Пайдаланылған әдебиеттер
1.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.
2.
Cherian, F (2007) Learning to Teach: _teacher Condidates Reflect on the Relational Conceptual
and Contextual Influences on Responsive Mentorship6 Canadian Journal of Education, 30(1), 25-46
3.
Mentoring Beginning Teachers, Progra, Handbook, The Alberta Teachers’ Association
4.
Менторинг и коучинг
5.
Office of Personal Services, Hawai’s state Departament of educatoin (October 1993), Guidelines
for Teachers Mentor Programs
6.
Feiman-Nemser, Sharon and Parker, Michelle B. (Spring 1992). Mentoring in Context: a
Compassion of Two U. S. Programs for Beginning Teachers. NCRTL
81
БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 1, 2016 г.
МЕНТОРНАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ В СИСТЕМЕ ОБРАЗОВАНИЯ
А.К. Уканова, О.К. Джолдасбаев
Аннотация.
В данной статье раскрыто значение менторной деятельности и его становления
в системе образования. Проведен теоретико-практический анализ различных позиций и мнений
авторов по определению менторинга. В статье также раскрыта природа менторной деятельности
в школе, а так же благодаря практическим исследованиям был определена степень важности и
проблемы менторинга в системе образования.
Ключевые слова:
менторинг, система образования, коучинг.
MENTORING ACTIVITIES IN THE EDUCATION SYSTEM
A. Ukanova, O. Dzholdasbayev
Abstract.
The article shows the importance of mentoring activity and its formation in education system.
Theoretical and practical analysis from different positions and opinions of authors and by mentoring
definition are conducted. The article also revealed the nature of mentoring activity at school, as well as
through practical research was to determine the degree of importance and challenges of mentoring in
education system.
Keywords:
mentoring, education system, coaching.
82
МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 1, 2016 г.
АТАУЛЫ КҮНДЕР
ПАМЯТНЫЕ ДНИ
MEMORABLE DAYS
УДК 374(091)
ЖАС ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕГІ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАР
С.О. Комекова
«Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалы ҚР ББЖ ҚБАРИ, Алматы
Түйіндеме.
Бұл мақалада «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асырудағы жалпыадамзаттық
және ұлттық құндылықтар мәселелері қарастырылған. «Мәңгілік ел» идеясының негізгі болатын
жалпыадамзаттық құндылықтарды жас ұрпақ бойына қалыптастыру жолдары мен оның
ерекшеліктері сөз етіледі.
Түйінді
сөздер: «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы, жас ұрпақты тәрбиелеу, қазақ халқының
құндылықтары.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан
халқына арнаған Жолдауында «Мәңгілік Ел»
идеясының тарихи негізіне тереңінен тоқталып
өтті. «Мәңгілік Ел - ата-бабаларымыздың сан
мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман
әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын,
әлем картасынан ойып тұрып орын алатын
Тәуелсіз Мемлекет атану. Тұрмысы байқуатты,
түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне зор
сеніммен қарайтын бақытты ел болу. Мәңгілік
Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары -
«Қазақстан-2050»
Стратегиясының
түп
қазығы етіп алдық. Біз үшін болашағымызға
бағдар ұлтты ұйыстыратын ұлы мақсаттарға
жетелейтін идея бар. Ол – мәңгілік ел идеясы.
Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз мәңгілік
мұраттарына қол жеткізді», - деп атап өткен бо-
латын .
«Мәңгілік ел!» – идеясы елдің ұлы рухын,
адамның адами қасиеттерін, еліміздің елдігін
артыратын
құндылықтарды
біріктіретін
идея. Елбасымыз көтерген ұлт болашағына
негізделген «Мәңгілік Ел» идеясы бүгінгі
уақыт талабына сай тарихи танымдық,
ұлттық деңгейдегі білім, ғылым және мәдени
құндылықтарға ие, саяси бағыттағы терең
ұғым. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы –
еліміздегі барлық саланы қамтитын үздіксіз
білім мен ғылымның өркендеп өсу жолы
және елдігіміз бен бірлігіміз, ерен еңбегіміз
шыңдалатын үлкен өмірлік сынақ. Елдің
тәуелсіздігі, тәуелсіздіктің мәңгі әрі баянды бо-
луы адамның ұлттық қасиеттеріне негізделген
құндылықтарда.
Құндылық – философия, мәдениеттану,
әлеуметтану, педагогика және психология
ғылымының негізі ұғымы болып табылады.
Құндылық тұлғаның бойындағы қасиеттердің
жиынтығы. Құндылықтар - өмірге, еңбекке,
шығармашылыққа, адамгершілік насихаттарға,
адам өмірінің мәніне деген бағалаушы
қатынас құралы. Философ-ғалым Т.Ғабитов
“Құндылықтар - қасиеттер... бала кезден, ана
сүтімен бірге, өзінің ана тілі арқылы, мораль
негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін,
әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін игеру
нәтижесінде орнығады. Қасиеттер адам бой-
ына моральдық жауапкершіліктер жүктейді,
сезімін айқындай түседі.
Жалпыадамзаттық
құндылықтар
– адам туралы философиялық ілім мен ак-
сиологияны оқытатын пәннің маңызды
құрамдастары жүйесіне енетін түсініктер
кешені. Олар адам тегінің ұлттық, саяси, діни
83
БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 1, 2016 г.
және басқа да әуестігінен еркін жалпы мүддесін
білдіруімен ерекшеленеді және осы сипатта
адамдық өркениет дамуының императиві бо-
лып табылады.
Ұлттық құндылықтар
– қандай да бір
этникалық қауым өкілдерінің өзіндік та-
рихи көрінісі бар рухани мұраттарының
жиынтығы. Ұлттық құндылықтар бір этностық
топқа тиесілі адамдардың мінез-құлқының
әлеуметтік және нормативтік-мәдени аксиома-
сы рөлін атқарады.
Этнопедагогикалық құндылықтар
–
халықтың ұлттық мәдениеті, тарихы, тілі,
дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары негізінде
тәрбиелеу
мен
оқытудың
этникалық
ерекшеліктерін реттейтін, этникалық топтар-
ды сақтау мен дамыту мақсатында ұрпақтар ара-
сында сабақтастық буын қызметін атқаратын
материалдық және рухани құндылықтар
жиынтығы. Этнопедагогикалық құндылықтар
жүйесінде тіл, тарих, ұлттық дәстүрлер мен
әдет-ғұрыптар, ұлттық ойындар және фоль-
клор мен мәдениеттің басқа элементтері
ерекшеленеді. Ең маңызды құндылықтардың
бірі өз халқының мүддесін қорғайтын азамат-
патриотты тәрбиелейтін қазақстандық патри-
отизм болып табылады. Бұл Қазақстан халқы
тудырған ұлттық этномәдени дәстүрлер мен
әдет-ғұрыптарды тану, өткен тарихымызға
құрметпен қараудың моральдық нормалары-
на және құндылықтарына орнықтырылған
патриоттық тәжірибені меңгеру арқылы іске
асырылады.
Н.Ә.Назарбаев білім алушы жастарға
ұлттық тәрбие беруде біріншіден, ұлттық сана-
сезімдегі ұлттың өткен тарихына, бүгіні мен
болашағына деген патриоттық көзқарасты
қалыптастыру, екіншіден, үш тілді бірдей
меңгеру мен төл мәдениетті зерделеп танудағы
белсенділікті арттыру, үшіншіден, ұлттық
мүдде мен құндылықтарды жастар санасына
сіңдіруді үлкен жауапкершілікпен ұстаздарға
артып отыр. Саналы азамат болып қоғамға пай-
да келтіру, білім мен тәрбие алу, ата-ананы сый-
лау және қамқорлық жасау әрбір жасөспірімнің
отан алдындағы парызы болып саналады.
Қазіргі білім беру ұйымдары мен оқу
орындарының басты мақсаты еліміздегі
білікті мамандарды даярлау екендігі даусыз.
Қоғамдағы өзгерістердің қарқынды дамуы жаңа
заман талабына сай сапалы кадрларды даярла-
уды қажет етіп отыр. Болашақ мамандар үнемі
өзгеріп отыратын әлеуметтік-экономикалық
үдерістерді талдай білуге, нарықтық бәсеке
жағдайына төтеп беретін, өз мақсатын нақты
жүзеге асыра алатын болуы тиіс. Яғни, бұл
нарықтық қатынастағы қызмет талаптарына
сай, маманның бәсекеге қабілеттілік деңгейін,
халықаралық бәсеке күресінде мемлекеттің
табысын анықтайды. Мәңгілік ел идеясының
негізі жалпыадамзаттық құндылықтар гума-
низм, патриотизм, төзімділік, адамгершілік,
ұлтаралық
сыйластық
пен
ашықтық
ұстанымдарын алға қояды. Бұл құндылықтар
Қазақстандағы барлық ұлттар мен этностар-
ды біріктіретін ұлттық идеяға негіз бола ала-
ды. Сондықтан да ұлттық парыз, ұлттық сезім,
ұлттық сана, ұлттық рух және ұлт мақтанышы,
ұлт намысы құндылықтар ұлттық идеяның
негізгі көрінісі болып табылады. Сол себепті
өткен тарихқа, салт-дәстүрге көз жүгірте оты-
рып, төлтума ұлттық ерекшеліктегі әлеуметтік
тәжірибені нығайтуға күш салынуда. Замана-
уи тұлға білім беру, оқыту, тәрбиелеу, өзіндік
тәрбие процесінде қалыптасады, ал осы
инновациялық кешенді процесс білім берудің
бірқатар жаңа құндылықтарын талап етеді.
Білім берудің жаңа құндылықтары оқушыларға
құқықтық мәдениет, қоғам өмірінің нормала-
рын меңгертуден, экономикалық оқыту және
экономикалық білім беруден құралады.
«Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыруда
жас ұрпаққа сапалы білім беруде жаһандық
демократиялық құндылықтардан бас тартпай,
қазақтың ұлттық құндылықтарын жаңғырту,
осы
жаңашылдықты
қалыптастыруда
дәстүрлі құндылықтарды жаңғырта отырып,
ұрпақ жадына сіңіру. Жаһанданудың қазіргі
үдерісі «Мәңгілік ел!» – идеясын жүзеге асы-
ру отандық білімнің әлемдік білім кеңістігіне
енуі, жаңа ақпараттық технологиялардың да-
муы және жеке тұлғаның мәдениеті мен кәсіби
құзырлығының тұрақты қалыптасуы болып
табылады
Тәуелсіздігіміздің негізі мәңгілік ел,
қазақтың
мәңгілік
ғұмыры
ұрпақтың
мәңгілік болашағын баянды етуге арнала-
ды. Ендігі ұлттық және жалпыадамзаттық
құндылықтарды бойына сіңірген, білімді
де білікті өскелең ұрпақ – мәңгілік ел тірегі
болмақ.
84
МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 1, 2016 г.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.
«Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Астана қаласы, 11 қараша 2014 жыл
2.
Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму Қазақстан
Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2015жыл,
30 қараша.
3.
Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар мен педагогтердің жаңашыл тәсілдері
негізінде тәрбие жүйесін жаңарту жолдары. Әдістемелік құрал. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы
Ұлттық білім академиясы, 2013. – 64 б.
4.
Ә.С. Қайдарова, Ш.Б. Халикова «Қазақстан Республикасындағы ұлттық идеяны жүзеге
асырудың механизмдері мен принциптері» / Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,
Қазақстан Республикасы, Алматы, 2014ж.Қазақ мәдениеті.
5.
Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.”, 2005
6.
Ү.Қ.Сәрсембин «Қазақстан – 2050 стратегиясы» - «Қазақ елінің тәуелсіздігін нығайту иде-
ясы» / Алматы, 2014ж.
7.
Т.Бурбаев «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының философиялық – мәдениеттанулық
негіздемесі» «Егемен Қазақстан» газеті/ Алматы, 2014ж.
ОСНОВЫ ВОСПИТАНИЯ ПОДРАСТАЮЩЕГО ПОКОЛЕНИЯ
С.О. Комекова
Аннотация:
В статье рассматриваются вопросы национальных ценностей идеи «Мәңгілік ел».
Ключевые слова:
национальная идея «Мәнгілік ел», формирование молодого поколения,
ценности и традиция казахского народ.
EDUCATIONAL BASIS FOR THE YOUNGER GENERATION
S.O. Komekova
Аbstract.
This article deals with the national values in the idea «Мәнгілік ел».
Keywords:
National idea «Мәнгілік ел», formation of younger generation, traditions and values of
Kazakh people.
УДК 069
АЛҒАШҚЫ «ОРДА» МЕКТЕБІНЕ 175 ЖЫЛ
Б.А. Абдрасилова
«Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалы ҚР ББЖ ҚБАРИ, Алматы
«Бұл қазақ – тәңірге зар еткен қазақ,
Қиналып, қанды азап шеккен қазақ.
Әйтеуір қанды азаптан құтқарар деп,
Оқыған азаматын күткен қазақ».
(Мағжан Жұмабаев)
Түйіндеме.
Мақала алғашқы Орда мектебінің 175-жылдығына арналған. Жәңгір хан –алғашқы
қазақ мектебінің ашылуына, өркендеуіне көп үлес қосқан. Мақалада осы кезеңдегі алдыңғы
қатарлы қазақ зиялыларының жетістіктері баяндалған.
Түйінді
сөздер: мектептің ашылуы, тарихи құжаттар, деректер, естеліктер.
Қазақ даласындағы алғашқы мектепті 1841
жылы Бөкей Ордасында Жәңгір хан ашқан еді.
Бұл мектеп Ішкі Орданың хан ордасындағы
бай-феодалдардың балаларына арналған орыс
мектеп-пансионаты негізі ретінде қаланды.
Сол кездегі қазақ халқының әлеуметтік-
экономикалық жағдайына, Бөкей Ордасының
(Ішкі Орданың) құрылуына тоқтала кетсек:
85
БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 1, 2016 г.
ХІХ ғасырдың басында дәлірек айтқанда 1801
жылдың 11 наурызында Бөкей хан (Нұралы
ханның баласы) патша өкіметінен яғни импе-
ратор І Павелден рұқсат алғанан кейін 5 мың
киіз үймен осы күнгі Орал, Ақтөбе, Атырау
облыстарының бірқатар жерлерін қамтитын
аймақтарға Еділдің ар жағынан көшіп келіп
қоныстанып, хандықтың орталығы болған осы
Орданы сала бастады.
Бөкей қайтыс болғаннан кейін хандыққа
келген оның баласы Жәңгір Бөкейұлы хандық
астананы салу жұмысын одан әрі жалғастырады.
Қазақ даласындағы хандықтардың ең
соңғысы Жәңгір хан (22 жыл) басқарған Бөкей
хандығы болды (1823-1841 жж.). Ол Бөкей
Ордасының (1823-1845жж.) ханы, Бөкей ханның
ұлы.
1815 жылы әкесі мұрагерлік салтқа сәйкес
хандық тақты Жәңгірге берді. Алайда Жәңгір
әлі жас болғандықтан, Бөкейдің тапсыруы бой-
ынша хандықты Бөкейдің інісі Шығай сұлтан
уақытша басқарған. Жас мұрагерді тәрбиелеу
ісін патша шенеуніктері өз мойнына алды.
Ордада Ресей әкімшілігіне шын берілген, ел-
гезек шенеунік тәрбиелеп шығару қажет болды.
Осыған ылайықты бірден-бір адам ол – Жәңгір
еді.
Жәңгір кәмілетке толғанша яғни 1823 жылға
дейін Астрахан губернаторы Андреевскийдің
үйінде тұрып, еуропалық білім мен лайықты
тәрбие алды. Сол жерде ол хандықты әкімшілік
басқару әдістері бойынша да дәріс алады.
Жәңгір хан болып тағайындалу сәтінде әбден
дайындалған Ресей шенеунігі еді.
Осындай әзірліктен соң ғана орыс өкіметі
оны 1823 жылы Бөкей Ордасының ханы етіп
тағайындады. Жәңгір ішкі Бөкей ордасында
хан сайланған күннен бастап қазақтың ұлттық
мәдениетіне, оның ішінде ұлттық білім жүйесіне
ерекше мән берді. Оның басты себептерінің бірі
Жәңгірдің өзі орысша білім алған және осындай
білімнің Қазақстанға, оның ішінде Ішкі Бөкей
Ордасында өте қажет екенін түсінді.
Ол Ресей империясының Еуропалық білім
жүйесі арқылы көптеген жетістіктерге жететінін
жақсы білді.
Жәңгір Мешіттерде имандылық, мектеп-
те оқытушылық қызметін атқару үшін Қазан,
Орынбор, Астрахань қалаларынан молдалар ал-
дырды.
Қазақстанға қараған жерде көбінесе молда-
ларды және басқа діни қызметкерлерді даярлай-
тын діни мектептер мен медреселер көп болды.
Мешіт жанындағы мектептерде араб
әріптерінен бастап, араб тілінде жазылған
кітаптарды оқытатын. Алғашқы сабақ ескі
араб тілінде оқытылды. Мектептер мен
медреселердегі оқу мен тәрбие ерекше
діншілдік, өмірден қашықтық, дерексіздік си-
патта болды.
Енді мектептерде дін сабақтарымен қатар
орыс тілі сабағы да енгізілді. Бұл қазақтарға
басшылық ету үшін патша үкіметінің
қажеттілігіне сай еді және орыс халқымен сауда-
саттық, мәдени қатынасқа қазақ халқының да
қажеттілігі осы болатын.
Қазақстан Ресейге қосылуынан кейін, патша
өкіметінің Қазақстандағы саясатын жүргізіп,
қазақ даласын билеу ісінде өкімет орындарына
көмектесе алатын білімді қазақ шенеуніктері
жергілікті жердегі ел билейтін аппарат үшін
қажет болатын. Сондықтан да патша өкіметі
амалсыздан қазақ ақсүйектері мен байларының
балаларына біраз білім беріп, олар үшін орыс-
қазақ мектептерін ашуға тиісті болды.
Қазақстандағы алғашқы мұндай оқу орын-
дары Қазақстанның солтүстік облыстарын
басқару орталығы Омбыда 1789 жылы ашылған
«Азиялық училище» еді. Мектептермен қатар
кейбір ауқатты адамдар да орыс тілін үйрету
үшін орыс оқытушыларын жалдап, балаларын
үйінде оқытатын.
Қазақ хандары мен сұлтандары, патша
өкіметі сүйеніш еткен жергілікті басқару топ-
тары орысша сауатты болу қажеттігін ескере
бастайды, өйткені орысша білім алу өлкеде
шенеуліктік қызметке қоюдың да ең керекті
шарты болды. Басқару қызметтеріне және тек
қазақтар тағайындалатын басқа қызметтерде
істеу үшін орысша білу қажет еді. Өйткені,
қазақтың жергілікті басқару топтарының
қызмет жайы орысша сауатты болуды талап
етті.
Жәңгір Бөкейұлы орыс тілінде білім алу
қажеттілігін дәлелдеу үшін өзінің рубасыларына
жазған хатында мынандай себептер келтіреді:
«Орысша сауатты болмайынша Ордада қызмет
атқаратын шенеулік болуға, атап айтқанда, ру-
басы немесе депутат болуға мүмкін емес... Орыс-
ша хат танымау сіздердің зәбір жасаушылар
жөніндегі сот, қоғамдық және жеке істеріңіздің
барысын да баяулатады», - деп жазды.
Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-
педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін
арттыратын республикалық институтындағы
мұражайда Ордадағы Жәңгір хан ашқан тұңғыш
қазақ мектебіне арналған экспозиция бар.
Жәңгір хан Ордада мектеп ашу жөніндегі
Орынбор губерниясының келісімін алғаннан
кейін халықтан жиналған қаражатқа 40 ұл
86
МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 1, 2016 г.
балаға арнап Ордада мектеп үйін салдыра ба-
стайды.
1841 жылы 6-шы желтоқсанда Ордада
қазақ балаларына арналған мектеп ашылады.
Алынуға тиіс 40 баланың орнына 12 ғана бала
қабылданады. Олай болған себебі, ата-аналары
балаларын Ордаға жібергілері келмеді. Бұрынғы
мұсылман бағытындағы мектептерде балала-
рын оқытқан ата-аналар орысша оқыту қиынға
соғатынынан және балаларын шоқындырудан
сақтаудың бірден-бір амалы балаларды бұл мек-
тепке беруден бас тарту деп түсінді. Сондықтан
да олар балаларын оқытушы жалдап, үйде
оқытқылары келді. Жәңгір хан ашқан мектепке
оқушыларға арналған 40 орынды толтыру үшін
екі жылдай уақыт керек болды. Ол үшін ханға өз
туысқандары, сұлтандар арқылы жұмыс істеу
керек еді.
Сондықтан да орыс мектеп-пансионында
алғашқы кезде Жәңгір ханның өзінің жақын
нөкерлерінің, достарының, әр түрлі руларды
басқаратын сұлтандардың, старшиндардың,
билердің балалары ғана оқыды.
Академик С. Зимановтың «Ресей және
Бөкей хандығы» деген еңбегінде Жәңгірдің ту-
ысы Шөке Нұрашевке жазған хатынан үзінді
келтірілген.
Онда
«Қазір
ғылымның
өлшеусіз
үлкен пайда келтіретіндігін білеміз біздің
немерелерімізге,
жалпы
болашағымызға
жақсы өмір сүруге болмайтындығын, мұнан
бұлай сауатсыз және орыс тілін білмейтіндерді
ру басшылығына және басқа лауазымды
қызметке қабылданбайтындығын, адам ау-
рулары мен ауыл малдарын емдей алатын
адамдар дайындаудың пайдалылығын, жа-
старды оқытуға жұмсалған ақшаның жүз есе
пайда келтіретіндігін, ғылымды меңгеріп
дамыту арқылы Ресейдің ұлы императоры-
на, халыққа адал қызмет етудің қажеттігін өз
туысқандарыңызға, достарыңызға түсіндіруге
күш салады деп сенемін», - деп жазған.
Осылайша ханның күш салуы, оны пат-
ша үкіметінің қолдауы арқасында Ордадағы
орталық мектепке және басқа мектептерде
оқитын оқушылардың саны жыл сайын өсіп
отырды. Мектепке керекті құрал-жабдықтарды
алуға Жәңгірхан өз қаражатынан беріп тұрды.
Орда мектебіне хан табысының қаражатынан
жылына 1400 сом жұмсалған. Мектеп қазан айы-
нан мамыр айына дейін жұмыс істейтін.
Әр жыл сайын 6 желтоқсан күні мектепке
ата-аналар шақырылып, балаларының білім
алудағы нәтижесін көрсету үшін оқушыларға
емтихан жүргізілген. Мектепке оқытушыларды
алғаш кезде Жәңгір хан өзі іріктеп, өзі
тағайындады. Мектептің бірінші оқытушысы
және меңгерушісі болып сол кездегі Ордадағы
мал дәрігері Константин Петрович Ольдекон
тағайындалды. Ол орыс тілі, есеп, география
пәндерінен сабақ берді.
Ал араб тілі, татар тілі және дін сабақтарын
Аминов Садіридін деген азамат жүргізген еді.
Дін сабақтарындағы ерекшелік ережелері қатаң
сақталды. Сабақта балалар бастарына тақия
киіп отырды.
Мұғалім де тақиясыз жүрмейтін. Бұл
мектептің алдына қазақ балаларын (байдың ба-
лаларын) Орынбордағы Неплюев кадет корпу-
сына, гимназияларға және басқа оқу орындары-
на түсуге даярлау міндеті қойылды.
Мектептің екі класы болды және онда мы-
нандай пәндер жүргізілді: орыс тілі – оқу, жазу,
грамматика, арифметика, география, мұсылман
діні, шығыс тілдері (татар тілі болуы керек).
Оның үстіне, жергілікті дәрігерлер шешек егу
сабағын да жүргізген. Мұсылман діні мен шығыс
тілдерінен басқа пәндердің бәрі орыс тілінде,
орыс мұғалімдері жүргізді.
Мектеп орыс тілінде бастауыш білім берген,
оның білімі қатынасып оқитын училищенің
көлемінде болды (1828 жылғы Ереже бойынша).
1848 жылы бұл мектеп қазақ және орыс ба-
лаларын біріктіріп, оқытатын аралас мектеп-
ке айналды. Кейін ол екі кластық орыс-қазақ
училищесі болып қайта ашылды. (1875 жылғы
Ереже бойынша).
1845 жылы Жәңгірхан қайтыс болғаннан
кейін училище Орданың уақытша Кеңесінің
қарамағында болып, 1848 жылдың 22 наурызы-
нан бастап үкімет қарамағына алынды.
1887-1894 жылдары осы училищені бітіріп,
қазақ балаларын оқытуға бар күш-жігерін
жұмсаған: Ақбаев Сақып, Бегімбетов Жұмағазы
сияқты қазақтың азаматтары еді. Хұсни-Жамал
Нұралыханова да осы училищенің түлегі. Ол Ор-
дада Жәңгірхан тұсында қазақ қыздарына алғаш
мектеп ашқан қазақ ағартушыларының бірі.
Орданың мектебі 1879 жылы екі кластық
/7-жылдық/ селолық училище болды. Осы
Бөкей хандығының орталығы Ордада 1883
жылы қазақ қыздары үшін тағы бір мектеп
ашылған болатын. Бұл мектепті бітіргендердің
көпшілігі қазақ ауылдарында оқытушылық
жұмысын атқаруға жіберілді.
1891 жылғы 6 желтоқсанда Орталық
екі кластық орыс-қазақ училищесінің 50
жылдығы мерекеленді. 1895 жылы бөкейлік
87
БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 1, 2016 г.
Ордада 521 оқушы оқыды. Бұл бүкіл бөкейлік
тұрғындарының әр мыңның екеуі еді.
Жәңгір хан 1845 жылы дүниеден өтті. Бұл
қайғылы хабарды естіген І Николай патша: «Өте
өкінішті, ол халқына аса берілген адам еді» деп
жазды.
Бұл
кезде
Қазақстанның
барлық
бөліктерінде хандық өкімет таратылған бола-
тын. Үкімет айналасындағылар Ішкі Ордада да
хандық билікті қалпына келтіру қажетсіз деп
тапты. Оны басқару орыс шенеунігі басшылық
ететін уақытша кеңестің қолына көшті.
Достарыңызбен бөлісу: |