Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы



Pdf көрінісі
бет190/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   250
Сезім мүшелері 
жақсы жетілген, олар сезімтал талшықтар 
түрінде (рецепторлар) дененің белгілі бөліктеріңде - антеннула, 
антенна, аяқтарының беткейіндегі талшықтар мен түктерінде орна- 
ласқан, иіс, дәм, химиялық сезу қызметін орындайды, бұлардың тү- 
бінде, гиподермальды эпителидің астында биполярлы нерв клетка­
лары бар.
19—574
289


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
103-cypem .
Өзен шаянының қан айналу жүйесі: 1 - жүрек, 2 - остия,
3 - перикардия, 4 - көз артериясы, 5 - антеннальды артерия,
6 - құрсақ вена синусы, 7 - желбезек қан тамырлары, 8 - кеуде артериясы,
9 - жоғарғы қүрсақ артериясы, 10 - жүрек қан тамырлары
Тепе-теңцікті сақтау мүшесі статоцист онаяқтылар (Decapoda) 
отрядының өкілдерінде жақсы дамыған. Олар антеннулаларының 
негізгі буынында, жабынды қабаттың терең ойығында орналасқан, 
ішкі жағы қауырсынды нәзік түкшелермен қапталған. Олар тітір- 
кенуді қабылдайтын нерв клеткаларымен байланысты. Көп жағдайда 
статоцист сыртқы ортамен байланысып, ішіне “есту тасшалары” 
немесе “статолит” қызметін атқаратын ұсақ құм түйіршіктерін жи- 
нап алады. Түлеу кезінде статоцисттердің хитинді жабыны мен 
статолиттер түсіп қалады да, шаян жаңа құм түйіршіктерін жинайды 
(не қысқыштарымен, не бірнеше рет басын су түбіне сұғып). Соны- 
мен қатар, статоцист мүшесі басқа да жоғарғы сатыдағы шаяндарда 
болады, мысалы Mysidacea отрядында, бірақ олар құрсақ аяқтарының 
соңғы жұбының негізінде орналасады.
Шаянтәрізділердің көру мүшесі қарапайым науплиальды және 
күрделі фасеттік көздер. Науплиальды көз негізінен шаянтәрізділер- 
дің науплиус деп аталатын личинкасына тән, бірақ жиі ересек түрле- 
рінде де кездеседі. Ол антеннулалардың аралығында орналасып, бір 
қатар ретинальды клеткалардан тұратын 2 немесе 4 көз шынысы- 
ның (бақалшақтардың) бірігуінен құралған. Әрбір бақалшақ қою 
пигментпен қоршалған. Дене беткейіне қараған жағында жарық 
шағылыстырғыш көз жанары (хрусталигі) болады. Көз ойысшығына 
қарайтын ретинальды клеткаларының ұшынан миға нерв талшықтары 
барады, сондықтан көздің құрылысы 
инвертті.
Буынаяқтылардағыдай шаянтәрізділердің көпшілігінде күрделі 
жұп фасеттік көздері дамыған. Осындай көздің құрамында тығыз


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет