2. Педагогикалық информатика пәнінің оқытудың мақсаты.
Педагогикалық информатиканың методологиялық құрылымының негізгі компоненттері оның мақсаттары мен міндеттері болып табылады.
Педагогикалық информатиканың мақсаты - білім беруді ақпараттандыру жағдайындағы оқыту заңдылықтарын зерттеп, оны теориялық тұрғыдан негіздеу, оқыту әдістерін, түрлерін, құралдарын жасау.
Педагогикалық информатиканың міндеттері:
қоғамды ақпараттандырудың қазіргі деңгейіне және оқушының мүмкін болатын интеллектуаддық даму деңгейіне сәйкес келетін білім мазмұнын, құрылымын және көлемін анықтау;
окушының объективті шынайылықтың заңдылыктарын тануға дербес мүмкіндігін ашу;
білім беру мен білім алудың қазіргі деңгейіне бара-бар оқытудың әдістері мен ұйымдастыру түрлерін жасау.
Педагогикалық ғылым оқыту мен тәрбиелеуді, олардың бірлігі мен тұтастығында, қоғамдағы өмірге өскелең ұрпақтарды үйрететін ерекше әлеуметтік, тұлғалық және белгілі бір мақсатты көздейтін іс-әрекет ретінде қарастырады. Бүл іс-әрекетті егжей-тегжейлі, әрі нақты қарастыру үшін педагогикалық пәндер оқыту теориясы және тәрбиелеу теориясы болып бөлінеді. Өз кезегінде, оқытуды теориялық деңгейде қарастыратын педагогикалық пән дидактика (гректің didaktikos - үйренемін және didasko - үйретуші) деп аталады. Басқаша айтқанда, дидактика білім беру мен оқыту теориясы ретінде анықталады. Бұл жөнінде басқа да тұжырымдарды кездестіруге болады. Біз дидактикаға байланысты мәселелерді әрі практикалық іс-әрекеттің теориясы, әрі оқу іс- әрекетінің теориясы ретінде қарастырамыз. Дидактиканы әрбір педагог білуі тиіс, өйткені ғылымға, теориялық білімге сүйенбей, практикалық мәселелерді табысты шешу мүмкін емес. Дидактика практикаға оқытудың жаңа әдістерінің, жаңа оқу материалдарының енгізілуін алдын-ала айту, оның салдарларын болжау тәсілдерін қарастырады. Ал, мұғалімдер өздерінің жасаған жұмыстарының ғылыми негізделуін және оның ғылыми тұрғыдан түсіндірілуін талап етеді.
Білім беруді ақпараттандыру жағдайындағы дидактика (И.В.Роберт) - оқыту нәтижелерін өңдеу процесін автоматтандыруды, білім беруді, оның ішінде, оқудағы ілгерілеуін қамтамасыз ететін, индивидтің мүмкіндіктері мен қабілеттерінің дамуына жағдай жасайтын, оқушының жеке тұлғалығын дамыту процесі жайындағы білімдер жүйесі ретінде қарастырылатын білім беру мен оқыту теориясы.
Тұтасымен алғанда, педагогикалық информатика білім беру мен информатиканың өзара әрекеттесу процесін қарастырады, осы өзара әрекеттесудің зандылықтары мен тенденцияларын ашады.
Бақылау сұрақтары:
Педагогикалық информатиканың жалпы мәселелері.
Педагогикалық информатика пәнінің оқытудың мақсаты мен міндеттері.