ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
107-cypem.
Төменгі сатыдағы шаянтәрізділер: A - Daphnia pulex;
1 - антеннула, 2 - антенна, 3 - науплиус көз, 4 - күрделі (фасетгік) көз,
5 - максиллярлы без, 6 - бауыр есіндісі, 7 - бұлшықеттері, 8 - жүрек, 9 - ішек,
10 - үрпақ шығару камерасы, 11 - аналық без, 12 - жұмыртқалар, 13 - кеуде аяқтары;
Б - Cyclops strenuus (аналығы); 1 - антеннула, 2 - антенна, 3 - көзше,
4 - баскеуде,
5 - кеуде сегменттері, 6 - бірінші қүрсақ сегменті, 7 - жүмыртқа қапшығы,
8 - ішек, 9 - аналық без, 10 - бұлшықеттері, 11 - айырша (furca)
ұрпақтарын бере бастайды. Соңғы партеногенетикалық аналықтары
ұрықтануға дайын, кейін жаңа партеногенетикалық ұрпақтарды
шығаратын жұмыртқаларды салады. Ұрықтанбаған, тек қана
аналықтарды беретін жұмыртқалар нәзік қабықпен қапталынған және
оларды аналығы денесінің арқа жағында бақалшақтың арасында
орналасқан арнайы үрпақ шығару камерасында сақтап, сыртқа шыға-
рады. Жұмыртқадан шыққан аналықтары аталықтарымен шағылы-
сып енді тыныштық күйдегі жұмыртқаларды салады. Олар алдымен
ұрпақ шығару камерасында орналасады да, кейін бір немесе екі
қабатты, қатты
эфиппиум деп аталатын қалың қабыршақтармен
капталынады. Эфиппиум күйінде жұмыртқалар қыстап шығады да,
302
ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
көктемде даму процесі қайтадан басталады. Сөйтіп, бір циклдің
ішінде екі түрлі ұрпақтың кездесіп отыруы байқалады. Тіршілік
циклінің ұзақтығына қарай мүртаяқтылар формалары
моноциклді,
дициклді, полициклді. Егерде, бір жыл бойына бір ғана даму циклі
болса, олар моноциклді, екі дициклді (Daphnia pulex). Бірақ сыртқы
ортаның өзгергіштігіне қарай әрбір түр бір жылдың ішінде тіршілік
циклін өзгертіп тұруы мүмкін және бір түрдің бір аймақтағы әр түрлі
су қоймаларында тіршілік циклі де әр түрлі.
Бүтақмүртты шаяндардың тіршілік циклінде жыл мезгіліне қарай
сыртқы құрылысы да өзгермелі. Бұны маусымдық өзгерістер немесе
цикломорфоз деп атайды. Мысалы, Daphnia-ның түрлі температура
жағдайларына қарай басының пішіні не “сүйір”, не “домалақ” түрге
айналып өзгеріп отырады: басының домалақ болуы төмен температу-
раға, ал сүйір болуы жоғары температураға байланысты.
Бұтақмұртты шаяндардың тәжірибелік маңызы зор. Олар тек
омыртқасыздарға ғана емес, барлық балық шабақтарына да қорек
бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: