Бұл күндері ақпараттық ресурстар немесе білім ресурсы постиндустриалдық қоғам дамуының маңызды құрамдас элементі болып табылады. Негізгі мақсат материалдық өнім болып табылатын индустриалдық қоғам дәуіріндегі ресурстардың негізгі түрлері:
материалдық-өндіріс процесінде пайдаланылатын еңбекке қажетті жабдықтардың жиынтығы (шикізат, материалдар, отын, шалафабрикаттар);
табиғи - қоғамда адамдардың материалдық және рухани қажеттіліктерін қанагаттандыру үшін пайдаланылатын объектілер, процестер, табиғат жағдайлары;
еңбек - жалпы білімдік және кәсіби білімді меңгерген адамдар;
энергетикалық - энергия тасымалдаушылар (мұнай, газ);
қаржылық болып табылады.
Адамзат қызметінің барлық саласында ақпараттық ресурстардың ролінің жоғарылауы ақпараттық ресурсты анықтауды талап етеді Ақпараттық ресурс - бұл құрылған, ізделініп табылған, тіркелген және жаңартылған ақпарат. 1995 жылы АҚШ-та жүргізілген әлеуметтік зерттеу мәліметтері бойынша жұмыс істейтіндердің 27 миллионы үйден шықпай (өз бетінділік жұмыс) өзінің қызметін орындай алады. АҚШ-та өз бетімен жүмыс істейтіндердің категориясына: 1980 жылы 5,7 миллион адам жатқызылса, ал 1989 жылы - 14,6 миллион, 1995 жылы 20,7 миллион адам деп есептелді. Бірқатар шетел ғалымдары ақпараттық қоғамға тән белгілерді ерекшелейді:
ақпараттық дағдарыс мәселесі шешілген, яғни ақпараттық ағын мен ақпараттық «жұт» арасындағы қарама-қайшылық шешілген;
басқа ресурстармен салыстырғанда ақпараттың басымдығы қамтамасыз етілген;
дамудың басты формасы экономика болып табылады;
қоғамның негізі жаңа ақпараттық техникалар мен технологиялардың көмегімен білімді автоматты түрде генерациялау, сақтау, өңдеу және пайдаланумен қаланады;