Г. И. Бейсенова


—14-дәріс. ЖОО көпдеңгейлі оқыту жүйесіне болашақ мамандарды даярлау



бет10/31
Дата21.11.2022
өлшемі274,67 Kb.
#51580
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31
Байланысты:
361817 (1)

13—14-дәріс. ЖОО көпдеңгейлі оқыту жүйесіне болашақ мамандарды даярлау.
Педагогикалық оқу орындарындағы көпдеңгейлі білім беру жүйесіне информатика мұғалімдерін әдістемелік дайындауға ғалым-педагогтар М.П. Лапчик, С.К. Кариев, М.В. Швецкийдің зерттеулері арналған. Қазақстандағы педагогикалық оқу орындарында информатикамен сабақтас мамандарға информатиканы оқытудың әдістемелік жүйесін дамыту мәселесі Е.Ы. Бидайбековтың жұмысында көрініс тапқан.
Пәндік саланың мазмұнын егжей-тегжейлі талдау негізінде ақпараттық интеграциялау технологияларын жасау және арнайы компьютерлік құралдарды пайдалану арқылы қазіргі білім беру жүйесінде кеңінен танымал электрондық оқыту құралдарын құру процесін автоматтандыру мәселелерімен С.Г.Григорьев, В.В.Гриншкун және т.б. айналысуда.
Мектепті басқаруды ақпараттық талдау жүйесін зерттеу жүзеге асырылды (А.А. Бейсенбаева); ақпараттық оқу ортасы мен кәсіптік бағдарлық жүйелер (А.Ж. Арыстанова, Ө.З. Иманғожина, А.Т. Чакликова); дистанциялық оқыту түрін ұйымдастырудың формалары мен әдістері (Ж.М. Түсібаева); оқу процесінде электрондық оқу басылымдарын пайдалануға мұғалімдердің кәсіптік кұзырлығын қалыптастыру (С.И. Ферхо) жүзеге асырылды.
Маңызды түрақты міндетке жақын және болашақта білім беруді болжауды жатқызу қабылданған. Ғылыми болжамдарсыз педагогикалық саясатты, білім беру экономикасын, педагогикалық іс-әрекеттің өзін жетілдіруді, басқару жүйелерін және т.б. басқаруды жүзеге асыру мүмкін емес. Педагогикалық болжамдарда «кез келген жүйе бір мезгілде басқарылып, дамитынын» дәлелдейтін кибернетиканың атақты постулаты жүзеге асырылады. Бүдан басқару мен оның дамуын басқару қажеттілігі пайда болады. Дамуды басқаруды, яғни білім беру жүйесінің прогресі ғылыми болжамдарсыз жүзеге асыру мүмкін емес. 20-30 жылдан кейін оқыту қандай болады? Жарқын болашаққа шығынсыз қалай жетуге болады? Білім беру жүйесінің алдында қандай белгісіздіктер мен қиындықтар күтіп тұр?
Оқытудың болашағына, мектеп пен жоғары оқу орындарындағы оқытушылардың, білім беру мен ғылым жетекшілерінің еңбегі мен өмірлік жағдайларына көз жүгірту - бүл отандық білім беру прогресін қамтамасыз ету үшін дербес интеллект пен әлеуметтік ойлауды тиімді пайдалану болып табылады.
Кез келген педагогикалық ғылымның міндеті инновациялық процестердің теорриялық, методологиялық негіздерін, теория мен практиканың ұтымды байланыстарын зерттеу және практикалық іс-эрекеттерінің бір-бірімен әрекеттесуін жасау болып табылады.
Педагогикалық ғылым ретіндегі педагогикалық информатиканың соңғы он шақты жыл аясында пайда болган, салыстырмалы түрде жаңа міндеттерінің бірі - зерттеу нәтижелерін практикаға енгізу болып табылады.
Кез келген педагогикалық ғылымның міндеті инновациялық процестердің теориялық методологиялық негіздерін, теория мен практиканың ұтымды байланыстарын, зерттеу мен практикалық іс-әрекеттерінің өзара астасуын жасау болып табылады. Теория мгн практиканы өзара байытудың қазіргі жолдарының бірі - ғылыми-практикалық орталықтар, лабораториялар, бірлестіктер құру болып есептеледі. Енгізу процедурасы ғалымдар сұраныс бойынша жұмыс істеген жағдайда ғана тиімді жүзеге асады. Сұраныс жасаушы жаңа педагогикалық өнім құрудың барлық кезеңдеріне қатысады: берілген параметрдің зерттеу нәтижелерін жазу, жасалған жұмыстарға тез енгізілу қабілетін беру мен жаңаның әдеттегіге айналуы.
Педагогикалық информатикада көптеген басқа да теория мен практика салалары тәрізді дәстүрлі мен инновациялық әдістің арасында жүретін мәңгілік күресті дәлелдейтін жаңалыққа қарсылықты көрсететін көптеген айғақтарды келтіруге болады. Педагогикалық зерттеулердің көптеген нәтижелері, тіпті оның қолданылуы ашық және талассыз пайдалы болса да практикаға енбей жатады. Күні кешеге дейін бұл мәселе ғалымдарды аса толғандыра қойған жоқ, олар өздерінің еңбектерін жариялағанымен, олардьң идеялары өмірге қалай енгізіліп, білім беруді жетілдіруді қаншалықты қамтамасыз ететіндігіне жауапкершілік алмады. Нарықтық қатынастың әсерінен жағдай тек материалдық салада ғана емес, рухани өндірісте де өзгерді. Ғылыми педагогикалық шығармашылық өнімдерін интеллектуалдық товар категориясына жатқызу зерттеушілердің көзқарасын өзгертуге мәжбүр етті. Мысалы, қазіргі білім беру процесін оқу және техникалық құралдармен сапалы қамтамасыз етпейінше, оны көз алдымызға елестету қиын. Дәстүрлі «қағаз» - оқулық және оқу қүралдарымен қатар, оқыту құралдарының құрамы жаңа педагогикалық іс-әрекеттің құралдарымен электрондық оқулықтар, электрондық оқу құралдары, компьютерлік модельдеу құралдары, гипермедиа-сайттар және басқа да телекоммуникациялық құралдармен толықтырылды. Осыған байланысты товарды жасап, таратып, пайдалануды тұтынушыға жеткізу ерекше өзекті мәселеге айналып отыр.
Білім беру саласындағы ғылыми жұмыстардың авторлары болашақ өнімнің берілген параметрлерін, оны пайдаланушылар категориясын, оның табысты қолданылу жағдайын, пайдаланушылардың еңбегіндегі күтілетін оң нәтижелерді, интеллектуалдық қызмет нарығына жүмыс қорытындыларын беру формаларын, жұмыс құнын жэне өзінің жұмыстарының енгізілуі мен сапасын автордың қадағалауы үшін кері байланыстың болуын жобалай білуге дайын болуы тиіс. Ғалым-теоретиктердің алдында аса күрделі мәселе - өзінің еңбегін болжап отырған тұтынушыға жеткізу мәселесі тұр. Бұл жағдайда әсіресе, педагогикалық әрекет, амал құралы ретінде нақты ұсыныс түрін жасай алмайтын іргелі зерттеулер қиындыққа тіреледі. Келелі теориялық жұмыстардың авторларына өзінің іргелі жұмыстарының қолданбалы қасиеттерін іздеуге, абстрактылы идеяларын нақты білім беру құралына айналдыруға тура келеді. Сөйтіп, ауқымды ақпараттандыру процесі қоғамның әлеуметтік және экономикалық кұрылымына, сол қоғамда өмір сүріп отырған адамның ролі мен орнына белсенді ықпал етуде. Сондықтан информатика курсының мазмұнына қоғамды ақпараттандырудың әлеуметтік экономикалық аспектілерін зерттеуге байланысты мәселелер енгізілуі тиіс, сондай-ақ, «акпараттық ресурстар», «ақпараттық қоғам», «ақпараттық қауіпсіздік» мәселелері қамтылуы тиіс. Бұл мәселе қоғамның даму барысымен алдыңғы кезекке шығады да, ғылыми зерттеулерден орынды көрініс табады. Дегенмен, ақпараттандыру процесі ұзақ жүретін процесс, ғалымдардың өзекті міндеті жеке тұлганың ғылыми көзқарасын қалыптастырудың практикалық жолдарын іздеу және білімді ақпараттандыру мен жаңа ғылыми көлемді технологиялардың дамуы жағдайында кәсіптік жағынан жоғарылауға қабілетті жоғары білімді және жоғары білікті мамандарды дайындауды практикаға енгізуге арналған нақты құралдарды жасау болуы тиіс.
Педагогикалық информатиканың ғылым ретіндегі тұрақты міидеттері осындай. Олар аяғына дейін шешілуі мүмкін емес.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет