Бағдарламалаужүйелердіңқызметі.Алғашында бағдарламалаужүйелерітуралы ұғымдарды жалпы түрде берген дұрыс. Оқушылар мына түсініктерді білуі керек:
компьютерге арналған бағдарламаларды бағдарламашы
(орысш. – программист) жасайды;
бағдарламашы бағдарламаларды бағдарламалаутілінде
жазады;
көптеген бағдарламалау тілдері бар (Бейсик, Qbasic, Visual Basic, Pascal, Turbo Pascal, Delphi, Сi+, Borland Ci++ және т.б);
бағдарламалау жүйелері бағдарламашыға компьютерге бағдарламаны енгізуге, өңдеуге, тестілеуге, орындауға мүмкіндік береді.
Оқушыларға қандай бағдарламалау тілдерімен танысатындарын айтып кетуге болады. Көбіне мектептерде Паскаль немесе Бейсик тілдері оқытылады.
Операциялықжүйеніңнегізгіқызметі. Оқушыларға жүйелік БҚ бағдарламалары, ең алдымен, компьютердің өзіне қызмету ету, оның құрылғыларын басқаруға арналғанын түсіндіру қажет.
Жүйелік бағдарламалар қамсыздандырудың ең маңызды және басты бөлігін– операциялықжүйе(ОЖ) құрайды. ОЖ – өте күрделі
бағдарламалық жүйе. Базалық курстың шеңберінде оның қызметін және құрамын жете түсіндіру мүмкін емес. Әйтсе де, жүйелік БҚ-сыз компьютер жұмыс жасай алмайтындығына оқушылардың көзін жеткізу - мұғалімнің міндеті.
Басында оқушыларға мектепте қолданылатын ОЖ атауын айту керек. Мысалы: «Біздің компьютерлер Windows XP операциялық жүйенің басқаруымен жұмыс жасайды». Сөйлемді дәл осылай құру керек, сонда, компьютерлер операциялық жүйенің «...басқаруыменжұмыс жасайды» – дегенге ерекше көңіл аударылады. Одан соң «ОЖ басқарады» түсінігін былай ашуға болады:
Операциялықжүйе(ОЖ) – компьютердің ресурстарынбасқарудыжүзеге асыратын, қолданбалыбағдарламалардықосып, олардың жұмысын сыртқы құрылғылармен, басқа бағдарламалармен
үйлестіретін,
деректерді
қорғайтын,
пайдаланушы және
бағдарламаның
сұранысы
бойынша
сервистік қызметтерді
орындайтынбағдарламалар жиыны.
Операциялық жүйе компьютердің бағдарламалық жасақтамасының қажетті құрамасы болып табылады. Ол компьютердің барша аппараттық құрамдас бөліктерінің жұмысын басқаруды қамтамасыз етеді. Сонымен, тұжырымдай келе ОЖ компьютердің барлық аппараттық құрамдас бөліктерінің жұмыс жасауын, өзара байланысын қамтамасыз етеді және пайдаланушыға оның аппараттық ресурстарына қатынасуға мүмкіндік береді.
Кез келген операциялық жүйелердің, қай типі болмасын, үшнегізгі қызметатқарарады:
компьютердің құрылғыларын басқару;
графикалық интерфейсті қамтамасыз ететін модульдер.
Компьютердің жұмыс үрдісі, оның құрылғыларының арасында файлдарды алмастыруға түйінделеді, яғни файлдықжүйенібасқару болып табылады. Файлдарменжұмысты– негіздікмодульдеп аталатын арнайы бағдарлама қолдайды.
Әр құрылғыға өзінің драйверісәйкес келеді. Пайдаланушы компьютермен пернетақта және тінтуірдің көмегімен тілдеседі. Әр перненің немесе тінтуірдің батырмасының басылуы процессорға қайсыбір бұйрықболып ұсынылады. Бұйрық енгізілген соң, арнайы бағдарлама – командалықпроцессороның шифрын ашады және орындайды.
Сыртқы құрылғылар компьютердің жүйелік блогына арнайы келістіруші тақшалар(контроллер) арқылы қосылады. Әр құрылғы ерекше бағдарлама бойынша жұмыс істейді және ақпаратты әртүрлі жылдамдықта өңдейді, сондықтан олардың жұмысын процессордың жұмысымен үйлестіру қажет. Құрылғылардың келісушілік жұмысына ОЖ құрамына кіретін арнайы программалар – құрылғылардыңдрайверлеріжауап береді.
Пайдаланушыға компьютермен тілдесу үрдісі ыңғайлы болуы қажет. Қазіргі ОЖ құрамына міндетті түрде, графикалықинтерфейстіжасайтын модульдер кіреді.