Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы



Pdf көрінісі
бет192/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   250
Жыныс жүйесі. 
Шаянтәрізділер дара жыныстылар, тек паразит- 
тік өкілдерінде және тіркеліп тіршілік ететіндерде гермафродитизм 
кездеседі. Жыныс диморфизмі айқын. Аталықтарының антеннула- 
лары, не антенналары аналығын ұстайтын мүшелерге айналған. 
Құрсақ бөліміндегі аяқтары шағылыс мүшесіне айналып, түтік тәрізді 
(өзен шаянының 1 және 2 жұбы осындай) болады. Төменгі сатыдағы 
шаянтәрізділердің аталығы аналығынан едәуір кіші, тіпті ергежейлі 
аталықтары да кездеседі (Cirripedia отрядында).
Аталық пен аналық жыныс жүйесінің құрылысы ұқсас: жұп 
жыныс бездеріне жыныс өзектері (тұқым шығаратын жолдары) 
жалғасады да, олар жыныс тесігімен аяқталады.
Көп түрлерінде жыныс бездері толық не жартылай бірігіп, тақ 
болып келеді, бірақ жыныс өзектері әрқашанда жұп (105-сурет).
Аналықтарының тұқым шығаратын өзектері қысқа, түтік тәрізді, 
ішкі жагынан жұмыртқа қабықшасын түзейтін безді клеткаларымен 
астарланған. Кейбір түрлерінде тұқым қабылдағыштары болады. 
Олар жыныс тесігінің жанында орналасып, қабылдаған сперма-
292


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
105-cypem .
Шаянтәрізділердің жыныс жүйесі және личинкалары: I - жыныс жүйесінің 
құрылысы, A - аталығының; 1 - тұқым безі, 2 - тұқым шығарғыш жолы,
3 - жыныс тесігі; Б - аналығының; 1 - аналық без, 2 - жұмыртқа жолы, 3 - жыныс тесігі; 
II - личинкалары, 
А 
- науплиус; 1 - антенна, 2 - мандибула, 3 - антеннула,
4 - науплиус көзі, 5 - антеннальды без, 6 - ішек; Б - Зоеа; 1 - күрделі көзі,
2 - антеннула, 3 - антенна, 4,5 - жақаяқтары, 6 - кеуде аяқтарының бастамалары,
7 - құрсақ сегменттері, 8 - құрсақ аяғы
293


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
тозоидтарды жұмыртқаларының шығуына дейін сақтайды, содан 
кейін оларды ұрықтандырады.
Аталықтарының жыныс өзектері ұзын, иретілген, ұшы кеңейген, 
олардың да қабырғалары безді. Солардан бөлінетін қою, жабысқақ, 
тез қатайып қалатын секреттерінен сперматозоидтарды жинайтын 
сперматофора қапшықтары түзіледі. Сперматофораларды аталық- 
тары аналықтардың жыныс тесігінің жанына немесе құрсақ аяқта- 
рының арасына жабыстырып қояды. Жұмыртқалардың ұрықтануы 
сырттай өтеді. Жұмыртқа салар алдында аналығы жыныс тесігінен 
немесе құрсақ аяқтарының түбінен ерекше секрет шығарады, ол 
сперматофораларды ерітіп, босап шыққан сперматозоидтар жұмырт- 
қаларды ұрықтандырады.
Жыныс тесіктерінің орналасуы шаянтәрізділерде өзгермелі, 
мысалы, өзен шаяндарының аналығында ол баскеуде бөліміндегі 
жүру аяқтарының үшінші, ал аталығында соңғы жұбының түбінен 
сыртқа ашылады.
Шаянтәрізділерде ұрпағына қамқорлық жасау байқалады. Мы­
салы, ескекаяқтылар (Copepoda) отрядының аналықтары жұмыртқа- 
ларын жұмыртқа қапшықтарына салып, оларды жыныс тесігінің 
жанына, ал онаяқтылар (Decapoda) қүрсақ аяқтарына жабыстырып 
жүреді.
Шаяндардың ұрпақтану қабілеттілігі әр түрлі. Өзен шаяны 600- 
ге жуық жұмыртқа салады, омардың (Homarus) аналығы кұрсақ 
аяқтарында 90000-ға дейін жұмыртқаларды алып жүреді.
Дамуы. Шаянтәрізділердің басым көпшілігінің жұмыртқасы 
сарыуызға бай болғандықтан, жұмыртқа жарым-жарты және беткейлік 
түрде бөлшектенеді. Бұларда жұмыртқа клеткасы бөлінбей, тек 
сарыуыздың ортасында орналасқан ядросы бірнеше рет бөлінеді. 
Пайда болған ядролар жұмыртқаның шетіне ығысып, сол жерде 
цитоплазмамен қапталады да, тұтас клеткалық қабатын, яғни блас­
тодерма қабатын түзеді. Бластодерма сарыуызды қоршайды. Бұдан 
кейінгі даму жұмыртқаның сыртқы бетіндегі құрсақ бөлігінде 
клеткалардан құралған ұрық алқабында (жолағында) өтеді. ¥рық 
алқабы ұш ұрық жапырақшаларын түзейді: сыртқы - эктодерма, одан 
кейінгі 
мезодерма және сарыуызға жанасқан қабаты 
энтодерма. 
¥ры қ жапырақшаларынан мүшелер қалыптасып, ұрықтың денесі 
сегменттеле бастайды. Ең алдыңғы бөлімінен болашақта күрделі 
көздері дамитын бас төбешіктері және бас қалақшасы - акрон мен 
антеннальды және мандибулярлы сегменттері бөлектенеді.
294


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Одан арғы дамуы әр түрлі дәрежедегі метаморфоздар, яғни жұ- 
мыртқадан кейінгі постэмбриональды даму кезеңі. Шаянтәрізділер- 
дің көпшілігінде метаморфоз сатысы планктонды личинка науплиус- 
тен басталады. Көпқылтанды буылтық құрттарға (Polychaeta) 
қаншалықты трохофора личинкасы тән болса, соншалықты шаян- 
тәрізділерге науплиус личинкасы тән. Науплиустың денесі жұмырт- 
қа тәрізді, денесінің сегменттері сырттай байқалмайды, бірақ антен- 
нуланың, антенна және мандибуланың болуы денесінің сегментті 
болуының дәлелі. Науплиустың екі бұтақты антенналары дененің 
бауыр жағында, ауыздың бүйірінде орналасып қоректі жинауға 
катысады, кейін бұлар дененің алдыңғы жағына ығысып, өзінің атқа- 
ратын қызметін де өзгертеді. Мандибулалары жұп бұтақты, 
антенналарының артында орналасып және солармен жүзеді (105, II, 
А-сурет). Науплиустың ішегі, аналь тесігі, науплиус көзі, зәр шығару 
мүшесі (антеннальды безі), миы, екі құрсақ ганглиялары болады. 
Сонымен, науплиус личинкасының денесі акроннан және антен­
нальды, мандибулярлы сегменттерден құралған. Мандибулярлы 
сегментіне аналь қалақшасы жалғасқан. Екеуінің арасында өсу зона- 
сы бар, оның клеткалары үнемі бөлініп, жетіспейтін дене сегментте- 
рін түзейді.
Науплиус ұзына бойы өседі де, астыңғы жақтарының екі жұбы 
(максилла І-ІІ) және алдыңғы кеуде сегменттерінің бастамасы 
айқындалғанда келесі метанауплиус сатысына айналады.
Метанауплиустың антенналары мен мандибулалары денесінің 
алдыңғы жағына ығысып, өздерінің қызметін де өзгертеді: антенна- 
ларымен сезеді, ал мандибулаларымен қоректі уатады.
Максилла І-ІІ-ші және алдыңғы кеуде сегменттері дамып, кейін 
қалған кеуде және құрсақ сегменттерінің бастамасы айқындалады. 
Біршама уақыт өткен соң метанауплиус өсуімен қатар, ол түлейді 
де, бірте-бірте күрделі көздері, аяқтары дамып, сегмент саны толы- 
гады да, метаморфоз кезеңі аяқталып, метанауплиус ересек формасы- 
на айналады.
Осы даму процесі көбінесе төменгі сатыдағы шаянтәрізділерге 
тән. Ал, кейбір онаяқты (Decapoda отряды) шаяндардың, мысалы, 
креветкалардың (Crangon туысы) даму процесі торт личинкалық 
сатыдан өтеді: науплиус, метанауплиус, зоеа (zoea), мизидия. Жұ- 
мыртқадан науплиус личинкасы шығып, бірте-бірте метанауплиусқа 
айналады (олардың құрылысы жоғарыда көрсетілген). Зоеа (zoea) 
деп аталатын келесі личинканың аузы және жақ аяқтары дамыған,
295


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
құрсағы және фасеттік көздері қалыптаскан, кеуде аяқтарының 
бастамалары айқындалған (105, 
II, 
Б-сурет). Метаморфоздың келесі 
мизидия сатысында екі бұтақты кеуде аяқтары толық дамып, құрсақ 
аяқтары қалыптасады. Түлеп болғаннан кейін мизидия личинкасы 
ересек шаянға айналады.
Онаяқты (Decapoda) отряд өкілдерінің басым көпшілігінде 
метаморфоздың біраз бөлігінің жұмыртқа ішінде өтуіне байланысты 
дамуы қысқа, мысалы, крабтарда жұмыртқадан бірден зоеа личин­
касы шықса, өзен шаяны мен көптеген басқа тұщы су қоймаларында 
тіршілік ететін шаяндарда личинкалық фазалары толығымен жұмырт- 
қа ішінде өтеді. Сонымен қатар, жоғарғы сатыдағы шаянтәрізділер 
арасында тікелей (эпиморфоз) даму процесі көп тараған. Бұларда 
личинкалық фазалары толығымен жоқ, жұмыртқадан сыртқа ересек 
түріне өте ұқсас организм шығады да, жетіспеген сегменттер саны 
түлеу кезінде толығып біртіндеп өсіп ересек формасына айналады.
Барлық буынаяқтыларға тән түлеу процесі шаянтәрізділерде де 
морфофизиологиялық құбылыстарымен күрделі. Түлеу алдында 
организмде зат алмасу процесі күшейіп, тканьдерінде және гемолим- 
фасында органикалық (белоктар, липидтер, көмірсулар, витаминдер) 
және минералды заттар мол жиналады. Мысалы, өзен шаянының 
гиподерма қабатында гликоген, минералды тұздар, ал қарнындағы 
кардиальдық бөлімнің бүйір қабырғаларында жұмыр келген, ізбестке 
бай “диірмен-тас” деп аталатын зат құралады. Бұлар жаңа түзілген 
жұмсақ хитин жамылғыға сіңіп, оны қатайтады.
Түлеу кезінде гиподерма клеткалары жаңа кутикула заттарын 
бөліп шығара бастайды. Сол кезде кутикула жабыны жарылып 
(дененің жогарғы жағынан), пайда болған тесіктен шаян экзувия деп 
аталатын құндақты кутикула жабынынан сыртқа шығады да, тез осе 
бастайды, жаңа жұмсақ кутикуласы минерал тұздарына байып тез 
қатаяды. Түлеу процесін бастан аяғына дейін бас бөлімінде орналас- 
қан нейро -секреторлы клеткалары және ішкі секреция безі реттейді. 
Соңғылары экдизон деп аталатын гормонды шығарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет