Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


ЖЕ Л БЕЗЕКТЫ НЫСТЫ Л АР ТИП ТАРМАҒЫ - BRANCHIATA



Pdf көрінісі
бет183/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   250
ЖЕ Л БЕЗЕКТЫ НЫСТЫ Л АР ТИП ТАРМАҒЫ - BRANCHIATA
Желбезектыныстылар суда тіршілік ететін, арғы тегімен тығыз 
филогенетикалық байланысы бар алғашқы буынаяқтылар. Желбезек- 
тері арқылы тыныс алады (тип тармақтың да аты осыдан). Олар, 
түрліше пішінді келген, аяқтарының түрі өзгерген эпиподит өсін- 
ділері.
Бас бөлімінде екі жұп мұртшалары бар, яғни антеннулалары мен 
антенналары немесе антенна 

және антенна 
II. 
Осыған байланысты 
тип тармақтың екінші атауы - қосантенналылар немесе диан- 
тенналылар - Diantennata. Осы тип тармағына бір ғана шаянтәрізділер 
класы - Crustacea жатады.
ШАЯНТӘРІЗДІЛЕР КЛАСЫ - CRUSTACEA
Шаянтәрізділердің 30000-ға жуық түрі белгілі, негізінен тұщы 
су қоймаларында, теңіздерде кең тараған. Олардың арасында бен- 
тосты (су түбінде мекендейтін), планктонды, паразитті және құрлықта 
тіршілік ететін түрлері бар. Құрлықта тіршілік ететін шаянтәрізділер 
ылғалды жерлерде, дымқыл ортада мекендейді және желбезекпен 
тыныс алады, осы белгілері оларды суда тіршілік ететін формалардан 
шыққандығын дәлелдейді.
Денелерінің ұзындығы 1-2 мм-ден 80 см-re дейін. Шаянтәрізділер 
басқа буынаяқтылардан аса айрықша белгілерімен ерекше. 
Біріншіден, оларда екі жұп мұртшалары: акронның өсінділері 
антеннулалары (antennula) және денесінің бірінші сегментінің түрі 
өзгерген аяқтары антенналары (antenna) болады. Соған орай оларды 
антенна 

және антенна 
II 
деп атайды. Екіншіден, тек шаянтәріз- 
ділерде ғана аяқтарының қарапайым екі бұтақты құрылысы сақтал- 
ған. Мұндай аяқ екі буыннан протоподит (protopodit) пен базиподит 
(basipodit) және екі буындалған бұтақтан экзоподит (exopodit) және 
эндоподиттен (endopodit) тұрады. Сонымен қатар, протоподитте 
тыныс алу қызметін атқаратын ерекше өсінділері преэпиподиттері 
(epipodit) бар (99-сурет). Бірақ, эволюция барысында аяқ құрылы- 
сының мұндай бастапқы типі елеулі өзгерістерге ұшырағандықтан 
аяқтары көбінесе бір бұтақты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет