Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


Қабыршақты амебалар отряды - Testacea



Pdf көрінісі
бет16/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   250
Байланысты:
Жануар кітап

Қабыршақты амебалар отряды - Testacea
Қабыршақты амебалардың құрылысы кәдімгі амебалардың 
құрылысына өте ұқсас, негізгі айырмашылығы олардың денесі бір 
камералы қабыршақпен немесе сауытпен қапталынған. Қабыр- 
шақтары органикалық заттан не қоймалжың заттан құралған, бұған 
майда қиыршық құм, тағы басқа бөгде заттар жабысып тұрақты 
формасын жасайды (қапшықтәрізді, табақшатәрізді т. б. пішінді). 
Қабыршақтың устье деп аталатын арнайы тесігі болады, псевдопо- 
диялардың шығуына арналған. Псевдоподиялары арқылы қозғалады 
және қоректік заттарын жинап алады. Жыныссыз жолмен көбейеді. 
Пайда болған екі клетканың біреуі устье арқылы сыртқа шығып 
жаңадан қабыршақ түзейді.
Қабыршақты амебаларға: арцелла Агсеііа, диффлюгия Difflugia 
(3-сурет) туыстарының өкілдері жатады. Бұлар тұщы суларда (судың 
түбіндегі шөгінділердің бетіне қоныстанады), батпақтарда, ылғалды 
мүктерде жиі кездеседі.
Фораминифералар отряды - Foraminifera
Фораминифералар отрядына теңізде тіршілік ететін 4000-нан аса 
түрлері жатады. Бұлардың дене құрылысы амебалардың құрылысына 
өте ұқсас, негізгі айырмашылығы денесі сыртынан көп камералы 
қабыршақпен немесе сауытпен қапталынған. Қабыршағы алғашқы 
кезде бір камералы болып келеді, бұл камераны ұрық камерасы деп 
атайды. Содан кейін цитоплазманың бір бөлігі қабыршақтың тесігі
зо


ОМЫРТҚА СЫЗДА Р ЗООЛОГИ Ж 'Ы
З-cypem.
Қабыршақты амебалар және^юраминифера;
A - Arcella vulgaris; Б - Difflugia pyriformis; В - фораминифера Globotruncana area
1 - қабыршағы, 2 - жалған аяғы, 3 - камера
арқылы сыртқа шығып, оның сыртында жаңа қабыршақ пайда болып, 
сөйтіп екінші, үшінші, көптеген камералары түзіледі (3-сурет). Көп 
камералы қабыршақтың ішінде тек қана бір клеткалы қарапайым 
орналасады.
Камералар бір-бірімен тесік арқылы байланысады. Қабыршақ- 
тары ұзын қапшықтәрізді, бұтақ, түтік, спиральтәрізді болып келеді. 
Фораминифералардың қабыршақтары эктоплазмадан бөлінген қалың 
органикалық заттан псевдохитиннен құралған. Оеы органикалық 
затқа көмірқышқыл ізбесті сіңген, сондықтан қабыршақтары жеңіл 
және берііс болып келеді. Кейбір түрлерінде қабыршақтың органи- 
калық затына майда қиыршық құм жабысқан, бұлардың қабыршақ- 
тары үлкен, ауыр болып келеді (мысалы, Hyperammina, Rhabdammina, 
Astrorhiza туыстарында).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет