ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Сезім мүшелері.
Семсерқүйрықтылардың екі жұп көздері бола-
ды. Көздерінің бірінші жұбы қарапайым көзшелер баскеуденің арқа
жағында, мидың үстіңде, ал екіншісі күрделі көздері көзшелердің
жанында орналасқан.
Күрделі көздері көптеген бір-біріне тығыз орналасқан ұсақ
көзшелерден тұрады, ол үстіңгі жағынан мөлдір хитинді кутикуламен
көмкерілген.
Жыныс жүйесі.
Семсерқұйрықтылар дара жыныстылар. Жыныс
бездері қосарланған және бұтақталған, өзара түтік тәрізді қапшық-
тарды құрайды. Олардың ұрық шығару жолы құрсақтың бірінші
сегментіндегі желбезек қақпақшасының астында сыртқа ашы-
лады.
Эмбриональды дамуы метаморфоз жолымен өтеді. Жұмыртқадан
шыққан личинканың сегменттері толық, бірақ құрсағы жетілмеген,
құрсағында аяқтары болмайды. Құрсағы кішкентай қалқаншамен
бітеді.
Личинка құрылым жағынан трилобиттерге өте үқсас, сондықтан
трилобитті личинка деп аталады.
АЛЫП ҚАЛҚАНШАЛЫЛАР КЛАСЫ - GIGANTOSTRACA
Буынаяқтылар типінің толығымен жойылып кеткен класы. Бұлар
палеозой эрасында суда тіршілік еткен ірі жануарлар, 200-ге жуық
түрі болған. Қазба түрлері құм тастарында, Шотландияның ерте
замандағы қызыл құмында табылған. Денесі баскөкіректен және
артына қарай жіңішкерген 12 сегментті ұзын құрсақтан құралған.
Құрсағы алдыңғы және артқы бөлімдерге бөлінген. Соңғы сегменті
аналь қалқаншасына (тельсонға) айналып тақта, тікенек немесе ине
түріне өзгерген. Алдыңғы құрсағында түрі өзгерген жапырақ тәрізді
жыныс қақпақшалары және төрт жұп желбезек аяқтары болған.
Баскөкірек бөлімі бірігіп тұтас біткен қалқаншамен жабылған, оның
жоғарғы жағында қарапайым көзшелері, ал бүйірінде күрделі көздері
орналасқан. Хелицералары қысқыш тәрізді. Кейбіреулерінде педи-
пальпа мен бірінші жұп аяқтары қармалауыштарға айналып, ал артқы
аяқтары ескектәрізді болып жүзу қызметін атқарған. Eurypterus
туысының өкілдері силур мен кембрий дәуір шөгінділерінде кездес-
кен. Бұлар жыртқыштар, су түбінде тіршілік еткен, ұзыңдығы 1,8
метрге жететін алый жануарлар (116-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: