Баспарежімі.Бұл режімде мәтін қағазға басылып шығарылды. Оқушыларға принтермен жұмыс жасау кезінде принтердің өзінің кішігірім буферлік жадысы бар екенін ескерте кету керек. Құжатты баспаға жібергенде алдымен принтердіңбуферітолтырылады, одан соң мәтін буферден қағазға жіберіледі. МР көмегімен принтердің жұмысы басқарылады: – басылатын беттердің диапазоны, көшірме саны, қағаздың бір бетіне мәтіннің екі бетін басу, кітап немесе альбом бағытына бейімдеу, т.б. параметрлерді қоюға болады.
Мәтіндік редакторлар файлға стандарттыкеңейтулердіменшіктейді. Бұл Windows жүйесінің қосымшаларының бәріне тән. Мысалы, MS Word редакторында файлдар .DOCкеңейтімімен сақталады. Дискіде сақталған құжаттың мәтіні оның атын нұсқау арқылы ОТКРЫТЬбұйрығының орындалуы бойынша қайтадан редактордың жұмыс аймағына шақырылады.
Сонымен, пайдаланушы МР мен жұмыс жасағанда мына негізгі
файлдықамалдардыорындау мүмкіндігі бар:
жаңа файлды жасау;
мәтінді файлда сақтау;
файлдан мәтінді жедел жадыға жүктеу;
файлды қағазға басып шығару.
МРбұйрықтаржүйесін– жұмыс режімдеріне байланысты мына топтарға бөлуге болады:
интерфейсбұйрықтары– мәзірге кіру және шығу, оның ішінен қажет пунктті таңдау;
МРжағдайынөзгертубұйрықтары– редакциялау режімінде шрифтті, төменгі/жоғарғы регистрді таңдауға, енгізу/ауыстыру режіміне ауысуға және т.б. мүмкіндік беретін бұйрықтар;
мәтінбойыжылжубұйрықтары– екі топқа бөлінеді: қадаммен жылжу (оңға, солға, жоғары, төмен стрелкалары); мәтін бойы тез жылжу (жолдың басына/аяғына, мәтіннің басына/аяғына, беттерді парақтау және т.б.);
символдардыредакциялаубұйрықтары– символды енгізу/жою, кіші әріпті үлкенге ауыстыру және т.б.;
үлгібойыншаіздеубұйрықтары– нұсқалған символдар жиынынан тұратын (әріп, сөз, фраза) мәтіндегі орынды табу үшін қолданылады;
буферге көшіру, буферден алубүйрықтары;
МР режімдерінің аясында қолданылатын жалпы бұйрықтар.