Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


ХЕЛИЦЕРАЛЫЛАР ТИП ТАРМАҒЫ



Pdf көрінісі
бет211/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   250
ХЕЛИЦЕРАЛЫЛАР ТИП ТАРМАҒЫ 
CHELICERATA
Хелицералылардың 54000-ға жуық түрі бар, басым көпшілігі 
құрлықта тіршілік етеді. Алғашқы хелицералылар су жәндіктері 
болған. Хелицералылардың денесі 
баскеуде және құрсақ
322


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
113-cypem.
Трилобиттер және олардың дамуы: A - Cheirurus quenstedtii (арқа жағынан); 
Б - Triarthrus becki (құрсақ жағынан); В - протаспис личинкасы;
Г, Д - аналь қалқаншасының және сегменттерінің пайда болуы (анаморфоз);
1 - бас қалқаншасы, 2 - личинка сегменттері, 3 - көзі, 4 - аналь қалқаншасы,
5 - постларвальды сегменттері
бөлімдерінен тұрады. Баскеуде 7 (бас қалақшасы мен кеуде) 
сегменттің қосылуынан түзілген, сондай-ақ 7-ші сегменті көп 
түрлерінде редукцияға ұшыраған. Баскеуде бөлімінде 6 жұп аяқтары 
бар. Олардың бірінші жұбы қоректі шайнау және ұнтақтау қызметін 
атқарып, хелицераға айналған (тип тармақтың атауы да осыдан), 
екінші жұбы педипальпалар сезу, қармалау, кейбір түрлерінде шағы- 
лысу қызметін атқарады, ал қалған төрт жұбы жүру аяқтары.
323


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Хелицералылардың негізгі ерекшелігі 
бас қалақшасындағы 
(акрондағы) мұртшасының немесе антеннуласының редукцияға 
ұшырауы.
Хелицералылар тип тармағына үш класс жатады: Семсерқұй- 
рықтылар -Xiphosura, Алып қалқаншалылар 
Gigantostraca және 
Өрмекшітәрізділер -Arachnida.
СЕМСЕРҚҰЙРЫҚТЫЛАР КЛАСЫ - XIPHOSURA
Семсерқұйрықтылар қазіргі кезде құрып кетуге жақын, саны аз 
ғана, не бары 5 түрі бар, палеозой эрасында кең тараған, теңіздерде 
тіршілік ететін буынаяқтылар. Ұзындығы 50-90 см, ал Limulus 
polyphenus-тың ұзындығы 0,5 м болып келеді.
Қазіргі кездегі семсерқұйрықтылар тропикалық және субтро- 
пикалық теңіздерде тараған, біреулері Limulus polyphenus Атлант 
мүхитында, Солтүстік және Орталық Америка жағалауларында, қал- 
ғандары Малай Архипелагында, Филиппин және Жапон аралдарында 
(Tachypleus, Carcinoscorpius), су жағалауларында 4-10 метр терең- 
дігінде тіршілік етеді. Аналықтары жұмыртқаларын судың жағасын- 
дағы құмға салады. Семсерқұйрықтылардың қалдықтары триас 
дәуірінен табылған, ал Hemiaspis силур дәуірінен белгілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет