Ішкіжадыныңұйымдастырылуы. Ішкі жадының ақпараттық құрылымын екілік ұяшықтартізбегі–биттерретінде ұсыну керек. Мұндай ұсыну схема түрінде 3.2-суретте бейнеленген.
Байттардың нөмірлері
Биттер
0
0
1
1
0
1
0
0
0
1
1
1
0
0
1
1
0
1
2
1
0
0
0
1
1
1
0
3
0
1
1
1
0
0
I
1
…
-сурет. Ішкі жадыныңқұрылымы
Ішкі жадының биттік құрылымы, оның бірінші– дискіреттілікқасиетін анықтайды. Уақыттың әр сәтінде, жадының әр биті екі мәннің біреуін 0 немесе 1-ді, яғни бір бит ақпаратты сақтайды.
Компьютердің жұмысы барысында, бұл нөль және бірлер ұяшықтарда, жанып-сөніп «жыпылықтайды». Оқушыларға мынадай бейнелі образбен түсініруге болады: мысалы, компьютер жадын, көпқабатты үйдің түнгі фасады түрінде елестетейік. Бір терезелерде жарық бар, басқасында жоқ. Терезе – жадының биті. Жарығы бар терезе – бір, жарығы жоқ – нөль. Егер, тұрғындар шамдарын тез-тез жағып-өшіретін болса, онда үйдің фасады жұмыс істеп тұрған компьютер жадына ұқсайтын болады.
Адрестеу– ішкі жадының екіншіқасиеті. Биттер емес, жадының қатар орналасқан 8 биті, яғни байттарадрестеледі. Байттың адресі – оның жадыдағы реттікнөмірі. Мұнда, тағы да үймен ұқсастырайық: пәтерлердің реттік нөмірі – оның адресі болады. Әйтсе де, жадыда байтнөмірлерінөлденбасталады. Жедел жадыдағы ақпаратқа қатынасуадресбойыншажүргізіледі: деректерді жедел жадыға жазу үшін қандай байтқа енгізілетіні нұсқалады. Дәл солай, жадыдан оқу да адрес бойынша іске асады. Процессордың жұмысы жедел жадымен осылай жүреді. Үймен ұқсастықты жалғастырсақ: керекті пәтерге хат жазу немесе бару үшін оның адресін білу керек.
Сонымен, ішкі жадының ақпараттыққұрылымы– биттік-байттық. Оның көлемі әдетте килобайт, мегабайтпен көрсетіледі.
Сыртқыжадыныңұйымдастырылуы. Сыртқы жады құрылғыларында ақпарат файлменұйымдастырылады. Файл – сыртқы жадының ең кіші бірлігі. Оқушыларға бұл ұғымды кітапқа ұқсастырып түсіндіруге болады. Мысалы, файл – аты аталған кітаптың ең кіші бөлімі.
Файл(file – қапшық, десте) – белгілі бір атпен, өңдеуге логикалық байланыспен магниттік дискіде жазылған біртектес ақпарат (мәтін, бейнелеу, бағдарлама, бейнефильм, т.б.) жиынын айтады.
Файлда сақталған ақпаратта бит, байттан тұрады. Әйтсе де, ішкі жадыдан айрмасы дискілердебайттарадрестелмейді. Сондықтан сыртқы тасушыда керекті ақпаратты табу үшін файлдың атынұсқалуы керек.
Винчестердіңқұрылымы:герметикалық корпустың ішінде бір осьте қабатпен орналасқан бірнеше қатты магниттікдискілердіңдестесінен тұрады. Олар өте үлкен жылдамдықпен айналады. Ақпарат дискінің екі бетіне де (орысш. – поверхность) жазылады.
Дискінің әр беті (магниттібеттер) концентрліжолдарға, оның әрқайсысы секторларға, ал секторлар «торшаларға», байттарғабөлінеді.
Бір дискідегі барлық секторлардың көлемі бекітілген болады. Әр дискіге жақындатылған магниттібастиектеркөмегімен ақпаратты оқу/жазу үрдісі бір уақытта дестенің барлық дискілерімен қатар орындалады. Деректерді дискіден оқу және жазу жұмыстарының барлығы толық секторлармен орындалады.
Винчестергедәстүрлі C: атауы беріледі. Әдетте жұмысқа ыңғайлы және сенімділік үшін оны бірнеше логикалықдискілерге: C:D: E: – атауларымен бөлінеді.
Кітапқа ұқсастырып түсіндіру дискініңтүбірліккаталогықызметінайқындауға көмектеседі. Кітаптың мазмұны сияқты, дискініңтүбірлікаталогындафайлдар туралы мәліметтер тізімінен тұрады. Кейде оны дискінің директориясыдейді.
Каталогта файл жөнінде мағлұмат болады (аты, байтпен көлемі, құрылған күні және уақыты, соңғы өзгертулердің уақыты мен күні). Бұл ақпарат әрқашан белгілі бір жолдардасақталады. Егер де файлдар тізімін экранға шығаратын болсақ, онда кітаптың мазмұнындағы сияқты дискінің құрамы жөнінде мәлімет алуға болады.