Г. И. Бейсенова


Алгоритм ұғымын енгізу әдістемесі



бет77/111
Дата04.11.2022
өлшемі2,71 Mb.
#47479
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   111

1.Алгоритм ұғымын енгізу әдістемесі


Қарастырылатын сұрақтар:

    • алгоритмнің анықтамасы;

    • алгоритмнің қасиеттері;

    • алгоритмді сипаттау тәсілдері;

    • алгоритмдік тілдің жалпы ережелері.

Алгоритмнің анықтамасы. Алгоритм – берілген деректерден ізделетін нәтижеге әкелетін, орындаушыға түсінікті және анық шектеулі бұйрықтардың тізбегін орындау нұсқамасы.
Бұл анықтамада алгоритмнің негізгі ұғымдары және оның басты қасиеттері айтылған. 5.1-суретте [26,42] ұғымдардың өзара байланысы бейнеленген.
Бұл жүйеде алгоритмді ОРЫНДАУШЫ түйінді объект болып табылады. Орындаушы айқындалған әрекеттер жиынын орындауды білетін объект (автомат немесе робот) немесе субъект (адам).




    1. -сурет. Алгоритмді орындаушының жұмыс істеу сызбасы




Алгоритмді

Басқару жағынан,

орындаушының

негізгі

сипаттамасы,

ол орындаушының

бұйрықтар

жүйесі.

Орындаушының бұйрықтар жүйесі (ОБЖ) орындаушының атқара алатын шектеулі бұйрықтар жиынтығы. Әр алгоритм орындаушының бұйрықтар жүйесінің мүмкіндіктерін ескере құрылуы керек.
Алгоритмнің бұйрықтарын бұлжытпай бірінен кейін бірін формалды орындау – орындаушының негізгі жұмысы. Яғни, алгоритмнің формалды орындалуы орындаушы есептің мағнасын білмесе де, дайын алгоритмнің бұйрықтарын бұлжытпай бірінен кейін бірін орындап, сол есептің нәтижесін шығару.
Алгоритмнің қасиеттері. Қойылған есепті шешу үшін орындаушы кірісінде алгоритімді және деректерді алады, ал шығысында керек нәтижелер алынады. Алгоритмге тек ОБЖ-ға жататын бұйрықтар кіреді. Бұл талапты – алгоритмнің түсініктілік қасиеті деп атайды. Сонымен, алгоритмнің түсініктілігі – бұйрықтар жүйесі арқылы жазылған алгоритмді, орындаушының түсініп, орындай алатындығы.
Алгоритмнің басқа қасиеті, ол – дәлдік (анықтылық). Алгоритмнің кез келген бұйрықтары және олардың орындалу реті, орындаушы үшін тек бір мағыналық, бір мәндік түсінік беруге тиіс. Алгоритмнің орындалу үрдісінде ешқандай еркіндікке жол берілмеуі керек. Мысалы, орындаушы-аспазшы үшін аспаздық рецепті тағам дайындау алгоритмі деп қарастырайық. Әйтсе де, рецептің бір пунктінде: «Бірнеше қасық қант салу керек» – деп жазылса, онда ол, бұйрық анық емес. Неше қасық? Қандай қасық (шәй немесе ас қасық)? Әр аспазшы өзінше түсінуі мүмкін, сондықтан нәтиже әртүрлі болады. Дәл бұйрықтың мысалы былай болуы керек: «2 ас қасық қант салу».
Алгоритмнің тағы бір қасиеті, алгоритмнің анықтамасында көрсетілген – шектілік (нәтижелілік). Ол былай тұжырымдалады: саны шектелген қадамдардан соң, ізделіп отырған нәтиже алынады, демек алгоритмнің орындалуы аяқталады. Мұнда, қадам дегеніміз жеке бұйрықтың орындалуы деп білеміз. Шексіз орындалатын алгоритм нәтиже бермейді. Алгоритмнің бұл қасиеті, оның айналып орындала беру жағдайын (орысш. – зацикливание) алдын алуға бағытталған. Сондықтан шектілік қасиетін – алгоритмнің нәтижелілігі деп те айтады.
Оқу әдебиеттерінде алгоритмнің тағы екі: дискіреттілік және
бірдейлік (жаппайлық) қасиеттерінің сипаттамалары кезігеді.
Алгоритмнің дискреттілік қасиеті мына жағдайды анықтайды: алгоритмнің бұйрықтары тізбекпен, бір бұйрықтың орындалуының аяқталуы және мына бұйрықтың басталу сәттері дәл белгіленеді.
Алгоритмнің бірдейлік қасиеті алғашқы деректерді енгізу жағынан әмбебаптығын айқындайды. Яғни, алғашқы деректердің мәндерін өзерте беру мүмкіндігі бар, типі белгілі қандай да бір есептер тобына жазылған алгоритм.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет