Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


Жақты сүліктер отряды - Gnathobdellida



Pdf көрінісі
бет173/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   250
Жақты сүліктер отряды - Gnathobdellida
Ауыз қуысындағы үш хитинді тістері тісті ара сияқты жақты 
құрайды. Еркін тіршілік ететін және паразитті формалар. Негізгі 
тұқымдастары: Gnathobdellidae, Herpobdellidae.
Жақты сүліктер (Gnathobdellidae) тұқымдасының негізгі өкілі 
медициналық сүлік - Hirudo medicinalis. Қоғалы көлдерде, өзен 
қайырларында, тоспаларда, ағын суларда, Сырдария бойларында, 
Кавказ суларында өте көп. Ұзындығы 120-150 мм, алдыңғы және 
артқы сорғыштары жақсы жетілген (98, А-сурет). Омыртқалы жан- 
уарлардың қанымен қоректенеді.
265


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
98-cypem.
Сүліктер (Hirudinea): A - медициналық сүлік (Hirudo medicinalis);
Б - жалпақ сүлік (Glossiphonia); В - жалған жылқы сүлігі (Haemopis sanguisuga); 
Г - балық сүлігі (Piscicola geometra); Д - балық сүліктердің иесіне жабысуы
Медицинада кейбір ауруды сүлік салып емдеу әдісі ертеден бар. 
Мұны бделлотерапия дейді. Сүліктің 15-ке жуық түрі емге пайда- 
ланылады.
Медициналық сүлікті гипертония, склероз, инсульт, көз, тері ауру- 
ларын емдеуге қолданады. Сүліктің гирудин затынан дәрі-дәрмек 
жасайды.
Адамга және малға қауіпті сүліктердің бірі 
жылқы сүлігі 
(Limnatis nilotica). Ол сумей бірге жұтылып жұтқыншаққа, кеңірдекке 
жабысып, қанның тоқталмай ағуына себепкер болады. Ашхабадта, 
Самарқандта, Бұқарада кездеседі.
Қан сормайтын сүліктердің ішінде жалған жылқы сүлігі 
(Haemopis sanguisuga) барлық тұщы суларда кең тараған. Олар 
моллюскалармен, құрттармен, насекомдардың личинкаларымен 
қоректенетін жыртқыштар.
Haemadispa туысының өкілдері құрлықта тіршілік етіп, адамның 
және сүтқоректілердің қанын сорады.
Жұтқыншақты сүліктер (Herpobdellidae) тұқымдасының өкілдері 
жыртқыштар 
ұсақ құрттармен, насекомдардың личинкаларымен 
қоректенеді. Үлкен, ұшқырлы жұтқыншағы болады. Артқы сорғышы 
дамымаған. Тұщы суларда жиі кездеседі. Қара теңіз, Каспий 
жағалауларында да мекендейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет