Г. К. Ахметова-п.ғ. д., профессор, Ж. А.Қараев- п.ғ. д., профессор



Pdf көрінісі
бет14/16
Дата22.12.2016
өлшемі4,37 Mb.
#124
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Білу
  –  таным  мен  ойлау  деңгейі,  төмен 
деңгей.  Бұл  категория  мәлiметтердi  қайталау 
немесе  тану  арқылы  есте  қалай  сақталғанын 
тексеруге 
бағытталады, 
мағлұмат 
пен 
деректердi еске түсiредi. Білу деңгейіне сәйкес 
келетін  сұрақтар  мен  тапсырмалар  түрлеріне 
мыналар  жатады:  Не?  Қашан?  Қандай?  Қайда? 
Формуласын  жазу,  атап  көрсету,  жабық  тест 
тапсырмалары;  қалдырып  кеткен  белгiлердi 
қою;  жатқа  айту;  анықтамалар  мен  атауларды 
қайталау,  олардың  қолдану  тәртiбiн  айту. 
Мысалы:  Құндылық  ұғымы  дегеніміз  не? 
Біздің  ұлттық  құндылықтарымызға  нелер 
жатады? Сіз үшін ең маңызды құндылық?
Студент 
осы 
сұрақтар 
және 
тапсырмалармен жұмыс жасай отырып, келесі 
нәтижелерге қол жеткізеді: 

  Қолданылған терминдерді біледі (есте 
сақтайды және қайталайды);

  Негізгі ұғымдарды біледі;

  Ережелерді, қағидаларды біледі;

  Нақты фактілерді біледі;

  Жұмыстың орындалу ретін біледі.
Түсіну
  –  таным  мен  ойлау  деңгейі,  орта 
деңгей.  Оқу  материалын  түсінгендік  ретінде 
келесідей  әрекеттерді  атқаруды  атауға 
болады:  бір  тілден  өзге  тілдерге  аудара  алу, 
интерпретациялау, жорамалдау. Тапсырмалар 
мен сұрақтар түрі: Қалай? Неліктен? Сөйлемді 

97
БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 3,  2016 г. 
аяқтаңыз; 
сөйлемді 
өзгертіңіз; 
өзара 
байланысын  түсіндіріңіз;  айырмашылығын 
көрсетініз;  өз  сөзіңізбен  айтыңыз;  графикті, 
суретті  түсіндіріп  беріңіз.  Мысалы:  Қазіргі 
таңда ең өзекті құндылықтарға нелер жатады 
деп ойлайсыз? 
Түсіну 
деңгейінің 
тапсырмаларын 
орындауы  және  сұрақтарына  жауап  беруі 
нәтижесінде студент:

  Фактілерді,  ережелерді,  қағидаларды 
түсінеді;

  Сөзбен 
келтірілген 
материалды, 
схемалар, 
графиктер, 
диаграммаларды 
түрлендіреді;

  Сөзбен 
келтірілген 
материалды 
математикалық ұғымдарға өзгертеді;

  Берілген  ақпарат  бойынша  болашақта 
туындалуы ықтимал салдарын сипаттайды.
қолдану
  –  таным  мен  ойлау  деңгейі, 
орта  деңгей.  Бұл  деңгей  оқу  материалын 
нақты  жағдайда  және  жаңа  жағдаяттарда 
қолдануды  меңзейді.  Мұнда  ережелерді, 
әдістерді,  ұғымдарды,  заңдарды,  қағидаларды, 
теорияларды,  практикалық  тұрғыдан  қолдану 
кіреді.  Оқу  нәтижелері  түсіну  деңгейіне 
қарағанда материалды тереңірек игеруді талап 
етеді.  Қолдану  деңгейінің  тапсырмалар  түріне 
мыналар жатады: жасап көр; кесте, сызба жаса; 
қолдану мақсатын түсіндір; жағдаятты бірнеше 
тәсілмен  шеш,  берілген  болжамды  тексер. 
Мысалы:  ҚР  заңдарында  рухани-адамгершілік 
құндылықтарына  қарастырылған  ба?  Біздің 
елімізде  құндылықтарды  сақтап  қалу  үшін 
қандай заң енгізер едіңіз? 
Қолдану  деңгейінен  студенттің  алатын 
нәтижелері:

  Ұғымдар  мен  қағидаларды  жаңа 
жағдайларда қолданады;

  Заңдар  мен  теорияларды  практикалық 
тұрғыдан нақты жағдайларда қолданады;

  Әдіс  немесе  жұмыс  ретін  дұрыс 
қолданатындығын көрсетеді.
Талдау
  –  таным  мен  ойлау  деңгейі, 
жоғарғы 
деңгей. 
Оқу 
материалының 
құрылымы  анық  көрінуі  үшін  оны  құрамдас 
бөліктерге  бөлу:  бүтіннің  бөліктерін  ажырату; 
бүтіннің  бөліктерінің  арасындағы  өзара 
байланыстарды  анықтау,  бүтіннің  қалайша 
ұйымдастырылғандығын сезіну. Бұл категория 
оқу  материалының  мазмұнын  сезінумен 
қатар  оның  ішкі  құрылысын  қалайша 
құрылатындығын  меңзейді.  Бұл  деңгейдің 
сұрақтары  мен  тапсырмалары:  Құрылымы 
қандай?  Салдары  неде?  Топтастырыңыз; 
салыстырыңыз;  себебін  талдаңыз.  Мысалы: 
Тастанды  балалардың  көбеюінің  басты 
себептерін  топтастырыңыз.  Құндылықтардың 
өзгеруі қандай салдарға алып келеді?
Осы деңгейде студент:

  Жасырын 
(көзге 
көрінбейтін) 
жағдайларды ашады;

  Ойдың 
өрбуінен 
қателер 
мен 
олқылықтарды айқындайды;

  Фактілер  мен  олардың  салдарының 
арасын ажыратады;

  Ұсынылған фактілердің маңыздылығын 
айқындайды.
Жинақтау
  –  таным  мен  ойлау  деңгейі, 
жоғарғы 
деңгей. 
Оқу 
материалының 
элементтерінен  жаңашыл  сипаттан  бүтінді 
(нәтижені) 
құрастыру. 
Жаңа 
нәтиже 
ретінде  оқу  материалдарын  мүлдем  өзгеше 
реттейтін  хабарлама  (баяндама,  сөз),  жұмыс 
жоспары, 
схемаларды 
атауға 
болады. 
Мұндай  оқу  нәтижелері  жаңа  мазмұн  мен 
жаңа  құрылымдарды  жасап  шығаратын 
шығармашылық 
әрекеттерді 
қолдануды 
талап  етеді.  Жинақтау  деңгейінің  апсырмалар 
түрі,  кейс  жасау,  жоба  қорғауға  ұқсайды:  өз 
шешіміңізді табыңыз, алгоритм  құрастырыңыз, 
баламасын  табыңыз,  бөліктерден  құраңыз, 
жүйелестіріңіз, зерттеңіз.
Бұл деңгей негізінде студент:

  Шығармашылық  тұрғыдан  кішігірім 
шығарма (эссе) жазады;

  Тәжірибе  жасаудың  өзіндік  жоспарын 
ұсынады;

  Қандай  да  болмасын  проблеманы 
шешу  үшін  өз  білімдерін  шығармашылықпен 
қолданады.
Бағалау 
–  таным  мен  ойлау  деңгейі, 
жоғарғы  деңгей.  Оқу  материалының  маңызын 
анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын 
білдіру. Бұл деңгей алдыңғы категориялардың 
оқу нәтижелелеріне қол жеткізуді меңзейді.
Ең  соңғы  деңгейде  студент  келесі 
нәтижелерге жетеді:

  Мәлімет  құрылымының  логикасын 
жазбаша түрде бағалайды;

  Ішкі  немесе  сыртқы  көрсеткіштерге 
сүйеніп,  оқу  материалының  маңыздылығын 
айқындатады;

  Жасалған 
шешімдер 
мен 
қорытындылардың 
берілген 
фактілерге 
сәйкестігін анықтайды.
Осы  негізде,  студенттерге  арнайы,  сатылы 
түрдегі  тапсырмалар  бере  отырып,  рухани-
адамгершілік  құндылықтары  жайлы  тек  қана 

98
МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 3,  2016 г. 
теориялық  білімді  ғана  игеруі  емес,  сондай-ақ, 
практикалық  тұрғыдан  өздерін  сынап  көруге 
мүмкіндік береді.
Өйткені,  адамгершілік  тәрбиесінің  өзі 
белгілі  бір  реттілікпен  берілсе,  тиімділігі 
арта  түсетіні  анық.  Сонымен  қатар,  БАҚ, 
әлемдік  кино  өнеркәсібі  т.б.  қолданатын  «25 
кадр»[4],  адамгершілікке  қарсы  идеологияны 
насихаттаушы  әдістердің  негізгі  бағыты, 
көзге  жиі  көрсете  отырып,  бейсанаға  кері 
әрекеттерді  сіңірту  және  т.б.  болғандықтан, 
жақсылықты  санаға  сіңіртуші  тиімді  әдістерді 
қолдану  өзектілігі  артты.  Осының  бірі  – 
Блум  таксономиясының  тиімділігі,  мұндағы 
басты 
ерекшелік, 
рухани-адамгершілік 
құндылықтарын  жіктеп,  таныстыру.  Және 
оларды  іс-жүзінде  орындап,  содан  алған 
нәтижені талдауға үйрету. Жақсы істерді атқару 
да,  белгілі  бір  дәрежеде  үнемі  дайындықты, 
сабақтастықты,  үздіксіздікті  талап  етеді.  Сол 
ісінің салдарынан алған жағымды эмоция, оның 
жасаған ізгілігін есте ұзақ сақтауына, сәйкесінше, 
осындай істерді тағы да жасауына итермелейді. 
Рухани-адамгершілік  құндылықтарына  сай 
әрекеттерді жиі орындау әдетке, одан әрі мінез-
құлыққа  айналып,  жақсылық  жасауға  бейім 
тұратын жағдайда жетеді. Ал, бұл өз кезегінде, 
адамның игі істерді атқару қабілетін дамытып, 
қоғамдағы  ішкі  рухани  ахуалды  қалыпқа 
келтіреді.
Соңғы  онжылдықта,  агрессияға  берілу, 
ұстамсыздық  белгілері  жастардың  бойында 
да  жиі  байқалуда.  Төзімділіктің  азаюы  –  түрлі 
қылмыстардың  бастауы  болып  отыр.  Мысалы, 
асығыстықпен  орын  алған  көлік  апаттары, 
ЖОО-дағы  қақтығыстар,  жас  отбасылардағы 
зорлық-зомбылықтар,  ұрлық,  тонаушылық  т.б. 
қылмыстар  ұстамсыздық  пен  төзімсіздіктің 
салдары  болып  келеді.  Кейбір  зерттеулерге 
сүйенсек,  өсіп  келе  жатқан  жастың  жеке 
ерекшелігіне  мән  бермеу,  жеке  тұлғаны 
мойындамау  - агрессияға алып келетін бірден-
бір  жол  екені  анықталған[5].  Аталып  өткен 
тұжырымға  сүйенетін  болсақ,  мүмкіндігінше, 
жастардың  жеке  тұлғалық  қасиеттерін, 
қабілеттерін дамытуға көңіл бөлініп, әлеуметтік 
қоғамға бейімделіп кетуін қадағалауымыз тиіс 
екенін ұғамыз. Осы мәселеге қатысты, ЖОО-да 
көптеген мүмкіндіктер бар. Дегенмен, эдвайзер, 
куратор қадағалауы емес, дербес бір ұйымның 
болуы тиімді болады. 
Бұдан  бөлек,  тастанды  балалар,  жасанды 
түсік  жасатуға  жүгінуші  қыздар  саны  қауырт 
көбейе түсті. Бұл, жастарға ортақ жауапкершілік 
болуы керек. Осындай факт – өсіп келе жатқан 
ұлдар мен қыздардың тәрбиесінде үлкен нұқсан 
бар екенін дәлелдейді. Бұл мәселені барлық сала 
мамандары  біріге  отырып  шешуі  тиіс.  Және, 
мемлекеттік  сенім  телефонынан  бөлек,  ЖОО 
өзінің ішінде, тек студенттерге арналған сенім 
телефоны  қызмет  еткені  дұрыс  деп  ұсыныс 
білдіреміз.
Сонымен  қатар,  ата-ана  мен  ұстаздарға, 
үлкендерге  деген  сый-құрмет  төмендеп 
келеді. Осы тұрғыдан, Оңтүстік Корей елін үлгі 
тұтуымызға болады. Бұл мәселеге байланысты, 
Құсайынов  А.Қ.  ерекше  назар  аудара  отырып, 
айтуы  бойынша,  әрбір  ЖОО-да,  «Сіздің 
зиялылығыңыздың  деңгейі  –  ата-анаңызға 
деген сый-құрметпен өлшенеді» деген тақтайша 
ілініп  тұрады  екен.  Ал,  кез  келген  мұғалімнің 
мәртебесі  биік.  Әрине,  бұл  мәселеге  мемлекет 
саясаты  да  әсер  ететіні  де  белгілі,  дегенмен, 
ЖОО-да  осыны  насихаттау  үздіксіз  жүргізілуі 
тәрбие  саласында  өте  тиімді  нәтижелерді 
көрсетеді. 
Аталып өткен мәселелер мен олардың шешу 
жолы  ретінде,  ЖОО-да  студенттерге  арналған 
рухани-адамгершілік  құндылықтарын  сақтап 
одан  әрі  дамытуға  негізделген  ұйым  құруды 
ұсынамыз.  Ұйым,  бүкіл  студенттер  ұжымын 
бөлімдерге, топтарға бөліп, келесі жұмыстарды 
атқаруға негізделеді:
1.  Ақпараттандыру.  Рухани-адамгершілік 
құндылықтары  жайында  мағлұмат  береді,  жол 
көрсетеді,  оқулық,  кітаптарды  ұсынады.  Блум 
таксономиясын қолдануымен ерекшеленеді.
2.  Ұйымдастыру.  Тәрбиелік  іс-шаралар, 
қайырымдылық қорлары т.б.
3.  Жеке дамыту. Студентті психологиялық 
дигностикалаудан  өткізе  отырып,  қажетті 
бағытты таңдауына ықпал ету.
4.  Сенім телефоны.
5.  Үгіт-насихат 
жұмыстары. 
Үлкенге 
құрмет, ізгілікке шақыру т.б.
Бұл  ұйым,  деканатпен  тікелей  жұмыс 
жасай  отырып,  дербес  күйін  сақтайды.  Оған, 
студент деканын сайлағандай сайлау жүргізіліп, 
топтар 
еріктілермен 
толықтырылады. 
Дегенмен,  барлық  студенттер  қадағалауда 
болады.  Студентті  тәрбиелеуде,  танымдық, 
шығармашылық,  рухани  дамуы  үшін  тиімді, 
қоғамның әлеуметтік және мәдени ортасының 
бөлшегі  ретінде  қызмет  ететін  көркем-
эстетикалық  орта  өте  маңызға  ие[6].  Осыған 
орай,  рухани-адамгершілік  құндылықтарын 
дамытуға  бағытталған  ұйымның  мақсаты, 
студент  үшін  өзекті  жеке  дамуын  қамтамасыз 

99
БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 3,  2016 г. 
ететін орта құру болып табылады.
Қорытындылай  келсек,  студенттердің 
рухани-адамгершілік құндылықтарын дамытуда 
педагогикалық  технологиялардың,  әсіресе, 
Блум таксономиясының тиімді болатынын тағы 
да негіздегіміз келеді. Алдағы уақытта, тәрбие 
үдерісінде  өз  ұсынысымызды  сынап  көру 
мақсатында университет студенттерімен жұмыс 
жасап  көреміз.  Себебі,  оқу-тәрбие  үдерісінде 
пайдалануда  жоғары  деңгейлі  нәтижелер 
көрсетіп  отырған  технология,  тәрбиеге 
қатысты рухани-адамгершілік құндылықтарын 
танытып,  игертуде  де  оң  нәтиже  береді  деген 
ойдамыз. 
Пайдаланылған әдебиеттер 
1.  Құсайынов А.Қ. Әлемдегі және Қазақстандағы білім берудің сапасы – Алматы, 2013. – 196 б.
2.  Кожахметова  К.Ж.  Рухани-адамгершілік  тәрбиенің  этнопедагогикалық  негіздері  // 
Әдістемелік нұсқау. Алматы: Қазақ университеті, 2012.
3.  Huitt,  W.  Bloom  et  al.'s  taxonomy  of  the  cognitive  domain.  Educational  Psychology  Interactive. 
Valdosta, GA: Valdosta State University, 2009.
4.  From  Wikipedia,  the  free  encyclopedia.  Subliminal  stimuli  //  https://en.wikipedia.org/wiki/
Subliminal_stimuli#Images
5.  Джахпараева  Д.  Ю.,  Омаров  О.  А.,  Омарова  Н.  О.  Факторы,  усиливающая  экстремистские 
чувства среди молодежи в социоинтенсивной обстановке.// Образование. - Москва, 2013. - № 9. - Р. 
59-62.
6.  Яницкий  М.С.  Ценностные  ориентации  личности  как  динамическая  система.  –  Кемерово: 
Кузбассвузиздат, 2000. – 59 с. 
ПОТЕНЦИАЛ СОВРЕМЕННЫХ ПЕДАГОГИЧЕСКИХ ТЕХНОЛОГИИ В РАЗВИТИИ 
ДУХОВНО-НРАВСТВЕННЫХ ЦЕННОСТЕЙ СТУДЕНТОВ
С.Ж.Зейнолла, А.Б. Жантеева
Аннотация.
  Глобализация,  в  последние  годы,  несет  с  собой  социальные  и  общественные 
изменения  в  мире.  От  этого,  есть  угроза  исчезновения  национальных  и  общечеловеческих 
ценностей.  Авторы  хотели  раскрыть  потенциал  современных  педагогических  технологии  в 
развитии  духовно-нравственных  ценностей  студентов.  В  данной  статье  рассмотрены  причины 
актуальных проблем. Авторы предполагают хорошие результаты, если будут проводиться работы 
в высших учебных заведениях, на основе их рекомендаций. В статье обоснована эффективность 
использования таксономии Блума в развитии духовно-нравственных ценностей студентов.
Ключевые слова:
 ценность, духовно-нравственные ценности, таксономия Блума, информация, 
педагогическая технология.
THE POTENTIAL OF MODERN PEDAGOGICAL TECHNOLOGIES IN IMPROVEMENT OF 
STUDENTS' SPIRITUAL AND MORAL WEALTH
S.Zh. Zeinolla, A.B. Zhanteeva
Abstract.
  In last years globalization has made different social changes. Because of this, every nation self 
wealth and humanity wealth has been suffered. In the given article authors discuss about the potentials to 
improve the students' spiritual and moral wealth. There is written about the advantages of using pedagogical 
technology and importance of creating of the  centers in the educational institution. How would be results 
if these discussed methods will used in a high school. 
Keywords: 
spiritual and moral wealth, Bloom's taxonomy, information, pedagogical technology.

100
МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 3,  2016 г. 
УДК 82-1
Бала ТӘРБиесІНдеГІ Халық ПОЭЗиясыНың ОРНы 
Н.Ә.алдабек.,
«Өрлеу БАҰО» АҚ филиалы ББЖҚБАРИ, Алматы қ.
а.а.серікбай
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ.
Түйіндеме. 
Мақалада бала тәрбиесіндегі халық поэзиясының орны қарастырылған. Сондай-ақ 
көреген, өткір тілді жырауларымыздың жырларындағы  ұл мен қыздың тәрбиесі туралы айтылған 
жолдар мысал ретінде келтірілген. Қазіргі ұрпақ тәрбиесінің өмір сүріп отырған қоғам үшін басты 
алаңдайтын мәселе екендігі басты назарға алынған. Ұлттық тәрбие, яғни халық поэзиясы арқылы 
өскелең ұрпаққа тәрбие беру -  тиіміді әдіс ретінде ұсынылады.
Түйінді сөздер:
 тәрбие, ұлттық тәрбие, отбасы тәрбиесі, ана мен әкенің рөлі, халық поэзиясы
Қазақ халқы үшін ұрпақтың өсіп-өнуі, оның 
тәрбиесі,  артында  із  қалдыру  немесе  саналы 
ұрпақ  деген  сияқты  ұғымдар  қасиетті  болып  
саналған.  Сондай-ақ  ұрпақ  тәрбиесі  әрқашан 
бірінші орында тұрған. Халық ауыз әдебиетінде 
балаға  зар  болып  құдайдан  тілеген  отбасын 
оқырман  алдына  суреттеп  беру  арқылы 
ұрпақтың  адам  баласы  үшін  қаншалықты 
маңызды  екендігін  көрсетеді.  Себебі,  бала 
өмірінің  жалғасы,  арқа  сүйер  тірегі,  сүйеніші. 
«Адам ұрпағымен мың жасайды». Бұл турасында 
Бұқар жырау өз толғауында былай деген:
«Адам үшін жаратқан,
Қызықты нәубет балаңды айт».
«Тәрбие – тал бесіктен басталады». 
«Ел  болам  десең,  бесігіңді  түзе»
,  -  дейді 
Мұхтар  Әуезов.  Қыз  бала  тәрбиесінде  ананың, 
ұл бала тәрбиесінде әкенің рөлі басым болған. 
«Анаға қарап тон пішер, әкеге қарап оқ жонар» 
деген  мақал  осыдан  қалса  керек.  Майлықожа 
ақынның  әке  туралы  айтылған  мына  бір  өлең 
жолдарына назар аударып көрейік:
«Жыласаң көңілі жүдеген,
Қуансаң тасып үдеген.
Көрігіңе кө¬ңілі өсіп, 
Құдайдан өмір тілеген, 
Атаң – қыбыла қамқорың».
Ананың рөлі туралы былай дейді:
«Тоғыз ай он күн көтерген,
Еңбегіңде еті өлген.
Бейнет татқан төтеннен,
Зиярат қылып сыйынсаң,
Кем емес анаң, қыбыла Мекеңнен».
Ал,  Шығыс  поэзиясының  аса  көрнекті 
өкілі  Әлішер  Науаи  әкені  –  күнге,  ананы  –  ай, 
жұлдызға  балап,  бейнелейді.  Қарап  отырсақ 
ата-ананың  бала  үшін  алатын  орны  ерекше. 
Қай ақынды алмайық, бәрінде бұл тақырыптың 
арнасы  қозғалған.  Халықтың  ой-санасындағы 
әке  ұғымы  отбасының  негізгі  нысаны, 
тәрбиенің қатаң жүйесін тізгіндеуші. Ана ұғымы 
шексіз  мейірімділіктің  белгісі,  отбасының 
ұйытқысы.  Бірақ,  бала  тәрбиесінде  екеуі  де 
бірдей  қызмет  атқарады.    Халқымыздың  сөз 
өнерінен келтіретін болсақ: «Ана тілін алмасаң 
– арың кетеді, әке тілін алмасаң – барың кетеді», 
«Әке  –  тірегің,  ана  –  жүрегің»,  «Әке  тұрғанда 
бала  сөйлегеннен  без,  ана  тұрғанда  қыз 
сөйлегеннен  без»,  «Атадан  бала  тусайшы,  ата 
жолын  қусайшы»,  «Бір  бала  бар  жасық  туады, 
бір бала бар әкесінен асып туады», «Әкесіз бала 
–  панасыз  балапан»,  «Әкеңнің  төріне  сенбе, 
маңдайыңның теріне сен», «Ана сүті бой өсіреді, 
ана тілі ой өсіреді», «Атадан – ұлағат, анадан – 
инабат», «Аталар сөзі – ақылдың көзі», «Атасыз 
үй – батасыз, анасыз үй – панасыз», «Ата салтың 
– халықтық қалпың», «Ата көрсеткен жолымыз 
бір,  ана  тіккен  тонымыз  бір»,  «Жақсы  әкенің 
аты  балаға  қырық  жыл  азық»  деген  сияқты 
тұнып тұрған асыл сөздердің астарында үлкен 
мән-мағына жатыр.
Қыз баланың ар-ұяты бүкіл халықтың ары 
мен  ұяты  болып  табылған.  Сондықтан  қыз 
тәрбиесіне  халқымыз  ерекше  көңіл  бөлген. 
Қыз баланы бүкіл ел, ауыл, ағайын-туыс болып 
тәрбиелеген.  «Қызға  қырық  үйден  тыйым» 
деген  осыны  аңғартса  керек.  Халықтық 
поэзияда  да  ұл-қыз  тәрбиесі  турасында  аз 
айтылмайды.  Мысалы,  батырлар  жырында 
қазақ қыздарының ақылдылығы, көрегенділігі, 
ақылына сай сұлулығы суреттелсе, ертегілерде 
инабаттылығы,  кішіпейілділігі  бейнеленеді. 
Қыз  Жібек,  Баян  сұлу,  Еңліктер  соның  дәлелі. 
Расымен  де,  көркем  әдебиетке  көз  жүгіртетін 
болсақ,  бүрмелі,  қос  етекті  көйлегін  киіп, 
басынан  сәукелесін  тастамаған  қазақ  қыздары 
қылықты  болған.  Бұқар  жыраудың  тағы  бір 
толғауы осыны айғақтайды:

101
БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 3,  2016 г. 
«Қызда қылық болмаса,
Құр шырайдан не пайда...».
Бүгінгі  қыз  –  ертеңгі  жар,  болашақ  ана. 
Осы  жолда  ана  кәсібі  үлкен  қызмет  атқарады. 
Қыздарға кесте тігу, жүн иіру, киіз басу сияқты 
түрлі  шаруашылықтың  түрін  меңгертетін  де 
осы  аналар.  Ертеде  «он  үште  отау  иесі»  деген. 
Міне,  осы  жасқа  дейін  қазақ  қыздары  бәрін 
үйренген, бес саусақтан іс тамған шебер болған. 
Ақылды  аналарымыз  «жатжұрттық»  қыз 
баласын  барлық  іске  икемді  етіп  тәрбиелеген. 
Дулат Бабатайұлы былай деген:
«Ақылды болса қыз бала,
Анасын тыңдап жүреді».
Алайда,  қазіргі  халықтың  әлеуметтік 
жағдайы  мен  өмір  сүру  салтында  ана  кәсібі 
біршама төмен дәрежеде қалып қойған секілді. 
Олай  дейтін  себебіміз,  қызды  кырық  үй 
емес  көше  тәрбиелеп  жатыр.  Тастанды  бала, 
жетімдер  санының  көбеюі  осының  айғағы 
болса  керек.  Отбасының  ажырасуы  да  бірден-
бір  себеп  болып  табылады.  Өйткені,  ертеде 
бір  отбасын  айрандай  ұйытқан  қыздарымыз 
«бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен 
әлемді  тербеткен».  Болашақты  болжай  біліп, 
аса көрегендік танытқан ақындарымыздың бұл 
мәселе  жөнінде  қозғап  кеткен  мына  бір  өлең 
жолдары адам баласына ой салары анық:
«Ұл атадан ұялмас,
Қыз анадан именбес,
Ана қызын тия алмас,
Абыройы жоқ болған соң».
Д.Бабатайұлының  бұл  сөздері  дәл  қазіргі 
жағдайды сипаттап тұр десек артық айтқандық 
емес.  Күнделікті  өмірде  анаға  қарсы  сөйлеген 
қыз бен әкені менсінбеген ұлдың келбетін жиі 
кезіктіріп  жатамыз.Осы  жерде  үлкен  сұрақ 
туындайды. Неге біз осыншалықты мұндай күйге 
тап  болдық?  Менің  пайымдауымша,  өркениет 
дамыған  сайын  біздің  мәдениетімізге  қарсы 
әрекет етуде. Қарапайым ғана мысал келтіретін 
болсам,  ақпараттық  құралдар  дамыған  сайын 
біз  өзімізге  керек емес ақпараттарды  шамадан 
тыс  қабылдаймыз.  Осыдан  келіп  тәуелділік 
пен  баладағы  мінездің  ауытқушылығы  деген 
сияқты  мәселелер  пайда  болады.  Интернет, 
түрлі секталардың пайда болуы бала тәрбиесіне 
кері әрекет етіп жатыр. Ананың ақ бесік жырын 
тыңдап өскен бала қазір саусақпен санарлық. Ал, 
бесік жырында қаншама тағылым мен өнеге бар 
десеңізші?! Тағы да Д.Бабатайұлының өлеңінен 
мысал келтіретін болсақ:
«Заманымыз бұзылды,
Бұрынғыдан заң бөлек.
Ендігінің ақылы – 
Отқа түскен көбелек.
Жан есінен адасып,
Ұлықсыған ұл туды.
Жамандық сондай ұласып,
Бұлықсыған қыз туды»,
 - дейді.
Сонымен  қатар  бала  әкеден  имене  білген. 
Әрқашан  әкенің  айтқан  сөзі  бұлжымас  заң 
болып табылған.
«Ей, мұсылман қарындас,
Әкеңнен алған ақылың,
Қазылған  қара  жолмен  тең»
,  -  дейді 
Д.Бабатайұлы.
Қай  кезде  болмасын  ананың  жұмсақ 
жүрегімен  қатар  бала  тәрбиесінде  әкенің 
салмақтылығы,  қайраттылығы  міндетті  түрде 
керек.  Әке  бала  бойындағы  мінез-құлықтың 
дамуына  бірден-бір  себепкер  жан.  Әсіресе, 
ұл  бала  ер  балаға  тән  қасиеттің  бәрін  әкеден 
қабылдайды,  соған  ұқсап  бағады.  Ол  үшін 
әкесінен артық идеал адам жоқ. Пайғамбарымыз 
мына бір хадисінде әке тәрбиесі туралы былай 
деген  екен:  «әкесінің  баласына  қалдырған  ең 
үлкен  мұрасы-оны  жақсы  тәрбиелеуі».  «Не 
ексең,  соны  орасың»,  баланың  бойына  қандай 
асыл  қасиеттерді  сіңірсең,  ертеңгі  күні  соны 
бар  ғұмырыңның  бойына  азық  етесің.  Әкенің 
тәрбиесін көрген бала қоғамда өз орнын табар, 
әр  басқан  қадамына  нық  сенімді  тұлға  болып 
қалыптасады. Әке ер баланы сөзбен емес, ісімен 
тәрбиелейді.
Әр  отбасының  тәрбиеге  келгенде  өз 
заңдылықтары  болатыны  айқын,  яғни 
соған  сәйкес  ұстанымдары  болады  деген 
сөз.  Енді  барлық  отбасына  тән,  ортақ  негізгі 
ұстанымдарды атап шығатын болсақ, олар:
-  Саналы ұрпақ тәрбиелеу;
-  Қоғамда  өз  орнын  айқындайтын  тұлға 
қалыптастыру;
-  Балаға жеткілікті деңгейде білім беру;
-  Артында із қалдыру т.б.
Бүгінгі  күннің  өзекті  мәселесі  болып 
отырған бала тәрбиесі өте жоғары біліктілік пен 
білімділікті талап етеді. Менің ойымша, баланың 
бойына  ұлттық  тәрбиені  беруде  халықтық 
поэзиямыздың,  халық  ауыз  әдебиетінің 
алар  орны  ерекше.  Біз  сол  арқылы  тәрбиені 
сусындатамыз. Сондай-ақ салт-дәстүр мен әдет-
ғұрпымыз да шетте қалмауы тиіс. Оған ұлттық 
өнерімізді және қосыңыз. Мысалы әкенің балаға 
үйретер атқа мінуі, қамшы өруі, ер тоқым жасауы, 
мал  баптауы,  аңға  шығуы  сияқты  шарушылық 
түрлері  үнемі  басты  назарда  жүріп,  тәрбиемен 
қатар бірге болуы тиіс. Сонда ғана біз ұрпақтар 
жалғастығындағы  тәрбиенің  негізгі  бұлақ  көзі 
мен ұлттық құндылығымызды сақтап қаламыз.

102
МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 3,  2016 г. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет