ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Цефалокаридалар 1957 жылы ғана ашылған, қазіргі кезде 3 туысқа
жататын 9 түрі белгілі. Ең бірінші өкілі Hutchinsoniella macracantha
Атлант мұхитының АҚШ-тың жағалау бөлігінде, қалған түрлері Сол-
түстік Американың шығыс және батыс жағалауларынан, Жапон арал-
дарынан, Барбадос, Пуэрто-Рико, Бразилия, Перу, Жаңа Зеландия
жағалауларынан табылған.
Цефалокаридаларда барлық шаянтәрізділердің арғы тегіне тән
бірқатар белгілері сақталған: антенналары ауыздың артқы жағында
орналасуы; бас бөліміндегі екі соңғы сегментінің аяқтары максилла
I және максилла II ауыз мүшелеріне айналмай, құрсақ аяқтарының
құрылысын сақтап қалуы. Цефалокаридалардың аяқ құрылысы
Anostraca және Phyllopoda өкілдерінің аяқтарына ұқсас.
Достарыңызбен бөлісу: