Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы



Pdf көрінісі
бет186/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   250
Ac қорыту жүйесі 
жақсы жетілген. Ішегі тік немесе аздап иілген 
түтік түрінде болып, алдыңғы, ортаңғы және артқы ішектерден 
тұрады. Аналь тесігі тельсонның құрсақ бөлімінде орналасқан.
Ішектің алдыңғы және артқы бөлімдері сыртқы хитинді кутикула- 
ның жалғасымен қапталған, яғни эктодермальды. Түлеу кезінде осы 
кутикулалар да жаңарып ауыз және аналь тесігі арқылы түтік түрінде 
шығады. Жоғарғы сатыдағы шаянтәрізділердің (Decapoda отряды) 
алдыңғы ішегі кеңейіп қарынға айналған. Ол кардиальды немесе 
шайнағыш және пилорикалық бөлімдерге ажыраған. Қарынның 
кардиальды бөлімінің арқа және бүйір қабырғаларындағы кутикуласы 
қалындап, ізбест сіңген шеті үшкірленген үш күшті шайнағыш 
тақталарына айналған. Солар арқылы ас үгітіледі. Ал пилорикалық 
бөліміндегі жіңішке кутикулярлы өсінділер ұсақталған қоректік зат- 
тарды нығыздап (престеп) және сүзіп келесі ортаңғы ішекке шы- 
ғарады.
Ортаңғы ішегі түтік тәрізді, оның екі жақ бүйірінде төмпешіктері 
немесе өсінділері болады. Осы өсінділерден ас қорыту ферменттері 
бөлініп, сұйық ас ботқасы қорытылады. Бұларды бауыр қосалқысы 
деп те атайды. Олар түрлі дәрежеде тарамдалған немесе ұзын түтікті 
қапшық түрінде болады (Amphipoda және Isopoda отрядтарында). 
Өзен шаянының екі қалқанды бауыры әрбір жақтан ортаңғы ішекке 
ашылатын, бір өзекке құйылатын көптеген үсақ түтікшелерінен 
құралған. Бауыр сөлі ортаңғы ішектен шайнағыш қарынға барады.
285


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Шаяңдардың бауыр секреті органикалық заттарды: май, белок, 
көмірсуларды ыдыратады. Безді қызметінен басқа, шаяндардың 
бауыры фагоцитозға да қабілетті, яғни бауыр клеткалары ұсақ қорек- 
тік заттарды қармап алып клетка ішінде қорытады. Бауыр қосалқысы 
мен ортаңғы ішектің арасындағы корреляцияны, яғни өзара байла- 
нысты, тіпті тәуелділікті байқауға болады. Неғұрлым бауыр қосал- 
қысы нашар дамыса, солғұрлым ортаңғы ішек ұзынырақ болады және 
керісінше. Мысалы, өзен шаянының ортаңғы ішегі, бүкіл ішектің 
1/20 бөлігін ғана құрайды. Ортаңғы ішек артқы ішекке жалғасады, 
ол түзу түтік тәрізді, аналь тесігімен аяқталады (100, Б-сурет). Кейбір 
паразиттік тіршілік ететін шаяндарда, мысалы, Sacculina-ның ішегі 
толығымен жойылған.
Шаянтәрізділер әр түрлі ұсақ организмдермен және өсімдіктер 
мен жануарлардың қалдықтарымен қоректенеді.
Шаянтәрізділердің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет