ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Хелицералылардың негізгі ерекшелігі
бас қалақшасындағы
(акрондағы) мұртшасының немесе антеннуласының редукцияға
ұшырауы.
Хелицералылар тип тармағына үш класс жатады: Семсерқұй-
рықтылар -Xiphosura, Алып қалқаншалылар
Gigantostraca және
Өрмекшітәрізділер -Arachnida.
СЕМСЕРҚҰЙРЫҚТЫЛАР КЛАСЫ - XIPHOSURA
Семсерқұйрықтылар қазіргі кезде құрып кетуге жақын, саны аз
ғана, не бары 5 түрі бар, палеозой эрасында кең тараған, теңіздерде
тіршілік ететін буынаяқтылар. Ұзындығы 50-90 см, ал Limulus
polyphenus-тың ұзындығы 0,5 м болып келеді.
Қазіргі кездегі семсерқұйрықтылар тропикалық және субтро-
пикалық теңіздерде тараған, біреулері Limulus polyphenus Атлант
мүхитында, Солтүстік және Орталық Америка жағалауларында, қал-
ғандары Малай Архипелагында, Филиппин және Жапон аралдарында
(Tachypleus, Carcinoscorpius), су жағалауларында 4-10 метр терең-
дігінде тіршілік етеді. Аналықтары жұмыртқаларын судың жағасын-
дағы құмға салады. Семсерқұйрықтылардың қалдықтары триас
дәуірінен табылған, ал Hemiaspis силур дәуірінен белгілі.
Достарыңызбен бөлісу: