Г. К. Ахметова-п.ғ. д., профессор, Ж. А.Қараев- п.ғ. д., профессор



Pdf көрінісі
бет8/12
Дата03.03.2017
өлшемі1,32 Mb.
#7385
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Выводы:

Созданы  обучающие  анимационные  про-

граммы,  которые  с  успехом  применяются  в 

школах  на  уроках  с  углубленным  изучением 

химии. Экономическая эффективность данного 

программного  обеспечения  будет  зависеть  от 

количества переведенных в виртуальную фор-

му различных уроков по неорганической и ор-

ганической химии.

Использованная литература

1. 


Педагогика. Педагогические теории, системы, технологии. (Под ред. С.Смирнова. -М.: Ака-

демия, 1999).

2. 

Сагындыков Ж. Физическая химия. Ош -2008. 268с.



3. 

Ахметов Н.С. Неорганическая химия учебное пособие для учащихся 8-9 классов с углу-

бленным изучением химии 1-2 часть – Москва. Просвещение. 1990.

4. 


Ахметов Н.С. Общая химия. – Москва. Просвещение. 1990.

5. 


Сагындыков Ж. Физическалык химияны окутуунун инновациялык технологиялары.. Ош. 

ОшТУ -2009. 160с.



57

БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 1,  2016 г. 

ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ХИМИЯ САБАҚТАРЫНДА 

ТЕРЕҢДЕТІП ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗУ

Д. Р. Сатывалдиев, Ж. Сагындыков, Ж.А. Шокыбаев. 

Түйіндеме. 

Мақалада  мектептердің  анимация  бағдарламаларын  химия  сабақтарында 

тереңдетіп қолданысқа енгізу жүзеге асырылып жатқаны баяндалады. Айтылмыш электронды 

оқыту  бағдарламасының  экономикалық  тиімділігі  өткізілген  сабақтың  санына  байланысты 

неорганикалық және органикалық химияға тәуелді болады.

Түйінді  сөздер: 

оқыту  бағдарламасы,  химия,  органикалық  химия,  неорганикалық  химия, 

экономикалық тиімділік.

ADAPTATION OF EDUCATIONAL-ELECTRONIC SOFTWARE,

IN-DEPTH APPLICATION OF CHEMISTRY.

D.R. Satyvaldiyev, ZH. Sagyndykov, ZH.A. Shokybayev



Аbstract. 

The author reports about educational programs with animation, which has been successfully 

applied in schools with in-depth implication of chemistry. The economical effectiveness of this software 

will depend on quantity of transferred in virtual forms various lessons of organic and inorganic chemistry



Keywords: 

еducational  programs,  chemistry,  organic  chemistry,  inorganic  chemistry,  economical 

effectiveness.

УДК 37:02;371

 

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМДІ ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ

Ө. Қыдырбек, Г.Т.Қабдылова, Қ.К. Рысқұлбекова

«Өрлеу»БАҰО» АҚ  филиалы ҚР ББЖ ҚБАРИ, Алматы

Түйіндеме. 

Мақалада  технологиялық,  педагогикалық  және  мазмұндық  білім  салаларының 

өзара  әрекеттесуі  нәтижесінде  білім  аспектілерінің  қалыптасқандығы  қарастырылған. 

Мұғалімдерге оқушылардың жоғары ойлау деңгейлерін дамыту мақсатында үш білім салаларын 

өзара ықпалдастырудың маңыздылығы көрсетілген.

Түйінді сөздер: 

білімнің аспектілері, технологиялық білім, педагогикалық білім, пәндік білім.

Қазіргі  әлемде  сандық  технологияның 

қарқынды  дамуы  барлық  саланың  жұмыс 

стильдері  мен  тәжірибелерін  күрт  өзгертті. 

Мультимедиа, 

интернет 

технологиясы 

адамдардың  ақпаратты  алу  әдістеріне,  адам-

дар арасындағы байланыс жолдарына өз әсерін 

тигізді. Зерттеушілер оқыту мен оқу үдерісіндегі 

өзгерістерді  «нені  оқытамыз?»  және  «қалай 

оқытамыз?» тұрғысынан жиі қарастырады. Со-

нымен қатар, технологияны білім беру саласын-

да тиімді қолдану қажеттілігі де күннен-күнге 

артып келеді.

2005  жылы  Америка  Құрама  Штатының 

Мичиган  мемлекеттік  университетінің  Пуния 

Мишра,  Мэтью  Дж.  Келер  атты  зерттеушілері 

өз мақаласында алғаш рет үш білім саласының 

қиылысу 

ортасында 

технологиялық, 

педагогикалық  және  мазмұндық  білім  (ТПБМ) 

орналасқанын  айтқан.  Осы  саладағы  ғылыми-

зерттеулердің  теориялық  негіздемелерінің 

тапшылығына байланысты жиі талқыланатын. 

Сондықтан 

педагогика 

саласындағы 

зерттеушілердің  қызығушылығын  оятып, 

мұғалімдердің осы үш білім саласын байланы-

стыру құзыреттілігін арттыру мәселесі туында-

ды. 


Бүгінгі ақпараттық технологиялар жетістігі 

өте  көп  және  білім  саласына  да  енуде,  деген-

мен  бұл  жетістіктер  білім  беруді  дамыту-

да  өз  мүмкіндіктерін  толық  аша  алмай  жа-

тыр,  оның  себептерінің  бірі,  Powerpoint,  Excel 

бағдарламалары  бизнес,  есеп  жұргізу  салала-

рына арналып жасалған, осы бағдарламаларды 

сабақ  үдерісіне  қалай  икемдеу  мұғалімдердің 



58

МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 1,  2016 г. 

құзырлылықтарында.

Елімізде 

мұғалімдердің 

ақпараттық 

сауаттылығын  арттыру  бағытында  жұмыстар 

жүргізіліп  жатыр.  Осы  бағыттағы  біліктілікті 

арттыру курстарының мазмұны негізінен ком-

пьютер  пайдалану,  бағдарламалармен  жұмыс, 

т.б.  бағытындағы  барлық  мамандық  иелеріне 

ортақ  болды.  Мұғалімдеріміздің  нақты  сабақ 

үдерістерінде  сандық  технологияларды  қалай 

тиімді  пайдалануға  болатындығы  туралы  ой 

толғаныстарының  болатындығы  шындық. 

Осы тұрғыдан қарағанда Мишра мен Келердің 

ұсынған  идеялары  осы  мәселені  шешуге 

бағытталған іспетті. 

Тарихта, мұғалім білімінің мағлұмат негіздері 

мұғалімнің мазмұн біліміне бағытталған болды 

(Шульман, 1986; Вил & МаКинстер,1999). Бұған 

дейін мұғалімдер басымдылықты педагогикаға 

бұрып,  сыныптағы  жұмысын  пән  мазмұнына 

тәуелсіз 

педагогикалық 

тәжірибелеріне 

сүйенген.  Бірі  мазмұн  білімі  негізінде  құралса, 

екіншісі  зерттеу  пəнінен  тәуелсіз  жалпы 

педагогикалық  аудиториялық  тәжірибесіне 

негіздеген(Болл&МакДиармид,  1990).  Осы 

екі  көзқарастағы  мұғалім  білімін  екі  топқа 

бөліп  қарастыруға  болады.  (1-  сурет)  Мыса-

лы,  мұғалім  біліміне  қатысты,  бірінші  немесе 

екінші доменге қарай – олар: мазмұндық білім 

(МБ)  және  педагогикалық  білім  (ПБ),  әртүрлі 

тәсілдер қолданылады.

МБ

 

ПБ



1-сурет.

  Педагогикалық  және  мазмұндық 

білімді білдіретін екі шеңбер.

Шульман(1986)  педагогикалық  мазмұндық 

білім (ПМБ) идеясын енгізу арқылы мұғалімнің 

білімі туралы ой-өрісті кеңейтті. Осы тұрғыда, 

ол  мұғалімдердің  пәндік  білімі  мен  педагоги-

касына  қойылған  екпін  ғылыми-зерттеулерде 

бірін-бірі  жоққа  шығаратын  домендер  ретінде 

қарастырылғандығын  айтып  өтті  (Шульман, 

1987). 

Педагогикалық  мазмұндық  білім  -  сабақ 



берудің түрлі амалдарын айқындайтындықтан 

өзіндік  ерекше  қызығушылық  тудырады.  Ол 

нақты  бір  тақырыптардың,  мәселелердің  не-

месе  басқа  да  бір  сауалдардың  оқушының 

түрлі мүдделері мен қабілеттеріне қарай өзара 

бірігуі,  ұсынылуы  және  бейімделуі,  оған  қоса 

тапсырмаларда  ұсынылуы  шеңберінде  мазмұн 

мен  педагогиканың  қосындысын  анықтап 

көрсетеді.

Шульманның ұстаз білімінің дамуына қосқан 

үлесін схемалық бейнеде, бірінші суреттегі екі 

бөлек шеңберді байланыстырғанын көруге бо-

лады. Бұл екі шеңбердің қиылысқан жері педаго-

гика мен мазмұнның өзара әрекетін көрсететін 

ПМБ  ұғымын  айқындайды  (2-суретке  назар 

аударыңыз). 

ПБ

МБ

2-сурет.



 Педагогикалық мазмұндық білім

Шульманның  айтуы  бойынша  бұл  қиылыс 

“белгілі пән аймағындағы ең жиі оқытылатын 

тақырыптарды;  идеяларды  жеткізудің  ең 

тиімді  жолдарын;  ең  күшті  аналогиялар,  ил-

люстрациялар,  мысалдар,  түсіндірмелер  мен 

әрекеттер,  бір  сөзбен  айтқанда,  зерттеу  пәнін 

басқаларға барынша түсінікті етіп көрсету және 

тұжырымдау жолдарын ” қамтиды.

Шульман  технологияның  педагогика  мен 

мазмұндық білімге қатысы туралы айтпағанмен, 

ол мәселеге мән бермеді деп айта алмаймыз. Ол 

басында өз дәлелдерін келтіріп жүрген заман-

да  технологияға  қатысты  сұрақтар  бүгінгідей 

өзекті  болмаған  еді.  Технологиялардың  кең 

қолданысқа  енуі  сандық  компьютерлер  мен 

компьютерлік 

бағдарламалардың, 

жаңа 

жәдігерлер  мен  механизмдердің  пайда  болу-



ымен  басталды,  бірақ  айтарлықтай  кең  тара-

лып  та  кеткен  жоқ.  Сонымен,  Шульманның 

тәсілдері  әлі  де  өзекті  болса  да,  1980-ші  жыл-

дан  бері  енген  өзгерістер  де  бар:  көптеген 

жаңалықтар,  ең  алдымен  сандық  технологи-

ялар  және  білім  беру  талаптарының  өзгеруі, 

технологиялардың  ғылыми  сұхбаттардың 

маңызды тақырыбына айналды. Бұл жаңа тех-

нологиялар  аппараттық  және  бағдарламалық 

бөлшектермен  қамтамасыз  етіледі,  атап  айтар 

болсақ,  олар:  компьютерлер,  дамыту  ойын-

дары,  интернет  және  тағы  да  басқа  көптеген 

қондырғылар.  Осы  жаңа  технологиялар  сабақ 


59

БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 1,  2016 г. 

сипатын  өзгертуде,  не  болмаса  өзгерістер 

енгізуге  әлеуеті  бар.  Осы  жерде  Шульманның 

ПМБ-ның  маңызды  артықшылығы  ретінде 

айтып  кеткен  “ең  күшті  аналогиялар,  иллю-

страциялар,  мысалдар,  түсіндірмелер  мен 

әрекеттер,  бір  сөзбен  айтқанда,  зерттеу  пәнін 

басқаларға барынша түсінікті етіп көрсету және 

тұжырымдау жолдары ” – деген үлгілерін еске 

түсірсек орынды болар еді. Әлбетте, технологи-

ялар осы аспектілерін әрқайсысында маңызды 

рөл  атқарады.  Тақтадағы  суреттерден  немесе 

интерактивті  мультимедиялық  модельдеуден 

бастап,  тақтайшадағы  сазды  өрнекке  немесе 

желілік  (Веб)  негіздегі  гипертекстерге  дейін 

барлық технологиялар біраз ерік беріп, зерттеу 

пәнін  оқушыларға  барынша  түсінікті  ету үшін 

ұсыныстардың, аналогиялардың, мысалдардың, 

түсіндірмелердің  және  әрекеттердің  диапазо-

нын кеңейтеді. Бірақ мұғалімдердің бәрі бірдей 

жаңа технологияларды қабылдай қоймады, бірі 

өзгерістерден қорықса, басқалары оны үйренуге 

уақыт  таппай  жүр  немесе  қолдау  болмай  жүр. 

Дегенмен де бұл технологиялардың бұдан бы-

лай  маңыздылығы  арта  беретінінде  күмән 

болмауы  керек.  Сонымен  қоса,  жаңа  сандық 

технологиялардың  осындай  жылдамдықпен 

дамуы  болашақта  “қызықсыз”-дық  шеңберіне 

қайта  оралуға  жол  бере  қоймас.  Мұғалімдерге 

жай ғана бүгінгі күнде қолжетімді құралдарды 

қолдану  аздық  ететін  болады,  уақыт  өте  келе 

технологиялардың  ескіруіне  байланысты 

оларға  жаңа  әдістемелер  мен  дағдыларды 

үйренуге тура келеді. Бұл бұған дейінгі мұғалім 

білімі  туралы  ұғымдардан  бөлек,  ерекше 

мәнмәтін  болып  табылады,  осыған  дейін  тех-

нологиялар  стандартталған  және  тұрақты, 

бірқалыпты  болатын.  Бұдан  былай  нақты  бір 

пәнді  оқытуда  технологиялардың  қолданысы 

біраз уақытқа дейін тұрақтануы әбден мүмкін.

Осылайша,  мұғалімдер,  технологиялық 

мәнмәтін  өз  тәжірибелерін  күрт  өзгере 

қоймайтындығына сенімді болып, мазмұн және 

педагогикаға  ойларын  шоғырландырды.  Бұл 

жаңа мәнмәтін бірнеше жыл бұрын елестете ал-

майтындай айрықша технологияны қолданды. 

Осылайша,  технология  білімі,  жалпы  мұғалім 

білімінің маңызды аспектісі болды.

Қызықтысы,  қазіргі  талқыланып  жатқан 

технология  білімінің  рөлі,  Шульман  1980-ші 

жылы  анықтаған  көптеген  мәселелерге  ұқсас 

келеді.  Мәселен,  ПМБ  бойынша  Шульманның 

нақты  қолжазбаларына  дейін,  мазмұн  білімі 

мен  педагогика  білімі  бір-бірінен  бөлек  және 

тәуелсіз  қаралды.  Сол  сияқты,  бүгін,  техноло-

гия  білімі  педагогика  және  мазмұн  білімінен 

бөлек  болып  есептеледі.  Бұл  тәсіл  үш  шеңбер 

арқылы бейнеленеді, Шульманның сипаттаған 

екі  шеңбері  (мазмұн  және  педагогика)  және 

екеуінен оқшауланған бір шеңбер (технология).

3-сурет. 

Педагогика, мазмұн және техноло-

гияны бейнелейтін үш шеңбер.

Мазмұн 


мен 

педагогика 

қиылысы 

педагогикалық  мазмұндық  білімін  құрайды. 

Технология  жеке  және  тәуелсіз  білім  Домені 

ретінде қарастырылады.

 

Аппараттық 



және 

бағдарламалық 

жасақтамалар  және  технологиямен  оқыту 

үшін  оқытушылардың  білімін  жүзеге  асыруға, 

жеткілікті дағдыларын жетілдіруге арнайы се-

минарлар  мен  педагогикалық  бағдарламалар 

әзірленген. Алайда мазмұн (оқытылатын және 

үйренетін  нақты  нысана),  педагогика  (білім 

берудің және оқытудың үдерісі және тәжірибе 

немесе  әдістері)  және  технология  (тақталар 

сияқты  әдеттегі  құбылыс  және  сандық  ком-

пьютерлер сияқты жетілдірілген) араларының 

қарама-қатынасы күрделі және егжей-тегжейлі. 

Технология  жиі  өзінің  қамтуы  тиіс  мазмұнын 

және ұсынылуы мүмкін мәнін шектейтін міндет 

болып  келеді.  Бұл  шешімдер  анықтау  арқылы 

оқу-әдістемелік  қадамдарға  және  басқа  да 

педагогикалық  шешімдеріне  әсерін  тигізеді. 

Сондықтан, бұл технология білімін педагогика 

мен мазмұнық білімінен жеке қарастыру орын-

сыз болуы мүмкін. 

Технологияның  қарапайым  көрінісінен 

(3-сурет) айырмашылығы, бұл құрылым (4-су-

рет)  мазмұн,  педагогика  және  технология 

арасының  байланысына,  өзара  әрекеттесуіне, 

мүмкіндіктеріне  және  шектеулеріне  ерекше 

көңіл  аударады.  Бұл  модель  мазмұны  туралы 

білім  (М),  педагогика  (П)  және  технологияны 

(T) әзірлейтін орталық болып табылады. Алай-

да, оларды жеке білім ретінде қарастырудың ор-

нына, бұл модель осы үш білімнің өзара күрделі 

әрекеттесуін атап өтеді.

Бұл  ТПМБ  тәсілінің  мүлдем  жаңа  екеніне 

дау жоқ. Басқа ғалымдар технологиясы туралы 



60

МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 1,  2016 г. 

білім  еркін  мәнмәтінде  қарастырыла  алмайды 

және бұл табысты оқыту, технологиялар, педа-

гогика  және  мазмұнның  өзара  қатысын  қалай 

түсінуді  талап  етеді  деп  санайды  (Хьюз,  2005; 

Китиң & Эванс, 2001; Лундберг, Бергланд, Клиц-

зек, & Хоффман, 2003; Маргерум-Лейс & Маркс, 

2002; Нисс, 2005; Цзао, 2003).

4-сурет. 

Технологиялық, педагогикалық және мазмұндық білім. Педагогика, технология және 

мазмұн шеңберлері өзара қиылысып, жаңа 4 білім түрін тудырады.

Педагогика,  технология  және  мазмұн 

арасындағы  қарым-қатынасты  байланысты-

ру  түрлі  тәсілдер  қолдануға  жол  ашады.  Іс 

жүзінде айтар болсақ, бұл әрбір осы компонент-

ке  жеке-дара  қарап  қана  қоймай,  оларды  жұп-

жұбымен  де  қарастыру  қажет:  Педагогикалық 

мазмұндық  білім  (ПМБ),  Технологиялық 

мазмұндық  білім  (ТМБ),  Технологиялық-

педагогикалық білім (ТПБ), және барлық 3 ком-

понент  бірігіп  Технологиялық,педагогикалық 

және мазмұндық білімін (ТПМБ) құрастырады. 

Бұл  Шульманның  Педагогикалық  мазмұндық 

біліміндегі мазмұн мен педагогика арасындағы 

қатынас туралы айтып кеткен ұғымына сәйкес 

келеді. Бірақ бұл жолы сондай амалды қолдана 

отырып, біз 3 түрлі қиылысқа және бір триадаға 

(3  ұғымның  тоғысқан  жері)  тап  боламыз.  Сол 

3  қиылыстың  бірін,  Педагогикалық  мазмұн 

білімін Шульман түсіндіріп кеткен болса, Миш-

ра мен Келер оған қоса тағы 2 ұғымды және 1 

триаданы ұсынып отыр. 



61

БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 1,  2016 г. 



Бұл  сызба  үш  білім  саласының  қалай 

ықпалдасып тұрғаны туралы мысал.

Бұл  қарапайым  мысалда  бастауыш  сынып 

мұғалімінің  Абай  Құнанбаевтың  «Қыс»  өлеңі 

тақырыбында (оқулықта ақынның өмірбаяны 

берілмеген)  оқушылар  ұялы  телефондары-

нан  браузерді  пайдаланып,  өмірбаянын  табу-

ды  тапсырылады.  Сыныпта  интернетті  пай-

далануды  кейбір  оқушылар  білмеуі  мүмкін, 

сондықтан  жұптық  жұмыс  арқылы  білгендері 

білмейтіндеріне 

үйретеді. 

Нәтижесінде 

технологиялық  және  педагогикалық  білім 

арқылы мазмұндық білімге қол жеткізіледі. 



Рубен 

Пуэнтедура

 

мұғалімдерге 



ақпараттық  технологиялардың  тиімділігін 

бағалау  моделін  ұсынды.  Ол  SAMR  деп  атала-

ды.  Бұл  модель  ақпараттық  технологияларды 

қолдану сапасын бағалауға мүмкіндік береді.

1 деңгей – Ауыстыру/ Substitution /Подмена 

2 деңгей – Толықтыру /Augmentation /Приращение

3 деңгей – Өзгерту/ Modification / Перепроектирование

4 деңгей – Түрлендіру /Redifinition /Переопределение



62

МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 1,  2016 г. 



Ауыстыру/  Substitution  /Подмена-

  бұл 


технологи

я  проблеманы  шешудің  дәстүрлі 

әдістерін  тікелей  ауыстыру  үшін  пайдаланы-

лады.  Функционалдық  міндеті  өзгермейді. 

Мысалы, оқушылар өз жұмыстарын басу үшін 

мәтіндік  процессорларды  қолданады.  Бұл 

жағдайда,  қалам  мен  парақ  бетін  ауыстыру 

үшін  дүниежүзілік  өндеуші  бағдарламалар 

пакетін қолдану, оқушының өз жұмысын жеңіл 

өзгертіп  жасай  алатынын  білдіреді.  Танысты-

рылымдар жұмыс әдістерінің ең тиімдісі болып 

табылады, оқушы өз жұмысымен электрондық 

пошта  арқылы  бөліседі  немесе  жұмысын 

электрондық портфолиода сақтай алады. Басқа 

үлгі – оқушылар бағдарлама жұмысын постерде 

бейнелеуден  гөрі  тұжырымдамалық  қартаны 

қолданған жағдайда ерекше көрінеді(5-сурет). 

Бұл  топтың  әр  мүшесіне  топта  орындалған 

жұмыстарды  толық  орындауға  және  олардың 

көшірмелерін сақтауға мүмкіндік береді. 



Толықтыру  /Augmentation  /Прираще-

ние-

 бұл технология проблемаларды шешудің 

дәстүрлі  әдістерін  тікелей  ауыстыру  ретінде 

пайдаланылады.  Міндеті  толықтырылады 

(неғұрлым күрделенеді). (Мысалы, мәтін фото-

суреттер,  дыбыстар  және  бейнежазбалармен 

толықтырылды). 

Өзгерту/  Modification  /  Перепроекти-

рование

-  бұл  технология  міндеттерді  шешу 

үшін (өзгертілген) қайта жобалауға мүмкіндік 

береді.  (Мысалы,  геометриялық  функцияның 

графигін сызу үшін белгілі бір бағдарламалық 

жасақтаманы  пайдалансақ  ,  әр  қырынын 

қарауға  мүмкіндік  ала  отырып  параметрлерін 

өзгертуге  болады).  Тұжырымдамалық  карта 

бойынша  тапсырмалар  блогтың  графикалық 

бөлігі ретінде, оқушылардың бойындағы оқыту 

туралы ойларын жазатын және пікірлерін жа-

зып,  сыныптастарының  оқуын  талқылайтын 

суретті  қолдануды  қамтыған  жағдайда  бұл 

тапсырманың өзгертілуі болып есептеледі.



Түрлендіру  /Redifinition  /Переопреде-

ление

-  бұл  технология  бізге  бұрын  мүмкін 

емес  болып  көрінген  проблемаларды  шешуге 

мүмкіндік береді. (Мысалы, мәселені оқушылар 

виртуалды  түрде  шешеді  немесе  сыныптағы 

компьютерлік  ойындарды  пайдалана  оты-

рып,  оқушыларға  ел  басшысы  ретінді  шешім 

қабылдап,  елдің  даму  болашаған  болжауға 

мүмкіндік  береді).  Егер  эссе  жазудың  ор-

нына  мұғалімдер  өз  оқушыларынан  мысал 

ретінде бейне немесе сандық анимация сияқты 

медиялық  мәтін  құруды  пайдалана  отырып, 

терең  талдау  ойларын  жеткізуін  сұраса,  онда 

мұндай үдеріс тапсырманы түрлендіру деп ата-

лады.


63

БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 1,  2016 г. 



Пайдаланылған әдебиеттер

1. 


Shulman, L. (1986). Those who understand: Knowledge growth in teaching. Educational Re-

searcher, 15 (2), 4-14.

2. 

Mishra, P., & Koehler, M. J., (2006). Technological pedagogical content knowledge: A framework 



3. 

for teacher knowledge. [Технологиялық педагогикалық мазмұндық білім: мұғалімнің білімі 

үшін құрылым.] Teachers College Record, 108(6), 1017–1054.

4. 


Shulman, L. S., (1986). Those who understand: Knowledge growth in teaching. [Түсінетіндер 

үшін: оқытудағы білімнің өсуі.] Educational Researcher, 15(2), 4–14.Faculty of Education

5. 

Тренерге арналған нұсқаулық, 2-деңгей, «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2014



6. 

Ruben R. Puentedura(2012), Ph.D.,Transformation, Technology and Education.

7. 

ЭФФЕКТИВНОЕ ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ТЕХНОЛОГИЧЕСКИХ ЗНАНИЙ В ПРОЦЕССЕ ОБУЧЕНИЯ



О. Кыдырбек, Г.Т. Кабдылова, К.К. Рыскулбекова

Аннотация. 

В статье представлена интеграция предметных знаний, методики и технологии 

преподавания.  Показано  успешное  влияние  технологических,педагогических  и  предметных 

знаний на развитие мышления у учащихся.  



Ключевые  слова: 

три  аспекты  обучения,  педагогические  знания,  технологические  знания, 

предметные знания.

EFFECTIVNESS OF USING TECHNOLOGICAL KNOWLEDGE IN THE TRAINING PROCESS

O. Kydyrbek, G. Kabdylova, K. Ryskulbekova

Abstract. 

This  paper  presents  the  field  of  knowledge,  formed  by  the  interaction  of  technological, 

pedagogical  and  substantive  aspects  of  knowledge.  Showing  the  importance  of  promoting  3  areas  of 

expertise for the development of a high level of students’ thinking.



Keywords:  

domains of learning /aspects of training/, Content Knowledge, Pedagogical Knowledge, 

Technology knowledge.


64

МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 1,  2016 г. 



ТРЕНЕР. КОУЧ. МЕНТОР 

TRAINER. MENTOR

УДК 378.18



КОУЧИНГ ӘДІСІН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Ұ.Б. Төлешова, Ш. Абдуқадыр 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы

Түйіндеме: 

Бұл  мақалада  оқыту  барысында  коучинг  технологияларын  қолдану  арқылы 

оқыту жүйесін дамыту жолдары негізінде студентердің ынтымақтастығын арттыру мәселелері 

қарастырылады. 



Түйінді  сөздер: 

коучинг,  білім  сапасы,  оқыту,  жаттықтыру,  студенттермен  қарым-қатынас, 

ынтымақтастық, құзыреттілік, коучинг технологиялары. 

Қазіргі  таңда  коучинг  термині  тиімді,  әрі 

жаңа  термин  болып  табылады.  Дегенмен  де, 

көптеген  адамдар  коучинг  терминін  жай  ғана 

психотерапия  немесе  тренингтік  жаттығулар 

деп санайды, алайда ол әдіс оқыту процесінде 

қолданатын тиімді, әрі қолжетерлік әдістердің 

негізгілері болып есептелінеді. 

Коучинг  ілімі  қазір  әлемнің  көптеген 

елдерінде табысты қолданылады. Алдымен ко-

учинг сөзін анықтап алайық, коучинг (ағылш. 

coaching  -  оқыту,  жаттықтыру)  -  консалтинг 

және  тренинг  әдісі;  классикалық  консалтинг 

пен  тренингтен  айырмашылығы  -  коуч  кеңес 

және  қатаң  ұсыныстар  бермейді,  ол  шешімді 

клиентпен  бірлесе  отырып  іздестіреді.  Ал 

психологиядан  айырмашылығы  коучингтегі 

мотивацияның  бағытында.  Коучпен  жұмыс 

істеуде  белгілі  бір  мақсатқа,  өмірде  және 

жұмыста  жаңа,  позитивті  тұжырымдалған 

нәтижелерге 

жету 


ұйғарылады. 

Бұл 


анықтаманы  жасаған  коучингтің  негізін 

қалаушы Джон Уитмор [1].

«Коучинг  адамға  өз  әлеуетін,  қабілетін 

ашуға  мүмкіндік  береді.  Коучинг  кеңес 

бермейді,  адамның  өз  сауалына  жауапты 

өзі  табуына  көмектеседі.  Оның  жеке  өмірде, 

кәсіби салада жоғары нәтижеге қол жеткізуіне 

жол  ашады».  Коучинг  дамудың  белгілі  бір 

бағыттарын қарауға, нақты мәселлерді шешуге 

бағытталған технология.

Коучинг  икемді,  бейімдеу  технология 

ынтымақтастығы;  бұл  өмірінің  түрлі  салала-

рында сонымен қоса білім беруде де қолдануға 

мүмкіндік береді. Коучинг инновациялық білім 

беруді  дамыту  және  құрылуына  байланысты 

ерекше  маңызға  ие.  Білім  беру  қызметтерінің 

жаңғырту жағдайында, жаңа білім беру техно-

логияларын және ескі оқыту әдістері арасында 

жаңа  талапкерлер  мен  қызметтерді  дәстүрлі 

жеткізушілер арасындағы бәсекелестік жоғары 

оқу  орындарының  тиімді  жұмыс  істеуін 

қамтамасыз ету үшін маңызды болып табыла-

ды. 

Қазіргі  таңда  студенттердің  белсенділігін 



арттыру  үшін,  әсіресе  студенттердің  өзара 

басқаруы  артуында  бұл  әдіс  белсенді  болып 

отыр.

Шет елдерде бұл әдісті тек оқыту процесінде 



емес,  сонымен  бірге  бизнесте  де  үнемді  етіп 

қолданады, тіпті кейбіреулері өздеріне арнайы 

мамандық та алған. Оның негізгі технологиясы 

студенттердің  жаңа  белестерге  жетіп,  білікті 

маман болуына көмектеседі.

Павел  Безручко  пікірінше,  «Коучингтің  бір 

ерекшелігі ол белгісіз бір қиындық жағдайдан 

шығуда  өзі  шешім  қабылдауына  көмектеседі. 

Кейіннен  ол  сол  арқылы  өзге  адамдарға  өз 

үлесін қосады». 

Tim  Gallwe  көзқарасы  бойынша,  «Коучинг 

әдісі  ол  әр  студенттің  өз  мүмкіндіктері  мен 



65

БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 1,  2016 г. 

білім  деңгейін  сараптауына,  бағалауына  өз 

әсерін тигізеді». 

Коучинг 

әдісінің 

алғашқы 

негізін 


қалағандардың бірі Джон Уитмор пікірінше, сту-

денттер өткенде алған білімдерін болашақпен 

байланыстырып үйлестіреді. 

The  Wall  Street  Journal  бұл  журналдағы 

мақалада 

коучинг 


әдісіне 

«Коучинг 

студенттердің  шешім  қабылдауда  тиімдірек, 

әрі  нақты  қабылдауын  талап  етеді»  ,-  деп 

түсінік береді,

«Dragon  Pathways»  атты  тренерлер  то-

бында  да  келесідей  түсінік  береді:  «Коу-

чинг  -студенттердің  маманын  білікті,  әрі 

қолжетерліктей жетік білуі үшін қолданылады» 

[2].


Коучингтің негізгі белгілері:

«Сoaching»(Коучинг)

 

– 



жаттықтыру, 

дем  беру,  машықтандыру  деген  мағынада 

қарастырылады. 

(Қысқартылған 

түрдегі 

оксфордтық сөздік). 



«Coaching»

  -  студенттерді  жарыстарға  не-

месе  емтиханға  даярлау,  жаттықтыру  (В.К 

Мюллердің ағылышын-орысша сөздігінен.)



Коучинг

  –  Студенттердің  белгісіз  білімді 

шешуде ізденуіне өзіндік көмегін тигізеді.

Коучинг

 – ол студентке тиімді көмек беріп, 

өмірлік әрекеттерін орындауда әсерін тигізетін 

жағымды әрекет.



Коучинг

 – болашақ психолог мамандарының 

көзқарасы  бойынша  ол  клиентке  жетістікке 

жетудегі  мақсаттарын  шешуіне  өзіндік 

ықпалын тигізуші әдіс.

Коучинг

 – ол студенттердің топ арасындағы 

қарым-қатынасын зерттеуге әсер етуші, өзінің 

жеке өміріне көмегін тигізуші әдіс. Коучинг әдісі 

адам өміріндегі барлық келеңсіз жағдайларды 

шешуге  әсерін  тигізеді,  мысалы:  білім  алуда, 

отбасында, қиындық ситуацияларда және т.б.

Коучинг

  оқу  процесінде  ол  студенттердің 

бір – бірімен араласу барысында білім деңгейін 

жақсартуға,  ақпарат  алмасуға  ықпалын 

тигізеді.

Студенттердің  топ  ішіндегі  мәселелерімен 

жеке  мәселелері  де  сәйкестене  бастайды. 

Коучингті ХХ шы ғасырдың негізгі мамандығы 

деп  санауға  әбден  болады.  Ол  бірнеше  бағыт 

бойынша  дамиды:  жеке  коучинг,  кәсіби  коу-

чинг, бизнес - коучинг және т.б. [3].

Коучинг 

–  бұл  өзінің  мақсаттары  мен 

міндеттерінен  тұратын  арнайы  әдіс.  Коучинг 

терминнің  пайда  болуына  келетін  болсақ, 

бұл  студенттің  мақсатқа  жетуіндегі  ең  жаңа 

терминдерінің бірі болып саналады. Мұғалімнің 

дәріс  беруі  кезінде  коучинг  әдісі  тиімді  және 

интерактивті әдіс болып табылады.

Коучинг  тек,  оқу  процесін  басқаруда  ғана 

қолданылмайды, сонымен қатар педагогикалық 

қарым-қатынасты  ұйымдастыруда,  филосо-

фия  мен  технологияның  өзара  байланысын-

да  сондай-ақ,  студенттермен  педагогтардың 

дамуына  бағытталады.  Коучинг  технология-

сын жеке және кәсіби дамуға қол жеткізу үшін 

тиімді  әдістер  жиынтығы  ретінде  жоғары 

білім  беру  жүйесінде  қолдану  тиімді,  ол 

болашақ  маманның  мақсатқа  жету  жолдары 

мен шешімдерді қабылдауда тиімді. Білім беру 

жүйесінің ең негізгі міндеттерінің бірі оқытуды 

үйрету: негізгі білімдерді іздеу және оларды тал-

дау  болып  табылады.  Коучинг  студенттердің 

танымдық  мотивациясын  белсендіру  үшін 

мүмкіндік  береді  және  өздігінен  білім  алуға 

және кәсіби өзін-өзі дамытуға үйретеді. 

Сондай-ақ, 

коучинг 

жоғары 


оқу 

орындарындағы  түлектерді  кәсіби  қызметке 

дайындығын 

қалыптастыруда 

пайда-

ланылуы  керек.  Коучинг  технологияла-



рын 

педагогикалық 

қарым-қатынаста 

пайдаланудың 

тиімділігі 

оқытуды 


ұйымдастыру  ынтымақтастығының  негізгі 

бағыттары,  ғылыми  қызметпен  мақсаттар 

қою  және  ғылыми  білімді  қалыптастыру 

дағдыларын  дамыту,  оқуға  ынталандыру  бо-

лып табылады. Осы тәсілдір арқылы оқытушы 

мен  студент  арасындағы  ынтымақтастықты 

дамытып, бірге жұмыс жасауға бірінің еңбегін 

бірі  бағалауына  үйретеді.  Сонымен  қатар 

жауапкершілікті  сезініп,  шығармашылық 

әлеуетін жақсартуға мүмкіндік береді.

Білім  беру  жүйесінде  коучингтің  басты 

мақсаттары мыналар болып табылады:

 



мынадай  құралдар:  ықпалды  сауал-



дар,  мұқият  тыңдау,  түйсіктер  (интуиция-

лар),  өмірлік  тепе-теңдікке  (балансқа)  оқыту 

және  оны  бірлесіп  табу  көмегімен  студенттер 

мәселелік  жағдаяттарды  шешуге  мүмкіндік 

туғызады; 

 



студент соңғы шешімін ұсынады;

 



топтасып жұмыс жасауға бейімделеді

 



өз бетінше оқуға ынталандырады;

 



студент мүмкіндігін толық ашу септігін 

тигізеді;

 



студент  ойлауы,  тілегі  мен  ниеті  арта-



ды.

Сонымен  қатар,  коучинг  технологияла-

рын  «педагогика-психология»,  «психология» 

мамандықтарында  пән  ретінде  қолдануға  бо-

лады,  мысалы,  «әлеуметтік  -  психологиялық 


66

МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 1,  2016 г. 

бақылау 

технологиясы», 

«ұжымдағы 

конфликтерді  басқару»,  «психологиялық  жар-

наманы  басқару»  және  т.б.  Сабақ  барысында 

студенттермен  қарым-қатынас  барысында 

коучинг  стилі  орнатылады.  Бұндай  сабақтар 

студенттердің  оқу  мотивациясын  белсендіріп, 

өз-өзіне сенімділікті, өзін-өзі жеке және кәсіби 

дамыту қажеттілігін, іске асыру үшін мүмкіндік 

береді. Коучинг барысында кәсіби тұрғысынан 

жеке  мақсаттарына  жету  үшін  жауапкершілік 

алу  түсінігі  пайда  болады.  Осыдан  алдына 

қойған мақсаттарын және оны шешу жолдарын 

өз  бетінше  іздестіру  жүзеге  асырылады.  Бұл 

жердегі жауапкершілік ол өзінің саналы түрде 

таңдаған мінез-құлқы, ойлауы мен эмоциялық 

сезімдері ерікті түрде болады.

Коучинг,  әлеуметтік  іс-әрекет  ретінде, 

студенттерге 

өз 

таңдауларын 



түсініп 

жауапкершілікті  өз  мойындарына  алуға 

мүмкіндік береді. 

Л.К.  Көмекбаева,  З.  Б.  Мадалиева  «Білім 

жүйесі 

мекемелеріндегі 



психологиялық 

қызметті  ұйымдастыру»  атты  еңбектерінде 

жарияланған  кәсіптік  психограмманы  да, 

осы  коучинг  әдісіне  студенттерге  тиімді 

интерактивті  оқыту  барысына  ұсынуға  бола-

ды:


Кәсіптік психограмма

1.  Тұлғалық ерекшеліктер, кәсіптік білу.

2.  Өзгелердің  жағдайын  түсінуге  тырысу, 

назар аудару.

3.  Қарым  -  қатынасқа  бейімділігі, 

жылышырайлығы.

4.  Жетекші болуға қабілеттілігі.

5.  Жарқын жүзділігі.

6.  Шыдамдылығы, төзімділігі.

7.  Үлкен жауапкершілікті сезінуі.

8.  Әртүрлі  жұмыстарды  толық  орындау 

қабілеттілігі.

9.  Еңбек іс-әрекетіне ынтасы.

10. Әрекеттегі ұқыптылығы.

11. Жаңа идеяларды тез игеруі, пікірдің өз 

еркіндігі.

12. Өз ойын еркін айтуға қабілеттілігі.

13. Есте сақтауы [4].

В.  Н.  Карандашевтың  пікірі  бойынша  ма-

ман  компетенттілігі  ол  студенттің  кәсіби 

біліммен,  қабілеттіліктермен,  ғылымдармен 

біліктілігінің болуы деп қарастырады[5].

Ресейлік  психолог  А.Н.Леонтьевтің  айту-

ынша кәсіби қызметте адамды 3 түрлі сатыға 

бөледі:  ойын,  оқыту,  еңбек.  Іскерлік,  рөлдік 

ойындарда  қатынасушылар  өзін  еркін  және 

шынайы  түрде  көрсетеді.  Коучинг  оқыту 

мен  ойынның  арасын  үзеді,  адамға  негізгі 

құзыреттіліктерін  қалыптастыруға,  өзінің 

қабілеттері  мен  құндылықтарын  дамытуға, 

жеке  даралығын  анықтауға,  өмірде  ең  жақсы 

нәтижелерге қол жеткізуге көмектеседі. Оқыту 

кезінде  студенттерге  көптеген  әдістерді 

жүргізуге  болады.  Ол  әдіс  студенттердің 

өзіндік белсенділігін арттырады, сабаққа деген 

қызығушылықтарын  арттыру  керек.  Мысалы 

рөлдік ойындар, когнетивті әдістер, дискуссия. 

Қазіргі  таңда  студент  жастардың  бойы-

на  білім  беруде  тек  құрғақ  дәріспен  неме-

се  семинар  сабақтары  мен  дәріс  беру  мүмкін 

емес.  Сол  себепті  де  интерактивті  әдістерді 

қолдану  тиімді  болып  отыр.  Ең  негізгі 

инновациялық  әдістер  дәл  осы  интерактивті 

әдістерді  қолдануымен  байланысты.  Осы  кез-

де  интерактивті  термин  оқу  әр  түрлі  мазмұн 

болып  қарастырылады.  Осыған  сәйкес  түсінік 

1990  жылдары  пайда  болған,  яғни  ол  ең 

алғашқы веб - браузе түсінігімен және интернет 

ұғымдарының  пайда  болуымен  түсіндіріледі. 

Көптеген  мамандар  бұл  ұғымды  интернет 

арқылы білім алу деп түсіндіреді. Бұл әдісті кең 

тұрғыда қарастыратын болсақ, ол біреумен ди-

алог құру деп қарастыруға болады. 

Н.Суворова  интерактивті  әдіс  -  ол  жаңа 

әдіс.  Интерактивті  әдіс  -  ол  ағылшын  тілінен 

аударғанда  «interact»  («inter»  -  «жауапты», 

«act»  -«әрекет»).  Интерактивті  оқыту  ол  та-

ным  әрекетінің  арнайы  ұйымдастырылған 

формасы  болып  саналады.  Ол  нақты  және 

болжамды  мақсаттарды  көрсетіп  береді.  Осы 

мақсаттардың  бірі  оқудың  комфортты  шар-

тын түзіп, осы сәтте студент немесе тыңдаушы 

оқу  процесінің  продуктивті  болуына  себеп 

болған  -  өзінің  сәтті  әрекетін,  интеллектуал-

ды  деңгейін  сезінеді.  Интерактивті  әдістің 

негізгі  мазмұны  оқу  процесінде  қатысушы 

студенттердің барлығы танымдылық танытып, 

олар өздерінің білгендері мен ойлайтындарын 

жаңғыртуға  мүмкіндік  алады.  Осылайша  коу-

чинг  технологиясы  инновациялық  өзгерістер 

үшін  негізгі  ресурс  ретіне  және  тиімді  оқыту 

әдістемесі ретінде, жоғары білім беру жүйесін 

жаңғыртуды жүзеге асыру үшін ең үздік тәсіл 

болып табылады. 



67

БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 1,  2016 г. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет