Г. И. Бейсенова



бет9/31
Дата21.11.2022
өлшемі274,67 Kb.
#51580
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31
Байланысты:
361817 (1)

Бақылау сұрақтары:



  1. Педагогикалық информатиканың негізгі ұғымдары

  2. Педагогикалық информатиканың категориялары.



Пайдаланылған әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:

  1. Концепция информатизации образования в РК. Республиканский издательский кабинет Казахской академии образования им. Ы.Алтынсарина. Алматы, 2000 г., 39 стр.

  2. Полат Е.С. и др. Новые педагогические и информациониые технологии в системе образования: Учебное пособие для студентов псдвузов и системы повышения квалификации педкадров. Москва: «Академия», 1999. -224 с.

  3. Гузеев В. О технологии обучения и предмете педагогической информатики. Журнал «Информатика и образование». № 1, 1989.

Қосымша әдебиеттер

  1. Интернет материалдары: WWW.infojournal.ru, WWW.Google.kz

  2. Информатика и образование, 2010-2011.

11-12-дәріс.
Тақырыбы: Педагогикалық информатиканың міндеттері.
Жоспары:
1. Педагогикалық информатиканың тұрақты және ағымдағы міндеттері.
2. ЖОО көпдеңгейлі оқыту жүйесіне болашақ мамандарды даярлау.


Мазмұны:
1. Педагогикалық информатиканың тұрақты және ағымдағы міндеттері.
Педагогикалық ғылымдарда міндеттердің бірнеше типін әртүрлі негізде ерекшелеп, бөлу қабылданған. Педагогикалық информатикада шешілетін тұрақты және ағымдағы міндеттер тобын қарастырайық.
Педагогикалық информатиканың басым тұрақты міндеттері қоғамды ақпараттандыру жағдайында білім беру, оқыту, білім беруді басқару саласындағы заңдылықтарды ашу болып табылады.
Педагогикада заңдылық арнайы құрылғанның арасындағы немесе объективті бар жағдайлар мен жеткен нәтиженің арасындағы байланыс ретінде сипатталады. Нәтиже ретінде нақты параметрлер бойынша жеке тұлғаның оқығандығы, дамығандығы алынады. Ал, педагогикалық информатикада жеке тұлғаның ақпараттық мәдениеті мен маманның ақпараттық құзырлығы нәтиже болып табылады.
Педагогикалық информатиканың тұрақты міндеттерінің құрамына білім беруді ақпараттандыру жағдайындағы педагогикалық іс-әрекет тәжірибелері мен практикасын зерттеу және жалпылау міндеті кіреді. Кәсіптік білім беру жұмысы өзінің болмысынан барлық уақытта шығармашылықпен жасалатын жұмыс болып есептеледі.
Оқушыларды тиімді оқытудың үйлесімді және инновациялық құралдарын жинақтау кез келген педагог-новатордың ерекше белгісі. Көптеген ғалым-педагогтар зерттеулер жүргізіп, информатиканы оқытудың төл әдістемелік жүйелерін құрып, білім беруде ақпараттандыру құралдарын пайдалануда. Олардың жұмыстарының нәтижелері педагогикалық идеялардың әлемдік қорын байытты.
Мектеп бітірушілердің дайындық деңгейін анықтауға қажетті оқушылардың оқыту нәтижелерінің сапалы, жедел және шынайылығын бақылау қажеттілігі, сондай-ақ, білім беру жүйесінің тиімділігін арттыруға қабылданған шаралар ыңғайлы технологияларды, мұндай бақылаудың әдістері мен түрлерін іздеуге әкелді.
Қазіргі уақытта білім беруді ақпараттандыру жағдайында студенттерді - болашақ информатика мүғалімдерін дайындауға байланысты бірқатар ғылыми зерттеулер жүргізілді.
Педагогикалық информатиканың міндеттерінің ішінде оқытудың, білім беру құрылымын басқарудың жаңа әдістерін, құралдарын, формаларын, жүйесін жасау міндеттері маңызды орын алады. Педагогикалық сөздік жаңа терминдермен байытылды: диетанциялық оқыту, желілік оқыту, ақпараттық білім беру ортасы, кейс технологиялар, видеоконференциялар, интерактивті теледидарлар мен тақталар.
Әрбір термин шешім қабылдау стратегиясын жүзеге асыруға әсер ететін белгілі бір ұғымды анықтайды. Әртүрлі оқу орындарында дистанциялық оқытуды тиімді ұйымдастырудың арнайы ерекшеліктерін зерттеуге Е.С. Полаттың, А.В. Хуторскойдың, ал Қазақстанда Д.М. Джүсіпалиеваның еңбектері арналады. Қазақстанда білім беру жүйесінде ақпараттық - коммуникациялық технологиялардың педагогикалық мүмкіндіктерін үйрену жөнінде бірқатар зерттеулер жүргізілуде. Г.К. Нұрғалиеваның жетекшілігімен:

  • электрондық оқулықтар мен мультимедиалық оқыту программаларын

құрастырудың модульдік және функционалды технологиясының
тұжырымдамасы (А.И.Тәжіғүлов, Д.К. Алмағамбетов);

  • АКТ негізінде қосымша кәсіптік оқытудың дербес жолын жобалау тұжырымдамасы (Ж.А.Макатов);

  • бастауыш сынып мүғалімдері үшін электрондық әдістемелік жүйені жобалау тұжырымдамасы (Ш.Х. Құрманалин);

  • болашақ мұғалімдердің зерттеу іс-әрекетіне ақгіараттық технологиялардың тигізегін әсеріне талдау жүргізілді (Р.Ч. Бектұрғанов);

  • студенттердің құндылық бағдарлығы мен кәсіптік бағьпын қалыптастыру (Г.Б.Ахметова, Е.В.Артықбаев) тұжырымдамалары жасалды.

Ғылым барлық уақытта заңдылықтарды қарастырады, оқытудың барынша жаңа, жетілдірілген моделін жасайды, педагогикалық тәжірибелерді талдайды, үздіксіз пайда болып, дамып келе жатқан жұмыстарды енгізудің ең қысқа жолы мен құралдарын іздейді, болашақтағы білім берудің құрылымын болжайды, қоғамның интеллектуалдық педагогикалық байлығының дамуына мүмкіндік туғызады. Ағымдағы міндеттерге шартты түрде жатқызылған міндеттер айтарлықтай баршылық және жан-жақты болып келеді. Олардың саны, көлемі. күрделілігі ғылыми ауқымы, алдын-ала болжанбайтындығы, өткірлігі педагогикалық шынайылықтың ұшы-қиыры жоқ байлығын бейнелейді. Олардың пайда болуы практика мен ғылымның өзінің қажеттілігімен сипатталады. Олардың көпшілігі алдын-ала болжауға келмейді. Ағымдағы міндеттер мысалына:

  • АКТ саласы бойынша мамандардың профессиограммасын жасау;

  • педагогикалық шеберліктің деңгейі бойынша тест жасау;

  • қоғамды ақпараттандыру жағдайында оқушылардың мамандық таңдау факторларын ашу;

  • білім беру мақсатында пайдаланылатын есептеуіш техника, ақпараттандыру және коммуникация құралдарына қойылатын психологиялық-педагогикалық, эргономикалық, техникалық, эстетикалық талаптарды жасау;

  • электрондық оқулықтар кітапханасын құру;

  • тестілеу, болжау және білімді бақылау мен бағалау әдістемелерін құру;

  • оқушының интеллектуалдық потенциалының деңгейін тағайындау және т.б. жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет