Лабораториялық дистанциялық практикумдар. Дистанциялық оқытудағы бұл мәселенің мүмкін болатын шешілу бағыттарын талдау оны екі жолмен шешуге болатынын көрсетті. Бірінші жол - оқушыға арнайы жасалған жинақты лабораториялық кешенді жасап, жеткізу. Екінші жолы - лабораториялық кешенге дистанциялық кіруді қамтамасыз етумен түсіндіріледі. Бұл бағыттардың ізбасарлары белгілі бір табысқа жетті, дегенмен, мамандардың пікірінше, аталған проблеманы түбегейлі шешу екінші жол арқылы жүзеге асады, оның түпкі ойы дистанциялық лабораториялық практикумның тұжырымдамасында көрініс тапты. Дистанциялық оқыту түрлері. Әлеуметтік гуманитарлық пәндерді практикалық оқытуда, білім берудің дәстүрлі формаларында да, регламентті оқыту формалары: лекция, семинарлар, лабораториялық сабақтар, бақылау жұмыстары, курстық жұмыстар, емтихандар, өз бетіндік жұмыс және т.б. кеңінен таралған. Олар дистанциялық оқытудың тікелей жэне тікелей емес қарым-қатынас жағдайында да қолданылады.
Лекциялар. Дистанциялық оқытуда әдістемелік тұрғыдан лекция – дәстүрлі оқыту процесінде де оқу материалының, қандай да бір мәселенің, тақырыптың, бөлімнің, пәннің жүйелі түрде баяндалуы. Лекцияға қойылатын жалпы талаптар сақталады. Лекциялар шынайы уақытта, фронтальды және дербес түрде теледидарды, телекоңференцияны, бейнеконференц байланысты пайдаланып жүргізілуі мүмкін.
Дистанциялық оқыту жағдайындағы лекция жүргізуді зерттеуге арналған әртүрлі тәсілдер электрондық почта арқылы оқытушының студенттермен жүргізетін консультациясын қамтитын лекцияның мәтіндік нұсқасын (оның мазмұнына лекция мәтінімен қатар, мәтіндік файл түрінде жазылған тағы да қосымша ғылыми мақалалардан алынған, басқа оқу құралдарынан алынған материалдар қамтылады) қолданудың тиімді екенін көрсетті.
Семинарлар. Семинарлар дистанциялық оқытуда пайдаланылатын оқу сабақтарының белсенді формасы болып табылады және барлық оқу пәндерін оқытуда пайдаланылады. Олар қарастырылатын тақырып бойынша шығармашылық, талқылау, пікірталас негізінде құрылады және компьютерлік бейне, телеконференциялардың көмегімен жүргізіледі. Педагогикалық тұрғыдан, бейне нұскасының дәстрүрлі оқытудағыдан айырмашылығы өте аз, өйткені қатысушылар компьютердің монитор экранынан бір-бірін көріп, әрі естіп отырады.
Телеконференция көмегімен жүргізілетін семинарларда айтарлықтай ерекшелік байқалады, яғни телеконференцияға қатысушылар бірін-бірі көрмей, тек мәтіндік хабарламалармен алмасады. Әрбір қатысушы экраннан сұрақтар мәтіні мен семинарға барлық басқа қатысушылардың жауабын көре алады. Семинар жалғастырылатын (off-line) және шынайы уақытта (оn-lіnе) өтуі мүмкін, сонымен бірге, электрондық семинар жүргізу барысында қатысушылар әртүрлі сағаттық белдеулерде орналасуы мүмкін, сол себепті семинардың off-line режимінде өткені дұрыс.
Консулътациялар. Консультациялар студенттердің өзіндік жұмысын басқарудың бір формасы және оларға оқу материалын өз бетімен оқуда көмек көрсету болып табылады, ол өз кезегінде, дербес немесе топтық болуы мүмкін.
Лабораториялық жұмыстар. Дистанциялық оқыту барысында лабораториялық жұмыстар жүргізуде айтарлықтай мәселе туындайды, егер мұндай сабақтар қажет болып жатса, дистанциялық лабораториялық практикумның тұжырымдамаларының қағидаларын жүзеге асыру барысында шешіледі.
Бақылау шаралары. Дистанциялық оқыту процесінде алынған білім, іскерлік пен дағдыларды бағалау оқушылар мен оқытушылардың арасында тікелей қарым-қатынастың болмауы салдарынан ерекше мәнге ие болады. Дистанциялык оқытудағы бақылаудың ерекшелігі оқытуда бұрмалау мүмкіндіктерін болдырмау үшін оқушылардың тұлғалылығын сәйкестендіру қызметін қосымша жүзеге асыру қажеттілігін көрсетеді.
Дистанциялық оқыту барысында бақылауды ұйымдастыру жұмыстарын зерттеу бақылаудың екі типінің орынды екенін көрсетті: регламентті жэне өзіндік бақылау. Бақылаудың регламентті формасында: кірістегі, ағымдағы және қорытынды бақылау түрінде тікелей байланысты ұйымдастырған орынды. Кірістегі бақылау нәтижелері оқыту процесін бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, оқыту процесін жоспарлау барысында және де дистанциялық оқыту барысында келесі дербес процесті ұйымдастырудың тәсілдерін анықтау барысы ескеріледі.
Дистанциялық оқытуда ағымдағы бақылау барысында: емтихан, бақылау жұмыстары, сынақ, курстық жэне түлектік жұмыстар, әртүрлі тест жүргізіледі. Ал, қорытынды бақылау өкілетті тұлғалардың бақылауымен дистанциялық оқыту орталығында немесе аймақтық оқу орталықтарында жүргізілуі мүмкін.
Оқушылардың өзіндік бақылауын компьютерлік оқу программаларының көмегімен де, сондай-ақ, оқу бағдарламасының бөлімі бойынша өзіндік тестілеу жолымен жузеге асыруға болады.
Өз бетіндік жұмыс. Бул дәстүрлі оқытуда жалпыға белгілі оқытудың регламентті формасы, дистанциялық оқытуда негізгі оқу түрі болып табылады. Сондықтан жоғарыда сипатталған барлық оқыту құралдары пайдаланылады. Оқушылардың өз бетіндік жұмысы дербес, жұппен және топтық болуы мүмкін. Ғалымдардың атап көрсеткеніндей, телекоммуникация құралдары арқылы оқитын шынайы немесе виртуалды студенттердің өзара көмек тобын ұйымдастырудың тиімді екені байқалды, ол дистанциялық оқытуды ұйымдастырудың арнайы формасы болып табылады.
Дистанциялық оқытудың мәселелерін шешуге белсенді ізденістердің жүргізіліп жатқанына қарамастан, оның болашақ мақсаттары мен міндеттері анықталып, жеке мэселелері жаңа зерттеулерді талап етеді.
Қазақстанда дистанциялық білім беру жүйесінің мақсаттары мен міндеттері әлемдік ЮНЕСКО қауымдастығының алдына қойған ауқымды мақсаттарымен анықталады: оқушыларды бір елден екінші елге физикалық орын ауыстыру жасауға шектеу қоятын тұжырымдамадан білім беру ресурстары арқылы білімді үлестіруге мүмкіндік беретін жинақы идеялар, білімдер мен оқыту түжырымдамасына көшіруді жүзеге асыру қажет. Сондықтан Қазақстан республикасы үшін:
оқушыларды жеке, дербес, икемді бағдарламалар бойынша оқыту мүмкіндігін беру есебінен жаңа салалы академиялық жинақылыққа әкелетін жағдай құру;
дәстүрлі үздік отандық білім беруге, халықаралық тәжірибелерге, сондай-ақ, алдыңғы қатарлы педагогикалық және ақпараттық технологияларды пайдалануға негізделген кешенді білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру есебінен білім берудің жаңа сасапалы стандарттарын сақтап, дамыту;
қазақстандық мектептерде жинақталып, қорланған білімдерді сақтап, оны көбейтуге, оларды өзгертуге жэне оқу-әдістемелік материалдар мен технологияларды пайдалану арқылы жәрдем жасау;
Қазақстанның халықаралық білім беру кеңістігімен интеграциялануы;
білім беру процесінің дәстүрлі ұйымдастыру формасының шеңберінде білім алуға мүмкіндігі жоқ кемтар жандарға білім алу мүмкіндігін ұсыну;
Қазақстан территориясындағы жоғары оку орындарының әркелкі орналасуына байланысты әлеуметтік мәселелерді шеше отырып, Қазақстан азаматтарына тұрғылықты жерінен білім алу мүмкіндігін ұсыну;
экспорт есебінен білім беру қызметін дамыту;
экономиканың басым салаларын кадрлармен қамтамасыз ету үшін кең ауқымды мамандар даярлауды, қайта даярлауды және біліктілікті арттыруды жүзеге асыру.
Сөйтіп, біз ақпараттық, жеке тұлғаға бағдарланған және дистанциялық оқыту технологияларын қарастырдық. Кез келген тұжырымдаманың шеңберінде оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру сол тұжырымдамада қабылданған принциптерге сәйкес үлкен дайындық жұмыстарын талап ететіні айқын.