Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы



Pdf көрінісі
бет195/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   250
106-cypem .
Желбезекаяқты шаянтәрізділер: A - желбезекаяқты шаян (Branchipus 
stagnalis), аталығы; 1 - антеннула, 2 - антенна, 3 - бас өсіндісі

- фасеттік көзі,
5 - бауыр өсіндісі, 6 - максиллярлық без, 7 - кеуде аяқтары, 8 - аталық тұқым безі, 
9 - айырша (furca), 10 - жүрек, 11 - ортаңғы ішек; Б - Artemia salina; 1 - антеннула, 
2 - антенна; В - көктемгі қалқанша шаян (Lepidurus apus) арқа жағынан;
Г - кәдімгі қалқанша шаян (Triops cancriformis) құрсақ жағынан
299


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Қалқанды шаяндар отряд тармағы - Notostraca
Карапаксы жалпақ шатыртәрізді қалқанша түрінде дамып, 
баскеуде бөлімін түгел жапқан. Антеннула мен антенналары өте 
қысқа, мандибулалары айырықша үшкірленген. Кеудесі көп (40-қа 
дейін) сегментті, алдыңғы 10 сегменттерінің әрқайсысында жұп 
аяқтары болады және олардың бірінші және екінші жұбының сезімтал 
қызметін атқаратын ұзын жіптәрізді өсінділері бар. Қалған кеуде 
сегменттерінің (11-шіден бастап) әрқайсысында 4-6 жұп аяқтары 
болады. Бұндай таңқалдырарлық ерекшелік басқа буынаяқтыларда 
кездеспейді. Сонымен, кеуде аяқтарының жалпы саны 70-ке дейін. 
Құрсағында аяқтары жоқ, соңғы сегменті жақсы дамыған екі ұзын 
сезімтал талшықтары бар айыршамен аяқталады.
Қалқандылар су түбін қопарып, су ластанған кезде, оның ішіндегі 
детрит кесектерімен және ұсақ жануарлармен қоректенеді. Қорек 
барлық аяқтарының шайнағыш өсінділерінің көмегімен ұсталынып, 
аяқтарының арасындағы құрсақ ойысшасы бойымен ауызға қарай 
тасымалданады. Қалқандылар партеногенез жолымен көбейеді: 
популяциядағы 1000 аналығына ең көп дегенде 10 аталығы сәйкес 
келеді. Қалқандылар ұсақ, жақсы жылынатын тұщы су қоймаларында 
мекендейді және жиі аяқ астынан көп мөлшерде қатты жаңбырлардан 
кейін жиналған суларда дамып шығады. Жұмыртқалары желбезекаяқ- 
тылардікіндей, кебуге, тоңазуға төзімді және желмен ұшып таралады.
Notostraca-ныц 9 туысы белгілі. Негізгі өкілі: көктемгі щитень -
(Lepidurus apus), 12 мм-ге дейін өседі, өмір бойы жануар 17 рет
тулейді. Кәдімгі щитенъ -(Triops cancrifomis), ірі - 7, 5 см-ге дейін
жетеді (106-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет