Г. И. Бейсенова



бет3/31
Дата21.11.2022
өлшемі274,67 Kb.
#51580
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
361817 (1)

Пайдаланылған әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер:

  1. Концепция информатизации образования в РК. Республиканский издательский кабинет Казахской академии образования им. Ы.Алтынсарина. Алматы, 2000 г., 39 стр.

  2. Полат Е.С. и др. Новые педагогические и информациониые технологии в системе образования: Учебное пособие для студентов псдвузов и системы повышения квалификации педкадров. Москва: «Академия», 1999. -224 с.

  3. Брановский Ю.С. Новая дисциплина «Введение в педагогическую информатику» в структуре многоуровневого педагогического образования. Журнал «Педагогическая информатика». N 5, 1995 г.

Қосымша әдебиеттер

  1. Гузеев В. О технологии обучения и предмете педагогической информатики. Журнал «Информатика и образование». № 1, 2009.

  2. Интернет материалдары: WWW.infojournal.ru

  3. Информатика и образование, 2010-2013.



3-4-дәріс.
Тақырыбы: Педагогикалық информатика - ғылыми-әдістемелік бағыт ретінде. Педагогикалық информатиканың зерттеу объектісі мен пәні.
Жоспары:

  1. Педагогикалық информатика - ғылыми-әдістемелік бағыт ретінде.

  2. Педагогикалық информатиканың зерттеу объектісі мен пәні.

Мазмұны:

  1. Педагогикалық информатика - ғылыми-әдістемелік бағыт ретінде.

Педагогикалық информатика педагогикалық ғылым ретінде адамзат қызметінің саласын сипаттайды, оның қызметі білім беруді ақпараттандыру жағдайында оқу процесі жайлы объективті білімді теориялық тұрғыдан жүйелеу, сондай-ақ, оқыту процесі жайлы жаңа білімді алу мен оның нәтижееі бойынша іс-әрекетті қамтиды,
Педагогикалық информатика әрі теориялық, әрі қолданбалы ғылым болып табылады. Теориялық ғылым ретінде педагогикалық информатика білім беру мен оқытудың белгілі бір принциптерін тагайындайды. Қолданбалы ғылым ретінде оқытуда күнделікті практикалық жұмыста тағайындалган заңдылықтарды пайдаланады.
Педагогикалық информатикаға кез келген басқа ғылымдар тәрізді ондағы процестердің саралануы мен интеграциялануының диалектикалық үйлесімі, іргелі және қолданбалы зерттеулердің дамуы тән. Осыған байланысты білім беру мазмұны мен оқыту принциптері арқылы анықталатын, жалпы және қандай да бір білім саласының оқыту теориясы арқылы анықталатын қолданбалы мәселелерді ажыратып, айқындауы тиіс. Қазіргі уақытта педагогикалық информатика үйлесімді құрылған тұтастықты бере алмайды, бұл оның жақында ғана пайда болып, өз бетімен дамып келе жатқанын және әлі толық зерттеліп бітпеген ғылым саласы екенін білдіреді.
Ғылыми-зерттеу міндеттерін шешу, объектілерді тереңнен зерттеу үшін ғалымдар әртүрлі құралдар пайдаланылады. Олардың таңдауы қаншалықты көп болатын болса, ғалымдардың еңбегі де табысты болады. Зерттеу міндеттерін шешу тәсілдерін зерттеу әдістері немесе ғылыми әдістер деп атайды.
Педагогикалық информатикадағы барлық зерттеу әдістерінің жиынтығын екі негізгі топқа бөлуге болады: 1) мазмұндық және 2) формальданған (оның ішінде теориялық талдау мен синтез әдісі).
«Мазмұндық әдіс деп - көбірек немесе аз деңгейде тікелей айғақтарға, бақылау мәліметтеріне, тәжірибелерге сүйенетін және одан абстракциялау, талдау, синтездеу жолымен теориялық түжырымдарды шығаратын әдісті түсінеміз» - деп көрсетеді В.И.Загвязинский. Бұл әдістердің қатарына педагогикалық бақылау, әңгімелесу және сауалнама жүргізу, педагогикалық эксперимент (эксперименттік оқыту) және т.б. жатады.
Формальданған әдістер - бұл педагогикалық құбылыстар мен процестерді сандық модельдеу, оқу материалын және оқушылардың білімін жүйелі құрылымдық талдау, олар көбінесе абстракциялау дәрежесімен сипатталады, мұнда бұрынғы ұғымнан жаңа ұғымды шығарудың логикалық құралдары басты роль атқарады. Сонымен қатар, зерттеудің формальды әдістерінің қолданылу нәтижесі алдыңғы кезекте мазмұндық әдістің жетістіктеріне тәуелді. Педагогиканың қазіргі даму кезеңінде формальданған әдіспен салыстырғанда мазмұндық әдістер басты роль атқарады.
Педагогикалық информатика бір мәнді анықталған ұғымдармен қатар, әлі алда анықталатын ұғымдарды: білім, іскерлік, дағды, өзіндік жұмыс және т.б.; төмендегідей категорияларды: оқыту мақсатын, оқыту мазмұнын, оқыту формасын, оқыту кұралдарын, оқыту тәсілдерін, оқыту әдістерін, оқыту технологиясын қарастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет