ОМЫРТҚА СЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
сегменттерінен тұрады. Құрсағының соңы айыршамен біткен.
Протоцефалонда антеннула және антенна мұртшалары, жақкеуде
бөлімінде үш жұп ауыз және екі жұп жақаяқтары, кеуде сегмент-
терінің әрқайсысында буындалмаған, рудиментті аяқтары орналас-
қан, ал қүрсақ сегментінде аяқтары жоқ.
Мистакокаридалардың негізгі ерекшелігі антенналары, мандибу-
лалары, І-ІІ-ші максиллалары үзын, екі бұтақты, олар жақаяқтарымен
қосыла қозғалыста болады, субстраттан итерілетіндей етіп барлық
аяқтарын жұмсайды. Бұтақталмаған антеннулалары қозғалысқа
қатыспай, ылғи алға қарай бағытталып, жолыңдағы құм түйіршікте-
рін сипап сезеді.
Үсақ органикалық бөлшектермен қоректенеді, оларды ауыз және
жақаяқтарының ішкі шеттеріндегі қылтандарының көмегімен ауыз
тесігіне жеткізеді.
Жұмыртқадан науплиус личинкасы шығып, 9 рет түлеуден кейін
ересек түріне айналады.
Мистакокаридалар 1943 жылы ашылған, қазіргі кезде
Derocheilocaris туысына жататын 7 түрі белгілі. Атлант мүхитының
Америка, Африка, Еуропа және Жерорта теңіздік құмайт жағажа-
йынан табылған.
Достарыңызбен бөлісу: