ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Coelomata тобына буылтық құрттардан (Annelida) бастап қалған
типтердің барлығы жатады. Бұларда целом деп аталатын дененің
екінші реттік қуысы болады. Бұл қуыс мезодермадан пайда болған
ерекше (перитонеальды) эпителимен астарланған. Перитонеальды
эпителий бір жағынан теріге жабысады, бұл соматикалық (парие-
тальдық) перде немесе соматоплевра, екінші жағынан ішекке жабы-
сады
бұл висцеральдық перде немесе спланхноплевра. Сома-
топлеврадан дене қабатының бұлшықеттері, ал спланхноплеврадан
ішекті, ішкі мүшелерді қоршап жатқан бұлшықеттері пайда
болады.
Алғашқы реттік ауыздылар
Protostomia тобындағы жануар-
лардың эмбриондық даму кезінде ұрықтың бластопора тесігі бірден
ауызға айналады және мезодерма қабаты телобластикалық жолымен
дамиды, яғни эктодерма және энтодерма қабаттарының аралығында
бластопора жанында телобласт деп аталатын екі ірі клетка жекеленіп
шығады да, солардың бөлінуі нәтижесінде мезодерма қабаты дамиды.
Protostomia тобына жалпақ құрттар, немертиндер, жұмыр құрттар,
скребнилер, буылтық құрттар, буынаяқтылар, онихофоралар, мол-
люскалар типтері жатады. Қалған типтер екінші реттік ауыздылар
Deuterostomia тобын құрайды. Бұларда ұрықтың бластопора тесігі
бірден аналь тесігіне айналады да, ауызы кейін пайда болады.
Ауызының пайда болуы бластопораға байланысты емес. Мезодерма
қабаты энтероцельдік жолымен дамиды, яғни мезодерманың бас-
тамасы гаструланың энтодерма қабатынан домалақтанып, сомиггарға
айналып бөлініп шығады. Билатеральды симметрияның және
мезодерманың жетілуі жануарлар құрылысының күрделіленуіне, әр
түрлі тіршілік жағдайларына бейімделуіне және жер бетінін
күрделірек жағдайында қаулап дамып кетуіне себеп болды.
Достарыңызбен бөлісу: