Г. И. Бейсенова



бет89/111
Дата04.11.2022
өлшемі2,71 Mb.
#47479
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   111
Құжатты жасау режімі. Құжатты жасау үшін мына амалдарды орындау қажет:

  1. Мәтінді енгізу.

  2. Мәтінді редакциялау.

  3. Символдарды пішімдеу.

  4. Абзацтарды пішімдеу.

  5. Иллюстрацияларды енгізу.

  6. Колонтитулдарды енгізу.

  7. Беттерді пішімдеу.

  8. Сілтеме1 (орысш. – сноска) енгізу;

Мәтіндік Word процессорында жаңа құжатты жасаудың мына әдістері қолданылады: жаңа бетті ашып құжатты теру, дайын шаблон бойынша жасау, бар құжаттың негізінде жасау.
Жаңа құжатты жасау (таза беттерді «алу») Файл
Создать Новый документ ОК. Немесе саймандар тақтасындағы
«Создать» батырмасы шертіледі.
Жаңа құжатты дайын үлгі (шаблон) бойынша жасау Файл Создать (На моем компьютере, На моих Web-узлах, Шаблоны Office Online), құжаттың типін таңдау (Письма и факсы, Записки, Другие документы, Web-страницы), таңдалған типтен нақты құжаттың атауын шерту, мысалы, Изысканное письмо немесе Современное резюме. Мұндай құжатта ұсынылған қасиеттер бойынша деректерді енгізсе болғаны.
Бар құжатты (файлды) шақыру (ашу) Файл Открыть, дискілерде, қапшықтарда тұрған керек файлды тауып, оның атауын екі рет сырт еткізу. Немесе тақтадағы «Открыть» батырмасын шертіп Открытие файла терезесінен ... .керек қапшықтан файлды табу.
Мәтінді енгізу. МР енгізу режімін жағдай жолы анықтайды. Мәтін алфавитті-цифрлық пернелер көмегімен енгізіледі. Үлкен әріпті енгізу үшін SHIFT пернесі қолданылады. Үлкен әріптердің ұзын тізбегін енгізу CAPSLOCK пернесімен пернетақтанің режімін ауыстыру арқылы жүзеге асады. Мәтінді енгізгенде мына ережелерді ұстану қажет:

  • қазіргі мәтіндік редакторлардың бәрінде, мәтінді теру барысында жаңа жолға өту автоматты түрде жүреді;

  • абзацтың аяғы Enter пернесін басу арқылы белгіленеді;

  • тыныс белгілерінен кейін міндетті түрде бос орын қажет; алдында бос орын терілмейді. Арнайы тыныс белгілері пернелердің мына комбинациясы арқылы жүзеге асады (6.1-кесте):

6.1-кесте

Белгілер

Перне немесе пернелер комбинациясы

Сызықша (дефис)

<->

Үзіліссіз сызықша

+ + <дефис>

Тире

< Alt > + 0150

Үзіліссіз бос орын

+ + <пробел>

©

< Alt > + 0169

Меңзер (сілтеуіш) ұғымы. Мәтінді енгізу жыпылықтаған меңзер деп аталатын, тік сызық –тұрған жерден басталады. Меңзерді тінтуірдің меңзерімен шатыстыруға болмайды. Оқушылардың назарын осыған аудару қажет. Тінтуірдің меңзері – ол, МР басқарудың белсенді элементі, ал меңзер құжаттың аймағынан шықпайтын тек маркер ғана.
Әрекеттерді кері қайтару және күшін жою құралдары. Мәтіндік редакторда мәтінді енгізу, редакциялау және пішімдеу амалдарының бәрі хаттамаланып жатады, сондықтан соңғы әрекеттердің қажет санын кері қайтаруға болады. Ол үшін
«Стандартная» тақтасындағы дөңгелек тілді «Отменить» батырмасы шертіледі немесе CTRL+Z пернелер комбинациясы қолданылады.
Мәтінді редакциялау. Редакциялау – бар құжатқа қандайда бір өзгерістерді енгізу. MS Word редакторы құжаттарды редакциялау құралдарының жиынын кеңінен ұсынады.
Тікелей редакциялау құралдарына көшпес бұрын MS Word редакторының ортасында құжатпен жұмыс жасау режімдерін қарастырып кетейік.
Экранда құжатты ұсыну құралдары. MS Word редакторында құжатпен жұмыс жасау, экранда ұсынудың мына режімдердің біреуінде жүреді:

  • «Обычный» режімі.

  • «Разметка страницы» режімі.

  • «Структура» режімі.

  • «Схема документа» режімі.

  • «Web-документ» режімі.

  • «Во весь экран» режімі.

  • «Предварительный просмотр» режімі.

Төменде (6.2-кесте) режімдерді бірінен-біріне ауыстыру құралдары келтірілген.
6.2-кесте

Көру режимі

«Вид» мәзірінің бұйрығы

Пернелер комбина- циясы

Батырма

Жәй

Обычный

Alt+Cttl+N





Бетті белгілеу

Разметка страницы

Alt+Ctrl+P





Құжаттың құрылымы

Структура

Alt+Ctrl+O







Құжаттың
схемасы

Схема документа










Web-құжат

Web-документ







Құжатты редакциялауда, негізінен бірінші үш режім қолданылады.
«Обычный» режімі – құжатпен жұмыс жасаудың жылдамдығын қамтамасыз етеді. Әйтсе де, бұл режімде элементтердің көбіне қол жеткізу қиындап қалады.
«Разметка страницы» режімі – пайдаланушыға ең ыңғайлысы, себебі мәтіннің терезедегі пішімі, қағазға дәл сондай пішімде шығарылады.
««Структура» режімі – құжаттың құрылымын жасауға ыңғайлы құралдарды ұсынады.
«Схема документа» режімі – арнайы құжатты экраннан оқуға арналған. Бет екіге бөлінеді: құжаттың схемасына және мәтінге. Үлкен құжаттың ішінен керек бөлімді іздеуге ыңғайлы.
«Web-документ» режімі – Интернет құжаттарын дайындауға арналған.
«Во весь экран» және «Предварительный просмотр» режімдері әдетте, құжатты редакциялауда қолданылмайды.
Мәтінді редакциялау кезінде – мәтінді ерекшелеу, түзеу, құжаттың үзінділерін көшірмелеу, орнын ауыстыру, әртүрлі символдарды, суреттерді, т.б. объектілерді енгізу әрекеттері орындалады. Осы әрекеттер мәзір жолында орналасқан: Правка,
Вставка бұйрықтарына бағынышты опциялар арқылы жүзеге асырылады.
Мысалы, мәтіндегі бір сөзді басқа сөзге ауыстыру үшін мына әрекеттер тізбегі орындалады: Правка Заменить шыққан диалогтық терезенің «Найти» жолында ауыстырылатын, «Заменить на» жолында соны ауыстыратын сөздерді теріп, (мысалы руб сөзін тенге сөзіне) Найти далее Заменить. Немесе мына жылдам пернелер тізбегі қолданылады:

Ctrl + f немесе а (орысш)

Табу (Найти)

Ctrl + h или р (орысш)

Ауыстыру (Заменить)

Shift + F7

Синонимдер

F7

Жазу ережесі (Правописание)

Мәтінді форматтау (пішімдеу). Бұл режім мәтінді керекті түрде құрастыруға мүмкіндік береді. Мәтін элементтерін пішімдеуге арналған батырмалар, шрифтердің түрін, өлшемін таңдайтын, мәтінді туралау және т.б. қажет құралдар МР форматтау саймандар тақтасында орналасады. Мәтіндегі символдарды, абзацтарды пішімдеу, тізім жасау, әріптердің регистірін (кіші/үлкен), мәтінде бағамдар (колонки) жасау, т.б. амалдарды – «Формат» бұйрығына бағынышты – Шрифт, Абзац, Список, Колонки, Регистр, т.б. бұйрықтары арқылы жүзеге асырылады.
Символдарды пішімдеуге – шрифттің әртүрлі параметрлерін, символдар арасындағы интервалдарды, жоғарғы және төменгі индекстерді қою жатады. Шрифттің параметрлеріне – шрифттің типі және өлшемі, кескіні, түсі, арнайы эффектілері жатады.
Абзацтарды пішімдеуді қарастырғанда оқушылармен мына ұғымдарды талдап алу қажет:

  • шегініс (жол басындағы бос жер) – беттің сол жақ өрісінен абзацтың мәтініне дейінгі қашықтық, әдетте 1,25 см қойылады;

  • мәтінді туралау жолдағы мәтінді туралау;

  • табуляция – әр абзацтың бірінші жолының басында, белгіленген шегініс жасау үшін қолданылады;

  • жоларалық интервал – абзац жолдарының арасындағы қашықтықты қоюға мүмкіндік береді; абзацтардың арасында да қашықтықты қоюға болады.

Мысалы: Форматтау тәртібі: қажет абзацтарды ерекшелеу Формат Абзац «Абзац» терезесінде мына параметрлер: выравнивание: по ширине, отступ-1,25, слева-0, справа -0, междустрочный: одинарный – қойылады.
Анықтама алу режімі. Бұл режімге, мәзір жолындағы
«Справка» бұйрығы арқылы ауысқанда экранда қосымша анықтама алу терезесі ашылады. Мысалы, MS Word 2010 мәтіндік процессорында ?– белгісімен бейнеленген батырманы шерткенде,
«Справка Word» анықтама алу терезесі шығарылады. Қазіргі Word тектес мәтіндік редакторлары, Интернет арқылы Office.com сайтымен байланысу мүмкіндігі бар, қуатты анықтамалық қамтамасыз ету жүйесімен жабдықталады. Көптеген танымал бағдарламаларға ұқсас MS Word мәтіндік редакторының мәнмәтіндік-тәуелді анықтамалық жүйесі бар.
Орфографиялық тексеру режімі. Бұл режімде жұмыс жасау үшін сөздіктер қорының болуы қажет. Орфографиялық тексеру режімін редакциялау режімімен сәйкестіруге болады. Орфографиялық (лексикалық) тексеру – емле ережесін (орысш. – правописание) автоматты түрде тексеру. Ол үшін магниттік дискіде (винчестерде) орфографиялық сөздіктің файлы сақтаулы тұрады. Және де әртүрлі тілдегі мәтіндерді тексеру үшін ондай сөздіктердің бірнешеуі болуы мүмкін, мысалы, орысша немесе ағылшын сөздіктері. Сонымен қатар, мәтіндік редактормен жұмыс жасау анықтамасы да магниттік дискіде тұрақты сақталып тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет