Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


Бақалшақты жапырақаяқты шаяндар отряд тармағы



Pdf көрінісі
бет196/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   250
Бақалшақты жапырақаяқты шаяндар отряд тармағы
Conchostraca
¥зындығы 30 мм-ге дейін, ұсақ шаянтәрізділер. Карапаксы 
денесін толық жауып тұратын қосжақтаулы бақалшағы түрінде 
дамыған. Бақалшақтың жақтауы жануар денесімен ІІ-ші максилла 
сегментінің аймағында жалғасады және тұйықтағыш бұлшықеттері 
де дәл осы жерде орналасқан. Антеннулалары қысқа, антенналалары 
ұзын, екі бұтақты. Кеудесі 10-32 сегментті, әрқайсысында екі 
бұтақты аяқтары бар. Құрсағы рудиментті, екі тырнақшаларымен 
аяқталады.
300


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Conchostraca-ның 150-ге жуық түрі бар, көбінесе үсақ тұщы су, 
кеуіп бара жатқан су қоймаларында мекендейді. Нашар жүзеді, 
сондықтан шөгінділерде көміліп тіршілік етеді. Негізінен табиғатта 
аналықтары да, аталықтары да кездеседі, бірақ Limnadiidae тұқым- 
дасының барлық түрлерінде, мысалы Limnadia lacustris-тің тек пар- 
теногенетикалық аналықтары ғана белгілі. Жұмыртқалары аналығы- 
ның арқа жағында, бақалшақтың арасында орналасады, қалың 
қабықпен қапталынған, кеуіп кету мен тоңазуға төзімді.
Бұтақмұртты шаяндар немесе су бүргелері отряд тармағы -
Cladocera
400-ге жуык түрі бар, ұзындығы 1-5 мм, шалшықтардан бастап 
ірі көлдерге шейін барлық суларда және кейбіреулері теңіздерде 
тіршілік ететін планктонды ұсақ шаянтәрізділер. Басым көпшілігінің 
денесі қосжақтаулы, мөлдір, жұқа карапакс қабатымен (бақалшақ- 
пен) жабылған. Антеннулалары қысқа, ал антенналалары ұзын, екі 
бұтақты, көптеген қылқандармен жабдықталған, жылжу мүшенің 
қызметін аткарады, осылар арқылы суда секіріп қозғалады (су бүрге- 
лері деп атауы да осыдан). Басында науплиус көзі мен күрделі көзде- 
рінің қосылуы нәтижесінде пайда болған үлкен фасеттік көзі болады 
(107-сурет). Кеудесі қатты қысқарған 4-6 сегменттерден ғана тұра- 
ды. Кеуде аяқтары жапырақ тәрізді, көптеген қылқандармен жабдық- 
талған, олар сүзгінің ең басты бөлімі (қорегін судан сүзіп алатын), 
әрбір аяқтарында арнайы тыныс алу мүшелері 
желбезек қалақ- 
шалары бар. Daphnia туысына жататын түрлерінің аяқтары бір 
минутта 300-ге дейін ырғақты тербеліс жасайды және жануар сол 
аяқтарымен тыныс алады және ұсақ қорегін ұстап алады. Құрсағы 
буындалмаған, алға қарай бүгілген 2 тырнақша тәрізді тікенекпен 
көмкерілген. Детритпен, бактериялармен, бір клеткалы балдырлармен 
қоректенеді.
Негізгі туыстары:
Daphnia, Bosmina, Diaphanosoma, Leptodora 
т.б. Daphnia туысының 26 түрі бар, негізгі түрлері кәдімгі дафния 
Daphnia pulex, D.longispina.
Дафнияның басқа бұтақмұртты шаяндардан ерекшелігі даму 
жолында екі түрлі ұрпақтын алмасуы немесе гетерогония байқалады: 
партеногенетикалық және қос жынысты. Әдетте, көктемде қыстап 
шыққан жүмыртқадан партеногенетикалық аналықтары шығып, олар 
ұрықтанбай келесі партеногенетикалық аналықтарының бірнеше


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет