Алгоритмніңанықтамасы.Алгоритм– берілген деректерден ізделетін нәтижеге әкелетін, орындаушыға түсініктіжәне анықшектеулі бұйрықтардыңтізбегін орындау нұсқамасы.
Бұл анықтамада алгоритмнің негізгі ұғымдары және оның басты қасиеттері айтылған. 5.1-суретте [26,42] ұғымдардың өзара байланысы бейнеленген.
Бұл жүйеде алгоритмді ОРЫНДАУШЫ түйінді объект болып табылады. Орындаушы– айқындалғанәрекеттер жиынынорындаудыбілетінобъект(автоматнемесеробот)немесесубъект(адам).
Орындаушыныңбұйрықтаржүйесі(ОБЖ)–орындаушыныңатқараалатыншектеулібұйрықтаржиынтығы. Әр алгоритм орындаушының бұйрықтар жүйесінің мүмкіндіктерін ескере құрылуы керек.
Алгоритмнің бұйрықтарын бұлжытпай бірінен кейін бірін формалдыорындау – орындаушының негізгі жұмысы. Яғни, алгоритмніңформалдыорындалуы– орындаушыесептің мағнасын білмесе де, дайын алгоритмнің бұйрықтарын бұлжытпай бірінен кейін бірін орындап, сол есептің нәтижесін шығару.
Алгоритмніңқасиеттері. Қойылған есепті шешу үшін орындаушы кірісіндеалгоритімді және деректерді алады, ал шығысындакерек нәтижелер алынады. Алгоритмге тек ОБЖ-ға жататын бұйрықтар кіреді. Бұл талапты – алгоритмнің түсініктілікқасиетідеп атайды. Сонымен, алгоритмніңтүсініктілігі– бұйрықтар жүйесі арқылы жазылған алгоритмді, орындаушының түсініп, орындай алатындығы.
Алгоритмнің басқа қасиеті, ол – дәлдік(анықтылық). Алгоритмнің кез келген бұйрықтары және олардың орындалу реті, орындаушы үшін тек бірмағыналық, бірмәндіктүсінік беруге тиіс. Алгоритмнің орындалу үрдісінде ешқандай еркіндікке жол берілмеуі керек. Мысалы, орындаушы-аспазшыүшін аспаздық рецепті тағам дайындау алгоритмі деп қарастырайық. Әйтсе де, рецептің бір пунктінде: «Бірнешеқасыққантсалукерек» – деп жазылса, онда ол, бұйрық анықемес. Неше қасық? Қандай қасық (шәй немесе ас қасық)? Әр аспазшы өзінше түсінуі мүмкін, сондықтан нәтиже әртүрлі болады. Дәл бұйрықтың мысалы былай болуы керек: «2 ас қасық қант салу».
Алгоритмнің тағы бір қасиеті, алгоритмнің анықтамасында көрсетілген – шектілік(нәтижелілік). Ол былай тұжырымдалады: саны шектелгенқадамдардан соң, ізделіп отырған нәтижеалынады, демек алгоритмнің орындалуы аяқталады. Мұнда, қадамдегеніміз жеке бұйрықтыңорындалуы деп білеміз. Шексіз орындалатын алгоритм нәтиже бермейді. Алгоритмнің бұл қасиеті, оның айналып орындала беру жағдайын (орысш. – зацикливание) алдыналуғабағытталған. Сондықтан шектілік қасиетін – алгоритмніңнәтижелілігідеп те айтады.
Оқу әдебиеттерінде алгоритмнің тағы екі: дискіреттілікжәне
бірдейлік(жаппайлық) қасиеттерінің сипаттамалары кезігеді.
Алгоритмнің дискреттілікқасиеті мына жағдайды анықтайды: алгоритмнің бұйрықтары тізбекпен, бір бұйрықтың орындалуының аяқталуы және мына бұйрықтың басталусәттерідәлбелгіленеді. Алгоритмнің бірдейлікқасиеті алғашқы деректердіенгізужағынанәмбебаптығынайқындайды. Яғни, алғашқы деректердің мәндерінөзертеберумүмкіндігі бар, типі белгілі қандай да бір есептер тобынажазылған алгоритм.