Г. К. Ахметова-п.ғ. д., профессор, Ж. А.Қараев- п.ғ. д., профессор



Pdf көрінісі
бет9/12
Дата03.03.2017
өлшемі1,32 Mb.
#7385
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Пайдаланылған әдебиеттер 

1. 


Ф.Бурнард «Тренинг межлистного взаимодействия» С-П. 2001 жыл.

2. 


Д.Корнеги « Как приобритеть друзей и оказовать влияние других» Киев 1989 жыл.

3. 


К.Рудестам «Групповая психотерапия» М. 1993 жыл.

4. 


Л.К.Көмекбаева, З.Б.Мадалиева «Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметті 

ұйымдастыру» А.,2001

5. 

Карандашев В. Н. Методика преподавания психологии: Учебное пособие. - СПб.: Пи тер, 



2006. - 250 с:

ЭФФЕКТИВНОЕ ПРИМЕНЕНИЯ КОУЧИНГ МЕТОДА 

У.Б. Толешова., Ш. Абдуқадыр 

Аннотация. 

В  данной  статье  рассматриваются  вопросы  применения  коучинг  технологий  в 

процессе обучения через развитие системы повышения сотрудничества. 

Ключевые  слова:

  качество  образования,  коучинг,  обучение,  обучение  и  отношений  со 

студентами, сотрудничество, компетентность, тренерский технологии.

EFFICIENT METHOD OF COACHING

U.B. Toleshova., Sh. Abdukadir

Annotation. 

This article deals with the application of coaching techniques in the learning process of 

students, based on learning through the development of increasing cooperation system.

Keywords: 

quality education, coaching, training, teaching and relations with students, cooperation, 

competence, coaching technology.

УДК 373.1.013



МАҚСАТ- БАЗАЛЫҚ НЕГІЗДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІН САПАЛЫ ОҚЫТУ

Ж.М. Ибраева

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы ПҚ БАИ 

Түйіндеме. 

Мақалада  жалпы  білім  беретін  мектептердегі  сапалы  мақсатқа  жетудегі  қазақ 

тілін  оқытудың  тиімді,  нәтижелі  әрекеттері  мен  жұмыс  түрлері  туралы  айтылады.  Сонымен 

қатар оқытуда әр түрлі белсенді жұмыс формалары, қазақ тілін оқытудың тиімділігі мен түрлі 

оқыту технологиялары туралы, оқыту барысындағы тиімді, нәтижелі топтық жұмыс формалары 

туралы сөз болады. Мемлекеттік тіл мәртебесін арттырып, дамытудың бір жолы – қазақ тілінің 

мамандық тілі, ғылым тілі ретіндегі қолданыс аясын кеңейту. Мақалада осы аталған мәселелерге 

орай әдіс-тәсілдер айтылады. 



Түйінді сөздер: 

қазақ тілі, ана тілі, реформа, білім, технология, сапалы, модуль, технология, 

оқыту, белсенді, ұлт жанашыры


68

МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 1,  2016 г. 



«Білім беру реформасы табысының басты өлшемі-тиісті білім мен білік алған еліміздің кез 

келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге 

көтерілу болып табылады. 

 Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге 

тиіспіз»

Н.Ә. Назарбаев

Білім алу – адамзат әрекетінің ең маңызды 

бір  түрі.  Ол  білім  мен  тәрбиенің  негізін 

қалайды. Білім алуда адамның ішкі мүмкіндігі 

мен  қабілетінің  дамуы,  қалыптасу  үрдісі 

байқалады. Қабілет, бір жағынан адамның білім, 

дағды,  іскерлікті  қалыптастырудағы  саналы 

әрекетінің  нәтижесі  болса,  екінші  жағынан 

адамның  табиғи-генетикалық  ерекшелігімен 

тікелей байланысты. Осыған орай, қазіргі білім 

беру парадигмасында білім алушыға тұлғалық-

әрекеттік  тұрғыдан  қарауға  үлкен  мән  беріп 

отыр.  Өйткені,  әрекет  дегеніміз  –  саналы 

мақсатқа тәуелді үрдіс. Демек, мақсатқа жетудің 

басты жалпы білім беруші мен білім алушының 

бірлескен  іс-әрекеті  болып  табылады.  Осыған 

орай  оқытуды  екі  жақты  әрекетке  субъект-

субъектілік, диалогтық қарым-қатынасқа құру 

мәселесі шешімін табуда. 

Қазіргі  орыс  тілді  аудиториясында 

қазақ  тілін  оқытудың  тиімділігі  жоғары 

түрлі  оқыту  технологиялары  қолданылады. 

«Педагогикалық  технология  оқушы  мен 

оқытушыға қолайлы жағдайда оқу үрдісін жо-

спарлау,  ұйымдастыру,  өткізудің  және  оқушы 

мен  оқытушының  бірлескен  педагогикалық 

әрекетінің  әрбір  жеке  бөлшегіне  дейін 

ойластырылған модулі» (В.М. Монахов).

Осы  тұрғыдан  келгенде,  модульдік 

технологияның  өзіне  тән  ерекшеліктерін 

атап айтуға болады: оқыту мақсатының соған 

сәйкес  нәтижесінің  айқындылығы,  өзіне  тән 

құрылымы,  бостандығы,  осы  құрылымға 

орай  оқу  материалдары  бөліктерге  бөлініп 

берілетіндігі оқытушы кеңесшісі, бағғыттаушы 

қызмет  атқаратындығы,  мұғалім  мен  білім 

алушының  арасында  субъект-субъектілік 

қарым-қатынастың 

болатындығы, 

білім 


алушыларға  өз  бетімен  толықтыруға  толық 

мүмкіндік жасалатындығы.

Модуль  дегеніміз  –  тұтас  жүйенің  бір 

бөлшегі,  пәннің  негізгі  заңдылықтарын  аша-

тын  ұғымдардың  бір-біріне  байланысты 

элементтердің жиынтығы.

Модульдік  технология  дегеніміз  –  білім 

алушының  ішкі  мүмкіншілігіне,  қабілетіне 

қарай  өз  бетімен  ізденуіне,  әрекет  етуіне 

лайықталған 

дидактикалық 

құрылым, 

адамның өзін-өзі дамуының амалы, жолы.

Модульдік оқытудың құрылымы:

1.  Оқу модулінің кіріспе бөлімі;

2.  Оқу модулінің сөйлесу бөлімі;

3.  Сөйлесу бөлімін құру қағидалары;

4.  Оқу  модулінің  қорытынды  бақылау 

бөлімі.

Мен өз іс-тәжірибемде М. М. Жанпейісованың 



«Модульдік  технологисын»  қолданамын. 

Себебі,  білім  беру  саласында  жиі  көтерілетін 

мәселелердің  бірі  –  оқушыларды  өзін-өзі 

басқаруға үйрету.

Осы мақсатты алға қойып, өз тәжірибемде 

оқытуды жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың 

пәнге  деген  қызуғышылығын  арттыру 

мақсатында  әрбір  сабағымды  түрлендіріп 

өткізу  әдістерін  енгіздім.  Оқушы  санасы-

на  білімді  жүйелі  түрде  меңгеруіне  және 

оқушының  қабілет  деңгейлерін  дамыту-

да  осы  технологияның  маңызы  ерекше 

екендігі  мәлім.  Олай  дейтінім,  жаңа  техноло-

гия  әдістері  оқушылардың  шығармашылық 

қабілеттерін  арттырып  өз  бетімен  жұмыс 

істеуге,  қорытындылар  жасауға,  жүйелі  білім 

алуға  жетелейді.  Өйткені,  модульдік  оқыту 

технологиясында оқытудың әр түрлі белсенді 

формаларын  (топтық,  жеке  топтық,  жұптық, 

пікір-таластар,  диспуттар)  қолдануға  мол 

мүмкіндіктер  бар.  Осы  модульдің  тиімділігі: 

оқушы  білімді  жеке-жеке  тараулар  емес, 

біртұтас  тақырып  түрінде  жүйеленген  білім 

алады.  Өзін-өзі  дамытуға,  бірін-бірі  оқытуға, 

кітаппен  жұмыс  істеуге  үйренеді,  қосымша 

әдебиетпен білім алуға баулу арқылы дарынды 

балалармен жүйелі жұмыс істеуге мүмкіндік ту-

ады. Оқу модулінің сөйлесу бөлімінің тағы бір 

ерекшелігі ол оқытудың белсенді формаларын 

қолдану арқылы оқу материалдарына бірнеше 

рет қайта оралып жұмыс істеуге болады. 

Жаңа  тақырыпты  оқыту  барысын-

да  модульдің  кіріспе  бөлімінен  бастаймын. 

Мысалы,  9-сынып  бағдарласында  «Тұңғыш 

ғалымдар» 

модульдік 

құрылымымен, 

мақсатымен таныстырамын. Сонан соң, сөйлесу 

бөлімінде  сыныпты  негізінен  6  оқушыдан 

шағын  топтарға  бөлу  арқылы  олардың  өзара 

белсенді  әрекеттенуіне  ықпал  жасаймын. 


69

БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 1,  2016 г. 

Сөйлесу  бөлімінде  тыңдау,  жазу,  көру,  айту 

мүмкіндіктері ескерілген.

Оқытуда әр түрлі белсенді жұмыс формала-

рын қолдану оқытудың міндетті шарты болып 

табылады. Сөйлесу бөлімінде білік пен дағдыны 

қалыптастыру,  кейіннен  алынған  білімді  тал-

дау,  жинақтау  және  бағалау  мақсатындағы 

оқытудың белсенді формалары қолданылады.

Оқу модулінің қорытынды бөлімі – бақылау. 

Сөйлесу  бөлімінің  барлық  сабақтарында 

оқушылардың  бір-біріне  көмегі  бірін-бірі 

оқыту,  түрлі  ғылыми  еңбек  көздерін  пайда-

лануы  құпталынып  келсе,  енді  қорытынды 

бөлімінде  оқушы  өзінің  сөйлесу  бөлімінде 

алған білімін, білігі мен дағдыларын ешкімнің 

көмегінсіз көрсетуі тиіс.

Оқу  пәнінің  ерекшелігіне  орай  оқу  білімін 

бақылаудың  түрлі  ретінде  тестілік  тапсырма-

лар, бақылау жұмыстары, сынақ, шығарма не-

месе диктант қолданылады, бұл оқу модулінің 

қорытынды бөлімінде іске асырылады.

Оқушылардың  тақырып  немесе  тарау  бой-

ынша алған білім, білігін, дағдысын бағалауда 

олардың оқу модулінің қорытынды бөлімінде 

бағалары қойылады.

Егер  сөйлесу  бөлімінде  оқушыларға  үш 

деңгейлік  («жеңілдетілген  стандарт»,  «стан-

дартты»,  «стандарттан  жоғары»)  тапсырма-

лар  ұсынылса,  қорытынды  бөлімінде  барлық 

оқушыларға  мемлекеттік  білім  стандартына 

сай бірдей тапсырмалар беріледі. Зерттеушілік 

сипаттығы  тапсырмалар  бөлек  есептеледі. 

Олар  баяндама,  реферат  түрінде  болуы 

мүмкін. Тоқсандық қорытынды баға әрбір оқу 

модулінің бағалары нәтижесінде қойылады.

Егер оқушы қандай да бір себептермен оқу 

модулінің  бөліміндегі  сабақтарда  болмаған 

болса оған осы сабақтарда қолданылған барлық 

деңгейдегі  тапсырмалар  жеке  беріледі.  Оны 

бала  үйінде,  сабақтан  тыс  уақытта  орындауы 

тиіс. Тапсырмаларды орындаған оқушыға өзін-

өзі  тексеру  үшін  мұғалімнің  өзіне,  не  болмаса 

осы  сынып  оқушыларының  ішінен  кеңесші 

оқушының тексеруіне болады. Тек содан кейін 

ғана  қорытынды  бөлімінің  тапсырмалары 

беріледі, орындалуын мұғалім өзі бақылайды.

Қазақ  тілі  пәнін  оқыту  барысында 

тиімді,  нәтижелі  топтық  жұмыс  формасын 

жиі  қолданамын.  Оқушылармен  топтық 

жұмыс  жүргізу  алдында,  оларды  қабілетіне, 

қызығушылығына,  икеміне,  біліміне  қарай 

лайықтаймын, тексерумен бағалаудың әділдік, 

жариялылық  талаптарын  орындау,  ұстаз  бен 

шәкірт  ынтымақтастығы  арқылы  оқушының 

белсенді  ойлауына,  белсенді  сөйлеуіне, 

шығармашылығына қол жеткізу.

Қазақ тілі сабағында белсенді жұмыс форма-

лары  арқылы  модульдік  технология  негізінде 

субъекттердің  әрекеттері  құзырлық  арқылы 

да  дамиды.  Олар:  коммуникативтік  (үш  тілді 

меңгеру:  орыс,  қазақ  ағылшын),  ақпараттық 

құзырлық 

(компьютерлік 

сауаттылық), 

мәселені шешу және өзін-өзі басқару (нәтижелік 

тиімділік).

Қорыта  келгенде,  қазақ  тілін  оқыту  ба-

рысында  алға  қойған  мақсатқа  жетудің 

тиімділігін  қамтамасыз  ететін  оқытудың  әдіс, 

құралдардың  өзара  байланысы  жатыр,  соған 

байланысты қажетті мазмұнды, тиімді әдістер 

мен  құралдарды  бағдарлама  мен  қойылған 

педагогикалық міндетке сәйкес білу мұғалімнің 

педагогикалық шеберлігіне байланысты.

Соңғы жылдары бұл мәселе төңірегінде де 

біршама  жетістіктер  бар  екені  рас.  ХХІ  ғасыр 

сұранысына жауап бере алатын тілді үйренудің 

басты тәсілдерінің бірі – деңгейлік оқыту жүйесі, 

қатысымдық  әдіс  қазіргі  уақытта  көптеген 

жоғары  оқу  орындарында  оқытылатын 

қазақ  тілінің  әдістемелік  негіздемесіне  ай-

налып  та  үлгерді.  Бұл  тұрғыда  ерекше  атап 

өтерлік  жағдай  Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық 

педагогикалық  университетінің  профессоры 

Ф.Ш.  Оразбаеваның  басшылығымен  жарық 

көрген оқулықтар кешенін айтсақ та жеткілікті. 

Сонымен бірге М.М. Жанпейісованың қазақ тілін 

модульдік оқыту технологиясы арқылы үйрету 

әдістемесін, осы технология негізінде жарыққа 

шыққан  оқулықтар  мен  оқу  құралдарын, 

әдістемелік  нұсқауларды  да  атап  өтуге  бола-

ды.  Осындай  шығармашылықпен  жазылған 

жақсы  оқулықтар  мен  оқу  құралдарының  та-

ралымын  көбейте  отырып,  еліміздің  барлық 

оқу  орындарына  жетуін  көздесек,  көп  жақсы 

инновациялық  жаңалықтарға  бастау  болары-

мыз  сөзсіз.  Тілді  үйретуде  қатысым  әдісінсіз 

тілді  жылдам  әрі  сапалы  меңгерту,  оны  кез 

келген ортада еркін тілдік қатынасқа түсе ала-

тын дәрежеге жеткізу мүмкін емес. Қазақ тілін 

оқытудың  тиімді  әдістері  туралы  айтқанда 

қатысымдық  әдіс  (коммуникативный  метод) 

деген әдіс туралы айтқан дұрыс. Өйткені қазіргі 

кезде қазақ тілін үйретудегі басты кемшілік тіл 

үйренушіні  мемлекеттік  тілде  сөйлете  алмай 

отыруымызда болып отыр.

Ол қатысымдық әдісті сөз етпестен бұрын, 

жалпы  оқыту  әдісіне  тән  бірнеше  белгілерді 

бөліп  шығарды.  Мұндай  белгілер  мыналар:  1. 

Әрбір оқыту әдісі белгілі бір мақсатқа жетудің 



70

МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 1,  2016 г. 

құралы  болып  табылады.  Қатысымдық 

әдістің  негізгі  мақсаты  –  сөйлеу  әрекетінің 

түрлерін  (айтылым,  жазылым,  тыңдалым, 

оқылым, тілдесім) меңгерте білу. 2. Әдіс оқыту 

процесіндегі  тактиканы  емес,  стратегияны 

анықтайды, сондықтан да ол (әдіс) оқытудың 

шартына  тәуелді  болмайды.  3.  Оқыту  әдісінің 

аумағы  өте  кең,  сондықтан  сөйлеу  әрекетінің 

қай түрінде болсын оқытудың барлық жақтары 

қамтылады.  4.  Әдісте  барлық  қағидалардың 

басын  біріктіретін  ең  басты,  негізгі  идея 

болады.  Басты  идея  методологиялық  рөл 

атқара келіп, әдістің жүзеге асуы үшін барлық 

мәселелердің  басын  біріктіреді.  Сөз  болып 

отырған  әдіске  қатысты  негізгі  идея,  басты 

өзек  –  қатысым  болып  табылады.  Қазақ  тіл 

білімінде  қатысымдық  әдістің  негізін  қалаған 

профессор  Ф.  Оразбаева  берген  анықтамаға 

жүгінсек, «Қатысымдық әдіс дегеніміз – оқушы 

мен  оқытушының  тікелей  қарым-қатынасы 

арқылы жүзеге асатын; белгілі бір тілде сөйлеу 

мәнерін  қалыптастыратын,  тілдік  қатынас 

пен  қағидалардың  жүйесінен  тұратын;  тіл 

үйретудің  тиімді  жолдарын  тоғыстыра 

келіп,  тілді  қарым-қатынас  құралы  ретінде 

іс  жүзінде  асыратын  әдістің  түрі»  [3:78]. 

Сөйлеу  үшін  оқушы  тілдік  көрсеткіштер  мен 

сөйлеуде  жұмсалатын  тұлғалардың  тіркесу 

заңдылықтарын  білуі,  тілдік  құралдарды 

қолданудың  амал-тәсілдерін  меңгеруі  қажет. 

Сөйлеу  кезінде  тілдік  тұлғалардан  бұрын 

қатысымдық тұлғаларға, әсіресе олардың бай-

ланысу,  қолданылу  жолдарына,  амалдарына 

ерекше  назар  аударылады.  Мұнда  тілдің  кіші, 

үлкен,  дара,  күрделі  бөлшектерінің  бәрі  бір 

ортақ  мақсатқа  –  сөйлей  білуге,  айтар  ойды 

жеткізуге  жұмсалады.  Сөйтіп,  адамдардың 

тілдік қарым-қатынасы жүзеге асады, сөйлесім, 

тілдесім  өз  нәтижесін  береді.  Сөйлеуді  үйрету 

барысында  қатаң  талаппен  сұрыпталған 

лексикалық,  фонетикалық,  грамматикалық 

минимумдар  мен  сөздік  материалдар  алы-

нады.  Олардың  барлығы  сөйлеуді  меңгеруге 

тікелей қатысы бар жағдаяттар болып табыла-

ды. Қатысымдық технология, негізінен: а) оқу 

материалын меңгеруге бағытталады; ә) оқушы 

тұлғасына  бағытталады;  б)  оқытушы  мен 

оқушының  ынтымақтастығына  бағытталады, 

сол  арқылы  оқу  мақсаты  жүзеге  асырылады. 

Қазіргі таңда өте алаңдататын келесі жағдай – 

ЖОО-ға түскен мектеп түлектерінің көпшілігі 11 

жыл бойы тілдерді үйреніп келсе де, қазақ тілін 

білу  деңгейлері  төмен  екендігін  байқатады. 

Оқытушыларға 

практикалық 

сабақтарда 

кейбір  материалдар  мен  тақырыптарды 

қайта  үйретуге  тура  келеді.  Оқытудың  жаңа 

технологияларын  пайдалануда  жоғары  оқу 

орнының  алатын  орны  ерекше.  Өйткені  білім 

де, тәрбие де, дүниеге көзқарас та жоғары оқу 

орнында  қалыптасып,  орнығады.  Осыларды 

іске асыратын басты тұлға - ұстаз. Қазіргі кез-

де  шығармашылық  ізденіс  қабілеті  дамыған, 

жаңа  педагогикалық  технологияларды  жете 

меңгерген,  мамандық  шеберлігі  қалыптасқан 

мұғалім қажет.

Біздің  баса  назар  аударатынымыз  – 

мемлекеттік  тіл  мәртебесін  арттырып, 

дамытудың бір жолы – қазақ тілінің мамандық 

тілі,  ғылым  тілі  ретіндегі  қолданыс  аясын 

кеңейту.  Студенттерге  кәсібіне  байланысты 

терминдерді  игерту  (іс-қағаздарын  рәсімдей 

білу  дағдыларын  жетілдіру)  қазақ  тілін  сапа-

лы  оқытудағы  маңызды  мәселелердің  бірі. 

Қазақ  тілі  сабағында  болашақ  маманның 

кәсіби  қызметінде  жиі  кездесетін  құжат 

түрлері,  типтендірілген  сөйлеу  жағдаяттары, 

проблемалық  өндірістік  жағдайлар  қамтылуы 

қажет.  Сөйлеу,  оқу  іскерлігімен  қатар,  жазу 

іскерлігін, проблемалық ситуациялардан шыға 

білу  іскерлігін  дамыту  сабақта  интерактивті 

оқыту әдістерін қолдануды талап етеді. Қазақ 

тілін  мемлекеттік  тіл  ретінде  отандық  және 

шетелдік  тіл  үйрету  әдістемелерінің  озық 

үлгілерін  тиімді  пайдалана  отырып,  үздіксіз 

оқыту  бүгінгі  күннің  басты  талабы.  Бұл  – 

өсіп  келе  жатқан  балалар  мен  жастардың 

үйлесімділікпен дамуы, елдік рухты көкірегіне 

түйіп,  ұлттық  дүниетанымды  терең  меңгеруі 

үшін  де,  елдік  санада  тәрбиеленуі  үшін  де 

ауадай  қажет.  Тілді  оқытуда,  әсіресе,  жеке 

тұлғаның қалыптасуына ерекше мән бере оты-

рып,  тіл  арқылы  ұлтжанды  азамат  тәрбиелеу 

басты  назарда  болуы  тиіс.  Яғни  ТІЛ  –  ТҰЛҒА 

–  МӘДЕНИЕТ  қағидасы  негізінде  баланың 

үйлесімді  дамуына  қатысты  қажеттіліктерді 

тіл арқылы беру, үйрету басты мәселе саналуы 

тиіс. 

Пайдаланылған әдебиеттер

1. 


Оразбаева Ф. Тілдік қатынас пен қатысым әдісінің ғылыми-теориялық негіздері. Пед.ғыл.

докт.дис.-Алматы, 1996 ж. – 345 б.

2. 

Пассов Е.И. Коммуникативный метод обучения иноязычному говорению. 2 изд. М. Просве-



71

БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 1,  2016 г. 

щение, 1991. -312 с.

3. 


Оразбаева Ф. Тілдік қатынас: теориясы мен әдістемесі. –Алматы, 2000 ж. -256 б.

4. 


Сарыбаев Ш. Орыс мектебінде қазақ тілін оқыту тәжірибесінен. Алматы,1940

5. 


Сарыбаев Ш. Методика преподавания казахского языка в русской школе. Алматы, 1943 – 

125б. 


ЦЕЛЬ – ОБЕСПЕЧЕНИЕ КАЧЕСТВЕННОГО ОБУЧЕНИЯ БАЗОВЫМ

ОСНОВАМ КАЗАХCКОГО ЯЗЫКА

Ж.М. Ибраева

Аннотация. 

В  данной  статье  рассматриваются  вопросы  казахскому  языку  формы

эффективность, технологии. 

Ключевые 

слова: казахский язык, реформа, родной язык, технология, модуль.

AIM – PROVIDING QUALITY TEACHING BASIC FUNDAMENTALS OF THE KAZAKH LANGUAGE

Zh.Ibraeva



Abstract. 

This article investigates the development of the objectives and qualitative teaching of the 

Kazakh language,forms, effectivenes and technology. 

Key 

words: the Kazakh language, reform, the native language, technique, module.

УДК 81.367

ЕТІСТІК КАТЕГОРИЯЛАРЫН СӨЙЛЕМДЕ ҚОЛДАНУ ШАРТТАРЫ

Р.Қ.Өмірбекова

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы

Нарсеитова Ф.С.

«Өрлеу»БАҰО» АҚ  филиалы ҚР ББЖ ҚБАРИ, Алматы

Түйіндеме. 

Мақалада сөз тіркестерін есімді, етістікті деп бөлу олардың басыңқы сыңарларының 

қай сөз таптарынан болуы, соның ішінде етістікті сөз тіркестерінің морфологиялық, құрылымдық 

түрлері  рөлінің  әртүрлілігі  сөз  болады.Етістіктердің  басыңқы  қызметте  жұмсалуы  мен  оның 

осы  қызметтегі  ерекшеліктері  туралы  М.Балақаев,  Р.Әміров,  Т.Сайрамбаев,  Ә.Әбілақов  т.б. 

ғалымдар  едәуір  дәрежеде  пікір  айтқаны  белгілі.  Етістіктің  басыңқы  қызметімен  бірге  енді 

басыңқы  сыңарларының  бағыныңқы  сыңарларға  ауысу  процесіне  тоқталмақпыз.  Ол  үшін 

етістіктің әртүрлі категорияларының сөз тіркесінің басыңқы сыңарында жұмсалу ерекшелігі, 

есімшелі оралымның синтаксистегі ең күрделі мәселенің біріекендігі, бұл сияқты оралымдарды 

әртүрлі түсіндіру түбегейлі шешім таба қоймаған мәселе екендігі сөз болады Әрине, есімшелі 

оралымдарды  нақты  айту  ең  алдымен  етістіктің  негізгі  ерекшеліктерін  жан-жақты  көрсету 

арқылы ғана жүзеге асады. 



Түйінді  сөздер: 

етістік,  сөз  тіркесі,  сөйлем  мүшесі,  баяндауыш,  етіс,  рай  категориясы,  сөз 

таптары, есімше, оралым, бағыныңқы сыңар, басыңқы сыңар.

Синтаксис,  оның  үлкен  бір  саласы  сөз 

тіркестері қазіргі кезде жан-жақты зерттеудің 

объектісі болуда.

Қазақ  тіл  білімінде  сөз  тіркестерін 

М.Балақаев арнайы зерттей келе оның негізгі:

а) байланысу формалары, 

ә) байланысу тәсілдері,

б) синтаксистік қатынастары,

в) түрлері сияқты басты-басты объектілерін 

нақтылап,  соның  әрқайсысы  арнайы  зертте-


72

МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 1,  2016 г. 

лу  үстінде  [1].  Әсіресе  сөз  тіркестерінің  осы 

объектілерінің  ішіндегі  олардың  түрлерін 

есімді, етістікті сөз тіркестері деп топтап беру 

сөз  тіркесінің  жігін  айқындаудағы  ең  негізгі 

белгі болып табылса керек.

Сөз  тіркестерін  есімді,  етістікті  деп  бөлу 

олардың  басыңқы  сыңарларының  қай  сөз 

таптарынан  болуына  негізделсе  керек. 

Соның  ішінде  етістікті  сөз  тіркестерінің 

морфологиялық,  құрылымдық  түрлерінің 

рөлі әртүрлі. Етістіктердің басыңқы қызметте 

жұмсалуы  мен  оның  басыңқы  қызметтегі 

ерекшеліктері  туралы  М.Балақаев,  Р.Әміров, 

Т.Сайрамбаев,  Ә.Әбілақов  т.б.  ғалымдар 

едәуір  дәрежеде  пікір  айтқаны  белгілі.  Деген-

мен,  етістік  –  сан  қырлысөз  табы.  Сондықтан 

да  олардың  басыңқы  қызметімен  бірге 

енді  басыңқы  сыңарларының  бағыныңқы 

сыңарларға  ауысу  процесіне  тоқталмақпыз. 

Ол үшін етістіктің әртүрлі категорияларының 

сөз  тіркесінің  басыңқы  сыңарында  жұмсалу 

ерекшелігін  сөз  етелік.  Есімшелі  оралым 

синтаксистегі  ең  күрделі  мәселенің  бірі: 

жоғарыда  көрінгендей  бұл  сияқты  топтарды 

әртүрлі түсіндіру –оның әлі де болса түбегейлі 

шешім  таба  қоймағандығын  көрсетсе  керек. 

Әрине,  есімшелі  оралымдарды  нақты  айту 

ең  алдымен  етістіктің  негізгі  ерекшеліктерін 

жан-жақты көрсету арқылы ғана жүзеге асады. 

Сондықтан  да  етістіктің  категорияларының 

сөйлемде қолданылу орындарын айқындаудың 

да  негізгі  мәселені  шешуге  себебі  мол  тиетіні 

анық.  Басқа  сөзтаптарына  қарағанда  етістікті 

сөз тіркесі сөйлем мүшелері жағынан да едәуір 

көп  айтылып  келе  жатқан  сөз  табы.  Осыған 

байланысты  бұл  жерде  етістіктің  сөз  тіркесі 

мен сөйлем мүшесінде баяндауыш қызметінде 

жұмсалуының 

өзіндік 

ерекшеліктерін 

айқындау ең қажет факт.

Күрделі етістіктер:

Сүйіндік, Сүгірбай осындай сылтауды күтіп, 

қос  қанатын  қомдап  отыр  екен.  Алдымен 

көшкен  солар  болды  да,  өзге  Бөкеншілер  де 

еріксіз тартып кетті (М.Әуезов).

Салт, сабақты етістіктер:

Бала  жігіт  бұйрықты  орындамады.  Үн-

түнсіз  бұрылды  да,өз  үйіне  қарай  жүре  берді 

(Х.Ерғалиев).



Етістер:

Жүргіншілер  келе  жатқан  қабат-қабат 

биіктің  арасында  жатқан  жіңішке  өзен  кей-

де  тарауланып  көп  салаға  бөлініп,  кейде  иін 

тіркескен  биіктік  жартастардың  арасынан 

жалғыз аяқ жолдай болып жіңішкеріп, жылан-

ша  иіріледі.  Отағасы  қозғала  отырып  сөйледі 

(М.Әуезов).Сіз қазір пәтеріңізге барып жуынып, 

тамақтанып, ұйықтап алыңыз (X.Ерғалиев).

Болымды, болымсыз етістіктер:

Нанарын  да,  нанбасын  да  білмей  аңырып 

қалды бәрі (Ғ.Мүстафин). Астыңғы үйдегі бап-

ты аспазшы пісірген ыстық самсаны да жеген 

жоқ (Парасат).

Етістіктің райлары:

Көп кешікпе, еркем, тамақ піскен кезде кел 

(С.Мұқанов).  Менімен  сөйлесіп,  осында  алып 

келіңіздер  (М.Әуезов).  Тағы  бір  соның  лебізін 

естісек  екен.  Бірақ  алыс  жүрсе  де,  сол  Абайда 

ақыл  мен  қайрат,  тіл  мен  тәлімнің  молекенін 

әкесі танитын (М.Әуезов). Осында етістіктердің 

құрамы  жағынан  дара,  күрделі  түрлері,  ал 

етістіктердің морфологиялық құрамы жағынан 

салт,  сабақты  етістіктер,  етістер,  болымды, 

болымсыз,  рай  түрлері  т.б.  жай  сөйлемнің  ба-

яндауышы  немесе  құрмалас  сөйлемдердің 

бағыныңқы сыңарлары қызметінде жұмсалған.

Осындағы:  отырекен,  тартып  кетті,  бұрылды, 

жүре берді, бөлініп, иіріледі, ұйықтап алыңыз, 

білмей, жеген жоқ, естісек екен т.б. етістіктері 

тек сөйлемнің соңында ғана жұмсалуға бейім. 

Сонда  олар  сөйлем  мүшесі  жағынан  баяндау-

ыш, ал сөз тіркесінде тек етістікті сөз тіркесінің 

басыңқы  сыңары  қызметінде  жұмсала  ала-

ды.  Осы  жағынан  келгенде,  бұл  топтағы 

етістіктер тек етістіктік мағынасын әрі сөйлем 

мүшесі,  әрі  сөз  тіркесінің  басыңқы  сыңары 

жағынан  да  нақтылай  түседі.  Етістіктің  ба-

яндауыш  болу  қызметі  мен  сөз  тіркесіндегі 

басыңқы  сыңары  сөйлемнің  соңында  ғана 

жұмсала  ма?  деген  мәселеге  тоқталатын 

болсақ,  мұның  өзі  етістіктердің  әрбір  түрінің 

ішкі  ерекшеліктеріне  байланысты  демекпіз. 

Жоғарыда  аталған  етістіктердің  сөйлемнің 

соңында  ғана  жұмсалуы  етістіктердің  негізгі 

қасиеті. Сол сияқты кейбір етістіктер сөйлемнің 

соңында  баяндауыш  бола  отырып,  енді 

сөйлемнің  тек  соңында  қолданылып  қоймай, 

сөйлемнің ішінде де жұмсалуы көбінесе барлық 

етістіктердің ішінде тек есімше түріне қатысты. 

Сондықтан  да  есімшелерде  бірде  етістік, 

бірде  есімше  де  түрленетін  деп,  олардың  өзін 

осындай  ерекшеліктеріне  қарай  екі  жақтан 

қарастыру үнемі айтылып келеді. 

Әрине, есімшелердің әрі сөйлемнің соңында, 

әрі сөйлемнің ішінде қолданылуының: 

а) 

сөйлем 


мүшесі 

жағынан, 

ә) 

морфологиялық  өзгерісі  жағынан,  б)  тіркесу 



қабілеті  жағынан  в)  құрамы  жағынан  өзіндік 

ерекшеліктері бар. 



73

БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 1,  2016 г. 

Егер  есімше  сөйлемнің  соңында  келсе, 

ол  үнемі  баяндауыш  қызметінде  жұмсалады 

да,  сөз  тіркесінде  сөз  тіркесінің  бағыныңқы 

сыңарын  құрайды.  Енді  есімшелердің  қандай 

тұлғаларда  басыңқы  сыңарда  жұмсалатынын 

қарастыралық. 

-ған,  -ген,  -қан,  -кен  жұрнақты  есімшелер 

арқылы:  Кейбіреу  жайдары  ашық  боламын 

деп, орынсыз адамдармен жыртақтаған (Абай). 

Осы  сәлемді  ести  сала  Базаралы  атқа  мінген 

(М.Әуезов). 

Тарының  шықпай  қалғанын  Айранбай 

талай  айтқан  (М.Әуезов).  Сорақы  ұзын  да 

емес,  қысқа  да  емес,  нәзік  бел  тал  шыбықтай 

бұраңдаған (Абай).

-атын,  -етін  жұрнақты  есімше  арқылы: 

Мағаш  пен  Кәкітай  бұл  күндерде  орташа 

кітаптарды,  әсіресе  жеңіл  тілмен  жазылған 

романдарды  көп  оқитын  (М.Әуезов).  Осы 

еңбекті  жазуда  көп  оқығанын,  көп  ізденгенін 

айтатын(Жұлдыз). 

-ар,  -ер,  -р  жұрнақты  есімшелер  арқылы: 

«Білімдіден  ақыл  шығар,  ақылды  қарттан 

нақыл шығар (мақал). Бүгінгі күресте көрсеткен 

күшіңді  өлеңге  шығар  (С.Мұқанов).  Аудан 

өкілдері қазір ел ішінде болар (Ғ.Мүстафин).

Кейде 

есімшеге 



қатысты 

басыңқы 


сыңардағы 

есімше, 


көсемше 

тұлғалы 


етістіктермен күрделі түрде жұмсалуы арқылы: 

Ел жата Олжабек көше жөнелген(Ғ.Мұстафин). 

Бұл  екі  ауылдың  арасында  мұндай  қақтығыс 

ұдайы болып тұратын (Ғ.Мүсірепов).

Есімшелерге  есімше  тұлғалы  е  көмекші 

етістігінің  тіркесі  арқылы  күрделі  түрде  келе 

береді.  Кеше  Маржан  келін  қымыз  ішкен 

екен  (Б.Майлин).  Сегіз  жүз  жылқыдан  бір  тай 

қалмаған екен (М.Әуезов). 

Есімшеге 

модаль 

сөздердің 



тіркесі 

арқылы: 


Гудок 

бүгін 


бұрынғысынан 

ұзағырақ  айқайлаған  тәрізді  (М.Горький). 

Осы  сөйлемдерде  есімшелер  -ған,  -ген,  -қан, 

-кен,  -атын,  -етін,  -йтын,  -итін,  -ар,  -ер,  -р 

жұрнақтары  арқылы  дара,  күрделі  түрінде 

сөйлемнің  соңында  келіп,  үнемі  баяндауыш 

қызметінде  жұмсалған.  Бұл  есімшелердің 

етістік  тұлғасындағы  үлкен  бір  белгісі.  Бірақ 

есімше  үнемі  сөйлемнің  соңында  келіп  баян-

дауыш  қызметінде  ғана  емес,  енді  сөйлемнің 

ішінде  де  келіп  анықтауыш  қызметінде 

жұмсалады.  Сөйлемнің  соңында  келіп, 

сөйлемді  біршама  тиянақтау  нәтижесінде  ба-

яндауыш қызметінде жұмсалса, енді сөйлемнің 

ішінде  анықтауыш  қызметінде  жұмсалуы 

оның  аясының  кеңейгендігін  көрсетсе  керек. 

Есімшелердің есімдермен тіркесі арқылы олар 

сөйлем  мүшесі,  атқаратын  қызметі,  тіркесу 

қабілеті жағынан өзіндік өзгеріске ұшырайды. 

Әрине, есімшелер баяндауыш қызметінде басқа 

көмекші етістіктермен тіркесіп келе берсе, енді 

олар  анықтауыштық  қызметте  көбінесе  дара 

жұмсалады.

Жоғарыдағы  есімшелер  дара  және  күрделі 

түрде  жұмсалған.  Бірінші  топтағы  басыңқы 

сыңардағы  етістіктермен  екінші  топтағы 

есімшелердің  басыңқылық  қызметі  бірдей. 

Бұған  қарағанда,  етістіктер  осы  топтардың 

бәрінде тек басыңқылық қызметте жұмсалады 

деп білеміз.

Бірақ  зерттеу  барысында,  осы  екі  топтағы 

есімшелі 

етістіктер 

басыңқы 


сыңарда 

жұмсалады  делінгенімен,  олардың  сөйлемде 

қолданылу  орындары,  сөз  тіркестерінің  басқа 

сыңарларға  ауысу  процесі  жағынан  үлкен 

айырмашылықтарға ие екенін көреміз.

Жоғарыда  айтылғандай,  мұның  өзі 

есімшелерге 

байланысты 

нақтыланады. 

Сондықтан  да  жыртақтаған,  айтқан,  мінген, 

бұраңдаған,  шығар,  болар,  айтатын  сияқты 

есімше тұлғалы етістіктер сөйлемнің соңында 

да,  сөйлемнің  ішінде  де  қолданыла  алаты-

ны есімшенің әрі етістікті, әрі есімдер сияқты 

түрленуімен  де  байланысты  болса  керек. 

Есімшелердің әрі етістік, әрі есімдерше түрленуі, 

түптеп  келгенде,  басыңқы  сыңарлардың  кей-

де бағыныңқы сыңарда да жұмсалуына әкеліп 

соғады.

Бұл жерде бізге ең қажеттісі –есімшелердің 



бағыныңқы  қызметте  жұмсалуы.  Есімшелер 

сөйлемде  басыңқы  қызметте  жұмсалады 

делінгенмен кейде есімшенің өзі етістіктермен 

өзара  сөз  тіркесін  құрайтындығы  да  белгілі. 

Бұндай кезде есімшелер етістікті сөз тіркесінде 

бағыныңқы қызметте де жұмсалады. Есімшелер 

етістіктермен әрі қабыса, әрі меңгеріле байла-

нысады.


Есімшелердің 

септік 


жалғауында 

етістіктермен  тіркесуі  Ж.Болатов,  Т.Ерғалиев 

еңбектерінде,  сол  сияқты  синтаксистік 

оқулықтарда  үнемі  айтылуда  [2;66].  Енді 

есімшелердің  септік  жалғауларда  бағыныңқы 

сыңарда жұмсалуын көрсетелік:

 



Шырағым,  көңіліңді  білдіре  келгеніңе 



қатты ырзамын (Ғ.Мұстафин).

 



Ұлжан  жолдың  ұзақ  болатынын  әбден 

білетін.  Жә,  тапқаның  мен  танығаныңды  сен 

мәлім етші,балам –деді (М.Әуезов).

 



Ағылшындар  тұсында  алғанымыздан 

қалдырғанымыз болатын (Ғ.Мұстафин). 



74

МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 1,  2016 г. 

Абай  Ерболға  сүйінгеннен  қатты  күлді 

(М.Әуезов). Осы сөйлемде:

 



барыс  септігі  -  білдіре  келгеніңе  ырза-



мын 

 



табыс септігі - ұзақ болатынын білетін. 

 



тапқаның мен танығаныңды мәлім етші 

 



шығыс септігі - алғанымыздан көп бола-

тын сүйсінгеннен күлді.

Осы  етістікті  сөз  тіркестерінің  басыңқы 

сыңарлары  етістік  екені  белгілі.  Ал  оның 

бағыныңқы  сыңарлары  да  етістік.  Ол 

етістіктердің  барлығы  да  барыс,  табыс,  жа-

тыс,  шығыс  жалғаулы  есімшелер.  Олай  болса, 

есімшелер етістікті сөз тіркесінде бағыныңқы 

сыңарда жұмсалады екен.

Баукеңді  құшақтаған  бойы  біраз  уақыт 

жібермей  тұрды  (Егемен  Қазақстан).  Біздің 

ауылдың  мұғалімдері  «Егемен  Қазақстан» 

газетін оқыған сайын оған жазылуға талпынуда 

(Егемен Қазақстан). Осы сөйлемде құшақтаған 

бойы,  оқыған  сайын  түйдекті  тіркестерінің 

негізгі сыңарлары есімше де оған түйдектелген 

шылаулар  арқылы  етістік  пен  етістік  тіркесіп 

жұмсалған.  Осы  сияқты  құбылыс  тек  есімше 

ғана емес, қимыл есімдерінде де кездеседі.

Әр  аптаның  жұмысында  мемлекет  басшы-

сы  бұл  міндеттерді  кезең-кезеңімен  шешудің 

мүмкіндіктерін  талқылау  үшін  премьер-ми-

нистр  Ә.Қажыгелдинмен  кездесіп  тұрмақшы 

(Егемен Қазақстан).

Есімшелердің  етістіктермен  қабыса  байла-

нысуы тілімізде бар құбылыс болғанымен, олар 

тілдік жағынан арнайы зерттеу объектісі болып 

алғаш  рет  Ғ.Иманалиеваның  диссертациялық 

жұмысында жан-жақты айтылғаны белгілі [3].

Есімшелер  тек  етістіктермен  ғана  тіркесіп 

қоймай,  тіпті  есімдермен  де  қабыса  бай-

ланысып,  сөз  тіркестерін  құрайды.  Проф. 

М.Балақаев  бұл  мәселеге  арнайы  орын  беріп, 

есімшенің  есімдермен  сөз  тіркестерін  жасауы 

қалыптасқанын көрсеткен [4]. Бұл мәселе кейін 

барлық  оқулық,  ғылыми  жұмыстарда  орын 

алды.  Әрине,  сөз  тіркесі  қалыптаспай  тұрған 

кезде  де  есімшелердің  есімдерге  анықтауыш 

болуы  тұрғысынан  сөз  болып  келсе,  енді 

бұл  мәселе  әрі  сөйлем  мүшесі,  әрі  сөз  тіркесі 

тұрғысынан да арнайы сөз болғаны белгілі.

Есімше етістікті сөз тіркесінде әрі басыңқы, 

әрі  бағыныңқы  сыңарда  жұмсалса,  енді 

олар  есімді  сөз  тіркесінде  үнемі  бағыныңқы 

қызметте  ғана  жұмсалады  деу  орынды. 

Есімшелер есімді сөз тіркесінде

а) -ған, -ген жұрнақтары арқылы:

Жаманның берген асынан. 

Жақсының айтқан сөзі артық (мақал). 

Ауру шықпаған жаннан дәмелі. 

Жалқау бітпеген малдан дәмелі (мақал).

ә)  -атын,  -етін,  -йтын,  -итін  жұрнақтары 

арқылы:  Оның  сөзіне  дәл  алғаш  кезде  жауап 

айтатын  кісі  болмады  (М.Әуезов).  Абайдың 

жалтақ  сөзді  сүймейтін  мінезін  Шұбар  жақсы 

біледі  (М.Әуезов).  Оқуға  ынталанбайтын  жас 

бар ма қазір? (С.Мұқанов).

б) -ар, -ер, -р жұрнақтары арқылы: Қолдан 

келер жәрдемді көрсеттік (Г.Мүсірепов). Көзің 

жетер жерге дейін тігілген үйлер арасында ине 

шаншар жер қалмағандай (Қ.Исабаев).Әкесі ай-

тар  әңгіме  әлі  таусылмағанын  сезген  Жамал 

үлкен адамша алысқа көз тігіп, өзін байсалды 

ұстап отыр (О.Бөкеев). 

Есімшелердің  бұл  тұлғаларда  есімдермен 

тіркесі  анықтауыштық  қатынаста  жұмсалады. 

Есімшенің  есімдермен  бұлайша  тіркесі  үнемі 

айтылып келе жатқанымен, осы есімшелердің 

есімдермен  тіркесінің  өзі  екі  түрлі  жағдайда 

сөз  тіркесін  құрайтындығын  көруге  бола-

ды.  Біріншіден,  жоғарыда  көрсетілгендей 

есімшелердің -ған, -ген, -ар, -ер, -р, -атын, -етін, 

-йтын, -итін жұрнақты түрлері ғана есімдермен 

тіркесе  алады.  Екіншіден,  осы  тұлғалы 

есімшелер  өзінен  бұрын  тұрған  сөздерді  өз 

жетегіне ілестіре келе, сол тобымен өзі қатысты 

сөздермен  бір  сөз  тіркесін  құрайды.  Біз  бұл 

жерде  есімшелердің  алғашқы  сөз  тіркесінен 

гөрі  оның  екінші  түрдегі  тіркесіне  арнайы 

тоқталуды  жөн  көрдік.  Өйткені,  есімшелердің 

соңғы  тіркесінің  алғашқы  сөз  тіркесіне 

қарағанда  өзіндік  ерекшеліктері  бар  екені 

айқын. Бұл сөз тіркесінде есімше өзі басыңқы 

сыңарда  бағыныңқылық  қызмет  атқара  оты-

рып,  әртүрлі  сөз  таптарын  өзінің  жетегіне 

алып, күрделі топ құрайды.

Есімшелердің  бұлайша  өзіне  қатысты 

сөздермен  бір  топ  құрауы,  оның  етістіктің 

басыңқы сыңарда жұмсалу кезіндегі қасиетімен 

тығыз байланысты. Жоғарыдағы сөйлемдерде 

есімшелердің тек басыңқы сыңарда жұмсалуы 

ғана  көрсетілген  болатын.  Осы  сөйлемдерден 

мына сөз тіркестерін алып қарастыралық:

 



орынсыз жыртақтаған,

 



ести сала мінген,

 



талай айтқан,

 



тал шыбықтай бұраңдаған,

 



қазір болар,

 



ұзағырақ айқайлаған тәрізді, 

 



сегіз жүз жылқыдан қалмаған, 

 



өлеңге шығар т. б.

Осы сөз тіркестерінің басыңқы сыңарлары 



75

БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 1,  2016 г. 

есімшелер де бағыныңқы сыңарлары:

 



орынсыз, ұзағырақ - үстеу 

 



ести сала - көсемше, 

 



қазір, талай - үстеу, 

 



тал шыбықтай - үстеу,

Сегіз  жүз  жылқыдан  -  сан  есім  мен  шығыс 

жалғаулы зат есім, өлеңге - барыс жалғаулы зат 

есім


Сонда  есімшелерге  бағыныңқы  қызметте 

осы  сөз  таптарының  үнемі  жұмсалатыны 

етістікті сөз тіркесінен белгілі екені айқын. Бұл 

есімшелердің  етістікті  сөз  тіркесіндегі  негізгі 

қасиеті деп білеміз. Ал есімшелер енді есімдерге 

бағыныңқы қызметте алдымен таза түрінде де, 

екіншіден, сол етістікті сөз тіркесінде де өзіне 

бағыныңқы  сөз  тіркесін  құрайды.  Бірақ  осы 

есімшелер арқылы құралған сөз тіркестерінде 

басы  ашылмаған,  әлі  де  ойлануды  қажет 

ететін  мәселелер  баршылық.  Ол  үшін  мына 

сөйлемдердегі есімше қатысты сөз тіркестерін 

талдап көрелік.

Үйдің  қабырғасында  тырс-тырс  соққан 

үлкен қабырға сағаттың дыбысы анық естіліп 

тұр  (Ғ.Мұстафин)  сөйлеміндегі  тырс-тырс 

соққан  сағат  –  деген  күрделі  сөз  тіркесін  тал-

дап көрелік. Негізінде осында соққан сағат бо-

лып -ған, -ген тұлғалы есімше мен зат есімнің 

тіркесі  болуы  керек.  Бұл  есімшелі  тіркестің 

негізгі бір қызметі. Осы сөйлемдегі тырс-тырс 

еліктеуіш сөзінің қай сөзбен сөз тіркесін құрауы 

ойланарлық жағдай. Еліктеуіш сөздер етістікті 

сөз  тіркестерінде  бағыныңқы  қызметте 

жұмсалуы  тиіс.  Ал  бұл  жерде  ол  қалайда 

сөйлемнің  соңындағы  естіліп  тұр  етістігімен 

ғана сөз тіркесін құрап, тырс-тырс естіліп тұр 

болып  пысықтауыштық  қатынаста  жұмсалуға 

тиіс  еді,  бірақ  бұл  жерде  ол  қаншалықты 

естіліп  тұр  баяндауыштарымен  мағыналық 

жағынан бір келгенімен, сөйлемде өзі қатысты 

сөзі жағынан ол естіліп тұр күрделі етістігімен 

тіркесуге тиісті емес, тек соққан есімшесіне ғана 

қатысты жұмсалған. Осыдан барып, біріншіден, 

тырс-тырс  еліктеуіш  сөзінің  сөз  тіркесіне 

қатысуы,  екіншіден,  сөйлем  мүшесі  болуы, 

үшіншіден,  байланысу  формасы,  төртіншіден, 

оған қойылатын сұрау мәселесі жағынан ойла-

нуды қажет етеді. Енді есімшеге тек бір ғана сөз 

қатысты  болмай  бірнеше  сөз  қатар  тіркесетін 

ерекшеліктеріне де тоқтала кетейік:

Шығыстан  Барлыбайға  карай  асатын 

Бөкенші асуының маңына да созылып барған. 

Екі аңшы келе жатқан бөктер бетегелі төскей 

болатын  (М.Әуезов).  Бұл  сөйлемдерде  де: 

Шығыстан Барлыбайға қарай асатын Бәкенші. 

Екі аңшы келе жатқан бөктер -сияқты топтар да 

алдыңғы сөйлем іспетті. Алдыңғы сөйлемде тек 

бір ғана сөз есімшеге қатысты жұмсалса, ал мына 

сөйлемдердегі сондай сөздер, бірінші сөйлемде 

шығыс жалғаулы зат есім мен барыс жалғаулы 

зат есімге түйдектелген шылау арқылы асатын 

етістігіне  қатысты  жұмсалса,  екінші  сөйлемде 

тіпті  әртүрлі  сөз  таптары,  яғни  екі  есептік 

сан  есімі  мен  аңшы  зат  есімі  келе  жатқан 

көсемше  мен  есімшеге  қатысты.  Қолдағы  бар 

материалдарға  қарағанда,  сөйлемнің  ішінде 

есімшеге қатысты мұндай топтардың сөз саны 

жағынан да, сөз табы жағынан да және олардың 

тұлғалық  ерекшеліктері  жағынан  да  әртүрлі 

екеніне  көз  жеткізуге  болады.  Осы  сияқты 

сөйлемдердің  ішінде  есімше  алдында  келетін 

бүкіл  етістікті  сөз  тіркесінде  бағыныңқы 

қызметте  жұмсалатын  мына  сөз  таптарының 

бәрі де

 



зат есім, 

 



сын есім, 

 



сан есім, 

 



есімдік, 

 



үстеу,

 



еліктеуіш  сөз  т.б.  сияқты  қабыса 

байланысқан жалғаусыз сөз таптары өздерінің 

әдеттегі  қызметтерінен  айрылып,  енді 

есімдердің тобына ілесіп, есімшелі оралым жа-

сайтынына көз жеткіземіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет