6. Олимпиада және оны жүргізу әдістемесі Олимпиаданың мақсаты;
- білімді, дамыған, дарынды мектеп оқушыларын іздеу;
- мектепте информатиканы оқыту деңгейін бағалау;
- информатиканы оқыту барысындағы ең жоғарғы деңгейге қойылатын талапты ашу;
- мектеп, жоғарғы оқу орындары буынындағы кері байланысты жүзеге асыру.
Олимпиаданың негізгі мақсаты - оқушының қабілетін ашуды ескере отырып, логикалық - алгоритмдік және жүйелі комбинаторикалық ойлауы дамыған оқушыларды табу қажет. Бұл әртүрлі дайын программалық құралдар мен командаларды пайдалану іскерлігінде пайда болады.
Олимпиадаға дайындау әдістемесі- қарастырылып отырған тәсілде оқушьшарды олиапиядаға дайындау информатиканың базалық курсының жалғасы болып табылады. Дайындықтың ең тиімді түрі — сабақты олимпиада түрінде жүргізу. Стандартты емес есептерді шешгу үшін мәліметтерді ұйымдастыру мен програлмалаудың қазіргі әдістерін білу қажет.
Әдебиеттер: Бидайбеков Е.Ы., Лапчик М.П., Беркімбаев К.М., Сағымбаева А.Е. Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесіне кіріспе: Оқу құралы. – Алматы, 2008. – 280 бет.