Г. И. Бейсенова



бет65/111
Дата04.11.2022
өлшемі2,71 Mb.
#47479
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   111
Джон фон Нейман принциптері. Есептеу машинаның архитектурасы туралы ілімнің негізін қалаған американдық математик Джон фон Нейман 1 болған. Ол 1946 жылы «Предварительное рас- смотрение логической конструкции электронно-вычислительного устройства» деген классикалық мақаласында, есептеу машинасының құру принциптерін баяндаған. Сондықтан Нейман принциптері деп аталған. Оған мына тұжырымдар жатады [21]:

  1. бір процессорлық ЭЕМ құрылғыларының құрамы және құрылымы;

  2. машиналық арифметикада екілік санау жүйесін қолдану;

  3. ЭЕМ жадын адрестеу;

  4. ЭЕМ ортақ жадында деректерді және бағдарламаларды сақтау;

  5. машиналық бұйрықтың құрылымы және процессордың жүйесінің құрамы;

  6. процессордың жұмыс циклы (процессордың бағдарламаны орындау алгоритмі);

Информатиканың базалық курсында ЭЕМ архитектурасын оқыту, аталған принциптерді ашуға тіреледі. Жоғарыда баяндалған материалда бірінші төрт принциптің шеңберінде сөз қозғалды. Аталған тізімдегі 5 және 6 принциптерді білу қәсіпқой бағдарламашыларға қажет.
  1. ЭЕМ бағдарламалық қамсыздандыру жөнінде оқушылардың ұғымын кеңейту

Теориялық материалды түсіндірудің әдістемелік нұсқаулары


Қарастырылатын сұрақтар:

    • ЭЕМ бағдарламалық қамсыздандыру қызметі;

    • ЭЕМ бағдарламалық қамсыздандыру классификациясы;

    • қолданбалы бағдарламалық қамсыздандыру (БҚ) деген не;

    • бағдарламалау жүйелерінің қызметі;

    • операциялық жүйенің негізгі қызметтері;

    • файлдарды ұйымдастырудың бастапқы мәліметтері.

Базалық курстың осы сызығының негізгі педагогикалық міндеті – оқушылардың көздерін қазіргі компьютердің аппараттық (техникалық құрылғылар) және ақпараттық (бағдарламалық қамсыздандыру) бөліктерден тұратын – бірыңғай екі жүйе екенін жеткізу. Оқушыларды hardware (қатты) және software (жұмсақ) терминдерімен таныстыру қажет.
Компьютер = Құрылғылар (hardware) + Бағдарламалық қамсыздандыру (software)
Мұғалімнің бұл тақырыпты ашу логикасы мына ойқорытулармен айқындалады. Қазіргі компьютермен жұмыс жасауға кез келген кісінің мүмкіндігі бар. Себебі компьютер бай бағдарламалық қамсыздандыру жиынымен жабдықталған.
Бағдарламалық қамсыздандыру (жасақтама) көпшілік пайдалану үшін компьютердің ұзақ уақытты жады құрылғыларында сақталған бағдарламалар жиыны. Компьютерде қандайда бір жұмысты жасау үшін пайдаланушы сол мақсатқа сай бағдарламаны таңдап және оның орындалуын инициалдау (алғашқы рет іске қосу) керек. Сөйтіп адамның компьютерді пайдалануы мына схемамен жүреді:
Мәселе Таңдау және бағдарламаны инициалдау Жұмыс
Мұнда «мәселе» термині өте кең мағынада қолданылып тұр, яғни пайдаланушының кез келген ақпараттық қажеттілігін білдіреді. Оқушылардың қай бағдарламалық құралдың көмегімен, қандай ақпараттық есептердің шығарылатынын анық түсінуі. мұғалімнің назарында болуы керек. Мысалы, файлдарды жою немесе көшіру операциялық жүйенің көмегімен, ал мәтіндік құжатты редакциялау мәтіндік редактордың, яғни қолданбалы бағдарламаның көмегімен орындалады.
Қазіргі объектілі-бағытталған операциялық жүйелер ортасында жұмыс жоғарыда келтірілген схемадан басқаша жүреді. Пайдаланушы сақталған деректерді таңдауына болады, ал, операциялық жүйе автоматты түрде керек бағдарламаны іске қосады. Бұл жағдайда ақпараттылық сауаттылыққа ие пайдаланушы компьютерде кандай бағдарламаның орындалатынын жақсы түсінуге тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет