілерін
бейімдік тест түпрінде əзірлеуге дағдылануымыз үшін, ең
Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы
337
алдымен, қазақ тілінен білім беру үдерісін сол түпкі нəтижеге
қарай бейімдеуіміз керек. Сонда қазақ тілін оқытудың табиғи
үдерісі біртіндеп, сол үдерістің табиғи жалғасы сияқты
тестілеуге ауысады жəне студент өзінің алған білімін көрсетеді.
Ал қазіргі кезде семестрде оқылатын қазақ тілі
сабақтарында
берілген
білім
мазмұны
мен
сессияда
тапсырылатын қазақ тілі тестілерінің арасындағы алшақтық
себебінен, студенттердің қазақ тілін білу дəрежесі дəл ағылшын
тіліндегідей деп айта алмаймыз.
Біздің оқу орнымызда білім алып жүрген студенттердің
көпшілігі дерлік талдау, жинақтау əдісін жақсы меңгерген,
дедуктивтік ойлау қабілеті жоғары деуге болады. Олардың
осындай ерекшеліктері қазақ тілінен берілетін тестінің де
соларға көбірек бейімделуін қажет етеді. Олар стандартты
дəстүрлі тестіге онша қызығы қоймайды.
Ал индуктивтік ойлау қажетілеті ерекше жоғары болып
келетін студенттерге алдыңғы тест түрі ұнаңқырамайды.
Өйткені олар көбінше, өздері практикалық түрде көз жеткізуді
қалайды. Сондықтан бұл ерекшеліктерді де қазақ тілі
тестілерінде ескеріп отыру керек.
Бейімдік тестінің табиғатын зерттеген ғалымдардың
пікіріне сүйене отырып, мынадай жіктеу кестесін жасадық.
Бейімдік тесті жəне студенттердің психологиялық
ерекшеліктері
№
№
Студенттер типі
Типтердің ерекшелігі
Тестінің түрлеріне
сəйкестігі
1
Синтетикалық
тип
Шығармашыл,
жинақтау қабілеті
жоғары
Жинақтау тестілері
2
Аналитикалық
тип
Алға қойған
мəселелерді шешу
қабілеті жоғары
Лингвистикалық
есептер
3
Визуалдық тип
Ақпаратты көру
арқылы жақсы
қабылдайды
Көру тестілері
Жазылым тестілері
4
Кинетикалық тип
Ақпаратты сезіну,
түсіну арқылы жақсы
Жазылым тестілері
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция
338
қабылдайды
5
Импульсивті тип
Шапшаң
Уақыты шектелген
дəстүрлі тестілер
6
Рефлексивті тип
Көп ойланғанды
хақсы көреді
Уақыты шектелмеген
жаңа тестілер түрлері
7
Индуктивті тип
Оқытушының сабақ
түсіндіруі тез
шаршатады,
ренжітеді, ұхақ
тыңдау жалықтырып,
өз бетімен жұмыс
жасауға асығып
отырады
Дəстүрлі, жаңа
тестілерді өз бетімен
ороындауды жақсы
көреді
8
Дедуктивті тип
Тəртіп пен ережелерді
ұстанады,
оқытушының
түсіндіруін байыппен
тыңдайды
Дəстүрліден гөрі жаңа
жүйедегі тестілерді
аса ықыластанып
орындайды, бірақ
дəстүрлі тестілерден
де қашпайды
9
Миының оң жақ
жарты шары
доминант тип
Қазақша сөйлеуінің
дұрыс не дұрыс
еместігіне бақылау
жасамайды, өйткені
олар өз ана тілінде
сөйлеуде де ондай
бақылау жасамайды
Оқытушының
бақылауы мен
тексеруіне
байланысты тестілер
берген дұрыс
10
Миының сол жақ
жарты шары
доминант тип
Бұл тип өзінің сөзіне
қатты бақылау жасап
отырады, сондықтан
қазақша диалог,
айтылым
тапсырмаларын
орындауда оқытушыға
алғашқыда онша ере
қоймайды
Стандартталған
тестілерді кейде
дұрыс орындамай
қоюы мүмкін, бірақ ол
- осы типтің қазақ
тілін білмеуі емес,
типтік ерекшелігі
екенін білген дұрыс
Осы ерекшеліктерді ескере отырып, əрбір қазақ тілі
оқытушысы өзінің «Қазақ тілінен БЕЙІМДЕЛГЕН ТЕСТІ
жүйесін» жасауына болады. Түптеп келгенде, бейімделген тесті
Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы
339
студенттердің білімі туралы ғана емес, білім алу қабілеттері
туралы да мол мағлұмат бере алады.
Əдебиеттер
1.
«ҚАЗТЕСТ» Тұжырымдамасы. – Астана, 2008.
2.
Құрман Н.Ж., Қадашева Қ., Белғара Б. «Мемлекеттік
тілді
білу
деңгейін
анықтауға
арналған
ЛИНГВО-
ДИДАКТИКАЛЫҚ ТЕСТ». - Астана: Тіл Комитеті.
Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық
үйлестіру-əдістемелік орталығы. – 2008.
3.
В.С.Аванесов. Формы тестовых заданий. –М., 2007.
4.
Я.А.Коменский. Великая дидактика. – Избр. сочинения.
–М., 1987.
5.
Ыбырай
Алтынсарин.
«Қазақ
хрестоматиясы»,
«Руководство к обучению киргизов русскому языку» / Кітапта:
«Таза бұлақ». – Алматы, 1994.
6.
Күзекова З., т.б. Қазақ тілінен тестілеу жүйесінің
əдістемесі.- Астана, 2008.
7.
Құрман Н.Ж. Қазақ тілін оқытудың əдіснамалық
негіздері. –Астана, 2008.
8.
Қадашева Қ.Қ. Қазақ тілін оқыту əдістеиесі. –Астана,
2005.
9.
Оразбаева Ф.Ш. Қатысым теориясы мен əдістемесі. –
Алматы, 2000.
10.
Оразахынова Н. Қазақ тілене сатылай кешенді талдау
əдістемесінің ғылыми-əдістемелік негіздері. Автореферат.. пед.
ғылымд. докторы. – Алматы, 2008.
Шабденова Қ.
Қарағанды МТУ
Қарағанды, Қазақстан
ҚАЗАҚША КƏСІБИ ТІЛ МИНИМУМЫН
ҚАТЫСЫМДЫҚ БАҒЫТТА СҰРЫПТАУ МƏСЕЛЕСІ
ЖАЙЫНДА
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция
340
Қазақша кəсіби тілдік қатынасқа түсе білуге үйрену үшін
студент сөйлесім əрекеті білігінің барлық түрі: тыңдалым,
айтылым, оқылым, жазылым, тілдесім бойынша біліктілікті
меңгеруі тиіс. Себебі сөйлесім əрекетінің осы бес түрі бойынша
берілген білік пен дағды болашақ маманға ауадай қажет.
Тəжірибеде сөйлесім əрекетінің барлық түрі тығыз байланыста
қолданылады.
Оқытудың кредиттік жүйесі көбіне студенттердің белсенді
əрекетіне негізделеді. Сондықтан студенттерді кəсіби тілді
меңгеру біліктілігі пен дағдысын қалыптастырудың тиімді түрі
мен жолдарын ұсынатын қатысымдық бағыттағы материалмен
қамтамасыз ету қажет.
Қатысымдық бағыттағы оқу материалын ұтымды сұрыптау
- жоғары оқу орындарының орыс бөлімі студенттеріне кəсіби
қазақ тілін үйретудің ажыратылмайтын құрамдас бөлігі. Бұл
аксиомаға келесі фактілер дəлел: ешбір ең ұтымды əдіс немесе
форма бойынша өзге ұлт өкілдеріне кəсіби қазақ тілін сапалы
оқытып үйрету мүмкін емес. Алдымен қажетті оқу мазмұнын
айқындап алу керек. Мұның барлығы, үйреніп жатқан кəсіби
тілдің сандық жəне сапалық жақтарына ерекше назар аудармай,
тілді үйрету əдістері мен формаларын ұтымды ұйымдастыру
мүмкін еместігін дəлелдейді. Басқаша айтқанда, кəсіби тілді
оқытып үйрету əдістері мен формалары міндетті түрде оқу
мазмұнын оңтайландырумен үйлесуі керек. Оны іске асыру
тəсілі- оқу материалын (мазмұнын) сапалы сұрыптау. Оқу
материалын тілдік жəне қатысымдық материал деп шартты
түрде екіге бөлеміз.
Тəжірибеде оқу материалын сұрыптап, ұйымдастырудың
түрлі жолдары бар. Тілдік материалды сапалы сұрыптау мəнісі
студенттер меңгеретін қажетті лексикалық жəне грамматикалық
минимумдардың дайындалуында..
Осы мақсатты жүзеге асырудың негізгі желісі ретінде
қызмет етер сөздер туралы былай тұжырымдауға болады:
студенттерге кəсіби тілдік қатысымға онша қажет емес сөздерді
Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы
341
неғұрлым аз ұсынсақ, қажетті материалды берілген уақытта тез,
соғұрлым көп меңгертуге мүмкіндік аламыз.
Өзге ұлтқа қазақ тілін оқыту əдістемесінде тілдік
материалды, соның ішінде кəсіби лексиканы сұрыптау ең қиын
жəне күрделі мəселелердің бірі болып саналады. Себебі, қажетті
кəсіби лексиканы сұрыптауға негіз болар қазақ тілі сөздерінің
жалпы жиілік сөздігі жоқ. Сонымен қатар қиындықтар келесі
жағдайларға да байланысты:
- Кез келген кəсіби тілде сөйлеу, ең алдымен, қажетті
лексикалық қормен, кəсіби терминологиямен анықталады. Яғни
лексикалық деңгей тілдік жүйеде жетекші қызмет атқарады.
- Тілдік жүйеде лексикалық деңгей сандық қатысына қарай-
ең пəрмендісі, сапалық қатысына қарай - ең сараланғаны болып
саналады.
- Өзінің ерекшеліктеріне қарай ол грамматикалық жүйе
сияқты анық жəне толық берілмейді.
Қазақ тілін орыс бөлімдері студенттеріне оқытып үйрету
мəселесі қолға алына бастағаннан бері, қазақ тілінен қажетті
лексиканы, грамматикалық материалды сұрыптап алу, оны
қалай оқыту мəселесі ғылыми зерттеу еңбектерде айтылып
келеді. Орыс тілді бөлім студенттеріне арналған лексикалық
материалды анықтау жəне олардың оқулықта берілу мəселесі
əдіскер
ғалымдар
Ф.Ш.Оразбаеваның,
Қ.Қадашеваның,
К.Жақсылықованың жəне басқа да əдіскерлердің еңбектерінде
сөз болады.
Лексикалық минимумды сұрыптау, алдымен сұрыптау
бірліктерін, ұстанымдары мен өлшемдерін анықтау жəне оны
ұйымдастыру мəселелерін шешумен тығыз байланысты.
Өкінішке орай, əдістемелік əдебиеттерде осы мəселе
бойынша біркелкі пікірлер жоқ. Ең алдымен, сұрыптау
“ұстанымы” мен “өлшемі” түсініктерінің анық айырмашылық-
тары жоқ. Кейбір əдіскерлердің сұрыптау ұстанымы деген
түсінігін басқалары “өлшем“ деп атайды. Ал көптеген жағдайда
екі түсінік синонимдер ретінде қолданылады. Тəжірибе көрсетіп
отырғандай, қазіргі əдістемеде не əмбебап ұстаным, не
сұрыптаудың мінсіз өлшемі жоқ. Осының нəтижесінде, сөз
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция
342
құндылығының нағыз өлшемінің ізденісі үстінде, сұрыптаудың
жаңа өлшемдері ұсынылуда. Соңғы уақытта олардың саны
жүзден астам. Бірақ өлшемдердің осы көлемді түзілісі
сұрыптаудың негізгі үш ұстанымына сүйенеді. Оларға:
статистикалық; дидактикалық; лингвистикалық ұстанымдар
жатады.
Ғылыми еңбекте қазақ тілінің кəсіби лексикасы келесі
ұстанымдарға негізделіп сұрыпталынады: қатысымдық, кəсіби
бағыттылығы, тақырыптық-жағдаяттық, оқыту мазмұнының
нақты мақсатқа сай болуы ұстанымы, қолданыстық жиілігін
ескеру ұстанымы, оқу материалының кешенді берілуі ұстанымы,
оқу материалының оңтайлы берілуі ұстанымы, аяқталған жұмыс
нəтижесін түйіндеп отыру ұстанымы.
Кəсіби
лексикалық
минимумды
сұрыптауда
осы
өлшемдердің қайсысын қолдану керек екендігі туралы мəселе,
тілді оқыту мақсаты мен міндеттеріне, жағдайына жəне
кезеңдеріне, оқу уақытына бөлінген сағаттар санына жəне
сұрыпталатын минимум көлеміне қатысты шешіледі. Осының
нəтижесінде тілдік материал мазмұнын сұрыптауды одан əрі
оқытудың əр кезеңінде жеке тұрғыда қарастыру керек.
Десек те ұтымды сұрыпталған тілдік материалды меңгерту
қазақ тілінде қатысымға түсуді толық қамтамасыз етеді деп айта
алмаймыз. Себебі профессор Ф.Ш.Оразбаеваның сөзімен айтқанда,
“… сөздерді жеке-жеке алып қолдансақ, онда олар тілдің дара
тұлғалары болғанымен, қарым- қатынас тілі бола алмайды.” Олай
болса, тақырыптық - жағдаяттық тəсіл арқылы осы ”...тілдік
тұлғалардың қатысынан тұратын, қарым-қатынастық мəні бар
бірліктер - қатысымдық тұлғалар (сөз, сөйлем, фразеологиялық
тіркес, мəтін, диалог, полилог)”(1.23) - жұмсалатын сөйлеу
материалын да сұрыптап, ұтымды ұйымдастыру қажет. Бұл ең
алдымен қазақ тілінде кəсіби қатынас жасауға оқытып үйретумен
байланысты. Ал қатынас əрекеті, əрине, оқыту үрдісінде сөйлеу
жағдаяттарының үздіксіз байланысын көрсетеді.
Сондықтан оны кешенді түрде, яғни сөздің тұтас актілерінің
деңгейінде сұрыптау керек. Тілдік материалды сұрыптау үшін
қатынас саласын анықтап алу қажет. Содан кейін полилоггтік
Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы
343
қатынастың біртұтас актілерін сұрыптау арқылы жағдаяттардың
тектері мен түрлерін сұрыптауға, нақты жағдаяттарды
сұрыптауға, содан кейін барып тілдік материалды айқындауға
көшу жөн
Мақалада кəсіби қатынастың ақпаратттық жүйелердегі
есептеуіш техникалар бағыты алынып отыр. Кəсіби қатынас
материалын ресми тіл материалымен өзара тоғыстыра отырып,
қатысымдық жағдаяттардың кəсіби-ресми түрдегі жаңа
нұсқаларын тудыруға болады.
Сөйтіп, ақпаратттық жүйелердегі есептеуіш техникалар
бөлімі студенттеріне қазақ тілін меңгертуде тілдік қатынастың
ең ауқымды кəсіби-ресми саласын қамтитын мəтіндер, қосымша
диалогтық, полилогтық сипаттағы мəтіндер сұрыпталынып
алынады.
Мəтін лингвистикасын зерттеу нəтижелері бізге сөз жемісі -
мəтіннің құрылымы туралы білімді береді. Сөйлесім əрекеті
теориясы қазақ тілін оқытып үйрету барысында қайта құрылуға
жататын қатысымдық тілдік əрекеттерді айқындауға мүмкіндік
береді. Осы салалардың білімінен нəр алған əдістеме,
студенттерді қазақы кəсіби тілдік қатынасқа үйрету модельдерін
анықтай алады.
Шаяхметұлы Қ.
Семей мемлекеттік педагогикалық институты
Семей, Қазақстан
Достарыңызбен бөлісу: |