ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
дамуы көп жағдайда метаморфоз (грекше metamorphosis
кенет
өзгеруі) жолымен жүреді, ол әр алуан.
Кеңірдектыныстылар тип тармағы екі класқа бөлінеді: көпаяқты-
лар
Myriapoda және насекомдар - Insecta немесе алтыаяқтылар
Hexapoda.
К Ө П А Я Қ Т Ы Л А Р К Л А С Ы - M Y R I A P O D A
Көпаяқтылардың 53000-нан астам түрі бар,
басым көпшілігі
құрлықта (ағаштардың, тастардың астында) тіршілік етеді, ұзындығы
1-3 мм-ден 28 см-ге дейін (тропикалық Graphidostreptus gigas), дене
сегменттерінің әрқайсысында жұп немесе екі жұп аяқтары
орналасқан,
олардың саны әр алуан, кейде 177 жұпқа дейін (кластың
аты да осыдан).
Көпаяқтылар класы торт класс тармағына бөлінеді: симфилалар
Symphyla, пауроподалар - Pauropoda, ерінаяқтылар
Chilopoda,
қосжұпаяқтылар
Diplopoda.
Құрылысы мен физиологиясы.
Көпаяқтылардың
құрт тәрізді
созылған денесі екі бөлімді: бас және тұлға. Бас бөлімі тұлғасынан
айқын ажыраған, оның құрамында акрон және оған біріккен 4 сегмент
(симфилаларда
Symphyla, ерінаяқтыларда
Chilopoda) немесе 3
сегменті (пауроподалыларда
Pauropoda, қосжұпаяқтыларда
Diplopoda) бар. Кейде соңғы сегменті “мойын” сегменті деп аталады.
Бас құрылысының бұл ерекшелігі
көпаяқтылардың белгілі бір
қарапайымдылығының көрінісі. Акронда бір жұп мұртшалары немесе
антенналары және жұп фасеттік көздері орналасқан. Мұртшалары
кейбір шаянтәрізділердің антеннулаларына сәйкес ұзын,
көп буынды,
бір бұтақты, басым көпшілігінде жіп тәріздес, иіс және сипап сезу
қызметін атқарады.
'
^
Акронға бірігіп қосылған 3 немесе 4 сегменттердің аяқтары, қо-
регін ұстау, ұсақтау, шайнау қызметіне
байланысты ауыз-жақ аппа-
ратына айналған. Бірінші интеркалярлы (ендірме) деп аталатын
сегментінің аяқтары жойылған, екінші мандибулярлы сегменттің
аяқтары үстіңгі
жақ немесе мандибула, ішкі жағы тісшеленіп келген,
қатты тақта тәрізді үшінші және төртінші сегменттерінің аяқтары
астыңғы жақ және астыңғы ерін тақталарын немесе максилла I,
максилла ІІ-ні түзейді (128-сурет). Максиллалар үш буынды: негізгі,
қалақша бөлігі және
буындалған жақ қалақшалары, кейбір жағдайда
Достарыңызбен бөлісу: