ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
125-cypem .
Қарақұрт-Latrodectus tredecimguttatus, жоғарыда аналығы мен аталығы,
төменде пілләсін қорғап тұрған аналығы
бар. Солардың қатарына Орта Азия мен Қазақстанның шөл және
шөлейт аймақтарында кездесетін қарақүрт (Latrodectus tredecimgut
tatus) және бүйі (Lycosa singoriensis тарантул) жатады. Қарақұрт
ауылшаруашылық малдарға және адамға ерекше қауіпті улы өрмекші.
Аналығының ұзындығы 10-20 мм, аталығы 4-7 мм (125-сурет). Түсі
қара, құрсағының үстіңгі жағында қызыл түсті 13 дақтары болады.
Аталықтардың қызыл дақтары ақ шеңбермен жиектелген және
34 7
ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
құрсағы жіңішке болады. Қарақұрттың жерлерде, бос алаңқайларда,
арық жағалауында мекендейді, ұясын жер бетіне, шөп арасына,
шұңқыршаларға жасайды. Қорегін аулайтын торды құрып, насеком-
дармен, өрмекшітәрізділермен қоректенеді және ұясындағы торга
пілләсін жабыстырып оларды қорғап тұрады. Улы бездерінің ұшы
хелицераларының түбінде ашылады. Уы улы жыланның уынан 15
есе күшті. Қарақұрттың уынан жылқы, сиыр, түйе өліп кетуі мүмкін.
Адамға да қарақұрттың уы өте қауіпті. Қарақұрт шаққан жерде
кішкене қызыл дақ пайда болады да, тез жойылып кетеді. 10-15
минуттан соң сол жер қатты ауырып, оған қоса іш, бел, көкірек ауы-
рады, аяқ ұйып, бас айналып, лоқсу, дірілдеу белгілері пайда болады.
Науқас 3-5 күндей ауыр халде болады. Дәрігерлік жәрдем көрсетіл-
месе адам өліп кетуі де мүмкін. Қарақұрттың уы тек қой мен ешкіге
эсер етпейді, олар тіпті қарақұртты шөппен бірге жейді.
Бүйі
улы өрмекшінің бірі, бірақ олардың шаққаны ара шақ-
қандай эсер етеді және қарақұрттың уынан күшті емес. Үзындығы
25-30 см, реңі құбылмалы - қоңыр, қара, қызыл-сары, кейде қошқыл
түсті. Ылғалды топырақта тік етіп, тереңдігі 50-70 см-ге дейін ін
қазады. Күңдіз інде жасырынып, түңде насекомдарды аулауға шыға-
ды. Қысқа қарай, бұрынғы інін терендетіп, сол інде қыстап шығады.
Достарыңызбен бөлісу: