Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы



Pdf көрінісі
бет239/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   250
Байланысты:
Жануар кітап

Костянкалар 
отрядының өкілдері сколопендраларға ұқсас, тек 
аяқтары ұзын, дене сегменттері 19 (бас сегменттерін қосқанда), 
ұзындығы 2-5 см, жүру аяқтарының саны 
15 жұп. Аналықтарында 
жыныс (гоноподия) аяқтары бар. Мұртшалары ұзын, жіп тәрізді, 
көпбуынды. Көздері басының бүйірінде орналасып 40-қа жуық қара- 
пайым көзшелерден құралған. Түнгі жануарлар, күндіз бұталардың, 
жапырақтардың, тастардың астында жасырынып жатады. ¥рық- 
тануы кезінде аталықтары өрмек жіпшелерін керіп, соған спермато- 
фораларын жабыстырады. Аталығының соңынан еріп келген аналығы 
гоноподия аяқтарының көмегімен сперматофораларды жыныс 
тесігіне ендіреді. Ұрықтанған жұмыртқаларын денесімен орап алып, 
қоректенбей жұмыртқаларын жауынан және инфекциялық бакте- 
риялардан қорғап жатады. Жұмыртқадан шыққан ұрпағының аяқтары 
7 жұп, түлеу арқылы өсе келе сегменттері және аяқтары толық- 
тырылады. 800-ге жуық түрі бар, барлық аймақтарда (шел дала мен
3 6 6


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
солтүстіктегі ормансыз мүк басқан даладан басқа) кездеседі. Негізгі 
өкілі 
кәдімгі костянка (Lithobius forficatus) ұзындығы 25 мм, 
бұталардың, жапырақтардың, тастардың астында, тұрғын үйлерде 
де кездеседі (ылғалды жерлерде). Үсақ насекомдармен, кішірек 
жауын құрттарымен қоректенеді. Шаққан уы омыртқасыз жануар- 
ларға өте қауіпті (130-сурет).
Скутигера немесе шыбынұстагыштар 
отрядының өкілдерінің 
мекені көп жағдайда құрлықта, құрғақ жерлерде. Үзындығы 
15 мм- 
ден 35 мм-ге дейін. 15 жұп жүру аяқтары ұзын, жіңішке, табаны 
көпбуынды болып келеді. Құрғақ жерлерде тіршілік етуіне байла- 
нысты олардың эпикутикула қабаты жақсы дамыған және трахея 
жүйесіне ауа қапшықтары жалғасады. Көздері көптеген майда 
көзшелерден құралып, насекомдардың фасеттік көздеріне ұқсас. 300- 
ге жуық түрі бар. Негізгі өкілі 
Scutigera coleoptrata, ұзындығы 16- 
26 мм, Кавказда, Қырымда, Жерорта теңіз аймақтарында кең тараған, 
біздің елімізде де кездеседі. Жапырақтардың арасында, тастардың 
астында, тұрғын үйлерде мекендейді. Кешкірім шыбындарды, 
масаларды ұстауға шығады (осыдан да шыбынұстағыш деп атаған). 
Көбею 
кезінде 
аталықтары сперматофораларын жерге жабыстырады, 
аналықтары оларды жыныс тесігімен жинап жұмыртқаларын 
ұрықтандырады да, бір-бірден сыртқа шығарады. Личинкалары ере- 
сек формаларына ұқсас, тек соңғы сегменттері (аяқтарымен) жетіс- 
пеген. Бірнеше түлеу арқылы сегменттерін жетілдіріп, ересек 
түрлеріне айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет