Бақылау сұрақтары: 1. Педагогикалық информатиканың тұрақты және ағымдағы міндеттерін атаңыз?
2. ЖОО көпдеңгейлі оқыту жүйесіне болашақ мамандарды даярлау қалай іске асырылуда?
Пайдаланылған әдебиеттер: Негізгі әдебиеттер: Концепция информатизации образования в РК. Республиканский издательский кабинет Казахской академии образования им. Ы.Алтынсарина. Алматы, 2000 г., 39 стр.
Полат Е.С. и др. Новые педагогические и информациониые технологии в системе образования: Учебное пособие для студентов псдвузов и системы повышения квалификации педкадров. Москва: «Академия», 1999. -224 с.
Қосымша әдебиеттер Интернет материалдары: WWW.infojournal.ru, WWW.Google.kz
Информатика и образование, 2010-2011.
15-16-дәріс. Тақырыбы: Педагогикалық информатиканың басқа ғылымдармен байланысы.
Жоспары: 1. Педагогикалық информатиканың информатика, педагогика ғылымдарымен байланысы.
2. Педагогикалық информатиканың философия және психология, физиология және социология ғылымдарымен байланысы.
Мазмұны:
1. Педагогикалық информатиканың информатика, педагогика ғылымдарымен байланысы.
Педагогикалық информатика педагогикалық ғылымның саласы ретінде адам туралы басқа ғылымдардан оқшауланып дамымайды. Педагогикалық инновацияның табыстары тек ғылымдар арасындағы тәсілдің нәтижесінде ғана жемісті болады. Жасалған жұмыстар тиімділігінің төмен болу себебі, практикалық нұсқаулардың көз жеткізе алмайтындыгы педагогикалық информатиканың басқа ғылымдардан ерекшелігімен түсіндіріледі.
Педагогикалық информатиканың ғылымдар арасындағы байланысы туралы қазіргі түсінікті қарастырайық.
Педагогикалық информатика педагогикамен өзара тығыз байланысты. Программалап оқыту мен одан кейінгі оқыту технологиялары, оқытуға деген ақпараттық тәсіл дидактиканың алдына, сондай-ақ, тұтастай педагогиканың алдына бірқатар мәселелер қояды.
Білім беру жүйесіне жаңа ақпараттық технологиялардың енгізілуі дидактикалық процесті оқушылардың ақпарат алуы, оны өңдеу мен пайдалану өтетін ақпараттық процесс ретінде қарастыруды талап етеді,
Білім беру формасы өзгереді, ол өз кезегінде дидактикалық процесте оны беру құралдары мен ақпаратты оңдеу әдістерін іздеуді қамтамасыз етеді, яғни: оқу-танымдық әрекеттер, оқу мен оқыту әдістері. Міне, бұл мәселелер дидактиканың негізгі мәселелері болып табылады. Мысалы, дәстүрлі оқу процесінде: дәстүрлі мәтіндер, көрнекі материалдар ақпараттыққа ұқсас жаңа формаға ауысады: құрылымданған мәтін, тезаурус (лексика саласын толық қамтитын сөздік), фреймдер, графтар, гипермәтін және т.б.
Сонымен қатар, білім беруді ақпараттандырудың бірқатар жалпы педагогикалық жэне әлеуметтік педагогикалық мәселелері немесе аспектілері пайда болады. Мысалы, XX ғасырдың екінші жартысында педагогикада медиа білім беру деп аталатын жаңа бағыт қалыптасты, ол оқушылардың жаппай коммуникация құралдарымен оқуы мәселесін зерттейді. Жалпы педагогикалық және әлеуметтік міндеттер негізгі болып есептеледі:
оқушыларды ақпараттық қоғамда өмір сүруге дайындау;
ақпараттың түрлерін пайдалана білу іскерлігін қалыптастыру;
ақпараттық технология құралдарының көмегімен қарым-қатынас жасау тәсілін меңгеру, яғни қарым-қатынасты жүзеге асыру;
адамға ақпарат құралдарының, әсіресе жаппай қарым-қатынас құралдарының ықпал ету салдарын ұғыну.
Мұғалім мен оқушының іс-әрекеті озгереді. Оқушы әртүрлі акпараттың ауқымды көлемін орындауға, оны интеграциялауға, оныңөңделуін автоматтандыру мүмкіндігі бар процестерді модельдеу және мәселелерін шешу, оқу іс-әрекетінде және басқа салаларда өз бетімен жұмыс істеу. Мұғалім де адамды мезі ететін жұмыстардан босайды, оқушыларды болжау мүмкіндігін алады, оқытудинамикасы мен оқушының дамуын қадағалай алады.
Сөйтіп, білім беруді ақпараттандыру дидактикалық процестің маңызды жақтарының өзгерісіне әкеліп, оқытудың дидактикалық принциптерін сапалы өзгеріске келтіреді.
Педагогикалық информатика информатикамен тығыз байланысты. Олардың арасында байланыстың бірнеше түйіндері бар. Олардың бастылары - осы ғылымдардың пәні.
Ғылым ретіндегі информатиканың пәні - ақпараттық ресурс, оның мәні, басқару заңдылықтары? қоғамның басқа ресурстарымен өзара әрекеттесу механизмдері және әлеуметтік прогреспен өзара әрекеттесуі. Информатика ақпараттық ресурсты алу, тарату және пайдаланудың заңдылықтары туралы ғылым ретінде қоғамдық практикада компьютерлік техника мен автоматтандырылған жүйелерді пайдалану арқылы оның теориялық негізін қалайды, ол қоғамдағы ақпараттық процестерді күшейтуге арналған, яғни оның зерттеу пәні білім мен ақпараттың симбиозы ретінде ақпараттық ресурс болып табылады.
Педагогикалық информатика педагогикалық іс-әрекетті ақпараттық қамтамасыз ету мен автоматтандыруға арналған ақпараттық ресурсты пайдаланудың теориялық мәселелерін қарастырып, оның әдістері мен технологияларын қалыптастырады. Сөйтіп, оны информатикалық білімі (информатик емес) жоқ мамандар жүзеге асыра алмайды.
Екі ғылымның екінші байланыс түйіні - ақпараттық процестерді ұйымдастырудың жоғарғы (жеткен) деңгейі, ақпараттық қатынастағы адамдардың қанағаттану деңгейі, әлемнің тұтастай көрінісін қамтамасыз ететін ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, тарату, ұсыну және пайдаланудың тиімді деңгейін құру, қабылданған шешімнің салдарын (нәтижесін), яғни ақпараттық мәдениетті алдын-ала көре білу. Ақпараттық мәдениеттің даму деңгейі
білімді практикалық мақсатта жедел пайдалана білу;
стандартты емес жағдайларға пәндік эвристикалық тәсілдермен білімді пайдалана білу дағдылары және басқа да көптеген көрсеткіштері бойынша сипатталады.
Мұның бәрі педагогикалық информатикадан алған білімдерін пайдалана отырып, педагогикалық іс-әрекеттегі жетістіктердің нәтижесі оқушылардың ақпараттық мәдениетінің деңгейі өзгерісінің сипаты бойынша анықталады.
Педагогикалық лексикадағы информатиканың негізгі ұғымдары ғылыми-педагогикалық лингвистиканы толықтырады және педагогикалық информатика мен информатиканың арасындағы тосқауылды жоюға мүмкіндік береді.