ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Ac қорыту жүйесі алдыңғы және түйық бітетін ортаңғы ішектен
түрады. Ауызы тек қана қоректі жұту емес, сонымен қатар қорытыл-
маған қатты қалдықтарды шығарудың жолы. Турбелляриялар әр түрлі
ұсақ жәндіктерді қорек ететін жыртқыштар. Ауызы дененің құрсақ
бөлігінде орналасқан: ол дененің алдыңғы бөліміне жақынырақ, кур-
сак бөлімінің ортасында немесе артқы бөлімінде орналасуы да мүмкін.
Ауыз қуысы эктодермальды жұтқыншақпен, ал ол ортаңғы ішек-
пен байланысады. Кейбір турбеллярилердің (Tricladida және
Polycladida отрядтарында) ауыз қуысы жүтқыншаққа емес, сыртқы
жамылғыларының иілуінен түзілген жұтқыншақтық қалтаға ашылады,
ал оның түбінен бұлшықетті жүтқыншақ басталады. Ол түтік тәрізді,
қоректі алу үшін ауыз арқылы сыртқа созылып шыға аладьі.
Турбеллярия класында энтодермалық ортаңғы ішек әр түрлі
формаларында әр түрлі құрылған. ¥сақ турбелляриде (Rhabdocoela,
Macrostomida отрядтарында) ол қапшык немесе бітелген түтік
пішіндес. Ірі формаларында ішек тарамдалған. Көп тарамдыларда
жұтқыншақ қарынға, одан дененің жан-жағына тұйық тармақтармен
аяқталатын ортаңғы ішекке жалғасады (Polycladida отряды). Үш
тарамдыларда (Tricladida отряды) жұтқыншақтан ішектің бірден үш
негізгі тарамдары басталады: біреуі алға, екеуі иіліп артқа қарай
бағытталады. Бұл тармақтардың әрбіреуінен тағы да бірнеше
қатарлы тұйықталған тармақшалар шығады (52, Б-сурет). Аналь тесігі
болмағандықтан қалдық заттар ауызы арқылы сыртқа шығарылады.
Ұзындығы бірнеше миллиметрден аспайтын ұсақ турбелляридің
борпылдақ дәнекер тканьдері арқылы қорытылған ас денеге тарайды.
Ішексіз турбеллярилерде (Асоеіа отряды) ортаңғы ішегі жок-
Олардың жұткыншағы паренхималық клеткаларымен ұштасқан (ас
қорыту клеткалар тобымен). Солардың ішінде ас қорытылып, бойына
сіңеді де, қорытылмаған зат ауызы арқылы сыртқа шығарылады.
Достарыңызбен бөлісу: