Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


Ш аянтәрізділердің нерв жүйесі



Pdf көрінісі
бет189/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   250
Ш аянтәрізділердің нерв жүйесі 
көпқылтанды буылтық 
құрттардыкіне ұқсас. Ол жұп мидан, жұтқыншақ асты ганглиясынан, 
жұтқыншақ маңындағы сақина - коннективадан және құрсақ нерв 
тізбегінен құралған. Төменгі сатыдағы (желбезекаяқтылар - 
Branchiopoda класс тармағы) түрлерінің құрсағында екі нерв баға- 
насы болады, олардың ганглиялары бір-бірімен көлденең комис- 
сурамен жалғасқан сатылы нерв тізбегін құрайды (102, А-сурет), ал 
жоғарғы сатыдағыларда екі нерв бағаналары, сонымен қатар
28 8


ОМЫРТҚА СЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
ганглиялары да бір-бірімен қосылып, құрсақ нерв тізбегіне айналған, 
тек көрші ганглилердегі (сегменттердің арасындағы) ұзына бойы 
коннективтердің жұптығы сақталады да, құрсақ нерв тамырының 
бастапқыда жұп екендігін көрсетеді (102, Б, В-сурет). Шаянтәріз- 
ділердің әрбір тобында дене сегменттерінің бір-бірімен бірігуіне 
байланысты жүйке ганглияларының бірігуі және ұзынша келген 
бағаналардың қысқаруы да байқалады. Мысалы, өзен шаянының ан- 
теннула мен антеннаға бастама беретін миынан тыс, денесінің 18 
сегментінде 12 ғана нерв түйіні бар, ол: құрсақ тізбегіне бастама 
беретін жұтқыншақ асты ганглиясы (3 жұп ауыз аяқтары мен 3 жұп 
жақаяқтарына сәйкес келетін ганглияларының қосылуы); 5 кеуде 
ганглиялар (саны дәл осындай жүру аяқтарына сәйкес) және 6 құрсақ 
ганглилері болады. Крабтар да тек 2 нерв түйіні бар ми мен кеудедегі 
жалпы түйін қосындысы (құрсақ түйіндерінің қосылуы нәтижесінде 
пайда болған). Сонымен қатар, нерв ганглияларының түгелімен бір- 
бірімен қосылуы ескекаяқты шаяндарға (Copepoda отряды) және 
бақалшақты шаяндарға (Ostracoda класс тармағы) тән, оларда ас 
қорыту жүйесін тесіп өтетін жинақты ганглиозды массасы бар 
(102-сурет).
Жұтқыншақ үсті ганглиясы немесе миы үш бөлімнен құралған: 
алдыңғы 
протоцеребрум, ортаңғы дейтоцеребрум және артқы 
тритоцеребрум. Протоцеребрум күрделі (фасеттік) және қарапайым 
көздерді, дейтоцеребрум антеннулаларды нервтендіреді, ал антен- 
наларға баратын нервтер жұтқыншақ маңы коннективтерінен 
басталады. Шаяндарда жақсы жетілген симпатикалық жүйесі бар, 
ол ішектің жұмысын реттейді.
Басқа буынаяқтылардағыдай шаянтәрізділердің нерв жүйесінде 
нейросекрет 
гормондарды бөліп шығаратын нейросекреторлы 
клеткалар орналасқан. Олар организмнің ішкі ортасына, гемолимфаға 
арнайы сөлдерді шығарып, жеке мүшелердің зат алмасу, түлеу, тағы 
басқа процестерді реттеп тұрады. Шаяндардың нейросекреторлы 
клеткалары протоцеребрум, дейтоцеребрум және құрсақ нерв тізбе- 
гінің әр түрлі бөлімдерінде орналасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет