Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы



Pdf көрінісі
бет83/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   250
52-cypem .
Сүт түсті 
планарияны ң 
(Dendrocoelum lacteum) көлденең кесілген 
бір бөлшегі (A): 1 
эпителий, 2 
сақина 
тәрізді бұлшықет талшықтары, 3 
қиғаш 
бүлшықеттер, 4 
дорзо-вентральды бүл- 
ш ы қет т а л ш ы қ т а р ы , 5 
п ар ен х и м а 
клеткасы, 6 - рабдиттерді жасаушы клетка,
7 - эпителиальды клетканың ішіндегі рабдит,
8 - бір клеткалық тері безі, 9 - ұзына бойы 
бұлшықет талшығының кесілген ұшы; сүт 
түсті планарияның (Dendrocoelum lacteum) 
ішкі күрылысы (Б): 1 - ауыз тесігі, 2 - жүт- 
қыншақ, 3 
ішектің алдыңғы саласы, 4 
ішектің артқы оң жак саласы, 5 - жүмыртқа 
безі, 6 - жүмыртқа жолы, 7 - сарыуыз без, 

жыныс клоакасы , 9 - жыныс тесігі, 
10 - аталық бездері, 11 
аталык жол, 12 
шағылыс мүшесі, 13 - тұқым капшығы, 14 - 
нерв түйіні, 15 - бүйір нерв бағанасы, 16 
көлденең нерв комиссуралары, 17 - көзі, 18 - 
кармалуыш
142


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
көптеген турбелляриге тән және олар батып кеткен эпителий деп 
аталады.
Турбелляридің тері қабаттарында көптеген тері бездері байланыса 
орналасқан. Олар дененің барлық беткі қабаттарына шашырап 
орналасқан немесе комплексті жинақталған бокал, алмұрт тәрізді 
без клеткалары. Бұл бездер эпителиде де, дененің тереңірек жерінде 
де орналасадьг Тері бездерінің бірі болып рабдитті клеткалар да 
жатады. ОларДың құрамында жылтырауық, жарық бағытын өзге- 
ртетін таяқшалар 
рабдиттер болады. Олар дене бетіне перпен­
дикуляр жатады. Жануарды қатты қоздырғанда олар эпителиден 
сыртқа атылып шығады да, суда ісініп дене бетінде кілегейдің 
шоғырын түзіп қорғаныш қызметін атқарады.
Эпителидің астында базальды мембранасы бар. Оның қызметі 
денете белгілі пішінді беру және бұлшықеттерді бекіту. Базальды 
мембрананың астында күрделі құрылысты бүлшықеттер орналасқан, 
ол бұлшықет талшықтарының бірнеше қабатынан құралған. Ең 
жоғарғы беттерінде сақина тәріздес бұлшықеттер қабаты орналас- 
қан, одан ішкері ұзына бойы және диагональды бұлшықеттері орын 
алады (52, А-сурет).
Бұлшықеттердің эпителимен бірігуінен тері-бұлшықет қапшығы 
түзіледі. Бұдан басқа, турбелляриялардың бәрінде оларға тән дорзо- 
вентральды немесе арқа-құрсақ бұлшықеттері бар. Бұл талшықтар- 
дың будалары арқа бөлімінен құрсаққа карай созылып және дененің 
екі жағыңда орналасқан базальды мембранаға бекінеді, соның 
арқасында жәндіктер денесін арқа-құрсақ жағынан қысыңкы күйге 
кепііре алады.
Турбеллярияның қозғалысы бір жағынан - сыртқы эпителий 
кірпікшелерінің соғуы, екінші жағынан тері-бұлшықет қапшығының 
қысқаруы арқылы жүреді. Turbellaria жүзе де, жорғалай да алады. 
Үсақ формалары кірпікшелер арқылы жүзеді. Ірі түрлері денесін 
созып-қысқарту арқылы жорталайды.
Тері-бұлшықет қапшығының астындағы ішкі мүшелер аралығы 
паренхимамен толтырылған. Паренхима 
көп өсінді борпылдақ 
дәнекер тканъды клеткалардан түзілген. Бұл клеткалар түрлі батытта 
айқаса және ұштарымен жабыса бос орналасады. Олардың арасын 
клетка аралық сұйықтық толтыртан, сол себептен паренхима ас 
қорыту өнімдерін ішектен ішкі мүшелерге тасымалдауын қамта- 
масыз етеді. Бір жағынан зәр шығару қызметі де атқарылады. Содан 
басқа, көптеген фибрилды құрамалардың болуы, паренхиманы тірек 
ткані ретінде қарастыруға да ықпал етеді.
143


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Ac қорыту жүйесі алдыңғы және түйық бітетін ортаңғы ішектен 
түрады. Ауызы тек қана қоректі жұту емес, сонымен қатар қорытыл- 
маған қатты қалдықтарды шығарудың жолы. Турбелляриялар әр түрлі 
ұсақ жәндіктерді қорек ететін жыртқыштар. Ауызы дененің құрсақ 
бөлігінде орналасқан: ол дененің алдыңғы бөліміне жақынырақ, кур- 
сак бөлімінің ортасында немесе артқы бөлімінде орналасуы да мүмкін.
Ауыз қуысы эктодермальды жұтқыншақпен, ал ол ортаңғы ішек- 
пен байланысады. Кейбір турбеллярилердің (Tricladida және 
Polycladida отрядтарында) ауыз қуысы жүтқыншаққа емес, сыртқы 
жамылғыларының иілуінен түзілген жұтқыншақтық қалтаға ашылады, 
ал оның түбінен бұлшықетті жүтқыншақ басталады. Ол түтік тәрізді, 
қоректі алу үшін ауыз арқылы сыртқа созылып шыға аладьі.
Турбеллярия класында энтодермалық ортаңғы ішек әр түрлі 
формаларында әр түрлі құрылған. ¥сақ турбелляриде (Rhabdocoela, 
Macrostomida отрядтарында) ол қапшык немесе бітелген түтік 
пішіндес. Ірі формаларында ішек тарамдалған. Көп тарамдыларда 
жұтқыншақ қарынға, одан дененің жан-жағына тұйық тармақтармен 
аяқталатын ортаңғы ішекке жалғасады (Polycladida отряды). Үш 
тарамдыларда (Tricladida отряды) жұтқыншақтан ішектің бірден үш 
негізгі тарамдары басталады: біреуі алға, екеуі иіліп артқа қарай 
бағытталады. Бұл тармақтардың әрбіреуінен тағы да бірнеше 
қатарлы тұйықталған тармақшалар шығады (52, Б-сурет). Аналь тесігі 
болмағандықтан қалдық заттар ауызы арқылы сыртқа шығарылады. 
Ұзындығы бірнеше миллиметрден аспайтын ұсақ турбелляридің 
борпылдақ дәнекер тканьдері арқылы қорытылған ас денеге тарайды. 
Ішексіз турбеллярилерде (Асоеіа отряды) ортаңғы ішегі жок- 
Олардың жұткыншағы паренхималық клеткаларымен ұштасқан (ас 
қорыту клеткалар тобымен). Солардың ішінде ас қорытылып, бойына 
сіңеді де, қорытылмаған зат ауызы арқылы сыртқа шығарылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет