Г. И. Бейсенова



бет29/31
Дата21.11.2022
өлшемі274,67 Kb.
#51580
түріЛекция
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Қағаздық басылым - оқу практикалық құралдар, өзіндік оқу кітабы, оқулықтар мен оқу құралдары, жұмыс дәптерлері, әдістемелік материалдар, өзіндік жұмысқа жетекшілік және т.б.
Оқу пәні бойынша оқу әдістемелік материалдардың ұтымды құрылымы төмендегідей бөлімдерді қамтуы тиіс:

  • пәнге кіріспе (тарихы, пәні, өзектілігі, мамандық бойынша оқу жоспарындағы басқа пәндермен өзара байланысы мен орны);

  • пән бойынша оқу бағдарламасы;

  • пәнді оқытудың мақсаттары мен міндеттері;

  • пәнді өз бетімен оқытуға арналған әдістемелік нұсқаулар;

  • мазмұны;

  • бөлімдері бойынша құрылымданған негізгі мазмұн, тест сұрақтары;

  • бөлім бойынша жаттықтыруға арналған жауаптары бар есептер;

  • өзіндік жұмысқа арналған практикалық тапсырмалар, шағын ғылыми зерттеу жұмысына арналған тақырыптар;

  • терминдердің түсіндірме сөздігі, қысқартулар мен аббревиатуралар тізімі;

  • қорытынды;

  • әдебиеттер тізімі (негізгі, қосымша, факультативтік);

  • курстың тақырыптары бойынша оқулық, ғылыми, журналдық мақалалар және басқа да оқу материалдарынан тұратын нұсқаулар;

  • құрал авторының қысқаша шығармашылық биографиясы.

Желілік оқу әдістемелік қүралдар. Интернетті пайдаланып оқытуға арналған желілік оқу әдістемелік материалдардың ұсынылған нұсқаларын талдау мен жалпылау желілік оқулықтардың екі буынын ерекшелеуге мүмкіндік берді.
Бірінші буындағы желілік оқулықтардың дидактикалық формуласы оқу материалын гипермәтін түрінде ұсыну мен консультацияларды электрондық почта арқылы беру болып табылады.
Екінші буындағы желілік оқулық бұл студенттер мен оқытушылардың интерактивті қызметімен кеңейтілген, желілік оқу әдістемелік интерактивті кешен болып табылады. Сонымен қатар, өзара телеконференциялар мен бейнеконференц байланыстарды пайдаланады. Кешен төмендегідей канондық дидактикалық басқару бөліктерінен тұрады: ұйымдастыру-әдістемелік, ақпараттық-оқыту, идентификациялық бақылау.
1. Ұйымдастыру әдістемелік блок пәннің мақсаты мен міндеттері туралы ақпараттан, оқу жоспарына кіретін оның басқа да пәндермен байланысын қамтиды: оқу бағдарламасындағы тақырыптардың мазмұнына қысқаша сипаттама, кешеннің көмегімен пәнді оқудың ретімен оған нұсқаулар; әдебиеттерге шолу, есеп беру жэне бақылау формалары, оқытушымен өзара қарым-қатынасты ұйымдастыру реті. Психологиялық тұрғыдан ыңғайлы болу үшін модуль көрінетін болуы тиіс.
2. Ақпараттық-оқыту блогы оқу тақырыптарының көлемімен бірдей модульдерден тұрады. Модульдер гипермедиа ортасында орындалған. Әрбір модульде өзіндік бақылауды жүзеге асыратын тест, ал барлық блок курс бойынша қорытынды тест пен емтихан билеттерінен тұрады. Оқу мәтініндегі гипермәтіндік сілтемелер студентке арнайы құрылған электрондық хрестоматиямен танысуға мүмкіндік береді. Ол оқу құралына, мақалаға және басқа да ақпараттарға бара-бар құрылымданған фрагменттер жиынтығынан тұрады, сондай-ақ, пәннің тақырыптары бойынша интернеттің ақпарттық ресурсымен жиі қойылатын сұрақтар мен оларға берілетін жауаптармен бара-бар. Әрбір оқу тақырыптары бойынша дайындалған практикалық тапсырмалар оқытудың проблемалық немесе репродуктивті әдісін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Өзіндік жұмыстың графигіне сәйкес орындалған жұмыстар оқытушыға тексеру үшін электрондық почтамен жіберіліп, телеконференцияны пайдалана отырып, виртуалды оқу тобында талқыланады.
3. Идентификациялық бақылау. Қорытынды бақылау бейнеконференц байланыс көмегімен жүргізілетін қорытынды тестпен тексеру және емтихан арқылы жүзеге асырылады.
Дистанциялық оқыту құралдары. Дистанциялық оқытуға байланысты зерттеу жұмыстарына жүргізілген талдау дистанциялық оқытуда пайдаланылатын электрондық оқу басылымдарының типологиясы, әдістемелік мақсаттары мен оған қойылатын талаптар дәстүрлі оқу процесіне қатысты И.В.Роберттің жасағандарына бара-бар екенін көрсетті.
Дистанциялық оқытуға арналған электрондық оқу басылымы. практикалық оқытуды жүргізетін білім беретін мекемелері бар компьютерлік оқыту программаларын жасайтын арнайы фирма кооперациясы жоғары тиімділікпен өнім бере алады.
Дидактикалық аудио-бейне оқу материалдары. Қазіргі уақытга дистанциялық оқытуда пайдалануға арналған дидактикалық аудио, бейне оқу материалдары негізінен магниттік тасымалдаушыларға, аудио-бейне кассеталарға жазылады да, оқушыға сәйкес магнитафонның немесе бейнемагнитафонның көмегімен ұсынылады. Лекция және оқу курсына нұсқаулар жазу үшін графикалық иллюстрацияны талап етпейтін оқу аудио материалдары пайдаланылады. Сондай-ақ, оқу аудио материалдары шет тілдерін оқытуға арналған сабақтарды жазу үшін де пайдаланылады, аудиоплеердің пайдаланылу мүмкіндігі оқушыға оқу материалын өзінің қарқынымен, қалаған жерінде оқып, меңгеруге мүмкіндік береді. Бейне түрінде лекцияларды, нұсқау сабақтарын, сондай-ақ, баспалық басылымдарға арналған иллюстративті материалдарды, жағдайға байланысты қойылған оқу есептерін ұсынған тиімді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет