Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы



Pdf көрінісі
бет2/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   250
4306020000
Д 00(05)-04
ISBN 9965-9515-0-0
© Дәуітбаева К.Ә., 2004.
© Қазақстан жоғары оку орындарыиы ц 
кауымдастыгы, 2004


АЛҒЫ СӨЗ
Табиғат байлықтарының бірі жануарлар әлемі, ал жануарларды 
зерттейтін ғылым зоология. Зоология қарқынды дамып келе жатқан 
және биологияның негізін қалайтын гылым, себебі жануарлар 
биологиялық ғылыми зерттеулердің әрқашанда қажетті объектісі 
болып келеді. Жануарлар әлемінің алуан түрлілігін, олардың құ- 
рылысы мен тіршілік әрекетін, дамуын, өзінің қоршаған ортамен 
қарым-қатынасын, шығу тегін зерттей отырып, органикалық дүниенің 
жеке және тарихи даму зандылықтарын да тануға болады. Жануарлар 
әлемінің табиғаттағы, адам өміріндегі, халық шаруашылыгындағы 
маңызы зор екені жалпыға мәлім.
Жануарлар дүниесін, олардың құрылымы және даму ерекше- 
ліктеріне, әр түрлі зерттеу әдістеріне қарай үлкен екі топқа омырт- 
қалылар мен омыртқасыздарға бөлу ертеден қалыптасқан. Омыртқа- 
лылар зоологиясын хордалылар зоологиясы деп те атайды. Бұл пән 
жануарлар әлеміндегі 23 типтің ішіндегі бір ғана типін хордалыларды 
(Chordata) қарастырады. Ал, қалған 22 типті қамтитын 
омыртқа- 
сыздар зоологиясы. Осы 22 типтердің ортақ біркелкі құрылысы 
болмағандықтан омыртқасыздар зоологиясының өзіндік қиындық- 
тары да аз емес.
Еліміздің егемендік алуы және қазақ тілінің мемлекеттік тілге 
айналуы жалғыз тіл мамандығына ғана емес, басқа да барлық ғылым 
мен техника саласындағы қызметкерлеріне үлкен міндет артып отыр. 
Бұл міндет, ең алдымен, өмірдің әр саласына сай жоғары дәрежелі 
мамандар даярлау жолындағы қиыншылықтармен байланысты. Қазақ 
тілін іс жүзінде мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеру, білікті мамандарды 
даярлау үшін ана тілімізде жазылған оқулықтардың қажеттілігі 
күннен күнге өсіп келеді. Алайда, өкінішке орай, омыртқасыздар 
зоологиясы пәнінен әлі күнге дейін қазақ тілінде жарық көрген 
оқулықтар өте аз, жоқ десе де болады.
Осы жағдайларды ескере отырып орыс тілінде жазылған
3


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
“Руководство по зоологии” 1937, 1940, 1951, В. А. Догельдің “Зооло­
гия беспозвоночных” 1981, Д. М. Федотовтың “Эволюция и филоге­
ния беспозвоночных животных” 1966 кітаптарын және басқа да Ресей, 
Қазақстан ғалымдарының еңбектері мен ғылымның соңғы жетіс- 
тіктерін басшылыққа алып, автор ұзақ жылдар бойы (1961-2002) 
омыртқасыздар зоологиясы курсы бойынша оқыған лекцияларын 
жинақтап, іріктеп, сабақ өткізу тәжірибелерін сыннан өткізіп, тиімді 
формаларын пайдаланып оқулығын оқырмандарға ұсынып отыр.
Оқулықта омыртқасыз жануарлар әлеміндегі 22 типтің әрқай- 
сысына систематикасымен қатар құрылым ерекшеліктері, биология- 
сы, көбеюі мен дамуы, экологиясы, таралуы, тсориялық және 
практикалық маңызы сипатталып жазылған. Сонымен бірге, ғалым- 
дардың зоология ғылымына арналған еңбектері де қамтылып, жануар­
лар типтерінің палеонтологиясы мен филогениясы да баяндалған. 
Қазақстанда кездесетін омыртқасыз жануарлар түрлеріне, өсімдік 
зиянкестеріне, паразиттік тіршілік ететін түрлеріне талдау жаса- 
лынды. Жануарлардың систематикасы негізінен жоғарыда аталған 
В. А. Догельдің “Зоология беспозвоночных” кітабынан, ал суреттер 
В. А. Догельдің және басқа да авторлардың оқулықтарынан алынған.
Қарапайымдылардың систематикасын жасауда (Levine et.al., 
1980) Халықаралық комитеті Protozoa патшалық тармағын 5, 7 немесе 
9 типтерге жіктейді. Мысалы, бұрынғы Sporozoa типі қазір 4 типке 
бөлінген. Asthetosporidia мен Labyrinthomorpha жаңа типтері қосыл- 
ды. Жеке типтер шеңберінде де қатты өзгерістер болып жатыр. Қара- 
пайымдылар жүйесі орнығып болмағандықтан біз В. А. Догельдің. 
“Зоология беспозвоночных” (1981) атты оқулығында берілген жүйені 
пайдаландық. Қарапайымдылар жүйесімен тереңірек танысқысы 
келетіндерге К. Хаусманның “Протозоология” (1988) атты оқулығын 
ұсынамыз.
Ұсынылып отырған оқулық университеттер мен педагогикалық, 
ауыл шаруашылық, медициналық, мал дәрігерлік, агрономиялық, 
зоотехникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне, ғылыми 
қызметкерлеріне, магистранттарына және биология саласының 
мамандарына арналған.
Омыртқасыздар зоологиясы оқулықтарға қойылатын талаптарга 
және мемлекеттік университеттерге арналған қазіргі типтік бағ- 
дарламасына сай жазылды. Оның үстіне бұл оқулыққа бұрынғы орыс 
тілінде шыққан оқулықтарға кірмеген жаңа мәліметтер енді. 
Оқулықты жазу барысында мүмкіндігінше жүйелік, үйлесімділік,
4


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
нақтылық принциптерін сақтай отырып дәйекті түрде баяндалуына 
және студенттерге ұғынықты болуына үлкен мән берілді.
Оқулық кіріспеден, 2 бөлімнен, 4 тараудан құралған, омыртқасыз 
жануарлардың 22 типі деңгейлік жүйемен орналасқан.
Оқулық екі кітаптан тұрады.
Бірінші кітапта омыртқасыз жануарлардың 15 типі қарас- 
тырылған: саркомастигофора 
Sarcomastigophora, споралылар 
Sporozoa, книдоспоридиялар 
Cnidosporidia, микроспоридиялар 
Microsporidia, кірпікшелілер 
Сііорһога, тақталылар 
Placozoa, 
губкалар - Spongia, 
ішекқуыстылар 
Coelenterata, ескектілер 
Ctenophora, жалпақ құрттар Plathelminthes, немертиндер Nemertini, 
жұмыр құрттар - Nemathelminthes, скребнилер 
Acanthocephales, 
буылтық құрттар Annelida, буынаяқтылар Arthropoda (кластары: 
шаянтәрізділер, трилобиттер, семсерқұйрықтылар, алып калқанша- 
лылар, өрмекшітәрізділер, көпаяқтылар).
Екінші кітапта омыртқасыз жануарлардың 8 типі қарастырылған: 
буынаяқтылар -Arthropoda (насекомдар немесе алтыаяқтылар класы), 
онихофоралар 
Опусһорһога, моллюскалар 
Mollusca, қарма- 
лауыштылар - Tentaculata, тікентерілілер - Echinodermata, погоно- 
форалар - Pogonophora, қылтанжақтылар Chaetognatha, жартылай 
хордалылар 
Hemichordata және жануарлар әлемінің фило- 
генетикалық дамуының негізгі сатылары көрсетілгсн.
Кітаптың соңында омыртқасыздар зоологиясында кездесетін 
ғылыми терминдердің қысқаша түсіндірме сөздігі және термин 
аталымдарының алфавиттік көрсеткіші беріліп отыр.
Үсынылып отырған еңбектің кемшіліктері жоқ деуден аулақпыз, 
сондықтан да оқырмандар тарапынан ұсыныс-пікір білдіреміз 
деушілерге, автор ризалық білдіріп, ілтипатпен қарсы алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет