Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы



Pdf көрінісі
бет172/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   250
Классификациясы
Сүліктер класы екі класс тармағына бөлінеді: 
ежелгі немесе ертедегі сүліктер Archihirudinea және нағыз сүлік- 
тер - Euhirudinea.
ЕЖЕЛГІ СҮЛІКТЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ 
ARCHIHIRUDINEA
Денесінің алдыңғы сегменттерінде қылтандары бар. Целом 
метамерлі бөлшектерге бөлінген, қан айналу жүйесінің қан тамыр- 
лары жақсы жетілген. Бұған бір отряд жатады қылтанды сүліктер 
Acanthobdellida.
Қылтанды сүліктер отряды 
Acanthobdellida
Албырт (лосось) балықтарының сыртқы паразиттері, солтүстік 
өлке көлдерінде, Сібір және Камчаткада кездеседі. Бір ғана 
тұқымдасы (Acanthobdellidae) бар. Денесі 30 сегментті, ұзындығы 
30 мм, жуандығы 3 мм. Негізгі түрлері: Acanthobdella peledina және 
Acanthobdella livanovi.
НАҒЫЗ СҮЛІКТЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ - EUHIRUDINEA
Қылтандары жоқ. Целом қуысы редукцияланып лакуна, синус 
түрінде қалған. Қан жүйесі де редукцияланып, оның қызметін лакуна 
жүйесі атқарады. Бұларға екі отряд жатады: тұмсықты сүліктер 
Rhynchobdellida және жақты сүліктер - Gnathobdellida.
26 4


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Тұмсықты сүліктер отряды - Rhynchobdellida
Бұл отрядқа еркін жүзетін және паразиттік тіршілік ететін 
сүліктер жатады. Тұмсықтарының болуымен ерекше. Ол ауыздан 
уақытша сыртқа шығып қорегіне қадалуға қабілетгі. Branchellion 
туысының өкілдерінде желбезектері болады. Негізгі тұқымдастары: 
Ichthyobdellidae, Glossiphonidae.
Балық сүліктері - (Ichthyobdellidae) тұқымдасының өкілдері балық 
шаруашылығына көп зиян келтіреді. Бұлар теңіздерде, тұщы суларда 
кең тараған. Негізгі өкілдері: балық сүлігі - Piscicola geometra, сүйекті 
балықтардың желбезегіне жабысып қанын сорады. Үзындығы 20-50 
мм, алдыңғы сорғышы жақсы дамыған, диск тәрізді, денесінен айқын 
бөлініп тұрады (98,Г-сурет). Көл, өзен, тоспа суларда кездеседі. 
Pescicola caspica Каспий теңізінде мекендейтін, сүйекті және бекіре 
балықтардың паразиттері, ұзындығы 8 мм шамасында. 
Cystobranchys fasicatus 
жайынның, C.mammillatus 
налимнің 
паразиті. Trachelobdella turkestanica Орталық Азияда (Іле өзенін- 
де) кең тараған қаяз бен маринканың паразиті.
Жалпақ сүліктер (Glossiphonidae) тұқымдасының өкілдері әр 
түрлі омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың паразиттері. 
Protoclepsis туысының өкілдері құстардың жұтқыншағы мен 
кеңірдегінде паразиттік тіршілік етеді. Haementeria costata - тасба- 
қалардың, Batracobdella algira 
қосмекенділердің, Glossiphonia 
complanata - ұлулардың паразиттері.
Кейбір сүліктер өз ұрпағының дамуына қамқорлық жасайды. 
Жұмыртқаларын денесімен жауып немесе жас ұрпақтарын денесінде 
алып жүреді. Ондай түрлеріне Glossiphonia және Haementeria 
туыстары жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет